Сабақ тақырыбы Таңдау критерийлері. Сараптама жүйесі. Жасанды интеллект. Сабақтың мақсаты



Дата29.03.2017
өлшемі95,63 Kb.
#12533
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Информатика



Мұғалім

Ойсалова Асылзат

Мектеп, сынып

Қапшағай қаласы, Арна ауылы, №11 орта мектеп, 11-сынып

Сабақ тақырыбы

Таңдау критерийлері. Сараптама жүйесі. Жасанды интеллект.



Сабақтың мақсаты

а) Білімділігі: Оқушыларға ақпаратты таңдауда қандай критерилерға назар аудару керектігін, сараптама жасай білуді үйрету, ақпараттық жүйе бойынша білімдерін толықтыру;

ә) Тәрбиелігі: Ақпаратты іздеуде және таңдауда ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;

б) Дамытушылығы: Болашақтың еншісіндегі, қазір даму үстіндегі технологиялармен таныстыру.

Сабақтың көрнекілігі

Интербелсенді тақта, компьютерлер, топтамалар,

http://bilimland.kz сайты


Оқыту әдістері

Сөздік, практикалық, түсіндірмелі.


Оқыту формалары

Жеке, топтық, ұжымдық.


Пайдаланылған әдебиеттер

Н. Ермеков, М. Ермеков, С.Ноғайбаланова «Информатика 10-11 сынып» оқулығы, Б. Балапанов «Информатикадан 30 сабақ», «Информатика негіздері» журналы.


Сабақтың барысы

а) ұйымдастыру

ә) үй тапсырмасын сұрау

б) жаңа сабақ

в) бекіту

г) үйге тапсырма

д) қорытынды




Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарын сабаққа аудару, оқулық, дәптерлерінің толықтығын тексеру, жағымды көңіл-күй қалыптастыру.


Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

  1. Ақпаратты іздеу қалай жүзеге асырылады?

  2. Ақпаратты өңдеу деген не?

  3. Ақпараттық жүйеге анықтама бер.

  4. Іздеу жүйелеріне не жатады?

  5. Іздеудің әдістері қандай?

Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында Bilimland.kz сайтынан «Википедия дегеніміз не?» атты танымдық фильм көрсетіледі. Оған мына сілтеме арқылы кіруге болады: http://bilimland.kz/kk/content/lesson/11915-vikipediya_degenimiz_ne


Жаңа сабақты түсіндіру


Ой қозғау. Ақпаратты іздеуде сұраныстарды кім қабылдайды және өңдейді?

Ақпараттық жүйелердегі таңдау критерерийі – бұл ақпаратты іздеу кезіндегі кілттік сөздерді қалай таңдау керектігі, сұраныстың қысқа әрі түсінікті болуы. Іздеуді жүргізу, сұранысты қанағаттандыру үшін таңдау критерийімен жұмыс жасайтын арнайы сараптама жүйесі қарастырылған.

Сараптамалық жүйе – жасанды интеллект әдістері мен пайдаланушы ұсынатын деректер негізінде жағдайды ұқсастыруға, диагноз қоюға, болжам жасауға, шешімді өзгертуге, әрекетті таңдауға, ұсыныс беруге қабілетті білімдерді қамтитын  аппараттық құралдардың жүйесі. Ол кейбір пән саласына (мысалы, жүрек-қан тамырлары ауруларына диагноз қою мен емдеудің сараптау жүйесі) бейімделеді және осы саладан білімді алуға, жинақтауға, түзету енгізуге, белгілі білімдерден жаңа білім тудыруға, осы білімдердің негізінде практикалық мәселерді шешу мен шешу барысын түсіндіруге қабілетті болады. Мәліметтер базасы, сақталған деректер, заңдылық пен ережеден басқа сараптамалық жүйеге программа-шешім шығарғыштар, жоспарлау міндетін орындаушылар, мәселені шешуді іздестіру, толық және айқын емес білімдерден логикалық қорытынды шығару механизмі кіреді. Сараптамалық жүйені жасау  сараптамалық жүйенің түпнұсқасын алғашқы нұсқасын даярлаудан басталады. Содан кейін оны ұзақ уақыт көп кезеңді сынақтан өткізіп жетілдіреді. Сараптамалық жүйені программалауға негізінен Лисп, Пролог, Си тілдері қолданылады.

Жасанды интеллект – бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын, ЭВМ көмегімен семантикаға (мағына мәселесіне) жүгіну талап етілетін үдерісте есептесу сипатындағы емес шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми-зерттеу бағыты. ЖИ саласындағы зерттеу 30 жыл бойы жүргізілуде. ЖИ саласында жұмыстың басталуын ЭВМ-нің жасалуынан деп есептейді, ол адамзаттың ойлау қабілетінің үдерісін қайталауы (имитациялауы) тиіс болды. Егер ЖИ-ді қолдану саласын жасалған үлгілер саны бойынша қарайтын болса, онда олар былайша орналасқан болар еді:

  1. Медициналық диагностика, оқу, кеңес беру.

  2. ЖИ-ді жобалау.

  3. Әртүрлі салаларда міндеттерді шешу бойынша пайдаланушыларға көмек көрсету.

  4. Автоматтық бағдарламалау.

  5. БҚ сапасына тексеру мен талдау.

  6. Өте үлкен интегралды схемаларды жобалау.

  7. Қондырғыларды жөндеу бойынша техникалық диагностика және ұсыныстамаларды жасау.

  8. Әртүрлі пәндік салаларда жоспарлау және мәліметтерді талдау, оның ішінде статистикалық әдістер негізінде.

  9. Геологиялық мәліметтерді интерпретациялау және пайдалы қазбалардың табылуы бойынша ұсыныстар.




Сабақты бекіту

Bilimland.kz сайтынан «Жаңа технология дегеніміз не?» фильмі көрсетіледі. Оған мына сілтеме арқылы кіруге болады: http://bilimland.kz/index.php/kz/catalog/structure/1604-edumovies. Кейін көрген фильм бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.


Сабақты қорытындылау

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау.

Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, үй тапсырмасының орындалуына, сұраққа жауабына баға беру.


Үйге тапсырма

Тақырыпты оқу, интернеттен ақпарат іздеу, конспект жасау





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет