Сабақ тақырыбы: Рационал сандарды арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару



бет1/3
Дата14.10.2019
өлшемі148,92 Kb.
түріСабақ
  1   2   3
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: №2 А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Буркулова Балжан

Сыныбы: 6



Қатысқандар:23





Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Рационал сандарды арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.4 рационал сандарды қолданып мәтін есептерді шығару

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Рационал сандарды ажырата алады

Көптеген оқушылар: Рационал сандарға амалдар қолданады, есептер шығаруда таңбалар ережесін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Мәтін есептерді өмірмен байланыстыра отырып, шартын дұрыс құрып, рационал сандарға амалдар қолданып шығара алады

Бағалау критерийлері

  • Рационал сандарды ажыратады

  • Рационал сандарға амалдар қоладанады

  • Мәтін есептерді түсініп, өмірмен байланыстыра отырып шығарады




Тілдік мақсаттар


Пәнге қатысты лексика мен терминология: рационал сандар, рационал өрнек, таңбалар ережесі, градус, сельси.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

- жай бөлшек, аралас сандар, ондық бөлшектер, санның бөлігі;

- таңбалары бірдей сандарды қосу;

- таңбалары әртүрлі сандарды қосу;

- таңбалары бірдей сандарды көбейтужәне бөлу;

- таңбалары әртүрлі сандарды көбейту және бөлу.


Құндылықтарды дарыту


Ұлттық құндылықтарды сақтау.

Мәңгілік Ел- жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы екенін оқушы бойына сіңдіру.

7.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы.

Пәнаралық байланыстар

География, физика.

Алдыңғы білім

Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
10 минут

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Стикерге жазылған термин сөздер бойынша топтастыру:

1-топ. «Оң сан»

2-топ. «Теріс сан»

3-топ. «Рационал сан»

Оқушылардың сабаққа деген зейінін шоғырландыру:

Санау жаттығуын жасату: мен кез келген сан айтам ал оқушылар оған бір сан қосып айтады, келесі деңгейде екі сан, үш сан қосып айту арқылы шағын жаттығу жасату.



(Барлық білім алушылар)

Белсенді оқу әдісі: «Миға шабуыл» сұрақтары арқылы сыни ойландырып, ширата отырып , жаңа сабақпен байланыстырамын.

Саралау тәсілі: Тапсырма

1.Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге мысалдар келтіріңдер.

2.Қандай сандарды рационал сандар дейміз?

3. Қандай сандардың қосындысы нөлге тең? 4. Таңбалары бірдей сандарды қосу ережесін айтыңдар

5.Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесі?

6.Таңбалары бірдей сандарды көбейту мен бөлу ережесі?


Дескриптор: Білім алушы

  • Жай бөлшектер мен ондық бөлшектерге мысалдар келтіреді

  • Қандай сандарды рационал сандар екенін айтады

  • Қандай сандардың қосындысы нөлге тең екендігін айтады Таңбалары бірдей сандарды қосу ережесін жазады

Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесін жазады

  • Таңбалары бірдей сандарды көбейту мен бөлу ережесін айтады

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалап өту



Оқулық:

математика

6-сынып,

Т.А Алдамұратова, Алматы

"Атамұра" 2018(1-бөлім).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет