Сабақ Тақырып: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос». Құндылық: Дұрыс әрекет



Дата19.02.2017
өлшемі59,03 Kb.
#10799
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: 44 Мерзім: 21.11.2015 №11 сабақ

Тақырып: «Ашу-дұшпан, ақыл-дос».

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ақылдылық, сабырлылық, түсінушілік.

Мұғалім: Калменбаева К.М. Сынып: 4 «Ә» Оқушылар саны: 21


Сабақ мақсаты:

Дұрыс әрекет құндылығы арқылы «Ашу –дұшпан, ақыл-дос» ұғымын айқындау.



Міндеттері:

1.Ақылдылық ұғымын түсіндіру;

2.Сабырлылық түсінігін дамыту;

3.Түсінушілікке тәрбиелеу;



Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер) (Аудио ән, плакаттағы лабиринт салынған сурет)



Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оңтайлы күйге келтіру сәті.

«Музыка души». Вольфганг Амадей Моцарт.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыздар. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Әдемі музыканың әуенін тыңдап, бойымызға Нұр сәулесінің ақырын тарай бастағанын елестетейік.

Осы Нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге , барлық тірі жанға таралсын...Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін...Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Сыныпқа оралып,жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Менің досым» эссе.

-Досыңның қандай жағымды қасиеттері өзіңе ұнайды?

-Досыңмен ренжісіп қалып, ол мәселені қалай шештіңдер?

-Досың қиындыққа тап болса, оған қалай демеу бересің?



Сабақ барысын талдау.

5 минут.

5 минут


3.Дәйексөз

«Ақыл адам –көрігі, ақылдың сабыр серігі».

Мұхтар Әуезов

-Ақылды адамның бойында қандай қасиет болады деп ойлайсың?

-Неліктен ақылды адам сабырлы болады?


5 минут

4.Оқиға айту (әңгімелеу)

«Сурет». Ж.Дәуренбеков.

Мұғалім апай бәріне үй тапсырмасын берді.

-Қалаған суреттеріңді салып келіңдер,-деді.

Азамат үйге келгесін түрлі-түсті бояғыш қаламдарын алып ақ қағазға сурет салуға кірісті. Әуелі ауладағы үйшігінің алдында шуақтап жатқан Бөрібасарды салып көрді. Онысын үшінші сыныпта оқитын ағасы Саматқа көрсетіп еді, ол сәл таңғала қарады да:

-Ұқсамайды!-деді бірден.

Азамат енді бояу қаламымен терезе түбінде қыт-қыттап жүрген әтешті салды. Өзін сарала етіп, айдарын қып-қызыл қып бояды.

«Мұндай әтеш болмайды!»-деп Самат тағы да басын шайқайды.

Азамат әбден абдырады. Сосын ойланып-ойланып отырып, төрдегі портретіне қарап әжесін салды.

Мұны көрген Саматтың ішек-сілесі қатып күлгені-ай:

-Әжемнің түрін қара! Құбыжық қой мынауың?!-Ыза болған Азамат жыларманға келді. Ренжіп даладағы сәкі үсінде домбыра шертіп отырған атасына барып шағынды. Не салса да Саматтың мазақтай беретінін айтты.

Атасы шертуін доғарып, сақалын сипап ойға қалғандай болды да:

-Әзкентай, қағазыңды бері әкелші,-деді. Азамат аппақ қағазды астына қатты мұқабалы кітабын төсеп алдына қойды. Атасы тамырлары білем-білем, буындарды шорланған добалдай саусақтарын жайып, ақ қағаздың бетіне салды.

-Енді менің алақанымды сызып шықшы,-деді атасы.

Азамат бояу қаламын тарбиған әр саусақтың арасымен жүргізе отырып сызып шықты.

Атасы алақанын көтеріп еді,ой ғажап-ай, ақ қағаз бетінде үп-үлкен алақан пайда болыпты.

Азамат таңғала қарады, қуанып кетті. Жүгіріп Саматқа барып көрсетті.

-Міне, атамның алақаны,-деді.

Самат үндемей қалды. Ертеңіне апайы да мақтады.

-Мынау Азаматтың атасының алақаны екен. Арық суарған, құдық қазған,бақша күткен, үзбей еңбек еткен ғажап алақан!

Қатты қуанған Азамат мәз-мейрам. Суреті мектептегі көрнекті тақтаға ілінді. Ғажап алақан бүкіл баланың басынан сипап тұрғандай...

1. Саматтың қандай орынсыз қылықтары Азаматтың ызалануына себеп болды?

2. Атасының қандай ақылы Азаматты сабырға келуіне көмектесті?

3. Ашуды ақылға салу арқылы қалай жеңуге болады?

4. Сабырлылық таныту ашушаңдыққа қарама-қарсы қалай әсер етеді?

5. Түсінушілік қабілеті жағдайларға ашуланудың шешімін табуға қалай көмектесе алады?



10 минут

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Әңгіменің мазмұнын мұқият түсіндіріп, 3 топқа әңгімені жалғастырып жазып беруге ұсыну.

Балалар күні бойы жұмыс істеп, аулада төбешік үйіп, сырғанақ жасады.

-Біз тамақтанып қайтқанша, сырғанақ та қатып қалады,-десті олар. –Ал түстен кейін шана ала келіп, сырғанақ тебеміз.

Алтыншы пәтерде тұратын Саян сырғанақ жасауға келмеді. Балалар көмектесіп жібер деп шақырып еді, ол терезеден қолын жайып, басын шайқады. Ал балалар кетісімен шапшаң киінді де, аяғына коньки байлап, биік төбешікке тақады. Шыға бере жалп етіп құлады. Өстіп он шақты рет құлап, төбешікке шыға алмады. «Не істеу керек?» -деп ойлайды. Ол бір жұқа тақтайды ала салып, қораға қарай жүгіре жөнелді. Онда жәшікте құм тұратын. Құмды алдына сеуіп, бірте-бірте өрлей берді. Ақыры ең үстіне шықты. Аяғымен серпіп кеп қап еді, тағы етпетінен құлады. Құмда коньки жүруші ме еді?! Бұл кезде балалар да жүгіріп келген еді. Сырғанақта себілген құмды көріп, олар айқай салды...

Лабиринт ойыны. Шарты: Оқушылар 3 топқа бөлініп, әр топқа қағаз бетіне лабиринт салынып, оның ішінде «ашу», «ыза», «сараңдық», «менмендік» деген сөздер жазылады. Шетінде баланың суреті салынып, оқушылар лабиринттен шығатын жолды іздейді. Лабиринтке кіргенде «сабырлылық», «төзімділік», «сыпайылық», «шыдамдылық» деген жағымды қасиеттер жазылады. Алғаш жағымды қасиетке жеткен топқа екінші топ ізгі тілектер білдіреді.



10 минут.

6.Топпен ән айту

«Көңілді күн». Әйгерім Қалаубаева.

Теріп едік жемісін сезім бақтың

Сыйластықтың алауын өзің жақтың.

Сенің думан-тойыңның әнін естіп,

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.


Қайырмасы:

Бүгін қандай тамаша,көңілді күн,

Көңілді күн, көңілді күн.

Сені қуанышыңмен құттықтаймын,

Бақытты бол, жан досым!
Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал-бұл жадырап, көңілденіп.

Есігіңнен мен кіріп, келгенімде,

Қуандың-ау балаша мені көріп.


Қайырмасы:

Бүгін қандай тамаша,көңілді күн,

Көңілді күн, көңілді күн.

Сені қуанышыңмен құттықтаймын,

Бақытты бол, жан досым!


5 минут.

7.Үй тапсырмасы:

«Бізге ашық күн керек». Ғ.Жұмабаев.






8.Сабақтың қорытынды сәті:

Теңіз дыбысы.

Енді көзімізді жұмамыз, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көзімізді ашамыз.

Ашуды ақылға салып, түсінушілік танытып, сабырлылықпен жеңе білу қажет. Өмірімізде ешкімге ашуланбай, бір-бірімізді кешіре білейік. Сабақ аяқталды. Күндеріңіз қуаныш әкелсін!



5 минут.

Каталог: uploads -> doc -> 089d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
089d -> 6 сыныпқа арналған биологиядан тест тапсырмалары І нұсқа
089d -> Сабақтың тақырыбы: Дене шынықтыру сабағында
089d -> Сабақ көрнекілігі Кесте,суреттер Болжамдап отырған нәтиже


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет