Сабақ тақырыбы: Тірі ағзалардың сан алуан түрлері. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары



Дата04.07.2018
өлшемі37 Kb.
#47049
түріСабақ
Сабақ жоспары



Экология және тұрақты даму

Мектеп:

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспаған оқушылар:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні: Қалмажит Айдос Оразалыұлы

Сабақ тақырыбы:

Тірі ағзалардың сан алуан түрлері.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:

5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниелеріне жіктеу
5.6.2.2 біржасушалы және көпжасушалы ағзаларды сипаттау

Сабақ түрі:

Жаңа тақырыпты оқыту.


Сабақтың мақсаты

Ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктейді

Сабақ оқытудың негізгі мақсаты:

Барлық оқушылар үйренеді: тірі ағзалардың бес патшалықтардың негізгі ерекшеліктерін біледі;

Көптеген оқушылар үйренеді: әрбір патшалықтың өкілдерін және оларға тән белгілерді сипаттай алады;

Кейбір оқушылар үйренеді: қосымша ақпаратты қолдану арқылы қыныларды, археи және т.б. тірі ағзалар топтарының ерекшеліктерін зерттей алады.

Бағалау критерийлері:

  1. Тірі ағзалардың бес патшалығын атайды;

  2. Бес патшалықтың 5-тен кем емес өкілдерін атайды;

  3. Әр патшалыққа тән белгілерді сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
Тірі ағзалардың бес патшалығына тән ерекшеліктерді сипаттайды (оқылым, жызылым, айтылым және тыңдылым дағдылары)
Терминология:

Патшалық, түр, классификация, тән белгілер, прокариоттар, протистер, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар.


Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Тірі ағзалар патшалығы ................. жіктеледі.

Бактериялар патшалығына тән ерекшеліктер ...

Саңырауқұлақтар патшалығын ................................... және ................................ әлеміне ұқсас белгілері бар.

Өсімдіктер фотосинтез көмегімен ................................... жолмен қоректенеді.

Жануарлар патшалыға тән белгілер ..............................



Құндылықтарды

дарыту

Ынтымақтастық - топтық және жұптық жұмыс арқылы жұмысты үйлестіру.

Академиялық шындық – жеке жұмыс арқылы.



АҚТ қолдану дағдылары:

Электронды ақпарат көздерін қолдану арқылы оқыту процессін визуализациялау.

Бастапқы білім:

Оқушылар 3-4 сыныптан тірі ағзаларға тән тіршілік қасиеттерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланатын қызмет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5


  • Оқушылармен амандасу;

  • Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Жақсы тілек» әдісін пайдалану. Оқушылар сабақ басында бір-біріне тізбек арқылы сабаққа немесе барлық күнге тілектерін тілейді.

  • Сабақ тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.




Сабақ ортасы

6-10
11-13

14-19
20-22

23-30


31-32

33-37


Білім актуализациясы. Оқушылар назарына «Биоалуандылық деген не» қысқа бейнематериал ұсынылады. Мұғалім Жер ғаламшарындағы ағзалардың сан алуандылығы туралы айтып кетіп, Жер шары біздің үйіміз, ал барлық тірі ағзалар оның тұрғындары туралы ойға әкеледі. Жер шарындағы барлық ағза ол үшін маңызды.
(М) Жердегі ағзалар көп болғаннан кейін, оларды анықтау үшін белгілі бір тәртіпке келтіріп, топқа жіктеген тиімді. Бұл міндетті систематика ғылым саласы жүзеге асырады.

Кітапхананы аналогия ретінде мысалға келтіруге болады. Сіздер кітапханаға келіп, белгілі бір кітапты тапқыңыз келеді. Кітапханадағы мыңдаған кітаптың арасынан табу қиын болар еді, алайда егер Сіз кітаптың жанрын, авторын, жазылған тілін білсеңіз, керекті кітапты табу минуттық іс болады. Тірі ағзалар да белгілі бір критерийлерге байланысты түрлер туыстарға, олар үлкенірек топқа жіктеліп, ең жоғары, ірі топ – патшалық болып табылады.

Бүгін біз тірі ағзалардың қандай патшалықтарға жіктелетінін білеміз.
(Т) Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр топ ребус шешеді. Ребустың жауабы патшалықтың атауы болып табылады. Ребусты шешіп болғаннан кейін жауабын айтып, тақтадағы сызбаға толтыру қажет болады.
(С) Оқушылар өз жұмыстарын тексеру және бағалау үшін, «Деректер: Классификация» қысқа бейнематериалын қарайды.
(Т) Оқушылар топта ақпараттық параққа сүйеніп, әр патшалық туралы постер дайындайды. 5 топ, әрбір топ 1 патшалықты алады.

Тапсырманың критерийлері:



  • Патшалықтың атауы аталу қажет;

  • Патшалыққа жататын 5 өкілін мысалға келтіру;

  • Патшалыққа тән ерекше белгілерін сипаттау қажет.

Оқушылар өз постерлерін қорғайды. Тыңдап отырған оқушылар постерді критерий бойынша бағалап, кері байланыс ұсынады. «Сэндвич» әдісін пайдалануға болады.


(С) Сергіту сәті. Оқушыларға презентацияда патшалықтар өкілдерінің суреттері көрсетіледі, олар орындарынан тұрып:

- егер бактерия болса – екі қолын көтереді;

- егер протист болса – бір қадам алға жасайды;

- егер саңырауқұлақ – екі рет шапалақтау;

- егер өсімдік болса – бір қадам артқа жасайды;

- егер жануар болса – парталас көршісімен орынмен алмасады.


(Ж) Оқушылар жұпта патшалықтар туралы жұмбақ ойлап тауып, оны сыныпқа жасырады.

Тапсырма критерийі: жұмбақта белгілі 1 патшалыққа тән белгі аталу қажет.



Дескрипторлар:

1. Патшалықтың атауын береді

2. Патшалықтың өкілдеріне мысал келтіре алады.

3. Патшалыққа тән ерекше белгілерді біледі, тізіп жазады.


Өзара бағалау, қате берілсе кері байланыс беру.

Видео «Жердегі ағзалар алуандылығы»

Ребустар


Видео «Деректер: Классификация»

Ақпараттық парақ


Презентация



Сабақ соңы

38-40


Сабақ мақсаты мен критерийлерін оралып, кері байланыс жүргізу. «Карта» әдісі: оқушылар сабақ соңында картаның қандай аймағында екендігін анықтайды.

«Карта»

Қосымша ақпарат

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар тірі ағзалардың бес патшалықтардың негізгі ерекшеліктерін біледі; әрбір патшалықтың өкілдерін және оларға тән белгілерді сипаттай алады;

Қабілеттері жоғары оқушылар - қосымша ақпаратты қолдану арқылы қыныларды, археи және т.б. тірі ағзалар топтарының ерекшеліктерін зерттей алады.



Өзін – өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы.


Тәсілдердің түрлілігі және шаршауды басу үшін оқушылардың бір-бірімен әңгімелесуі.

Дене сымбаты бойынша нұсқаулықтар.



Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?








Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2:



Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет