Сабақ Тақырыбы: О. Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат »



Дата27.12.2016
өлшемі44,62 Kb.
#6288
түріСабақ
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат...»

(қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде өткізген)

7-сынып


Өткізген: Б.Әбдірахманова

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2013-2014 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: О.Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат...»

Сабақтың мақсаты: білімділік-оқушыларға әңгіменің жалпы мазмұнын меңгерту;

дамытушылық-әңгімені оқи отырып,белсенді оқу дағдысын дамыту.Қиялын шыңдау;

тәрбиелік- адал дос бола алатын,рухы жоғары азамат болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,оқулық,автордың кітаптары

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

1.Оқушылардың қатысымы тексеру.

2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Жаңа тақырыпқа дайындау.

Өткен сабағымызда О.Бөкейдің өмірі мен шығармалары туралы танысқан болатынбыз.Бүгін жазушының ерекше туындыларының бірімен танысамыз.Жаңа сабағымызды бастамас бұрын,О.Бөкейдің өмірі мен шығармасына шолу жасап жіберейік.Мына тест сұрақтарына жауап береміз.

1.О.Бөкей қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

А)1942ж В)1945ж С)1944ж Д)1943ж Е)1941ж

2.О.Бөкейдің алғашқы әңгімесі қалай аталады?

А) «Боранды түнде» әңгімесі В) «Әнші» С) «Қамшыгер» Д) «Қорғансыздың күні»

Е) «Ананың анасы»

3.Қай жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөліміне түсті?

А)1961ж В)1963ж С)1962ж Д)1964ж Е)1965ж

4.О.Бөкейдің шығармаларын ата.

А) «Ақбілек», «Елес» В) «Өз отыңды өшірме», «Атау кере» С) «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым» Д) «Ауыл оты», «Дос іздеп жүрмін» Е) «Қос шалқар», «Оянған өлке»

5.Қай жылы қайтыс болды?

А)1993ж В)1983ж С)1995ж Д)1984ж Е)1994ж

ІІІ.Жаңа сабақ

Бүгін ,балалар,біз О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат...» әңгімесін оқып,мазмұнымен танысамыз.Қалай ойлайсыңдар ,әңгіме неге «Тортай мінер ақ боз ат...» деп аталған?

Оқушылардың ойы тыңдалады.

1.Тортайдың ақ боз аты туралы

2.Ақ боз ат туралы

Жақсы ойлар айттыңдар.Енді мына үзіндіге назар салайық.( «Жетімдер» киносынан үзінді көрсетіледі.) Ал,оқушылар,бұл үзіндінің бүгінгі сабаққа қатысы қандай болуы мүмкін?Тағы да оқушылардың ойы тыңдалады.

1.Әңгіме жетім бала туралы

2.Жетім балалардың қиын өмірі туралы айтылады.

Дұрыс айтасыңдар, О.Бөкейдің бұл әңгімесінде Тортай атты жетім бала туралы айтылады.Олай болса, көркем шығарманы оқып шығамыз.Әр балаға бөліп-бөліп оқытамын.Оқып болған соң,шығарма мазмұнын толық меңгеру үшін талдау жұмыстарын жүргіземін.Ол үшін сыныпты 5 топқа бөлемін.Тапсырманы жұптасып орындайды.

1.Баяндаушы топ-өз ойына сүйене отырып ,әңгімені жүйелі мазмұндау.

2.Зерттеуші топ-басты кейіпкердің мінезін,бейнесін жан-жақты сипаттау.

3.Сұрақтар құрастырушы-негізгі оқиғаларды қамти отырып,сұрақтар дайындау.

4.Сілтемелер табушы-шығармадағы қанатты сөздер,мақал-мәтелдер,тұрақты тіркестерді табу.

5.Дәнекерші-негізгі идеяларды,оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Әр топ өзінің тапсырмасы бойынша айтып шыққан соң,топтастыру стратегиясы бойынша «Тортай қандай бала?» деген сұраққа дәптерлеріне жауап жазады.Оқушыларға жауаптарын оқытамын.Интерактивті тақтадағы топтастырумен салыстыру.

Көп тіл білемін.Бұл ойын арқылы шығарма үзіндісінде қалып қойған сөзді оқулықтан тауып,ағылшын,орыс тілдеріне аудару.Шығарма үзіндісі төмендегідей:

1.Ешкім жоқта жылаған секілді,оттың сәулесі тиген көзі қызарып,домбығып тұр еді.(Аудармасы-глаза,eyes)2.Содан соң «Аласталған Алитет» деген кітапты қолына алып әрі-бері аударыстырды.(книга,book)3.Жаңбыр толастар емес, құлаққа тасқа тиіп тайғанап жатқан сыбдыр-сыбдыр үн естіледі.(дождь,rain)4.Шынымды айтайыншы,кітап жазып,жазушы болғым келеді.(писатель,writer)5.Мен Тортайды да,ақ боз атты да әлдеқашан ұмытқанмын.(лошадь,horse)

ІV.Түсінгенін тексеру.

Бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенімізді байқау үшін төмендегі сұрақтарға жауап береміз.Сұрақтар тақтадан көрсетіледі.

1.Тортай әңгімесі қалай басталады?

2.Әңгімедегі жетім бала кім?

3.Тортайдың басқа балалардан ерекшелігі қандай?

4.Тортайдың дүниеде піртұтар жалғыз нәрсе не?

V.Бекіту және бағалау

Сабақ барысында алған білімімізді бекіту мақсатында О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат...» әңгімесі мен С.Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінің айырмашылығы мен ұқсастығын венн диаграммасы арқылы салыстыру.



«Тортай мінер ақ боз ат...»


Екі шығарманың ұқсастығы

«Жусан иісі»

Тортайдың адам болғандығы,отбасы бар екендігі,Салықсалғанда тұратындығы айтылады.

Басты кейіпкерлер жетім балалар.Айтқан ертегілері «Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталады.

Аянның балалар үйіне кеткендігі туралы айтылады да, әрі қарай оның өмірі белгісіз болып қалады.

VІ.Үйге тапсырма беру.



1.Әңгіменің мазмұнын біліп келу.

2.Тортай мен Аянның ертегісін аяқтау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет