Сабақ тақырыбы Сағат саны Мерзімі 1



бет1/4
Дата10.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#11177
түріСабақ
  1   2   3   4



Күн тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе: оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу. Оқытудағы басқару жән көшбасшылық

Бірлескен және топтық жұмыс.

Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі.

Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру

порталымен танысу.



8




2

Ағымдағы оқыту мен оқу тәжірибесінің ахуалы.

1-2 сабақ: Сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесі.

3-4-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет?

Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.


8




3

Әріптестерге коучинг жүргізу: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу

1-2 сабақ: Коучингіге кіріспе.

3-4-сабақ: Танымдық дамудың түрлі сатысында

(жас ерекшеліктеріне сәйкес)

оқушыларды оқыту мақсатындағы мұғалімдер коу чингісі.



8




4

Оқушыларды ынталандыру

1-сабақ: Оқудағы кедергілерді анықтау.

2-3-сабақ: Оқудың аффекттік теориясы.

Оқушыларды ынталандыру.

4-сабақ: Оқушылардың оқу туралы пікірін анықтау

(оқушыдан кеңес алу).


8




5

Әлеуметтік өзара іс-қимыл

1-4-сабақ: Оқудағы әлеуметтік өзара іс-қимыл,әлеуметтік өзара іс-қимыл ауқымын кеңейту.

8




2-апта

1

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар:

Қалай оқу керектігін үйрену



1-4-сабақ: Қалай оқу керектігін үйрену.

Оқушыларға қалай оқу керектігін үйрету жөніндегі мұғалімдер коучингісі.



8




2

Тәжірибені түрлендіру.

Қуатты педагогикалық құралдар: Әңгіме және диалогтік оқыту



1-4-сабақ: Диалогтік оқыту дегеніміз не?

Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу және сабақта әңгімелесуді пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі.



8




3

Тәжірибені түрлендіру. Қуатты педагогикалық құралдар:

Сын тұрғысынан ойлау



1–4-сабақ: Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлауды тәжірибеге енгізу.Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жөніндегі сабақты жоспарлау туралы мұғалімдер коучингісі. Оқу үдерісінде әңгімелесуді пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі



8




4

Тәжірибені түрлендіру.

Қуатты педагогикалық құралдар: Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау



1-7-сабақ: Бағалау үдерісінің мақсаты.

Оқыту үшін бағалау(ОүБ) дегеніміз не?

Оқытуды жоспарлауда ОүБ әдістемесін пайдалану. Сабақта ОүБ пайдалану әдістемесі. Сабақта ОүБ ықпалдастыру. Сабақта ОүБ пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі


8




5

Әріптестер коучингісі:

Талантты және дарынды балаларды оқыту



8-сабақ: Талантты және дарынды балаларды белсенділендіру мақсатында оқуды жеке тұлғаға бағдарлау туралы мұғалімдер коучингісі

8




3-апта

1

Тәжірибені түрлендіру.

Қуатты педагогикалық құралдар: Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану



1–4-сабақ: Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану әдістемесі. Сабақта АКТ пайдалану туралы мұғалімдер коучингісі

8




2

Орта мерзімді жоспарлау және бағдарламаның түйінді идеяларын біріктіру

1–8-сабақ: Орта мерзімдік жоспарлаумен танысу. Оқыту тәжірибесіне Бағларламаның идеяларын енгізу және қуатты педагогикалық құралдарды біріктіру

8




3

Әріптестер тәлімгерлігі

1–4-сабақ: Тәлімгерлік дегеніміз не?

Мектепте тәлімгерлік орнату және жүргізу.



8




4

Lesson Study тәсілі

1–4-сабақ: Оқыту мен оқу үдерісін бірлесіп жақсарту мақсатында Lesson Study-ді қолдану.

8




5

Әріптестер тәлімгерлігі:

Тәжірибе туралы рефлексия



1–4-сабақ: Рефлексияға арналған бейнематериалдарды пайдалану арқылы кәсіби сұхбат жүргізу

8




4 апта

1

Әріптестер тәлімгерлігі:

Тәжірибе туралы рефлексия



1–4-сабақ: Кәсіби әңгіме: кері және тікелей байланыс. Жоспарлау мен оқытудың жалпы талдауын пайдалану және болашақтағы оқытуды бірлесе жоспарлау

8




2

Бағдарлама идеяларын сыныптағы мұғалім тәжірибесіне енгізу

1–8-сабақ: Тізбектелген сабақтар топтамасының кеңейтілген жоспары.Мұғалімге оқыту мен бағалауды жоспарлау кезінде барлық педагогикалық құралдарды іске асыруға көмектесу

8




3

Бағдарлама идеяларын сыныптағы мұғалім тәжірибесіне енгізу

1–8-сабақ: Тізбектелген сабақтар топтамасының кеңейтілген жоспары. Мұғалімге оқыту мен бағалауды жоспарлау кезінде барлық педагогикалық құралдарды іске асыруға көмектесу

8




4

Бағалау

1–4-сабақ: Мұғалімді кәсіби дамытуға арналған құрал ретінде тізбектелген сабақтар топтамасын мұғалімнің өзі бағалауы және өзара бағалау

8




5

Мектептегі тәжірибеге

дайындық


1–2-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу жобасын жоспарлау.

3–4-сабақ: Портфолионы жоспарлау және мектептегі тәжірибеге дайындық.

8




Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 мин.

Барлығы: 160 академиялық сағат.

Мектептегі тәжірибе-6 апта

Мектептегі тәжірибе:

• Бағдарламада ұсынылған жеті модульдің екеуі бойынша әріптестер коучингісін жүргізуді;

• Тізбектелген сабақтар топтамасына (кем дегенде төрт сабақ)

Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын ықпалдастыру жөнінде бір әріптеске тәлімгерлік етуді;

• Сынып аясында жергілікті іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және өткізуді;

• Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды жоспарлау және орындауды;

• Портфолионы құрастыруды қамтиды.

Ескерту: Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды орындау үдерісінде тренерлер

синхронды емес онлайн-форум және электрондық пошта бойынша жеке хат алмасу арқылы

мұғалімдерге қолдау көрсетеді.



Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 мин.

Барлығы: 144 академиялық сағат (күніне 4 сағат*6 күн)



Екінші бетпе-бет кезеңі - 4 апта

1

Кіріспе және мектептегі

тәжірибе кезеңіне жалпы шолу



1-сабақ: Екінші «Бетпе-бет» кезеңінің құрылымына, мазмұнына кіріспе және тапсырмалар.

2-сабақ: Мектептегі тәжірибені жалпы талқылау және оның нәтижелері бойынша кері байланыс орнату.

3–4-сабақ: Мұғалімнің жауап алуы мен оқушының ойлау деңгейі арасындағы байланыс.

8




2

Іс-әрекеттегі зерттеу

1-2-сабақ: Бағдарламаның жеті модуліне сәйкес іс-әрекеттегі зерттеудің тақырыбын негіздеу.

3–4-сабақ: Әріптестермен кеңесудің іс-әрекеттегі зерттеу жобасына ықпалы.

8




3

Іс-әрекеттегі зерттеу

1–2-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде балаларды оқыту туралы деректер жинау.

3-4-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеуге арналған деректерді жинау.

8




4

Іс-әрекеттегі зерттеу

1–2-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін талдау.

3-4-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу. Әріптестердің өзара бағалауы.

8




5

Іс-әрекеттегі зерттеу

1-4-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысты таныстырылым өткізу және формативтік кері байланыс орнату.

8




2- апта

1

Коучинг

1–2-сабақ: Бірлескен критериалды бағалау және мақсаттарды саралап қою.

3-4-сабақ: Бағдарламаның жеті модулі аясында коучинг сабағының тақырыбын негіздеу (1-сабақ)

8




2

Коучинг

1-2-сабақ: Коучинг сабағын бағалау (1-сабақ)

3–4-сабақ: Бірлескен топтық жұмыс жүргізуде әріптестерге қолдау көрсету (шағын топтардағы жеке таныстырылымдар).

8




3

Коучинг

1-4-сабақ: Коучинг жүргізу нәтижесінде мұғалімнің оқу нәтижелерін талдау және бағалау.

8




4

Коучинг

1-2-сабақ: Бағдарламаның жеті модулі аясында коучинг сабағының тақырыбын негіздеу (2-сабақ)

3–4-сабақ: Коучинг сабағын бағалау (2-сабақ)

8




5

Коучинг

1-2-сабақ: Коучинг жүргізу нәтижесінде мұғалімнің оқу нәтижелерін талдау және бағалау. (2-сабақ)

3–4-сабақ: Жүргізілген коучинг нәтижесінде өзінің білім алуы туралы рефлексивтік есеп.

8




3-апта

1

Коучинг және тәлімгерлік

1-2-сабақ: Коучинг жүргізу тәжірибесі және ол туралы таныстырылымдарға шолу.

3-4-сабақ: Бағдарламаның жеті модуліне сәйкес оқуды талдау

кезінде ынталандырушы бейнежазбаларды қолдану.



8




2

Тәлімгерлік

1-сабақ: Тәлім алушының оқудағы қажеттіліктерін анықтау.

2-сабақ: Кері байланыс және оқу мақсатын анықтау.

3-4-сабақ: Тәлім алушыны қадағалау және кері байланыс ұсыну.

8




3

Тәлімгерлік

1–2-сабақ: Тәлім алушыға оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдануға көмектесу.

3-4-сабақ: Тәлім алушының тәлімгерінің қызметінің табыстылығы туралы ойлары.

8




4

Тәлімгерлік

1–2-сабақ: Тиімді тәлімгерлік туралы не білеміз?

3-4-сабақ: Бағалауға арналған портфолио мен таныстырылымдыдайындау.

8




5

Тәлімгерлік

1–4-сабақ: Тәлімгерлік жөніндегі таныстырылым бойынша кері байланыс.

8




4-апта

1

Таныстырылымды

бағалау


1–4-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері және оның мұғалімнің болашақтағы тәжірибесіне ықпалы (PowerPoint форматындағы

таныстырылым, ұзақтығы 20 минут).



8




2

Таныстырылымды

бағалау


1–4-сабақ: Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелері және оның мұғалімнің болашақтағы тәжірибесіне ықпалы (PowerPoint форматындағы таныстырылым, ұзақтығы 20 минут)

8




3

Таныстырылымды

бағалау


1–4-сабақ: Оқу дәлелдемелерін ұсына отырып, жүргізілген коучингтердің бірінің нәтижесі бойынша әріптестерді оқыту үдерісін бағалау (PowerPoint форматындағы таныстырылым, ұзақтығы 10-12 минут)

8




4

Таныстырылымды

бағалау


1–4-сабақ: Тәлім алушының білім алғандығының дәлелдемелерін ұсына отырып, бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісінің тиімділігі туралы рефлексивтік есеп (PowerPoint форматындағы таныстырылым, ұзақтығы

20 минут)



8




5

Таныстырылымды

бағалау


1–4-сабақ: Тәлім алушының білім алғандығының дәлелдемелерін қоса отырып, бір әріптеске тәлімгерлік ету үдерісінің тиімділігі туралы рефлексивтік есеп. (PowerPoint форматындағы таныстырылым, ұзақтығы

20 минут)



8




Ескерту: 1 академиялық сағат – 45 мин.

Барлығы: 160 академиялық сағат. Жоспар бойынша барлығы - 464 академиялық сағат





«Бетпе-бет» оқыту үшін ұсынылатын кесте



Сабақ

уақыты

Сабақ Уақыты

I сабақ


9.00–10.30

10.30–11.00 – үзіліс



II сабақ

12.30–14.00 – түскі ас11.00–12.30

12.30–14.00 – түскі ас 12.30–14.00 – түскі ас



III сабақ

14.00–15.30

15.30–15.45 – үзіліс



IV сабақ

15.45–17.15

1-апта

1 күн

1 сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Бірлескен және топтық жұмыс.Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі. Білім беру порталымен танысу

Жалпы мақсаты:

Топтарда бірлескен жұмыс жүргізу ережесін жасау. Топта формалды түрде жұмыс істейтін және сапалы жұмыс істейтіндердің арасындағы айырмашылықты ескере отырып, шағын топтағы жұмыс моделін құру.

Оқу нәтижесі:

Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында тренерлер мен мұғалімдердің шағын топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.

Түйінді идеялар:

Мүғалімдердің бір бірімен бірлескен жұмысының бірінші сабағын ұйымдастыру сапасы оқудың бұдан әрі қалай жүретініне түбегейлі әсер етеді. Осыған байланысты жұмысты сергіту сәтінен (разминка) бастап, сабақта қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің негізінде модель құру арқылы топтағы жұмысты ұйымдастыру әдістемесіне мысалдар келтіріңіз.

Жаттығулар:

1. Сергіту сәті.Сабаққа қатысатын адамдардың психологиялық ахуалын, олардың мазасыздануының сипаты мен табиғатын ойлаңыз. Тренер ретінде сіз оларды қалай тыныштандыра алар едіңіз? «Танысайық» тапсырмасы (Білім беру платформасын қараңыз).“Бірлескен жұмыс жөніндегі семинар” нұсқаулығын қараңыз.

2. Топта жұмыс істеу ережесі.Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесін талқылау.

Не үшін ынтымақтастықта және өзара әрекеттесіп жұмыс істеу қажет? таныстырылымы

(Білім беру платформасын қараңыз). Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

(Білім беру платформасын қараңыз)

3. Топтық жұмысты бақылау және бағалау

Шағын топтарда жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері. Топтарда жұмыс істеу жөніндегі кесте

(Білім беру платформасын қараңыз).

«Ауысып отыратын топтар» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз)


Бірлескен жұмысқа

негізделген тәсіл:



Тыңдаушыларға тренерді таныстыру. Сергіту сәтін орындау.

Ұсынымдар: 15 адамнан екі сап құрыңыз, оларды беттестіріп тұрғызыңыз. Қарама - қарсы

тұрған әр жұпқа 20 секундтің ішінде бір-бірі туралы мүмкіндігінше көп мәлімет білу

тапсырылады. Уақыт өткен соң әр адам өзінің жұбын бүкіл топпен таныстырады.

Топта жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен таныстыру үшін мұғалімдердің жұп болып

жұмыс істеуі. Тиісті кестелерді қолдана отырып, шағын топтарда жұмыс істеп отырған оқушылар туралы қысқа бейнежазбаларды қарау. Мұғалімдердің пікірлерін талқылау және топтағы жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында топта жұмыс істеу нұсқаулығын қолдана отырып, не орындау қажеттігін шешу.



Оқуға арналған

тапсырма:



Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.






1-апта

1-күн

2-4 сабақ

Сабақтың

тақырыбы:



Мектептегі оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару. Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізу қажеттілігін негіздеу. Мұғалімдер мен оқушылардың көзқарастары

Жалпы мақсаты:

Оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің өз оқыту және оқу тәжірибелері туралы ойланып, оны өзгерту себептерін талқылауы.

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы тәсілдерді өзгерту үрдісінің пайда болу себебін түсініп, саясаткерлер, жоғары лауазымды адамдар, басқа мұғалімдер мен оқушылар ұсынған деректермен танысады.

Негізгі идеялар:

ЭЫДҰ есептері мен білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың пікірлерін талқылау – бұл оқушылардың ата-аналары тәрбие беріп өсірген әлемнен өзгеше әлемде өмір сүре білу қабілеті. Жастар қарқынды өзгеріп жатқан әлімде өмір сүріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті бола алуы үшін мектептерге өз оқушыларына өзге кәсіби дағдылар мен білім беру қажет.

Жаттығулар:

1. ХХІ ғасыр дағдыларының сипаттамалары. Диалогты бастауға көмектесу мақсатында бейнежазбаны көрсету: http://www.youtube. com/watch? v=rvyP-cwpHN8&feature=colike.

Қосымша «CISCO» таныстырылымын пайдалану ұсынылады. Стикерлер, қаламдар, флипчартқа арналған қағаз.

2. Мұғалімдердің көзқарастары: ынталандыру кестелерімен танысыңыздар:Мұғалімдердің көзқарастары.Неліктен мұғалімдер өзгерулері керек (Білім беру платформасын қараңыз)

3. Оқушылардың көзқарасы. Бейнежазбаны қарау.«Оқушылар дауыстары» бейнежазбасы (Білім беру платформасын қараңыз)

4. Мұғалімдердің мінсіз оқушы туралы көзқарасы. Қазақстандық мұғалімдердің мінсіз

оқушы туралы көзқарасын басқа елдегі мұғалімдердің пікірімен салыстыру.Мінсіз оқушының сипаты (Білім беру платформасын қараңыз).

Әртүрлі бес елдегі мінсіз оқушының қасиеттері (Білім беру платформасын қараңыз)


Бірлескен жұмысқа

негізделген тәсіл:



Бейнежазбалар мен таныстырылымды талқылау үшін ұстаздардың топтарда бірлесе

жұмыс істеуі. Әр қатысушы өзінің көргендері мен естігендерінің нәтижесі бойынша өз сезімдерін сипаттайтын анықтауыштарды теріп жазады. Жұмыстардың қорытындыларын топта талқылау және көрсету. Қарсы пікір білідіретін әріптестерге арнап постер немесе PowerPoint таныстырылымын жасап, олардың ХХІ ғасыр дағдыларына қойылатын талаптарға сәйкес болу үшін ойлану қажеттілігіне және өздерінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіңіз.



Оқуға арналған

тапсырма


«Мұғалімге арналған нұсқаулық» (1-2-беттер)




1-апта

2-күн

1-2 сабақтар

Сабақтың тақырыбы:

Сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесі

Жалпы мақсаты:

Сыныпта қадағалау жүргізу әдістерімен таныстыру

Оқу нәтижелері:

Мұғалімдер қадағалау жүргізудің құрылымдалған және құрылымдалмаған кестелерін қолдана алады.

Түйінді идеялар:

Қадағалау – ақпарат жинау мен мектепте (сыныпта) болып жатқан оқиғалар туралы толық мәлімет алудың пәрменді тәсілдерінің бірі.

Жаттығулар:

Видео-қадағалау: Қадағалаудың құрылымдалған және құрылымдалмаған кестелері қолданылған сабақтардың біреуінің бейне түсірілімін қарау. Құрылымдалған бақылау кестесінің үлгісі

(Білім беру платформасын қараңыз) «Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (орыс тілі)» бейнежазбасы .(Білім беру платформасын қараңыз).Зерттеу әдістері жөніндегі нұсқаулық

(Білім беру платформасын қараңыз)


Бірлескен жұмысқа

негізделген тәсіл:



Мұғалімдердің жұптық жұмысы. Жұптардың біріне құрылымдалған қадағалау кестесі беріледі; қалған мұғалімдерге ешқандай нұсқаулықсыз сабақтың бейнежазбасы бойынша ескертпелерді жазу тапсырылады. Сабақтың бейнежазбасын қарағаннан кейін мұғалімдердің өз жазбаларымен алмасуын ұйымдастыру. Жұп болып жұмыс істеген мұғалімдердің пікірлерін зерделеп, талдау, олардың бейнежазбаны қарау нәтижелері бойынша ұсынымдары. Мұғалімдердің пікірлерін бірлесе талқылау үшін жұппен жұмыс істеп отырған мұғалімдерден төрт адамнан тұратын топ құрып ықпалдастыру.

Тапсырмалар:

Әріптесіңнің сыныбын қадағалау

Оқуға арналған

тапсырма:



Зерттеу әдістері жөніндегі нұсқаулық: қадағалау жөніндегі нұсқаулық

Каталог: uploads -> doc -> 044e
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
044e -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уа қыты Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
044e -> Сабақтың тақырыбы: Көне түркі ескерткіштердегі антоним сөздер. Сабақтың мақсаты
044e -> Сабақтың тақырыбы Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет