Сабақ тақырыбы: Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі1,21 Mb.
#30968
түріСабақ
  1   2   3
«Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы

оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру»

тақырыбы бойынша

қысқа мерзімді коучинг жоспары

17.11.2015ж.


3 - апта

1-сабақ

2-күн

Сабақ тақырыбы:

Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру


Жалпы мақсат:

Әріптестердің сабақ үрдісінде оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды іс-тәжірибелерінде тиімді қолдануларына ықпал жасау; Өзара бағалауға үйрету.



Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 109-114-б

  2. Үлестірмелі нұсқаулық




Оқу нәтижесі

Бағалау түрлерін өзара, жұптық және топтық бағалауда ұтымды ұйымдастыра біледі және тәжірибелерінде қолданады.


Түйінді идеялар:

Бағалау жолдарын тиімді жүргізу арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.

Сабақта қолданылатын материалдар:

А- 4 парақтары,стикер, смайликтер, интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.

Оқыту әдістері:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер

2. Оқыту мен оқытудағы АКТ

3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету


1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс



Дерек көздері:

Әдеби материалдар, газет-журналдар.


Тапсырмалар:

Сұрақ- жауап, ДЖИГСО, жинақтау және қолдану, көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау.


Оқуға арналған тапсырма:

Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.




Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:


І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу

(10 мин)

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті


(2 мин)
«Комплимент айдары»
(8 мин)

Қатысушыларды қарсы алады. Шеңбер бойына тұрғызып, маңыздылығын түсіндіреді. Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жатамыз. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін тізіп шығайықшы.


Шеңбер бойымен қасында тұрған әріптесінің үш жақсы қасиетін тізіп айту арқылы жақсы орта қалыптастырады.




Топқа бөлу

(3 мин)


Бір адамды сыртқа шығарамыз, осы кезде топ қандай белгілерге қарап бөлінетінін келісіп алады да екі топқа бөлінеді.(мысалы шашы ұзындар және қысқалар немесе аяқ киімінде жібі барлар және жоқтар). Кірген адамның тапсырмасы – қандай белгі бойынша топ екіге бөлінгенін табу.

Топқа бөлінеді, көңілді, жұмысқа белсенді орта қалыптасады.

І тапсырма

(22 мин)

ДЖИГСО әдісі




Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу.

«Блум таксономиясы арқылы

оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру».

1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері.

2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері.


Теоиялық мәтінді игере отырып, талдайды. Блум таксономиясы бойынша түсініктері кеңейеді. Мәтінді өзгеге үйрете отырып, өздері меңгереді.


ІІ тапсырма

Көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау.

15 минут


«Ертегілер туралы түсінік» тақырыбы бойынша тапсырма түрлері ұсынылады, сол тапсырмаларды Блум таксономиясына салады және бағалау критерийлерін әзірлеуге тапсырма беру.

Топтар бір–бірін бағалайды.

Сіздерге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сіздере қойылды... Неге? Сіздер баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздердің бағалауларыңыз қандай аспектілерді қамтиды?



ІІІ тапсырма

Топтық жұмыс

(15 минут)


Білімді тәжірибеден өткізу.

Көрініс.


1-топ. Шалқан ертегісі

2-топ. Бауырсақ ертегісі


Бағалау.

Екі жұлдыз бір тілек


ІV Ақпарлама

(10мин)

Блум таксономиясы туралы және бағалау түрлері бойынша Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Блум таксономиясы және бағалау түрлері туралы мәліметпен танысады.



VІІ Рефлексия

(5 мин)


Ұсыныс және пікір

Коучинг бойынша ұсыныс-пікірлерін білдіреді.


«Сабақ үрдісінде Блум таксономиясы арқылы

оқыту үшін бағалау мен оқудағы бағалауды тиімді ұйымдастыру»

тақырыбында өткізілген коучинг-сессия бойынша

рефлексивтік есеп

Әріптестерім коучинг-сессияға жиналыстан кейін шаршаңқырап, сәл көңілсіздеу енді. Сондықтан бірінші кезекте көңілдерін көтеру, жайлы орта қалыптастыру басты мақсатым болды. Әріптестерімді көңілді әуеннің желісімен жылы қарсы алып, шеңбер бойымен тұруларын өтіндім.

Комплимент айдарында «Күнделікті күйбің тірлікпен жүріп бір-біріміздің жақсы қасиеттерімізді айтып, бір-біріміздің мәртебемізді көтеруге уақыт таппай жататынымыз анық. Ендеше дәл қазіргі сәт сол олқылықтың орнын толтыруға арналғандай. Осы шеңбер бойымен қасымызда тұрған әріптесіміздің үш жақсы қасиетін айтып, шынайы түрде мәртебесін көтерейікші» дегенімде әріптестерім жайдарыланып, еш іркілместен «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей жақсы қасиеттерін айту арқылы күліп, көңілденіп, жайлы ортаны бірден қалыптастырып жібергендей болды.

Топқа бөлу кезеңінде орталарыңыздан бір адамды сыртқа шығарамыз, осы сәтте Сіздер қандай да бір белгілерге қарап, келісе отырып, екі топқа бөлінесіздер. Кірген адамның тапсырмасы – қандай белгі бойынша топ екіге бөлінгенін табу. Қатысушы әріптестердің келісімімен Б.Қ-ны сыртқа шығардық. Топ шашы ұзындар және шашы қысқалар болып екіге бөліне қалды.



Б.Қ-ны кіргізіп, топқа қандай ерекшелікпен бөлінгенін сұрағанымызда: 30-жасқа дейін және 30-жастан асқандар деп жауап беруі күтпеген сәйкестік болып шыға келді. Бәріміз бұл сәйкестікпен келісетінімізді білдіріп, тағы да қандай ерекшелік байқап тұрсыз дегенімізде, сәл ойланып қарап тұрып, ааааа шашы ұзындар және шашы қысқалар деп ұтқырлық танытты. Шынымен көз жүгіртіп қарасам, 30-жасқа дейінгілер – шашы ұзындар қатарына, 30-жастан асқандар-шашы қысқалар тобына жатады екен.

Келесі кезең: Берілген теориялық мәтінмен жұмыс. Постер әзірлеу болды. ДЖИГСО әдісі бойынша:

1-топ. Білу, түсіну, қолдану кезеңдері.

2-топ. Талдау, жинақтау, бағалау кезеңдері.



Әріптестер бұл тапсырмада теориялық мәтінді игере отырып, талдау жасады.Топтың барлық мүшелері белсене ат салысты. Блум таксономиясы бойынша түсініктері кеңейді. Мәтінді өзгеге үйрете отырып, өздері меңгерді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет