Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: хііі-хіү ғ Қазақстанға монғол-татар шапқыншылығы картасы. Тірек сызба Шынғысханның суреті «Отырардың күйреуі»



Дата08.09.2017
өлшемі55,97 Kb.
#31019
түріСабақ
Тақырыбы: «Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы»

Сабақтың мақсаты: Монғол империясының құрылуы, монғолдардың Қазақстан жеріне шапқыншылығы, оның тигізген зардаптары жайлы айтып түсіндіру.

Білімділік мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау арқылы монғол шапқыншылығының зардаптарын өз беттерімен ажырату, монғол мемлекетінің қоғамдық ерекшелігі, құрылымы жайлы білім беру. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілетін арттыру, өзіндік жұмыстарды жүргіздіру, өз бетімен жұмыс істеуіне жол ашу. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз елін, жерін сүюге, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс тәсілдері: Сыни тұрғыдан ойлау әдісінің элементтері, маңыздысын табу, жобалау техникасы.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:



  1. ХІІІ-ХІҮ ғ Қазақстанға монғол-татар шапқыншылығы картасы.

  2. Тірек – сызба

  3. Шынғысханның суреті

  4. «Отырардың күйреуі» картинасы

  5. Мұсылман жылнамашысы Жүзжанидің сөзі «Қыпшақ даласының ауасы мен суын көрген Жошы әлемде бұдан көркем жер, бұдан кең жайылым болуы мүмкін емес»- деген екен.

  6. АКТ технологиясы - сабақ мазмұнына сай Слайд

Сабақ барысы:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Жаңа сабаққа көшу

Жаңа сабақ бөлімдері

І- бөлім Қызығушылықтарын ояту, Миға шабуыл

ІІ- бөлім Мағынаны ажырату

ІІІ-бөлім Ой толғаныс

Сабақ жоспары:


  1. Отырардың қалыптасу тарихы

  2. Монғол империясының құрылуы

  3. Монғол империясының қоғамдық құрылысы

  4. Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы, зардаптары, Отырыа апаты

  5. Ұлыстардың құрылуы

Сабақтың І-бөлімі:

  • Балалар біз сендермен ортағасырлық Қазақстан қалаларына жеке – жеке қысқаша тоқталып өтсек, бүгін ортағасырлық қалалардың ішіндегі өзіндік ерекше тарихы бармағызы зор Отырар қаласының ауыр тағдырымен танысамыз. Оны мен неге ауыр тағдыр деп атағанымды сабақ соныңда өздерін қорытындылайсындар. Қазір кестеге қарап қаһарман Отырар қаласымен танысайық




Отырар


Ертеде Шығыс әлеміне танымал болған қала

Мұнда алғашқы қоныстар осыдан екі жарым мың жыл бұрын пайда болған

ҮІ-ҮІІІ ғ Отырар түркі ұлыстарына астана қызметін атқарған

ІХ-Х ғ Сырдың бойындағы басты қала

Қазақ хандығының сауда және экономикалық орталығы болған

Ойрантөбе, Фараб деген атпен тарихта белгілі

Ұлы жібек жолының бойында орналасқан

- Балалар, сендер Отан туралы, ел, туған жер туралы қандай мақал мәтелдер білесіндер?



  • Иә, біздің тарихымыз ерлікке бай, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымыз, бабаларымыз аз болған жоқ. Олар жерін, елін жаудан қорғап қалу мақсатында жан аямай күресті. Бүгінгі біздің ұлт болып қалыптасуымызды көздеген небір көсемдер ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт бөліп, ат үстінен түспей, қолдағы найзасынан бір сәт ажырамаған. Мұсылман жылнамашысы Жүзжани «Қыпшақ даласының ауасы мен суын көрген Жошы әлемде бұдан көркем жер, бұдан кең жайылым болуы мүмкін емес»- деген екен. Монғол- татар шапқыншылығы-бұл қазақ халқының өміріндегі сұмдық ауыр кезең болды. Жалпы монғол елі жайлы не білеміз

  • Бұл тақырып туралы не білеміз өз ойымызды ортаға салайық.

  • Енді бәріміз мына тірек сызбасына назар аударайық

Ұлы монғол империясы


Шынғысхан


95 түмен әкімшілік Әскери басқару


Он қанат Орталық Сол қанат

(Барунгар) қанат (Жоңғар)

Әр түменде

10 мың адам

Аймақ


Мемлекеттің басты заңы «Жасақ» (Яса) Құрылтай


Сабақтың ІІ – бөлімі: Мағынаны ажырату (жауаптар іздеу, зерттеу)



  • Тақырып бойынша белгілі бір ой қалыптасқаннан кейін мәтінмен жұмыс жасауға көшеміз. Оқу барысында қарындашпен төмендегі кестеге белгілеп, «түртіп алу» жұмысын жүргіземіз.




Білемін

Жаңа тың мәлімет

Треңірек білгім келеді

Шынғысхан

Құрылтай, Яса т.б

Ұлыстар, жаулап алу жорықтары т.б

Жұптық жұмыс: Үлестірмелі материал арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу «Цифрлар сөйлейді»- мәтінді пайдаланып цифрларды сөйлетеміз.

№1- 1207-1208

№2- 1207-1209

№3- 1211-1215

№4 - 1217-1218

№5- 1218-1219

№6- 1219-1220

Мына кілт көздерінен әңгіме құрастыр:

№7, №8, №9 Жетісу, мұсылман, монғолдар, Отырар, сатқындық, Қайырханның өлімі, шапқыншылық.


Сергіту сәті: «Қара жорға әуенімен жаттығу»
Сабақтың ІІІ бөлімі: Ой толғаныс

-Оқушылар отырған қатарларымен 4 топқа бөлінеді.

1 топ – Зеректер тобы

2 топ – Алғырлар тобы

3- топ Тапқырлар тобы

4- топ Зерттеушілер тобы

Сабақты бекіту мақсатында әрі «ой толғаныс» әдісін қолдану мақсатында әр топқа тапсырмалар беріледі.

«Жобалау» техникасын қолдану /уақыт 12 минут/

1 топ – Зеректер тобының тапсырмасы: Монғол империясы құрамына күштеп енгізілген елдерді топтастырып сипаттау

2 топ – Алғырлар тобының тапсырмасы: Жаулап алудың зардаптарын атап өтіп сипаттау

3- топ Тапқырлар тобының тапсырмасы: Шынғысхан империясының құрылуы мен ерекшелігі сипаттап беру

4- топ Зерттеушілер тобының тапсырмасы. Шынғысхан әскерінің жеңіске жетуінің сыры неде?

- Әр топ өз жобаларын қорғайды, әр топқа 1 минут беріледі.

- Өте жақсы, Шынғысхан жаулап алған жерлерін өз балаларына бөліп берген. Қазақстан жері оның үш баласына бөлініп берілді. Ол жерлерді «Ұлыс» деп атады./ Картадан ұлыстарды көрсетіп атап өту. /

Бекіту:

Сабақты пысықтау «Кім көп біледі?» ойынын ойнату.



Кодоскопты пайдаланып мына терминдер мен цифрларды көрсетемін. Оқушылар олар туралы түсінік береді.

1155 жыл Жошы Құрылтай

Есукей Шағатай 150000

Яса Үгедей 1206 жыл

Отырар Төле Сығанақ

Қайырхан Ашнас 1219 жыл

Бүгінгі тақырыптан алған әсерім: Кері байланыс. Рефлексия

Бағалау:


Үйге тапсырма: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.



Каталог: uploads -> doc -> 0f1f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f1f -> Сабақ: №1 Модуль; Сабақтың тақырыбы: Аңдар Күні
0f1f -> Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
0f1f -> Сабақ жоспары «Шөл және шөлейт зоналары»
0f1f -> «Великий сын казахского народа»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет