Сабақ Тақырыбы: Туған жерімді сүйемін



Дата08.07.2017
өлшемі53,47 Kb.
#20887
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Шар қаласы

«Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Туған жерімді сүйемін


Даярлық «А» топ тәрбиешісі:

Нугуманова З.М

Тақырыбы: Туған жерімді сүйемін

Мақсаты:

Білімділік: Отан, Қазақстан,туған жер, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың бойында патриоттық сеімдерін ояту.

Тәрбиелік: жаңа білім бере отырып, оқушыныңбойында Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту.

Әдісі: түсінік беру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, қозғалыс ойыны, жұмбақтар шешу, мақал – мәтелдер ояту.

Көрнекілігі: слайд «Астана», «Қазақстан елі», суреттер, Қазақстанның картасы, шарлар, сөзжұмбақтар

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

А) Амандасу

Ә) Шаттық шеңбері.

Топқа бөлу

І топ, ІІ топ

(Топтың есігін қағып бір мұғалім кіреді)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Туған жер туралы \, Қазақстан мемлекеті туралы көп білгім келіп , сабаққа қатысқым келіп отыр. Рұқсат па?

Мұғалім : әрине, рұқсат. Біз сізге көмектесеміз. Төрге шығып, орнығып отырыңыз.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Шаттық шеңбері:


Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Басымызды иіп,

Сәлем бердік біз.

Тәрбиеші:

Астананың көгінде,

Ата мекен төрінде.

Күндей күліп жадырап,

Судай мөлдір көңілмен,

Сабағымызды бастайық.

-Балалар бүгінгі сабағымызды мына сөзжұмбақтарды шешуден бастайық:


  1. Қойда бар, лақта жоқ ( О)

  2. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі (Ту)

  3. Ең жақын адам ( Ана)

  4. Қасиетті тағам (Нан)

-Тамаша! Ал енді осы сөздердің бірінші әріптерін қосып оқимыз. Қандай сөз шықты?

- Отан


-Дұрыс. Ал, Отан неден басталады?

  1. Отан деген – атамекен.

Отан деген – туған жер.

  1. Отан – отбасынан басталады.

Ал, Отбасында кімдер бар?( тақтада отбасы бейнеленген сурет ілініп тұрады)

-Отбасында ата бар, отбасында әже, апа, ана, әке. . .



Слайд бойынша жұмыс.

Біздің туған жеріміз, Отанымыз – Қазақстан Республикасы деп аталады.

Отанымыз – үлкен, әдемі,бай. Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 мың шақырымға , солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр. Елбасы – Н.Назарбаев. Бас қала – Астана. Астана – үлкен, әдемі, жас қала. Қазақстан – кең –байтақ мемлекет. Жасыл жайлаумен, мөлдір суымен, биік тауларымен, таза ауасымен бай.


  • Қ.Р-ның өз рәміздері бар. Олар: Ту, Елтаңба, Әнұран. Тудың түсі көгілдір. Ту тіктөртбұрыш.Ортада күннің көзі, қыран құс бейнеленген.

  • Елтаңба дөңгелек, алтын түстес. Төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Астында «Қазақстан» деген жазу бар.

  • Әнұран Қазақстан мемлекетінің салтанатты үні.

Ендеше, балалар, біз туған жеріміз, Отанымыз туралы қаншалықты жақсы білеміз, соны көрейікші. Ол үшін мына ойынға кезек берейік.

«Сиқырлы шарлар» ойыны. (шарларда өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жасырылған, әр оқушы өз шарларындағы сұрақтарға жауап береді. Менің қолымдағы үрленген нөмірлеген 10 шарды бөлісіп алады, әр нөмірлеген шардағы әріптерді ретпен атаған сайын балалар тақтаға тізіліп тұрады, шыққан сөзді балалар оқиды. (Қазақстан)

Көрініс: «Астана - Бәйтерек» монументі.

Сергіту сәті : Би «Берекелі дастархан»

Топпен жұмыс.



«Бәйге»сайысы

І топ.

1.Республиканың басты қаласы (Астана)

2.Тұңғыш президентіміз (Н.Назарбаев)

3. Білім күні қай күн? (1 қыркүйек)

4. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)

5. Қазақстың ұлттық аспабы (Домбыра)



ІІ топ

Мақал-мәтелдер. Тақпақ.

1.Отан- оттан да ыстық.

2.Жер таусыз болмайды, халық жансыз болмайды.

3. Отан- оттан да ыстық.

4. Кісі елінде күркірегенше, өз жеріңде дүркіре.

5. Елін сүйгеннің еңсесі биік.

Дәптермен жұмыс. Суреттерін тақтаға ілу.

Қорытынды.

Сабақты бекіту, бағалау.

Топтастыру
Біздің қала

Ата - ана

Біздің үй

Табиғат

Туған ел

Туған жер

Отбасы



Отан




Менің туған елім, оған менің үлесім.

Жақсы мамандық иесі

Жақсы оқу

Үлгілі азамат болу

Отанды сүю,

Рәміздерді қастерлеу



Табиғатты қорғау

Ата-ананы сыйлау


Жүректен жүрекке:

Балалар үнтаспаға қосылып «Туған жерімді. сүйемін » өлеңін айту



Балалар, сендерге көп рахмет. Бүгінгі сабаққа бәрін жақсы қатыстыңдар. Келген конақтарға да рахмет. Қазір, келген қонақтармен орнымыздан тұрып қоштасайық. Бәрі хормен «Сау болыңыздар» деп айтады.

Назарларыңызға рахмет!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет