Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде



бет1/2
Дата08.09.2017
өлшемі313,33 Kb.
#31041
түріСабақ
  1   2
Сыныбы: 7-сынып

Сабақ тақырыбы: Отпан тау-Адай ата кесенесі-Маңғыстау төрінде
Сабақтың мақсаты: Ұлттық мәдениет пен өнердің тәлімдік мүмкіндіктерін аша отырып, ғасырдан ғасырға жалғасқан асыл мұралар арқылы рухани адамгершілік қасиетті,ерлік рухы, әсемдік сезімі жетілген тұлғаны қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:
Маңғыстау халқының мәдениеті мен өнерін олардың даму ерекшеліктерін оқушыларға үйрету.Тарихи кесенелер тарихын, сәулет өнерінің сырларын ұғындыра отырып имандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелік мақсаты:Туған жерге өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып,еліне деген мақтаныш сезімін ояту.Туған өлке табиғатын қорғауға баулу.
Пайдаланылған көрнектіліктер: Маңғыстау туралы суреттер,интерактивті тақта.
Әдісі: Жеке топтық, ұжымдық.
Тәрбие сағатын өткізуге арналған материалдар дайындау оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі.Бұл оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасын арттырады.
Олар қандай материалдарды қайдан табуға болатындығы жөнінде бағыт бағдар беріледі.
Басылымдар мен Маңғыстау туралы кітаптардан деректер жинайды.Бұның өзі оқушыны ізденімпаздыққа, өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.
Тәрбие сағатын өткізудің жоспары.
1. Топтарға бөлу.
2.Жылдамдық сұрақ.

3.Адай ата-Отпан тау кесенесінің тарихы.

(Көк бөрі,Ұран оты,Ту төбе.)
4.Қорытынды.

Маңғыстау үш қиянның өрген жері.
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.

Атамыз Адай мекен еткен жері,
Той қылып «Адай» туын тіккен жері.

1-топ аты Отпан тау.


2) 2-топ аты Желтау.
3) 3-топ аты Ақтау.
Әр топқа мынандай сұрақтар қойылады.
1.Маңғыстау облысы қай жылы құрылды?
2.Маңғыстауда неше аудан бар?
3.Маңғыстау облысының қалалары?
4.Маңғыстауда қандай қорық бар?
5.Маңғыстауда ең төмен жатқан ойыс, оның тереңдігі?
6.Маңғыстаудың ең биік жерлері?
7.Маңғыстау билері кімдер?
8.Маңғыстауды зерттеген зерттеушілерді ата?
9.Маңғыстауда қандай түбектер бар?
10.Маңғыстау географиясы оқулығының авторы кім?
11.Маңғыстаудан шыққан батырлар?
12.Маңғыстау сөзі қайдан шыққан?
13.Маңғыстаудан шыққан билерді ата?
14.Отпан таудың биіктігі?
15.Отпан тау қай жерде орналасқан?
16.Маңғыстау аруларына кімдер жатады?

Әлиханова Жұлдыз «Маңғыстау» әні.

«Отпан тау» тобы: Отпан тау-тарихи мәдени кешен. кесенесі 2005жылы 25 қазанда ашылды.Кешен К.Демесінов жобасын негізінде құрылды.Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп,ол алтынмен апталды.Үш құлпытастың ортасындағысының бетіне алтын әріппен”Адай ата»деген сөз жазылған.Кесенеге кірер есік екеу:олар «қасиетті қос босаға» деп аталады.Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары,алішкі жағына Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған.12қанат керегенің ішкі бетіне гранитпен қапталып.Адай туралыдеректер әртүрлі тілде жазылған.Кесененің диаметрі 7м,биіктігі13м.

Адай ата кесенесі.Бұл Қаратау жотасының ең биік шоқысы Отпан тауда орналасқан.Биіктігі күмбез найзасының ұшына дейін 37метр. Адай атаның екі жағында екі баласы Келімберді мен Құдайке атамыздың құрметіне арналған кесене.





«Желтау» тобы: «Адай ата-Отпан тау»этнографиялық рухани тарихи-мәдени кешені салынды.Оның авторы қоғам қайраткері,көрнекті ақын Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткер»Сабыр Адай.



Маңғыстау – қой тастарың жүрегімдей,
Мұнараң жолы жалын күреңімдей.
Аспаның - Адайлардың көкірегі.
Құс жолы - Көкмойнақтың шілдеріндей.

Маңғыстау – ер Бекеттің туған жері,
Кетіріп кіндік қанын жуған жері.
Кіндігін Қожа молда қолымен кесіп,
Тамырын тарамыспен буған жері

Каталог: uploads -> doc -> 015c
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
015c -> Сабақтың тақырыбы: «Білімің ұшар қанатың»
015c -> Сабақтың тақырыбы: §29. Өзгергіштіктің негізгі түрлері. Тұқым қуалайтын өзгергіштік
015c -> Сабақтың тақырыбы: §12. Қытай. Моңғолия Сабақтың мақсаты
015c -> Сабақтың тақырыбы: Мамандық таңдау Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру
015c -> араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «асыл сөзі» деп айтуға болады деген. Ертегілер
015c -> Тақырыбы: Бейбітшілік- бақытымыз. Мақсаты
015c -> Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет