Сабақ Тақырыбы: «Қолғап» украиын халық ертегісі»



Дата08.09.2017
өлшемі190,14 Kb.
Еркінқала орта мектебі

Жас маман

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Қолғап» украиын халық ертегісі»

Тәрбиеші: Искалиева Г.

Шағын орталық ІІ – тобы.

Атырау 2017ж

«Қолғап» украиын халық ертегісі.

Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.



Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: слаид арқылы көрсету. Үлестірмелі материалдар. Суреттер. Ертегі кейіпкерлері.



Ұйымдастыру кезеңі: 

Балалар біздің бүгінгі болатын оқу қызметімізге сендер сабаққа қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр. Қане, бәріміз ортаға шаттық шеңберге тұрып апайлармен амандасайық.

Балалар шеңбер құрады.

Шаттық шеңбері

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл-санамыз.

Қонақтармен ең алғаш,

Амандасып аламыз,

Сәлеметсіздер ме!



Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/
2.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/


3.Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/


4.Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/


5.Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/
6.Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/


7.Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/


Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қандай әдемі сурет сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

Тәрбиеші: Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Балалар: «Қолғап»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге бүгінгі Қолғап ертегісінің мазмұнын түсіндіріп жіберейін. Ерте, ерте, ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

 Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді де

Тышқан:  «Мен енді осында тұрамын,»- дейді.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.



Бақа: «Қолғапта қайсың тұрасың?» - депті.

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын. Ал сен кімсің?

Бақа: Мен бақылдауық бақамын. Мені де кіргізші.

Тышқан: «Кел» -депті.

Сөйтіп, олар қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоянда жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»,-депті.

Тышқан, бақа: «Шиқылдауық тышқанмын,бақылдауық бақамын. Ал

сен қайсы жануарсың?» - деп сұрапты.



Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын.Мені де кіргізіңдерші?»-депті.

Олар: «Кел»-депті.

Сөйтіп олар үшеу болыпты.

Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.

Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де»-депті.

Олар: «Жарайды, кел»-депті.

Сөйтіп, қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті.



Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де»,-депті.

Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті. 

«Хро-хро-хро»,-деп қабан жүгіріп келіпті: Мына қолғапта қайсысың тұрасың? депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын,бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.



Қабан: «Мен Қабанмын, мені де кіргізіңдерші»,-депті.

Олар: Сен мұнда қалай кіресің,-дейді.

Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер»,-депті.

Олар: «Жарайды ,кіре ғой»-депті.Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын, Мен қабанмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»-депті.

Олар:Қалай кіргіземіз,өзі іші тар боп тұрса?»

Аю: «Қалай болса да сыйамыз?»-депті.

Олар: «Жарайды, кел жанымызға».

Сөйтіп аю да сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар, міне жарылайын деп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады. Сөйтіп қайта кері қарай жүреді, ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып, қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «әуп-әуп-әуп»,-деп үреді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетеді. Атай өз қолғабын көріп алып кетті.

Міне ертегі осылай аяқталады. Енді осы ертегіні сахналайық.

Ертегі сахналынады.

 Сұрақ-жауап:

-Балалар , сендерге ертегі ұнады ма?

Балалар: «Ия»

-Балалар, ертегі не жайында айтылған екен.

Балалар: «Ертегі достар жайында, бәрі бір қолғапқа сиып кетті»

-Иә, ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдерме, балалар?

Біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса,сонша біздің досымыз көп екен.

 Мақал-мәтелдерді қайталайық:

«Досы көпті жау алмайды»

 Сергіту жаттығуы: балалар барлықтарың шаршаған боларсыңдар. Қане бәріміз орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

 Сергіту сәті.

Аяқпенен топ – топ – топ,

Алақанмен хлоп – хлоп – хлоп.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды бір сілтеп,

Басымызды шайқайық.

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда.
Дидактикалық ойын:

«Сыңарын тап» Мақсаты: оң-солды ажырата білуге, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету.



Ойын шарты: дәптердегі «қолғаптың сыңарын тап» тапсырмасын орындау.

Осымен бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рахмет. Қош сау болыңыздар! Балалар апайлармен қоштасады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет