Сабақ тақырыбы: Тәрбие мен тәлім-әл-Фараби теориясының ажырамас бір бөлігі



бет1/3
Дата01.10.2024
өлшемі29,32 Kb.
#205472
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Әл-Фараби


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік ел-мұратым

Мектеп:Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 19.09.2018

Мұғалімнің аты-жөні:Куралбаева А

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Тәрбие мен тәлім-әл-Фараби теориясының ажырамас бір бөлігі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру
9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу



Сабақ
мақсаттары

Ғаламтор, әдеби кітаптардан мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру
мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу



Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология: Мәңгілік Ел, философия,
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Мәңгілік ел идеясы, Қазақ елі, Тіл бірлігі, Дін бірлігі.




Бағалау критерийлері

жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес
ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрастырады
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

Құндылықтар-ды дарыту

Патриотизм мен азаматтық жауапкершілік уақытты пайдамен өткізу қажеттігін түсіну арқылы жүзеге асырылады. Өмір бойы оқу қағидасы ақпаратты өздігінен табу, сабақ мақсатын білуде, кері байланыс беруде, рефлексия жасауда, алған білімінің практикалық мәнін түсінуде көрініс табады.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, әдебиет

АКТ қолдану дағдылары

ноутбук

Бастапқы білім

Әл-Фараби туралы біледі, жоспар құрастыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс-тар

Сабақтың басы
2 мин


5 мин
Сабақтың ортасы/ сабақтың негізгі бөлімі
3 мин
15 мин

12 мин


Сабақтың соңы
3 минут

Қызығушылықты ояту
Психологиялық ахуал орнату. «Шаттық шеңбері» тренингін өткізу.
«Мәңгілік Ел болу үшін».... деп оқушылар бір-бір сөзбен өзойларын айтады
Сабақ мақсаттарымен таныстыру.
Үй тапсырмасы
ПОПС формуласы арқылы жазу берілген. Оқушылар «Автор орындығы» әдісі арқылы оқиды
Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту.
Мақал – мәтелдердің жалғасын тап:
Ғылым – теңіз, .............(білім – қайық).
Ақыл азбайды, ..............(білім тозбайды).
Оқу – білім азығы, .........(Білім – ырыс қазығы).
Көп оқыған білмейді, ........(Көп тоқыған біледі).
Ілім – бұлақ ...........(білім шырақ).
Ердің атын аты шығарар, .......(Ғалымның атын хаты шығарар).
Тіліңмен жүгірме, ...........(Біліммен жүгір)
Білім арзан, ............(білу қымбат).
Байлықтың кілті - .............(ғылым).


Ғылым дегеніміз не? - Ғылым (араб (ілім); лат.  — білім) — жалпы мағынасы: жүйелік білім мен тәжірибе. Арнайы мағынасы — ғылыми жолмен жинақталған білім жүйесі.
1-тапсырма
Жазылым алдындағы тапсырма
Жазылым тапсырмасы
оқушыларға ауызша және жазбаша мәтіндер құрау үшін бірнеше жағдаяттар ұсынады, алайда оқушыларға мәтіннің
аудиториясы мен көзделген мақсатын назарда
ұстауды ұсынамын.
1-жағдаят.
Сіздің мектебіңізде «Мәңгілік Ел – мұратым» деген тақырыппен Елбасының идеясын қолдау мақсатында үлкен шара өткелі жатыр. Сіз сол шарада «Мәңгілік Ел» идеясы туралы сөз
сөйлемекшісіз. Сыныптастарыңыз бен мектеп
қауымдастығының алдында сөйлейтін сөзіңізді жүйелі жеткізуіңіз үшін алдын ала жоспарын құрып алыңыз. Жоспарлауда аудитория мен мақсатыңызды назарда ұстаңыз және күрделі жоспар құруды ескеріңіз.
2-жағдаят.
Мектеп сайтында «Мәңгілік Ел – мұратым» деген тақырыппен Елбасының идеясын қолдау мақсатында үлкен шара өткелі жатырғандығ туралы ақпарат жарияланды. Сол шарада
«Мәңгілік Ел» идеясы туралы жақсы үндеу жазған оқушыға жақсы сыйлық берілетіндігі жазылған болатын. Сіз бұл шараға қатысамын деп шештіңіз. Ендеше алдымен жазылым
жұмысыңыздың жоспарын жазыңыз.
Жоспарлауда аудитория мен мақсатыңызды назарда ұстаңыз және күрделі жоспар құруды ескеріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет