Сабақ тақырыбы Тригонометриялық теңдеулерді шешу. Сабақтың мақсат-міндеттері



Дата10.12.2019
өлшемі1,01 Mb.
#53307
түріСабақ
Байланысты:
Қарапайым тригонтеңдеу ашык сабақ2016
бож, бож, Документ Microsoft Office Word

Пәні

Математика

Тобы

МТ-19о

Күні

1912. ХІ. 209ж.

Оқытушы

Айтбаева Назгуль Кенжегалиевна

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық теңдеулерді шешу.

Сабақтың мақсат-міндеттері

а) білімділік:

оқушылардың тригонометриялық теңдеулер шығаруда теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, сапалы біліммен қаруландыру, білімдерін тереңдету, жинақтау, жүйелеу, шыңдау.


ә) дамытушылық:

оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуына жағдай жасау, математикалық сауаттылығын арттыру.

б) тәрбиелік:

оқушыларды жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

в) кәсіби

Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақ барысында орындап, пайдалануға үйрету.

Сабақтың типі

Практикалық

Сабақтың түрі

Құрамдас

Сабақта қолданылатын технологиялар

Эрдниев технологиясы. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері:

Ой қозғау, инстаграм элементтері, топтастыру, ой сергіту, сұрақ-жауап, танымдық ойын, топтық және жеке жұмыс жасау, есептер шығару, Венн диаграмаса, тапсырмаларды орындау;

Оқыту құралдары

Интерактивті тақта, слайдтар, дидактикалық материалдар, оқушыларды бағалау үшін стикерлер, палакаттар, инстаграм әлеуметтік желі парақшасы;

Қолданылатын әдебиеттер:

«Алгебра және анализ бастамалары» А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, В.Е.Корчевский, З.А.Жұмағұлова – Алматы: Мектеп – 2010ж., «Математика» В.Т.Лисичкин, И.Л.Соловейчик – Москва: Высшая школа, 1991ж.

Пән аралық байланыс:

Информатика, тарих, физика, геометрия, бейнелеу өнері, сызу, ән.

САБАҚ БАРЫСЫ


САБАҚТЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ

ОҚЫТУШЫНЫҢ ІС – ӘРЕКЕТТЕРІ

ӘДІС-ТӘСІЛДЕР

СТУДЕНТТЕР ІС-ӘРЕКЕТІ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

І. Қызығушылықты ояту кезеңі


1.1.Ұйымдастыру жұмыстары.

Аудитория тазалығын, студенттердің, оқу құралда-рының түгел-дігін тексеру. Студенттерді топқа бөлу


Саламатсыздарма студенттер және құрметті қонақтар! Балалар, сабақта кімнің дәлелді немесе дәлелсіз түрде сабаққа қатыспағанын топ басшысы мәлімдесін. Бүгінгі өтілетін сабағымыздың тақырыбы қайталау, тригонометриялық теңдеулерді шешу, жұмыс дәптерлеріңізге жазып қоялық. Студенттер екі топқа бөлінген «АРХИМЕД» және «ПИФАГОР» (оқушылар екі топқа болінеді, басшылары сайланады).

Кімнің дәлелді немесе дәлелсіз түрде сабаққа қатыспағанын топ басшысы мәлімдейді. Бүгінгі тақырыпты жазып қоялық.

Диалог әдісі:Студенттерге сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбының атауы аталады


Амандасып, топ әкімі кімнің сабаққа келмегенін мәлімдейді. Оқу құралдарын дайындап, топқа бөлініп отырады.


Студенттердің толық сабаққа ден қоюы, жаңа сабақтың тақырыбын оқушылар өздігінен атайды.



1.2.

Сабаққа кіріспе

«Ой қозғау» стратегиясы: тақырыпқа қатысты теориялық білімдері тексеріледі.

Интерактивті тақтада берілген тапсырмалармен жұмыс (ауызша).

Теориялық білімдерін тексеру.


    1. y=arccos x функциясының қасиеттерін атаңыз.

    2. y=arcsin x функциясының қасиеттерін атаңыз.

    3. Синусқа анықтама беріңіз.

    4. Косинусқа анықтама беріңіз.

    5. Тангенске анықтама беріңіз.

    6. Котангенске анықтама беріңіз.

«Ой қозғау» стратегиясы;

Сұрақтарға жауап береді;

Тақтаға үйге берілген есептерді әр топтан бір оқушыдан шығып жазады



Өткен тақырыпты нақты меңгергендігі;



1.3. Үй тапсырмасын сұрап, бекіту.

1. «Сиқырлы гүл»ойыны І топ

2. «Өз орнынды тап» ойыны. ІІ топ


3. Венн диаграммасын салу ІІІ топ



4. Логикалық сұрақтар

Топтастыру-ассоциациялау


Оқушылар «Сиқырлы гүл» тапсырмасында жасырылған формулаларды тауып, «теңдеу» терминды жазу керек. «Өз орнын тап» ойынында бағанның сол жағындағы сұрақтардың бағанның оң жағында сәйкес дұрыс жауаптарын көрсету, «Венн диаграммасын» толтырып, тригонометриялық функциялардың ортақ қасиеттерін көрсету.


Жаңа тақырыпқа қызығушылығын ояту және жаңа тақырыпқа бағыт беру.



ІІ. Жаңа мағынаны тану кезеңі


Сабақта жасалатын іс-әрекеттер

Сабақ жоспары


2.1.

Жаңа мәліметтермен

таныстыру.


1. Бөлінген топтардың аттарын атау

2. Оқушыларға бағалау ретімен таныстыру

3. Жеке жұмыс

4. Топпен жұмыс

5. Белсенді оқушылардың жұмысы

6. Толықтырулар.
1. sinx=a теңдеуі

2. cosx=a теңдеуі

3. tgx=a теңдеуі

4. ctgx=a теңдеуі
Әр топ лидерінің жауабын тыңдап, толықтырамын.




СТО әдісімен

1.Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жаңа тақырыпты оқушының өздігінен табуы;

2. Әр топ басшысы өзінің топтың атын қорғайды; 3.Қасындағы жолдастарымен талдайды;

4.Әр топтың лидері жинақталған мате-риалдарды айтып береді.

Жаңа материалды студенттер меңгеріп,өзара талдай алады, ұжымдасып жұмыс істеуді және бірін-бірі тыңдап, түсіне білуді үйренеді.



2.2. Сабақты пысықтап, бекіту


Үш топтан екі оқушыдан тақтаға жаңа тақырып бойынша есептер шығару үшін шақырылады, топтар бір – бірінің шығарған есептерін тексеру арқылы пысықтап, қателері бар болса жөндеу арқылы жаңа тақырыпты нақтылайды.

Ауызша тапсырмалар

Ауызша есептердің жауабын табу барысынды «ТӘУЕЛСІЗДІК» сөзді табу, сонымен қатар жаңа тақырыпты бекіту




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11























Т

Ә

У

Е

Л

С

І

З

Д

І

К



Екі жақтың пікір-таласы қорытындыланып,түйін жасалады (қате болған жағдайда).




«Ментальды карта» стратегиясы

«Қандай әріп боламын?» стратегиясы


«Дебат» стратегиясының элементі.





Бүгінгі тақырыптан алған білімдері мен әсерлерін әр топ есептер шығару арқылы түсінеді.

Пікір-таласқа түседі.



Оқушылардың шығармашылық қабілеті дамиды.

Нақты пікірлерін айтып,белгілі бір мәселені талдап, шешуді үйренеді.



2.3 Сергіту сәті

Оқушыларға патриоттық ән қойылу барысында, жуырда келе жатқан мейрамдардан шығармашылдық қиял, қауымдастық, ой, ұсыныс, сипаттама беру

Оқушылардың не нәрсеге болсада, ұжымдасып шығармашылық идеяларды таныту мақсатында жұмыс жасау



Шығармашылық өнерлерін көрсету;

Оқушыларды сергіту сәтінде дем алу, көңілдерін көтеру;

ІІІ. Ой толғаныс кезеңі

3.1. Жаңа тақырыпты қорытындылау

«Жалғасын тап» ойыны бойынша сабақты қорытындылау.

  1. Тригонометриялық теңдеу дегеніміз -

  2. Қарапайым тригонометриялық теңдеулер -

  3. Тригонометриялық теңдеулерді шешу дегеніміз –

Интертақтадағы кестені стикер арқылы толтыру




Оқушыларға «Жалғасын тап» стратегиясы бойынша жаңа тақырып қорытындыланады;


Сұрақтарға жауап береді, есептер шығарады; стикерлерге ойландырып жүрген сұрақтырды жазу арқылы кестені толтыру;

Қарапайымнан күрделі сұрақтарға ауыса отырып, пікірлесе отырып, студенттердің ой тұжырымы қалыптасады.

3.2.Үй тапсыр-масын беру

1. №98 ә), в); №99 ә), в); №100 ә), в)

2. Сөзжұмбақ, тест құрастыру.






Ізденіс жұмысы арқылы бағдарламасы бойынша қарапайым тригонометриялық теңдеулердің дербес шешімдерінің шығару жолдарын жаттау .

Есеп шығару бағытта берілген үй тапсырмалары студенттердің өз бетінше ізденуге бейімдейді.

Білімді бағалау

Оқушылардың танымдық және білімділік қабілеттері, белсенділігін ескере отырып бағалау. Әр топқа сабақ барысында білімдері мен белсенділігі үшін берілген тулардың санын есептеп, бағалау.

Тудың саны бойынша 1 – 2 данасы – «3»

3 – 4 данасы – «4»

5 – тен көп – «5»







Оқушылардың сабақ барысында білімдері және белсенділіктері үшін алынған туларды есеп алады;

Оқушылардың белсенділігі;

Сабақты қорытындылау.

Қорытынды сөз: Алдағы келе жатқан тәуелсіздік мейрамы құтты болсын дей отырып, сабақтың аяқталуын хабарлаймын. Сау саламатты болыңыздар!











Сабақ жоспарында өзгертулер мен толықтырулар болуы мүмкін.
Оқытушы ___________ Айтбаева Н.К.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграралық техникалық колледжі

Мұнай және газ мамандықтар бөлімшесі
Бекітемін Бекітемін

Колледж әдіскері: Директордың оқу ісі

__________ Аймбетова Э.С. жөніндегі орынбасары:

_____________ Ермұхан Б. Б. «____»_________2016 ж. «____»___________ 2016 ж.



«Білім және кәсіби маман – заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары»

онкүндігі 05-15.12.2016ж. математика пәні бойынша

АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыбы: Қарапайым тригонометриялық теңдеулер және оларды шешу.

Оқытушы: Айтбаева Назгуль Кенжегалиевна

Тобы: ПГС – 16о

Күні: 12.12.2016ж.

Өтілетін орны: № 102 аудитория

Уақыты: 08.30

Ашық сабақ жоспар қоғамдық және жалпы білімдік пәндер пәндік әдістемелік комиссиясы

отырысында қаралып, мақұлданды.
Хаттама №____ «___»_________2016 ж.
ПӘК төрайымы: ________ Абуова Р.

Қызылорда 2016ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет