Сабақ тақырыбы Өнердегі заманауи техникамен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер



Дата08.06.2018
өлшемі158,24 Kb.
#41684
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар



Визуалды өнер

Мектеп: Табантал орта мектебі

Күні:8.09

Мұғалімнің аты-жөні: Ермаханов А.О

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Өнердегі заманауи техникамен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер.








Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Қоршаған орта элементтерінің визуалды сипаттамасын (композиция, түс, пішін, фактура, пропорция) өзінше түсіндіру

Күрделі шығармашылық идеялары мен сезімдерін білдіру үшін, өнер құралдары мен әртүрлі техникада таңдалған қасиеттері мен тәсілдерін визуалды элементтерді таңдау және негізделген түрде анықтау

Сабақ мақсаттары

  • Табиғаттағы микро суреттердің бейнесі қалай құрылып, неге микро суреттерге тиесілі екенін біледі, түсінеді және анықтайды.

  • Сандық бейнелеу, сандық микроскоп арқылы жасалған суреттермен зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Жетістік кр кретерийлері

  • Білу

Микро әлемнің не екенін біледі.

Микро әлемнің композициялық пішінін және симметриялық бейнесін анықтай біледі.



  • Түсіну

Микро әлем бейнесіне жүргізілген өмірмен байланысты мысалды түсінеді.

  • Қолдану

Әрі қарай жалғастыру үшін өз бетінше композициялық ою-орнектерді қолданады.

  • Талдау

Көптеген микро әлем суреттердің ішінен өз үлгілерін құру үшін бір суретті талдайды

  • Бағалау

Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалау.

Тілдік мақсаттар





Микромир

Micro world

Микро әлем

Композиция

Composition

Композиция

•Мен ... орындау үшін ... қолдандым.

• Микроскоппен қарау арқылы мен … байқадым.

• Мен … көмегімен сызық орындауға тырыстым.

• Суретін салу барысында … материалдар мен … техникаларын қолдандым.

• Бұл инсталляцияда … образын трансформациялау арқылы алдым.

• Нобай, пішін, құрам, ритм, сызықтық, динамика, фактура, сынық, қатты, жұмсақ, сыртқы сызық, нобай, қалам, монохром, инсталляция, пластика.

• Өнердегі заманауи бағыттар:кубисттер – нұсқаны деформациялау, футуристтер – динамизм мен қозғалыс, орфисттер – түстерді үйлестірудегі үйлесімділік, пуристтер – машиналық эстетика, оп–арт, поп–арт.


Құндылықтарды дамыту

Оқушылар микроскоптың көмегімен түрлі жасуша құрылымдарының және өсімдік материалының бірқатар бейнелерін зерттейді.

Пәнаралық байланыстар

Микроәлемді зерттеу үшін, биология пәнімен байланысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин


8 мин

Ұйымдастыру уақыты, сыныптағы атмосфераның құру.

Сабақтың тақырыбы: Өнердегі заманауи техникамен ғылыми жетістіктер. Табиғаттағы микро суреттер.

Сабақтың мақсаты: Табиғаттағы микро суреттердің бейнесі қалай құрылып, неге микро суреттерге тиесілі екенін біледі, түсінеді және анықтайды.

Бұл сабақта мұғалім слайдтар мен бейнетаспалар көмегімен өнердің заманауи жетістіктерін, сурет салудың ерекше түрлері мен техникаларын (SandArt, StreetPainting, «Эбру» техникасы, светографика, микроскопиялық фотосуретттер) көрсетеді

Мұғалім түрлі бағыттар, материалдар мен тәсілдермен орындалған кескіндеме, графика, мүсін өнері туындыларының ерекшеліктеріне, оның ішінде, заманауи бағыттағы өнер түріне басты назар аударады.

Мұғалім оқушыларға өз пікірлерін айтып, сұрақтарға жауап беруді ұсынады.



  1. Қандай өнер туындылары сіздерге түсінікті болды?

  2. Қандай жұмыстар сіздерді қызықтырды?

  3. Қандай жұмыстар сіздерде түрлі көңіл-күй (шаттық, түсініспеушлік, таң қалушылық, ашу ыза) тудырды?

  4. Заманауи өнерде олар бір-бірінен қалай ажыратылады?

Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар.

Интерактивті тақтаны пайдалану.


слайд
Ксения Симонова туындылары (құм анимациясы)

Дария Пушанкина (су бетіндегі суреттер)

Джулиан Бивер жұмыстары (асфальттағы үш өлшемді суреттер)


Михаил Ларионов (светографика)




Сабақтың ортасы

10 мин


13 мин

1.Тапсырма:

Оқушылар топқа бөлініп, авторлардың жұмыстарын қарастырады:


1.Роберт Гук,

2.Антонина ван Левенгук,

3.Роб Кесселер

4.Михаила Ларионова

Ол бейнелерде оқушылар Роб Кесселердің жұмыстарына ұқсас бірқатар клеткалар мен өсімдіктердің үлкейтілген құрылысын көріп, оларды салыстыра алуы керек.
Оқушыларға сұрақ қою:

Микросуреттерді қалай түсінесіздер?

Өмірде көзге көрінбейтін заттарды мысалға келтіріңіздер?

Микроскоппен көретін суреттердің көрінісі қандай болады?

Қандай пәндер микроәлем туралы қарастырады?

Сіздер қалай ойлайсыздар, осы суреттерді өнер туындыларына жатқыза аламыз ба?


2.Тапсырма:

Оқушыларға микроскоппен кепкен жапырақтар, жәндіктер мен т.б. көреді және оларды бір-бірімен салыстырып, ұнағанын нобай ретінде сурет альбомдарына салады.

Оқушылар тәжірибелік жұмысты түрлі тәсілдермен орындайды.

Роб Кесселер (микроскопиялық фотосуреттер)



Василий Кандинский



Сабақтың соңы

7 мин


Оқушылар өз жұмыстарынан шағын көрме жасайды, оларды шабытандырған идеялармен бөлісіп, талқылайды.

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім



- немен жұмысты жалғастыру қажет.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет