Сабақ тақырыбы: «Рухани жаңғыру дегеніміз -ұлт рухының асқақтауы»



Дата07.07.2018
өлшемі49,74 Kb.
#48285
түріСабақ
Андасова Мейіркүл тәрбие сағатының жоспары


25.11.17

Дөңгелек үстел

5 «Б» сыныбы


Сабақ тақырыбы:

«Рухани жаңғыру дегеніміз –ұлт рухының асқақтауы»

Жалпы мақсат:


Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасы жөнінде түсіндіру. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оны күтіп ұстауға тәрбиелеу. Тақырыпты түсініп, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқу нәтижесі:


Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғынып,, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын түсінеді. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артады. Оны күтіп ұстауға тәрбиеленеді. Тақырыпты түсініп, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.

Негізгі дереккөздер мен көрнекіліктер

Білімділер, сабақтар kz, тәрбие org сайттары. Интерактивті тақта, видеороликтер, слайдтар, кітап көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер.

Оқыту әдістері:

сұрақ- жауап, пікір алмасу


Жеті модульдің кіріктірілуі

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатында ән тыңдату



Амандасып, кезекші тұрып оқушыларды түгендейді.

Ән тыңдайды.





3.Ой қозғау

(3 мин)

Кластер

Кітап дегеніміз не?

Кітап – дегеніміз тілсіз тәрбиешіміз, адамға бала кезінен бастап, өмірінің соңына дейін жан азығы, сырласушы досы бола алады. Кітап - ең керемет ғажайып зат. Сендер қолдарыңа кітапты алып , оқыған сайын керемет ғажайып құбылыстарға тап боласыңдар, көз алдарыңа әртүрлі оқиғалар елестейді.Сендер білмейтін адамдар өзі туралы айтып, кітап тілімен сөйлеседі.



Дәптерлеріне жазып отырады. Оқушылар өз ойларымен бірін –бірі толықтырады


II. Мағынаны ажырату

Кітаптың шығу тарихы
(4 мин)


кітап

ақылшы

оқулық



серігің серігің

Білім көзі


байлық

ұстаз


Арабтың «кітап» деген сөзі қазақша «жазу», «жазба» деген мағынаны білдіреді.Кітаптың шығу мен дамуы сол жазу өнерінің  пайда болуымен тығыз байланысты.Ол қажетті материалдардың ойлап табысуына және

техниканың дамуына сәйкес жетілдіріле берді. Ежелгі заманда Мысыр мен Шығыс елдерінде, Греция мен Римде кітап қыш тақталарға жазылды. Балшықтан арнайы тақтайшалар құйылып, оның жұмсақ бетіне үшкір қаламшалармен жазу жазылды.Онан соң олар кептіріліп, арнайы пештерде күйдірілді де,белгілі бір ретпен текшеленіп жиналды. Міне осылайша қыш кітаптар дүниеге келді.Кітап тас бетіне де қашалып жазылды.Түркі халықтарының көне жазба мұрасы болып табылатын «Орхан – Енисей жазба ескерткіштерін» (7 – 9 ғ.) ашық аспан астында тұрған осындай тас кітаптар деп айтуға болады.
Қыш кітаптардан кейін және сол ежелгі Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады.Кітап «папирус» деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралады.Сөйтіп орама кітаптар келіп шықты.
Біздің заманымызға дейінгі 2 ғасырда Кіші Азиядағы Пергам патшалығының  шеберлері жануарлар терісінен жазу жазатын жаңа материал әзірледі. Ол сол патшалықтың атымен «пергамент» деп аталады. Сөйтіп пергаментке, яғни жарғақ теріге жазылған кітаптар дүниеге келді.Олар да алғашында жұмыр таяқшаларға оралып,орта ғасырларда дәптершелеп бүктелетін болды. Ол дәптершелер бір-біріне қаттала тігіліп, шүберек не терімен тысталған ағаш мұқабалармен қапталды.Сонымен біздің заманымыздың 1 ғасырынан бастап қазіргідей түптелген парақты кітаптар шыға бастады.
Біздің заманымыздың 2 ғасырында тұңғыш рет Қытай елінде қағаз жасалды. Осыған орай орта ғасырларда қолжазба  кітап өнері қауырт өркендеді. Кітап іші әдемі суреттермен көркемделіп, мұқабалары алтын, күміс және басқа бағалы металдармен  әшекейленді. Мұндай қолжазба кітаптардың саны өте аз, бағасы аса қымбат болды. Сондықтан кітапты көшіру мен көбейтудің басқа жолдары қарастырылды және ол табылды да.

Бұл тәсіл бойынша кітап әріптері арнайы өңделген ағаш тақтайдың бетіне терісінен жасалды.Онан соң жазу айналасындағы ақ жерлер өткір құралмен ойылып тасталды.Тақтай бетіндегі жазу бедеріне бояу жағылды да ,оның үстіне пергамент не қағаз басылды.Сөйтіп ондағы жазудың оң көшірмесі алынды.Кітап суреттері де солай көшірілді. 704 – 751 жылдар аралығында Көреяда 12 тақтайдан осылайша басылып шыққан кітап ең алғашқы баспа кітабы деп есептеледі.

Тақтай бетіне кітаптың ондаған мың әрпін бедерлеп шығу оңай болмады.Сондықтан кітап басудың басқа әдісі іздестірілді.Оны 11 ғасырда қытай өнерпазы Би Шэн, 15 ғасырда неміс шебері Иоганн Гутенберг ойлап тапты.олар әрбір әріпті металдан бөлек – бөлек құйып алып, кітап бетін сол әріптерден теріп құрастырды.Оның бетіне бояу жағылды да,оған қағаз басылып, көшірмесі алынды.Бұл өнертабыс кітап басып шығару ісін қауырт өркендетті.


3.Папирус орама кітаптар

1.Кыш кітап

2. Тас кітап

4.Пергамент




2.Жаңа сабақты меңгерту. Видеоролик

(7 мин)

Кітап- ең керемет ғажайып зат. Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап – сыр сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданасыңдар. Өзінің биік ,таза, рухани қасиетімен Кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауға теңдесі жоқ қару болып табылады.

Әр оқушыға кітап оқудың пайдасы тақырыбына бойынша өз ойын айтқызу

Видеоролик тамашалап, әр оқушы өз ойын айтады



2. Шығармашылық жұмыс . Кітап көрмесі (7 мин)

Кітап – адамзат баласына ағарту хәм білім сыйлай береді және оның беттерінде адамзат тіршілігінің сан құпия сырлары сақталған. Кітап – жан серігің, ақылдасар, сырласар досың.Кітаптан ұлттық құндылықтарымызды, тарихымызды оқып білеміз.Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен.

Балалар бізге бүгін қонаққа мектебіміздің кітапханашысы келіп отыр. Сөз кезегін апайға береміз.



Кітаптар туралы мағлұматтар алады. Кітаптармен танысады

III. Ой толғаныс. Кітап оқудағы кеңестер Видеоролик

(3 мин)

Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Ең сабырлы ұстаз-кітап. Кітап оқыған кезде қандай кеңестерді есте ұстаған жөн? Ендеше кітап оқудағы кеңестерге құлақ түрелік.

Оқушылар видеороликті тамашалайды.

Әр оқушы өз ойын айтады

«Халық даналығының қазынасы» мақал немесе нақыл сөздері

5 мин

«Халық даналығының қазынасы» халық даналығындағы мақал немесе нақыл сөздерді айтқызу

  • Кітап - алтын қазына.

  • Кітап алтын сандық:

іші толған қазына, құт,

оқы, оқы, ойыңа тұт.



  • Кітап - білім бұлағы,

ілім - өнер шырағы.

  • Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

  • Кітап көзі жұмыққа арзан,

көзі ашыққа маржан.

  • Кітап - қаймақ, білім - оймақ.

  • Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.

  • Күш – білімде, білім – кітапта.

  • Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол.

  • Әрбір адамның ең жақсы досы-өмірлік досы- кітап болуы тиіс. М.Әуезов

  • Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге. А.Құнанбаев

  • Кітап жинап түптеймін, жыртылмасын

Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын.

Таза болсын беттері, кірлемесін,

Көрген кісі кітабы кір демесін. М.Әлімбаев


Оқушылар мақал- мәтел айтады.

VI. Қорытынды. Кітаптің қалай жасататынын білесің бе? Видеоролик

8 мин



Балалар, ал сендер кітаптың қалай жасалатынын білесіңдер ме?

Алдымен орманнан ағаш кеседі, оны сосын фабрикаға апарады.Фабрикада ол ағаштан қағаз қылып шығарады.Содан кейін оған авторлар жазады,сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді кітап етіп шығарады.



Видеороликке назар аударамыз

Көрдіңдер мe балалар кітап сендердің қолдарыңа келмей тұрып қандай ұзақ жол жасайды. Кітапты жасау үшін адам көп еңбек етеді.



Сондықтан оқулықты күтіп ұқыпты ұстауымыз керек


Оқушылар видеороликті тамашалайды.

Әр оқушы өз ойын айтады


Рефлексия «Аяқталмаған сөйлемдер». 3 мин

Бүгінгі дөңгелек үстелден менің түсінгенім__________________________________
Мен үшін белгісіз және жаңалық болған____________________________________
Мен үшін қиын болғаны ____________________
Маған түсініксіз болып қалғаны ______________


Аяқталмаған сөйлемдерді толықтырады.

3.Үй тапсырмасын беру (1 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

«Менің сүйікті кітабым» тақырыбына эссе жазу

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет