Сабақ Тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы. Математика 5 «В» Сынып Пән мұғалімі: Айсагалиева Турсынай Утегеновна Алматы 2017 жыл



Дата21.07.2017
өлшемі39,99 Kb.
#21695
түріСабақ
Ашық сабақ

Тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы.

Математика 5 «В» Сынып



Пән мұғалімі: Айсагалиева Турсынай Утегеновна

Алматы 2017 жыл

Күні: 14. 04. 2017 ж.

Мұғалімнің есімі: Айсагалиева Турсынай Утегеновна

Сынып: 5 «В»

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, модасы, өзгеріс ауқымы, медианасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлерін білу.

Тәрбиелік: Статистикалық сипаттамалардың турлеріне байланысты болашақта өмірдегі өзгерістерге ойлы көз қараспен қарауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамыту, сөз байлығын дамыту.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Әңгімелесу

Сабақтың әдісі: Иллюстриялық түсіндіру. Оқушыға ақпаратты әңгімелеу.

Сабақтың танымдық қызметін ұйымдастыру үлгісі: Ұжымдық форма

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, ақ тақта, электрондық кестелер мен сызбалар.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, аудиторияны дайындау (1-2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ауызша сұрау № 1504, 1505, 1506 (3 мин.)

Тест сұрақтарын беру (7-8 мин.)



ІІІ. Жаңа сабақ. (10-15 мин.)

Тақырыпты хабарлау, тақтаға жазу.

Сабақ мақсатын оқушымен талдау, тұжырымдау.

ІV. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі


  1. Оқушылардың жаңа сабақты меңгеруіне көңіл бөлу.

  2. Оқушылардың қабілеттерін арттыру мақсатында көрнекілік қолдану.

Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т.с.с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі.

Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, мода, өзгеріс ауқымы, медианасы.



  1. Сандардың арифметикалық ортасы.

1-Мысал:

Шахмат ойыны жарысында 5 сынып оқушылыры:13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпайлар алды. Олардың осы алған ұпайларының арифметикалық ортасын тап.

Шешуі: 13+13+12+13+10+13+12+10 96 12

8 8


8 - ұпайлар саны

Жауабы: арифметикалық ортасы 12.

Ереже: Бірнеше саның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.


  1. Мода – статистикалық сипсттамалардың ең көп қолданылатын түрі.

2-Мысал: Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: «5», «5», «5», «4», «3», «4», «5», «4», «5», «5».

«5» - тік бағасының жиілігі 6-ға тең.

«4» - тік бағасының жиілігі 3-ке тең.

«3» - тік бағасының жиілігі 1-ге тең.

Ең көп баға «5» - тік баға демек модасы «5» - тік баға .


  1. Шама мәндерінің өзгеріс ауқымы

Ереже: Өзгеріс ауқымы дегеніміз берілгендер қатарындағы ең үлкен мән мен ең кіші мәнің айырмасы.

3- Мысыл:

Наурыз айының 1-ші аптасындағы ауаның тәуліктік орташа температурасы: 3°, 4°, 5°, 8°, 6°, 4°, 7°.

Өзгеріс ауқымы 8° - 3° = 5° демек өзгеріс ауқымы 5°.



  1. Медиана – шамалардың орташа мәнін сипаттайтын статистикалық шама.

Берілген сандар қатарының медианасын табу үшін:

  1. Берілген сандарды өсу ретімен немесе кему ретімен орналастырып жазу керек.

  2. Осылайша орналастырылған сандар қатарының қақ ортасындағы санды табу керек.

4 – Мысал:

Қазан айының 1 аптасындағы ауаның орташа тәуліктік температурасы 14°С, 15°С, 16°С, 14°С, 17°С, 17°С, 20°С.

Қазан айының осы аптасындағы тәуліктік температурасының медианасын тап.

Өсу ретімен орналастырамыз. 7 – тақ сан.

14°С, 14°С, 15°С, 16°С, 17°С, 17°С, 20°С.

Қақ ортасындағы сан – 16



Егер берілген сандардың саны жұп болса, олардың медианасын тапқанда, олардың ортасындағы екі санның арифметикалық ортасын алады.

V. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын алғашқы тексеру кезеңі.

1) Сандардың арифметикалық ортасын табуды білу.

2) Модасын табуды білу.

3) Өзгеріс ауқымын табуды білу.

4) Медианасын табуды білу.

VI. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын бекіту кезеңі:

Сыныпта есептер шығару: № 1518, 1519



VII. Жаңа білім және іс-әрекет амалдарын қортындылау жүйелеу кезеңі:

Статистикалық сипаттамаларды табуды білу.



VIII. Үйге тапсырма беру:

№ 1520, 1521, 1522



IX. Сабақты қортындылау кезеңі

Рефлекция
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет