Сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала»



Дата27.07.2017
өлшемі128,41 Kb.
#22204
түріСабақ
Пәні: әдебиет . (6 «ә» сынып)

Сабақ тақырыбы: Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі

Мақсаты: Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу.

Білімділік: Шерхан Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы

бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы - оның орындалған мұраты екенін дәлелдеу.



Дамытушылық: мәтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын, сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табу, проблемалық сұрақтар арқылы жинақтауды дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, елжандылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: ашық сабақ

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, Венн диаграммасы арқылы салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: презентация, үлестірме қағаздар, тұжырым кестесі, пікір күнделігі

Пәнаралық байланыс: тарих,орыс тілі,қазақ тілі

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ Үй тапсырмасы:

І. Топтастыру





ІІ Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы тексеру)

1. «Қызыл жебе» романының авторы кім, ол туралы не білеміз?

2. Романның басты кейіпкері кім?

3. Рысқұл не сабепті Тұрарды қасына алдырды?

4. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды?

5. «Кафедральді соборды » көргенде Тұрардың ойына не түсті?

6. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді?

7. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады?

8. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті?

9. Бронников қандай адам?

10. Тұрар әкесімен қалай қоштасты?

11.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті?

12. Тұрардың дәптеріне алғаш жазған сөздерін ата? Оларды Тұрар қалай түсіндірді?

13. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді?

14. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды?

15. Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды?


І. Жаңа сабақ: Тұрардың прототипі-Тұрар Рысқұлов.

Тақырыбы: Тұрар бейнесі арқылы қазақ халқының тарихындағы қарама-қайшы ең күрделі,ең ауыр кезеңдерін шынайы суреттеу.

І.Топтық жұмыс

1 топ: Әдебиетшілер. Әңгімеге композициялық жоспар құру.

Әңгіменің басталуы Рысқұлдың Тұрарды түрмеге алдыруы

Әңгіменің дамуы Надзиратель қыспағы

Әңгіменің байланысуы Әке мен баланың айырылысуы

Әңгіменің шиеленісуі Тұрардың фамилиясын өзгертуі

Шарықтау шегі Тұрардың қылмысы

Әңгіменің шешімі Иван Владимировичтің көмегі


2 топ: Тарихшылар
Тірек сигналдары арқылы Т. Рысқұловтың өмірінің өсу жолдарын көрсету.

Алматы Мерекедегі Бішкектегі Ташкенттегі Ұлт - азаттық

Талғар туыстарына баруы 1- дәрежелі мұғалім көтерілістің

Бесағашта Орыс –қазақ бастауыш шаруашылық институтына басталуы, оған

дүниеге келуі мектебін оқып, мектебін түсуі. қатысуы.

үздік бітіруі. тәмамдауы.



Түркістан Монғолияға Қазақ халқының жер Сталиндік

Республикасы өкіл етіп бетінен жойылып репрессияның

күрес жібереді. кетпеуі үшін бел буып құрбаны болған.

орталығының күреседі.

комиссия төрағасы

болады.
3 топ: Зерттеушілер

Тұрар мен әкесі туралы жазылған еңбектер.

1. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» романы

2. М. Әуезов «Қараш- Қараш оқиғасы» повесі

Тұжырым кестесі

Топтар

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Адами қасиеттері

Әдебиетшілер

Приходько







Тарихшылар

Бронников







Зерттеушілер

И.Владимирович








ІІ-топтық жұмыс: Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі.

1 топ: Әдебиетшілер

2 топ: Тарихшылар

3 топ: Зерттеушілер

І. Тұрарға мінездеме. Оқушыларға үзінділер беріледі, сол үзінді арқылы Тұрарға мінездеме беру.


  1. Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қоранын ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның әмірі бойынша, қорада бірде- бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде –бір қылау жұқпауы керек.

(еңбекқор)

  1. Туған әкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Әкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық!

(намысшылдық)

  1. Әлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шәкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мәнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады.

(қабілетті, зерек, алғыр)

III.Оқулықпен жұмыс.

1 топ: Әдебиетшілер.Әңгімеден теориялық ұғымдар табу

2 топ: Тарихшылар.Әңгімеден мақал-мәтелдер және тұрақты сөз тіркестерін табу

3 топ: Зерттеушілер.Сөздікпен жұмыс


IV.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

Венн диаграмма.

Қиялшыл

Қайраткер

Аңғал


Зерек «Қызыл

жебе»
Жасқаншақ

Сенгіш


Азаттық

Ұстамды үшін

күрескер

Әкесін жақсы көреді Халық

қамқоршысы

Өмір әділетсіздігін сезеді,

Күресуге дәрмен жоқ.


V.Топтық жұмыс. Пікір күнделігі.

1 топ: Әдебиетшілер





Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал Приходько осымен бір-екі рет «шоқын» деп емеурін танытты. Рас, әзір қиналған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам,әкемді дарға асатын шығар. Сөйтіп дар мен ар арпалысқа түсті.






2 топ: Тарихшылар



Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Бүгін түн бойы ол баласын бауырына қысып жатты. Амалы жетсе Рысқұл өзінің көкірегін жарып жіберіп, жалғыз жәдігерін қалталы қасқыр сияқты кеудесіне жасырып, алыс сапарға өзімен бірге ала кетер еді, оған айла жоқ. Түні бойы көз ілмей, қиянаттан мұздаған жүрегін жылытқысы келгендей, Тұрардың ыссы басын кеудесіне қысып жатты.






3 топ: Зерттеушілер




Мәтіннен үзінді

Өз ойың

Мақал- мәтел

Наташа үрейі ұшып, жүрегі аузына тығылып,пәуескенін жақтауынан қарыса ұстап, шыр-шыр етеді. Аттардың басымен алыса-алыса Тұрардың екі қары талып барады. «Осыдан екі асау алып қашып, пәуеске төңкеріліп қалар ма екен, яки біреуді басып кетіп, жазым болар ма екен?» деген ойдан тамырында қан қатып қалған сияқты.









VI. Сабақты бекіту.

Тест.

1. Тұрар кім?

а) ақын

ә) қоғам қайраткері



б) жазушы

2. Тұрардың дәптерге жазған алғашқы сөздері?

а) көке, ауыл, сағыныш

ә) қызыл жебе, Аспара, әке

б) қызыл жебе, көке, Аспара

3. Тұрар кімге көмекші болды?

а) Семашко

ә) Айбаров

б) Бронников

4. Ұзын бойлы, кең иықты, сары шашын жел ыратқан , жирен сақалды, ак жарқын адам? Кімнің портреті?

а) Аркаша

ә) Семашко

б) Бронников

5. Шығармадағы Салиха кім?

а) Тұрардың анасы

ә) Қырғызбайдың кемпірі

б) Мұғалім

6. Шығармадағы ұнамсыз кейіпкерлерді ата?

а) Атамырза, Аркаша, Надзиратель

ә) Қырғызбай, Бронников, Рысқұл

б) Рысқұл, Семашко, Атамырза

7. Мектепте барғанда Тұрардың фамилиясы?

а) Рысқұлов

ә) Айдаров

б) Қырғызбаев

VII. Үйге тапсырма

«Жақсы бала жеткізеді мұратқа» тақырыбында ойтолғау жазу.



Бағалау

Кері байланыс. «Білім теңізіне кеме жіберіңіз»  

«Көкжайық орта мектебі» КММ


Ш.Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
(ашық сабақ)

6 «ә» сынып


Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі: Оспанов Д.С



2016-2017 оқу жылы
Каталог: uploads -> doc -> 0115
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0115 -> Сабақ Тақырыбы: «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет