Сабақ Тақырыбы: «Зат есім» 2-3 сынып Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі



бет1/5
Дата24.04.2017
өлшемі2,06 Mb.
#14728
  1   2   3   4   5
Айдабол орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Зат есім»

2-3 сынып



Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі
Хастарбек Амангүл

2015-2016 оқу жылы



Пәні: қазақ тілі
Күні: 12.05.16 ж
Сыныбы: 2-3 сынып

Тақырыбы: Зат есім
Мақсаты:
білімділік: зат есім туралы түсінік беру, білімдерін кеңейту, сұрақтарын ажырата білуге үйрету. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар арқылы зат есімнің түрлері туралы білімдерін толықтыру.
дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүниетанымын, шы-ғармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағды-ландыру. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыс-тырып сөйлеуін.Қызықты тапсырмаларды топпен орындату арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру.
тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәр-биесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа баулу. Топта бірін-бірін тыңдауға, тыныштық сақтауға баулу.
Сабақтың түрі: топтық сабақ (қайталау сабағы)
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтау, «Ішіне, сыртына» стратегиясы, «Кофе араластырғыш» әдісі, дидактикалық ойындар.
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайд, музыка, «Алтын балық» ойыны.
Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу, математика.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа
    дайындықтарын тексеріп шығу.
    1. Психологиялық дайындық.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын,

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.



2. Дөңгелек және шаршы пішіндерін таңдату арқылы топқа бөлу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
    Жаттығудың дұрыс орындалуын тексеру


3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздерді теріп жаз. Осы сөздерді сөз құрамына талда.

Қызметшілер, күзетші, шынжырдан, аңды, қоршауға.

  1. Өткен сабақты қайталау.
    а) Сұрақ-жауап
    ә) «Кофе араластырғыш» ойыны
    Шарты:
    оқушылар берілген суреттердің бірін тандап, түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы туынды сөз жасайды.


Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім,

Міне, балалар, кемеңгер, ақын-жазушыларымыздың тілі туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.

Ендеше, бүгінгі сабағымызға қатысып отырған бірнеше мұғалімдеріміз бар екен, өз білімімізді ортаға салып, сабақты жақсы өткізуге уәде бе-ресіздер ме? (ия)



  1. Мағынаны ашу.

Балалар ардақты аналар мен қыздардың мерекесі қалай аталады ?

  • 8-наурыз Аналар мерекесі, қыздар мерекесі

  • Аналарымызға, қыздарымызға не сыйлаймыз? (гүл)





  • Мынау не?

  • Гүл. Зат есім.

  • Гүл қандай?

  • Әдемі. Сын есім.

  • Гүл не істейді?

  • Өседі. Етістік.

  • Гүл нешеу?

  • Екеу. Сан есім.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет