Сабақ (тарих) 7 «Б» сынып Тақырыбы: Қасым хан.



Дата11.03.2017
өлшемі106,5 Kb.
Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ


(тарих)

7 «Б» сынып


Тақырыбы: Қасым хан. (1511-1518 (1523жж.)

Өткізген: Әубакір Г.Ө.

2016-2017 оқу жылы


Тақырыбы: Қасым хан

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Қасым хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы түсінік беру;

Дамытушылығы: Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелігі: Қасым ханның мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеуге, және оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, буклет, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.

І-топ «Хандар» ІІ-топ «Билер» ІІІ-топ «Батырлар»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйге» ойыны арқылы сұрақ-жауап түрінде қойылады.

1.Жаңа құрылған басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды?

2.Жаңа шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды?

3.Алғашқыда Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

4.Қазақ хандығының шайбанилермен соғысы қанша жылға созылды?

5.Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды қол астына қаратты?

6. Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?

7.Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

8.Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы?

9.Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ хандығының

қол астына қаратты?

10.Ақырында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жоспары:

1.Қасымхан тұсында қазақ мемлекетінің өрлеуі.

2. Қасым ханның хан билігіне отыруы.

3. Қасым ханның заңдары.

4. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

Хандар тобына:

«Қасым ханның қасқа жолы» заңындағы қарастырылған ережелер қандай?

Билер тобына:

Қасым хан сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?

Батырлар тобына:

Қасым ханның тұсында қазақ хандығы қандай жетістіктерге жетті?

ІҮ. «Тарихи диктант».

І топ. «Қасым хан тұсында -------------------------------------------------- және сауда экономикалық орталығы --------------------------------------------------------------------Сығанақ қаласы болды. ------------------ соңғы кезінде --------------------------------- жүргізді.

ІІ топ. Қасым хан ------------------------------жүргізген билігі ----------------------------------------------------------------------------- берді. Моғол билеушісі -------------------------------------------------- сұрады.

ІІІ топ.Мұхаммед Шайбани --------------------------------- , -------------------------------------талас басталды. -------------------------------------------------------шабуылға шығып Сайрамды өзіне қаратты.

Ү.Тест «Иә» немесе «Жоқ». Үш топтың топ басшыларына

1.Қасым ханның таққа 1511 жылы отырды (ия)

2.Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 700 мыңға жетті. (жоқ)

3.Қсаым ханның әскерінің саны 300 мың (ия)

4.Қасым хан сол кездегі заман талабына сай жаңа құқықтық заңы «Жеті жарғы» деп аталды (ия)

5. Мүлік заңы сол заңдағы ережелердің бірі (ия)

6.Қасым хан мемлекеттік билік жүйесін нығайта алмады (жоқ)

ҮІ.Сабақты қорыту кезеңі «Білім әлеміне саяхат».Оқушыларды бағалау, марапаттау.

Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалау, марапаттау

Үйге тапсырма: «Егер де мен хан болсам...» эссе жазып келу.

Тақырыбы: Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Тәукенің хан болу қарсаңындағы және хандық құрған кезіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы туралы түсінік беру; Тәуке ханның «мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

Дамытушылық.Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік.Тәуке ханның және ұлы билердің мемлекетті нығайту үшін атқарған қызметтерін көрсете отырып, оқушыларды адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтеп, оның дамуына үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тірек - сызбамен жұмыс, сұрақ – жауап, топтастыру, сәйкестендіру тесті, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, құқықтану, география.

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, карта, тірек - сызбалар, Аңыз адам журналы, буклет, сандықшалар, бағалау парағы.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу.

І-топ «Хандар» ІІ-топ «Билер» ІІІ-топ «Батырлар»

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бәйге» ойыны арқылы сұрақ-жауап түрінде қойылады.

1.Жаңа құрылған басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды?

2.Жаңа шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына қандай тарихи міндеттер қойды?

3.Алғашқыда Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?

4.Қазақ хандығының шайбанилермен соғысы қанша жылға созылды?

5.Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды қол астына қаратты?

6. Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?

7.Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?

8.Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы?

9.Керей хан бастаған қол Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ хандығының

Қол астына қаратты?

10.Ақырында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті?

ІІІ.Жаңа сабақ.

Жоспары:

1. Салқам жәңгір. Орбұлақ шайқасы.

2. Тәукенің хан билігіне отыруы.

3. Тәуке ханның тұсындағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

4. «Жеті Жарғы» заңы

5. Ұлы билер

Тәуке хан хандық билікті нығайтты.Тың өзгерістер енгізді Тәуке хан «Хандық кеңестің» және «билік кеңестің» рөлін арттырды Феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты қазақ хандығын құруға күш салды. Хан мен билер ғана соттық сансапты атқаруға тиіс болды Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды

Хандар тобына:

Жәңгір хан елді қалай басқарды?

Билер тобына:

“Билер кеңісі” қай жерлерде және не мақсатпен өткізілді?

Батырлар тобына:

Тәуке хан алдына қандай мақсаттар қойды?

ІҮ. «Тарихи диктант».

І топ. «Қасым хан тұсында -------------------------------------------------- және сауда экономикалық орталығы --------------------------------------------------------------------Сығанақ қаласы болды. ------------------ соңғы кезінде --------------------------------- жүргізді.

ІІ топ. Қасым хан ------------------------------жүргізген билігі ----------------------------------------------------------------------------- берді. Моғол билеушісі -------------------------------------------------- сұрады.

ІІІ топ.Мұхаммед Шайбани --------------------------------- , -------------------------------------талас басталды. -------------------------------------------------------шабуылға шығып Сайрамды өзіне қаратты.

Ү.Тест «Иә» немесе «Жоқ». Үш топтың топ басшыларына

1.Қасым ханның таққа 1511 жылы отырды (ия)

2.Қасым ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 700 мыңға жетті. (жоқ)

3.Қсаым ханның әскерінің саны 300 мың (ия)

4.Қасым хан сол кездегі заман талабына сай жаңа құқықтық заңы «Жеті жарғы» деп аталды (ия)

5. Мүлік заңы сол заңдағы ережелердің бірі (ия)

6.Қасым хан мемлекеттік билік жүйесін нығайта алмады (жоқ)

ҮІ.Сабақты қорыту кезеңі «Білім әлеміне саяхат».Оқушыларды бағалау, марапаттау.

Бағалау: Бағалау парақшалары арқылы оқушыларды бағалау, марапаттау

Үйге тапсырма: «Тәуке хан тұсындағы қазақ елінің жайы» туралы эссе жазып келу.

1. Тәуке ханның негізгі мақсаты?

2. Тәуке хан саясатының басты бағыттары?

3. 1681 – 1685 жж. қандай оқиға болды?

4. Жоңғарлармен күресте стратегиялық тірек – бекеттері болған қалаларды ата.

5. «Жеті жарғыда» қарастырылған мәселелер?

6. «Құн» деген не?

7. Құрылтай дегенді қалай түсінесің? Қандай мәселелер қаралды?

Сабақтың тақырыбы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Есім ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті саяхатшы, тұлға ретінде атқарған ролін ашып көрсету. Оқушылардың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, өз бетінше қортынды жасауға, мәтіндегі негізгі мәселені табуға дағдырландыру, басқатырғыштарды шеше отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, топпен жұмыс жасауға, ұстамдылыққа, өз ойын өзгелермен бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу. Есім ханның әрекеттерін әңгімелей отырып ерлікке, батыр, батыл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, топпен жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс.

Көрнекіліктер: Тірек – сызба, Тәуекел, Есім хандардың суреттері, саяси карта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сабақ барысында екі топпен де ертегілер еліне саяхат жасаймыз. Ол үшін екі топқа да бөлек плакатқа салынған суреттер ілінеді. Екі топта сабақ барысында төрт кезеңнен өту керек.

Бірінші топтың шарттары:

1 - кезең: үй тапсырмасын айту.

2 - кезең: Мергеншілер (тақтада тұрған шарларды дәлдеп атып оның ішіндегі сұрақтарға жауап береді)

3 - кезең: Әндер әлемі (әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді)

4 - кезең: Алтын сандық (алтын сандық кезеңінде тақтадағы сандықтарды таңдап, ондағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту)

Екінші топтың шарттары:

1 - кезең: үй тапсырмасын айту.

2 - кезең: Алма теру (алманы алып ондағы сұрақтарға жауап береді)

3 - кезең: Әндер әлемі (әннің әуенін тыңдап ол қандай ән екендігін тауып, оның артындағы сұраққа жауап береді)

4 - кезең: Мыстан кемпірден құтылу (ол үшін тақтадағы айнаның артындағы жылдарды бір - біріне қосып, сол жылы не болғанын айту)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1 – кезең: 2 топтан бір - бір оқушыдан тақтаға шығып үй тапсырмасын айту.

1 - топ: 2 – кезең сұрақтары:

1. 1580 жылы Хақназар хан қайтыс болған соң, хан тағына кім отырады? (Шығай хан)

2. 1582 жылы Тәуекел сұлтан бастаған қазақ әскерлері кімді өлтірді? (Баба сұлтанды)

3. Өзбек пен қазақ әскерлері кімді өкшелей қуды? (Баба сұлтанды)

4. Шығай хан мен Тәуекел сұлтанға Абдаллах хан риза болып қай жерді сыйға береді? (Ходжент)

5. Қайсы өзеннің бойындағы қалалар Абдаллах ханға тізе бүгіп, бағынышты болды? (Сырдария)

2 - топ: 2 – кезең сұрақтары:

1. Шығай ханның баласы? (Тәуекел)

2. Бұхараның ханы кім? (Абдаллах)

3. Тәуекел хан көп әскермен Абдаллах хандығына шабуыл бастап қайсы қалаларды басып алды және қандай қалаға қатер төнді? (Сауран, Түркістан, Отырар, Сайрам қалаларын басып алып, Ташкентке қатер төнді)

4. Шайбани әулетінің орнына кімдер келіп қандай заңдастыру шарты жасалды? (Аштарханилер мен қазақ әміршілерінің арасында қазақ хандығына қосылған жерлерді)

5. Ресейден Сібірге аттанған жасақ? (Ермактың жасағы)

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Есім ханға мінездеме.

2. Есім ханның ішкі саясаты.

Тәуекел хан қайтыс болған соң, інісі Есім (1598 - 1628) мұрагерлік жолмен ресми түрде хан тағына отырды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тағына лайықты тәжірибелі қолбасшы, білікті саясатшы тұлға болатын. Қазақтың хан тағына отырған соң Есім хан Бұхар ханымен бітім шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды басты мақсат етті. Қазақ хандығының әскери күш - қуатын арттыруға айрықша көңіл бөліп, сұлтандар мен төрелерге еркіндік, билік берді. Есім хан ішкі - сыртқы саясатта тәртіп орнатты. «Есім ханның ескі жолы» деген сөздің мәні де Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.

1 - топ: 3 – кезең сұрақтары:

1. Есім ханның ел билеген жылы? (1598 - 1628ж. ж.)

2. Тұрсын ханның астана деп жариялаған қаласы? (Ташкент)

3. 1611 жылы бұхар әскерін кім басқарып келді? (Имамкули хан)

4. Тұрсын хан кімнің ұлы? (Жалым сұлтанның ұлы)

5. Абақ хан қай жерлерді биледі? (Жаркент пен Қашқарды)

2 - топ: 3 – кезең сұрақтары:

1. Есім хан шығарған заңның атауы? («Есім ханның ескі жолы»)

2. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталды? (Қатаған қырғын)

3. Есім ханның үй ішін, әйелін жас балаларын тұтқындап қайда алып кетті? (Ташкент)

4. Есім хан өзінің астанасы етіп жариялаған қала? (Түркістан)

5. Қайсы рудың адамдары Есім ханға бас имеді? (Қатаған)

1 - топ: 4 – кезең тапсырмасы:

1. 1443 + 160 = (1603 жылы Айғыржар деген жерде бірінші қазақ - бұхар шайқасы)

2. 1921 – 308 = (1613 жылы Есім хан қалың қолмен Самарқанға басып кірді)

3. 1620ж - 1404 + 217 = (1620 - 1621 жылдары 4 - 5 - 6 қазақ – бұхар соғысы болды)

4. XI + VІ = (XVІІ ғ Қазақ хандығында ішкі саяси өмір біршама тұрақтанды, феодалдық талас – тартыстар кең өріс алды)

5. 1333 + 295 = (1628 жылы Есім хан қайтыс болады)

2 - топ: 4 – кезең тапсырмасы:

1. 1332 + 281 = (1613 жылы Тұрсын хан Ташкентті астанасы етіп жариялайды)

2. 1822 – 224 = (1598 жылы Есім хан таққа отырады)

3. 1219 + 408 = (1627 жылы ең соңғы қанды шайқас болады)

4. ІХ + VІІ = (XVІ ғ қуатты Моғолстан мемлекеті біржолата ыдырауға бет алды)

5. 921+ 690 = (1611 жылы бұхар әскерін Имамкули хан басқарды)

V. Бағалау, жеңіске жеткен топты марапаттау.

VІ. Үй тапсырмасы.



Тақырыпты оқу.

Егер мен хан болсам.... Эссе жазу
Каталог: uploads -> doc -> 017f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
017f -> Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығы «Тексерілді»
017f -> Мына тарихи даталарға сәйкес келетін тарихи оқиғаларды атаңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет