Сабақ Тақырып: Сан есімнің түрлері. Есептік және реттік сан есімдер. Сабақтың мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі150,69 Kb.
#19844
түріСабақ

















Ашық сабақ

Тақырып: Сан есімнің түрлері.

             Есептік және реттік сан есімдер.



Сабақтың мақсаты:                     

А)  Білімдік: Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін толықтыру.

                       Есептік сан есімдермен таныстырып, олардың ерекшелігін

                      меңгерту. Берілген сұрақтарға нақты, толық жауап беру.

                      Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі

                      тапсырмалар беру.

Ә) Тәрбиелік: Ұлтжандылыққа, адамгершілік, ізгілікке тәрбиелеу. Қазақ

                          халқының асыл мұрасы мақал-мәтел үлгісінде тәрбиелеу.



Б) Дамытушылық: Ойлау қабілетін дамытып, белсенділігін арттыру. Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Ана тілін жетік біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, топпен жұмыс. Ой-толғаныс ,

                           ұжымдық талдау, ой қорыту, танымдық ойындар,

                           түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі:

                         Интерактивті тақта, сурет, таблица, портрет, сандар.

 

  Сабақтың барысы:



   А) Ұйымдастыру кезеңі. (оқушылармен сәлемдесу), Вассерман әдісімен                                          

 Өткенді пысықтау.

( оқушылардың назарын тақтаға аудару)

1.  Сан есім деген не?

2.  Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді?

3.  Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

4.  Сан есім қатысқан мақал – мәтелдерді айт (3 топ)

5.  Сан есімді септе.

6.  Сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр

7.  Сандар сөйлейді:

1.1845 жыл

2. 1991 жыл

3. 1989 жыл

4. 1941-1945 жылдар

Сан есімді қатыстырып, өзің туралы айт ? (екі сөйлем)

Қорытынды сөз

Балалар, сонымен біз сан есім туралы өткенді есімізге түсірдік. Ендеше әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сабағымызда  Сан есімнің мағыналық түрлері соның ішінде есептік сан есім және реттік сан есім туралы өтеміз:



Ендеше дәптерімізді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.

Сурет бойынша жұмыс (санау)

Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, Қанша? Неше? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: бес, он екі, жүз, тоғыз жүз бір.



Есептік сан есімдер дара да, күрделі де  болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

(оқушылар шығып жазады).

Сан есімнің жазылу емлесі:

1.     Мен биыл 6-сыныпқа барамын.

2.     Сен «Абай жолы» романының  II томын оқыдың ба?

Ескерту: 3. 2009 жыл, 22 наурыз.

(оқушыларға мысалдарды оқыта отырып, өздеріне ереже шығарту)

 

Соңында мұғалім өзі ережесін айтып береді.



Мұғалімнің айтуымен  тақтаға сан есімді сөз тіркесін жазу.

1.     Мен 2-қатарда отырамын.

2.     Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз.

                                                   



Кітаппен жұмыс.

Қ.Қайсеновтің портреті (Ол кім? Түсіндіріп кету).

(Жаңа тақырыпты пысықтауға арналған жаттығу.)

162-жаттығу.

1 топ (дауыстап оқиды)

2 топ (мазмұнын айтады)

3 топ (сан есімдерді табады).

 Соңында 3 топ та  сан есімдерді дәптерлеріне жазады.

 

1.     Сөздік жұмысы:

Фашистер- итальян сөзі, түйін, бірлесу дегенді білдіреді. Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік күштерге тойтарыс берілді.

Белоруссия- ұлт өкілдерінің аттары.

Хатынь- Белоруссияның бір селосы.

Талдау жұмысы:

1.     Қ.Қайсенов екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, ерлік көрсеткен.

2.     Үш жылдың ішінде (морфологиялық талдау)

«Ой толғаныс стратегиясы» (сурет) 3 топ

(оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдауына көз жеткізу).

Еркін жазу, шығармашылыққа баулу.



Мұғалім қортындылайды. Балалар жаңа тақырып бойынша сұрақтарың бар ма?

Үй тапсырмасы. 166-жаттығу. 80 -бет. Ереже. 5 мақал

Еңбектерін бағалау.










Каталог: materialy -> kazak%20tili
kazak%20tili -> «Қарағайдың қарсы біткен бұтағы» атты қайсар ақын
kazak%20tili -> Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару
kazak%20tili -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
kazak%20tili -> Етістік туралы түсінік оқО, ТҮркістан қаласы, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, молда мұса атындағы жалпы орта мектебінің
kazak%20tili -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстарды қайталау»
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Көктемде. Мезгіл үстеу Сабақтың мақсаты
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы : Ауыл. Дейін шылауы. Сабақтың мақсаты Дейін шылауын орыс тілімен байланыстыра отырып түсіндіру
kazak%20tili -> Сабақтың типі; аралас сабақ. Сабақтың түрі; сайыс сабақ
kazak%20tili -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ғалымдары. Етістіктің райлары мен шақтары
kazak%20tili -> 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет