Сабақ-тың мақсаттары



Дата28.01.2018
өлшемі47,55 Kb.
#34420
түріСабақ
Павлодар қаласы, ОМӘМИ

математика пәні мұғалімі



Лепесова Айтжамал Акажановна
Қысқа мерзімді жоспар

Алгебра және анализ бастамалары - 10 «А» сынып


Тақырыбы

Тригонометриялық функциялардың негізгі қасиеттері мен графиктері.



Сабақ-тың мақсаттары

  • Тригонометриялық функцияның қасиеттері мен графигі ұғымын анықтайды. Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін (анықталу облысы, мәндерінің облысы, жұп-тақтығы, периодтылығы, өсу-кему аралықтары) түсінеді.

  • Тригонометриялық функциялардың графиктерінің түрлерін ажыратады, мысал келтіреді. Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Оқы ту нәтижелері

А деңгейі:

  • Тригонометриялық функциялар графиктерінің түрлерін ажыратады, қасиеттерін пайымдайды, мысал келтіре алады, ұғымдарды жалпылай алады, өздігінен, жұппен, топпен жұмыс жасай алады.

В деңгейі:

  • Тригонометриялық функцияларының графиктерінің түрлерін ажыратады, мысал келтіреді. Тригонометриялық функцияларының қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады

С деңгейі

  • Тригонометриялық функциялар графиктері түрлерін анықтайды, бірақ ажырата алмайды, мысал келтіреді, бірақ дәлелдей алмайды.

7 модульдің қолданылуы

Оқыту мен оқуда АКТ-ды пайдалану, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.Дарынды және талантты балаларды оқыту. Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1.Тренинг «Әр елдердегі сәлемдесу салты» ойыны«Мозаика әдісі» арқылы топқа бөлу, «Қонаққа бару » әдісі, «Миға шабуыл» стратегисы «Ойлан жұптас», «Бас бармақ» әдісі, «Бес саусақ» стратегиясы.

Сабақ кезеңдері

әдіс-тәсілдер


Оқушы әрекеті

Уақыты

Ресурстар

Қызығушылығын ояту


Психологиялық ахуал тудыру: «Әр елдердегі сәлемдесу салты»

Қазақша, жапонша, үнділерше сәлемдесу,

(2 мин)

Қима қағаздар,

слайд-шоу,

А4 қағаз,

бағалау кестесі,

интербелсенді тақта,

Алгебра және анализ бастамаларына арналған оқулық. 10 сынып

А.Әбілқасымова, З.Жұмағұлова, К.Шойынбеков, В.Корчевский Алматы «Мектеп», 2014

таратпа қағаз, постер, сағат.

Сәйкестендіру кестелері (таратпа қағазда)


Мозаика әдісі: қима қағаздарды құрау арқылы топтарға бөлу. Тригонометриялық функциялар анықтамаларын құрастыра отырып жұбыңды тап.

Қима қағаздарды жинап, өз тобындағы оқушыларды табу.

Үш топқа бөлемін: синустар, косинустар, тангенстар. Әр топтан бір орындық артына стикер жабыстыру арқылы спикерді анықтау



(1 мин)

Топ қасиеттерін анықтау

Топ қасиеттерін негізгісін топта талқылап, қима қағаздарға жазу, шаңырақ құру.

Шаңырақ суреті, қима қағаздар тарату

Мұғалім топ қасиеттерін топ спикерларына айтуларын сұрайды.



(2 мин)

Бағалау кестесі

Топтарға бағалау кестесін беріп, түсіндіру.

Бағалау кестесімен танысу

Спикер орындығы артына стикер жабыстырылған оқушы болады



(1 мин)

Мағынаны ашу

Визуалдандыру әдісімен «Миға шабуыл» стратегиясы:

-Дене температурасының графигі

-Жүрек дүрсілі- ЭКГ

- Тақтада сабақ беріп тұрған математика мұғалімінің суреті

-Компьютерден көрсетілген дыбыс асциллографы.

Бұл суреттерді не біріктіреді?



Тақтада көрсетілген суреттер арқылы ассоциация құрып, тақырыпқа шығу.

(2 мин)

ІІ.Негізгі бөлім

«Джигсо» әдісі –тұжырымдамалық карта жасау арқылы оқулықтағы мәтінмен жұмыс, топта және топтар арасында ой толғауға бағыт беру. Спикердің міндетін, топтағы басқа оқушылардың міндеттерін түсіндіру.


Әр топтың барлық мүшелері берілген мәтінді оқиды(7 мин). Өз тақырыпшасы бойынша постер(сызбаларды қолданып) жасайды.(6 мин) Джигсо әдісімен (1топ-2топқа, 2топ-3топқа, 3топ-1 топқа сағат тілімен қонаққа барады), спикерлар басқа топқа орын ауыстырып, сол топқа баяндайды, тыңдап шығады, сұрақ қояды, толықтырады. Өз тобына оралып, талдайды толықтырады.(6 мин).

(19 мин)

ІІІ. Қорытынды бөлім

«Ойлан, жұптас» стратегиясын қолданамын: сәйкестендіру кестесін толтыру, жұппен және топпен талдау.

-Жұппен орындайды.(3 мин)

-Басқа жұппен салыстырады, дәлелдейді.(2 мин)

-Тақтадағы жауаптармен салыстырады.(1 мин)


(6 мин)

Бағалау

«Бас бармақ»

Бір-бірін бағалайды.(бас бармақпен).

Бағалау кестесі бойынша толтырып, өзара бағалайды, қойған бағасына дәлел келтіріп, ауызша түсіндіреді.



(5 мин)

Рефлексия

«Бес саусақ» стратегиясымен кері байланыс орнату

Сурет салу арқылы



Бас бармақ: Не білдім?

Сұқ саусақ: Қалай жұмыс жасадым?

Ортаң терек: Кімге көмек көрсеттім?

Шілдер шүмек: Кім маған көмек көрсетті?

Кішкентай саусақ: 1 тілек жазу.


(5 мин)

Үй тапсырмасы

Үй тапсырмасын тақтаға шығарып қою.

№ 81 б)в) №83 г)ғ)



Параграф 5, 48 бет сұрақтар бойынша дайындық. Бес жол өлең. «Тригонометрия»

Күнделіктеріне жазып алады.

(1 мин)

Каталог: uploads -> doc -> 0dd0
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd0 -> Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас Сабақтың мақсаттары
0dd0 -> Сабақтын Тақырыбы: Пісіру трансформаторының құрлысы мен жұмыс үрдісі
0dd0 -> Мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет