Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы. Сабақ мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі64,61 Kb.
#28952
түріСабақ
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

Миялы селосы, №1 мектеп – гимназиясы

Физика пәнінің І санатты мұғалімі

Сарбухиева Акмарал Амандыковна


Сыныбы: 7

Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: заттың тығыздығы деп аталатын физикалық шамамен таныстыру, оның дененің массасына және көлемдеріне тәуелді екенін сипаттайтын шама екенін түсіндіру, өлшем бірлігімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың ғылыми көзқарасын дамыту үшін физикалық тәжірибелер көрсету, логикалық ой-өрісін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін есеп шығаруда пайдалану дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: зат тығыздығының физикадағы рөлін, оның техникалық, практикалық маңызын ашу

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақ типі: жаңа білім беру сабағы

Көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, жұмыс дәптері, слайд, деңгейлік тапсырмалар.

Құрал-жабдықтар: түрлі заттар, кірпіш, білеуше, тұз

Сабақ әдісі: түсіндіру, тәжірибе көрсету, есеп шығару, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика, технология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.

Сыныптың санитарлық-гигиеналық тазалығын қадағалау.

Құрал-жабдықтарды тексеру.



Психологиялық дайындық. Оқушылардың көңіл-күйін сұрау.

Шаттық шеңбері (Оқушылар бір-біріне жылы тілектер, сәттілік тілеу)

Оқушыларды түрлі-түсті фигураларды таңдау арқылы топқа бөлу.

1-топ « Тығыздық» 2-топ «Масса» 3-топ «Көлем»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Сәйкестендіру тесті

Қойылатын сұрақтар:

1.Бөлінбейтін ең кіші бөлшек (атом)

2.Броундық қозғалыс дегеніміз не?

3.Диффузия құбылысы дегеніміз не?

4.Табиғатта заттың неше күйі кездеседі?

5.Молекула дегеніміз не?

6.Температура нені сипаттайды?

7.Қатты денеге тән қасиет

8.Температураны өлшеуге арналған шкалалар



ІІІ. Жаңа сабақ

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Зат тығыздығын мына формуламен анықтауға болады:  =m/ V

Зат тығыздығының бірлігі үшін бірліктердің халықаралық жүйесінде (SI) килограмның метр кубқа қатынасы (кг/м³) алынған. Бұл – көлемі 1 м³ болатын, массасы 1 килограмға тең біртекті заттың тығыздығы. Есептеулер жүргізу кезінде тығыздықтың г/ см³, т/м³ сияқты басқа да бірліктері қолданылады:

Заттың тығыздығы және дененің көлемі белгілі болса, онда өлшеулер жүргізбей-ақ оның массасын анықтауға болады:

Егер дененің массасы мен тығыздығы белгілі болса, онда оның көлемін есептеп табуға болады:

ІV. Қызығушылықты ояту. Тәжірибе көрсету.

1-тәжірибе:Ағаш білеушенің тығыздығын анықтау

2-тәжірибе:Бір кесек қанттың тығыздығын анықтау

3-тәжірибе:Кірпіш, білеуше, тұз. Осы заттардың кестеден мәнін ала отырып, көлемін, массасын анықтау.



V. « Көбелекті гүлге қондыр» ойыны. Оқушыларға көбелектер беріледі. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап берсе, көбелектер гүлге қонады.

  1. Тығыздықтың формуласы

  2. Формуладағы шамаларды атап көрсет

  3. Тығыздықтың өлшем бірліктері

  4. Заттың тығыздығы дегеніміз қандай шама?

  5. Көлемнің формуласы

  6. Заттың массасын қалай табамыз?

  7. Күн жүйесі планеталарының зат тығыздығы кестесі берілген:

Планета

Заттың орташа тығыздығы ()

Планета

Заттың орташа тығыздығы ()

Меркурий

5,4

Сатун

0,6

Венера

5,2

Уран

1,3

Жер

5,5

Нептун

1,6

Марс

4,0

Плутон

1-1,5

Юпитер

1,3

 

 

Осы кестенің көмегімен мына сұрақтарға жауап бер:

Қай планетаның тығыздығы ең үлкен? Қайсысынікі кіші?


8.Кестені толтыру

Физикалық шама

Белгіленуі

Негізгі өлшем бірлігі

Есептеу формуласы

Тығыздық

 

кг/м³

 

Көлем

 

м³

 

Масса

 

кг

 

 

VІ. Сергіту сәті.

Шахмат атының жүрісі бойынша мақалдарды дұрыс табу.

 


Асығыста

Ауыры жоқ

Бол

Ұят қысса

Салмақты

Бол

Мақтадай

Салмақты

Керекті тастың

Қорғасындай

Ұстамды

Жеңіл

Асығыста салмақты бол, ұят қысса ұстамды бол.

Мақтадай жеңіл, қорғасындай салмақты.

Керекті тастың ауыры жоқ.

VІІ.Сабақты қорытындылау.

12-жаттығудың есептерін шығарту.

1.Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м; ені 2,5м; биіктігі 2м. Егер осы бөлмедегі

ауаның тығыздығы 1,3кг/м³ болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның

массасы қандай?

2.Ұзындығы 8см, ені 4см, қалыңдығы 2см алтын кесегінің массасын

анықтаңдар. Алтын судан 19,3 есе тығызырақ деп есептеңдер.

3.Табанының ауданы 0,4х0,2м тікбұрышты параллелепипед түріндегі

аквариум 0,15м биіктігіне дейін сумен толтырылған. Аквариумдағы судың

көлемін анықтаңдар. Осы судың массасы қандай? Судың тығыздығы

1000кг/м³.

2. деңгейлік есептер үлестіру.

А) 5т бетонның көлемі қандай?

Б) 15м³көлемді аквариумға су толтырылды. Судың массасы қандай (қалған

шамаларды кестеден ал)

в)Массасы 3 кг, ал көлемі 200см³ металдың тығыздығы қандай?

Өлең оқу. «Жігіттер мақтанбалық»

VІІІ. Үйге тапсырма. §32. 12-жаттығу; 98-беттегі эксперименттік тапсырма.

VІІ. Бағалау. Психологиялық бағалау.

Сабақ барысында жақсы жауап берген қыз балаларды түрлі-түсті гүлдермен, сабаққа жақсы қатысқан ұл балаларды бұлттармен бағалаймын. Ортаға үлкен «Күн » ілінеді, жан- жағына сабаққа толық жауап бермеген оқушылар күннің шуақтарын іледі.



 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет