Сабақ тақырыбы: Векторлар. Векторларға амалдар қолдану



бет1/4
Дата19.11.2019
өлшемі384,29 Kb.
#52087
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Векторлар. Векторларға амалдар қолдану 1 сабақ жоспары

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жазықтықтағы векторлар



Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Арғынбай Ш.С.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Векторлар. Векторларға амалдар қолдану


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.4.1

вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу;

9.1.4.2

векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және қолдану;



Сабақ мақсаттары

- вектордың, коллинеар векторлардың, тең векторлардың, нөлдік вектордың, бірлік вектордың және вектор ұзындығының анықтамаларын білу және тапсырмадан анықтау;

- векторларды қосу, векторды санға көбейту ережелерін білу және есеп шығаруда қолдану.



Жетістік критерийлері

- векторларды қосу ережелерін біледі:

- үшбұрыш және параллелограмм әдістері;

- сызбадан коллинеар және коллинеар емес векторларды таба біледі;

- дайын сызбада векторларды қосуды орындай алады;

- векторлар қосындысы сызбасын орындай алады;

- векторлардық алгебралық қосындысын орындай алады.

- векторлардың қарама-қарсы болу шарттарын біледі;

Тілдік мақсаттар

Вектор түрлеріне “болғанда/егер” сөздерін қолданып ауызша анықтама бере алады. Қажетті терминдерді қолдана отырып, математикалық тілді дамытады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

вектор, коллинеар векторлар,

тең векторлар
нөлдік вектор
координаттар, жазықтық, арақашықтық, бұрыш, вектордың координаттық осьтердегі проекциясы бірлік векторлар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Егер векторлар бағыттас және абсолют шамалары тең болса, олар тең векторлар деп аталады.

Егер вектордың басы мен ұшы беттесетін болса нөлдік вектор деп аталады.

Егер екі вектор бір түзудің бойында немесе параллель түзулердің бойында жататын болса, онда бұл векторларды коллениар векторлар деп атайды.



Құндылықтарды дарыту


- Құрмет құндылығын - бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы;

- Ынтымақтастық құндылығын - жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы;

- Еңбек және шығармашылық құндылығын - өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асыру.


Пәнаралық байланыстар

Физика

АКТ қолдану дағдылары




Бастапқы білім

Декарт координаттар жүйесі ұғымын түсіну. Түзудің теңдеуін, олардың қайдан алынатынын білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут


Амандасу.

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

«Уақыт капсуласы» стратегиясы. Мұғалім алдын-ала сыныптың әр оқушысына шағын тілектер дайындап, оларды бір-бірден киндер ұяшықтарға салып қояды. «Тілектердің» сыртқы бетінде берілген сандар оқушының сабақ барысында жұмыс жасайтын тобын білдіреді. Оқушылар тілектерді алып, сыныбына дауыстап оқиды, кейін топқа бөлінеді.

Үй жұмысын тексеру






Ой қозғау

2 минут

What is the difference between speed and velocity?
Тақырыпқа шығу

Мақсатты анықтау



Слайд 1-3

Тақырыпты ашу

8 минут

Бағытталған кесіндіні вектор деп атайды.

АВ кесіндісінің ұзындығы вектордың ұзындығы немесе модулі деп аталады

Жазықтықтың кез келген нүктесі вектор болып табылады. Бұл нөлдік вектор болады. Нөлдік вектордың басы мен ұшы беттеседі, оның бағыты болмайды.

Нөлдік емес екі вектор бір түзуде немесе параллель түзулерде жатса, оларды коллинеар векторлар деп атайды.

Егер векторлар бағыттас және олардың ұзындықтары тең болса, онда олар тең векторлар деп аталады.

Егер А нүктесі векторының басы болса, онда вектор А нүктесінен алынған деп атайды
Векторларды қосу. Векторларды алу. Векторды санға көбейту:

  


Слайд 4-8

Слайд 9


Терминдермен жұмыс

2 минут

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Вектор

Вектор

vector

Нөлдік вектор

Нулевой вектор

zero vector

Бағыт

Направление

direction.

Тең

Равны

equal

Қарама-қарсы

Противоположный

negativ

Бағыттас

Одинаково направленные

Same direction

Шама

Величина

Magnitude




Жеке жұмыс

10 минут

1. Мыналарды атаңыз:

А) ұзындықтары тең векторларды;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет