Сабақ түрі: аралас сабақ Әдіс тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ жауап Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі



Дата29.06.2017
өлшемі57,99 Kb.
#20592
түріСабақ
Қарағанды облысы Балқаш қаласының №15 мектеп лицейінің музыка пәні мұғалімі: Жакупбекова Шайзат Даулетқызы.
Күні: Сынып: 1- сынып

Тақырыбы: Әсем әнге билейміз

Мақсаты: а) би өнері жайында оқушыларға мәлімет беру. Бишілер

жайында әңгімелеу.

ә) ән сөзінің таза естілуін, есту және есте сақтау қабілеттерін

дамыту.


б) Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Би өнеріне деген

қызығушылықтарын арттыру.



Көрнекіліктер: ТСО, бейнетаспа

Сабақ түрі: аралас сабақ

Әдіс – тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ – жауап

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жана сабақ

ІV. Музыка тыңдау

V. Ән үйрену

VІ. Қорытынды

VІІ. Үйге тапсырма

VІІІ. Бағалау



І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу б) сабаққа әзірлеу

ә) түгендеу в) мақсатымен таныстыру

Психологиялық тренинг (екпіндете, мақалдап айту)


Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз,
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Өткенде қандай тақырып өттік?

  2. Музыка қалай сөйлейді?

  3. Музыка біздің өмірімізге пайдалы ма?

  4. Қандай музыканы ұнатасыңдар?

  5. Қандай музыка түрлері бар?

  6. Қандай музыка тыңдадық?

  7. Қандай ән үйрендіңдер?

  8. Әнді жатқа айту.

  9. Дауыс жетілдіру. «Ө- лең – ді жақ – сы ай – та – мыз »

  10. Әнді хормен айту ( соло, дуэт, трио)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Би – музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. 

Балалар даладағы әр – түрлі ұзақтықтағы дыбыстырды есімізге түсірейік. Музыкалық дыбыстармен салыстыру.



ІV. Музыка тыңдау: «Қосалқа» Дәулеткерей

Күйді үнтаспада тыңдату.

Күй дегеніміз не?

Күйдің мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Балалар бұл күйді тыңдап қана қоймай, оның әуен ырғағына сай билеуге де болады.

Күй қандай аспапта орындалып тұр.

Кәне барлығымыз күйдің ырғағымен қолымызды соғайықшы.

Күйді тыңдағанда көз алдыларыңа не елестеді. Әңгімелету.



Сергіту сәті:

Биле-биле, балакан,

Домбыраның күйіне.

Қане, биле, балақан,

Қосылайық биіңе,

Шапалақтап алақан.

Биле талдай бүралып,

Қанатың қақ қаз болып.

Өнеріңе қуанып,

Қол соқсын ел мәз болып.


V. Ән үйрену: «Кел билейік» Б. Байқадамов.

Әнді мәнерлеп орындап беру.

Мазмұны мен көңіл – күйіне тоқталу.

Бұл әннің әуені балалардың дауыс мүмкіндіктеріне сай, әрі ыңғайлы.

Әнді фраза, такт бойынша үйрету.

Әнді жақсы орындауды үйреніп алғаннан кейін оның өзіндік сипатын бейнелі түрде жеткізу.

Енді бәріміз бір орында тұрып орындалатын би қимылдары, әннің әуен ырғағына сай қол соғып, әнді демеу.

Әнді хормен айту.



VІ. Қорытынды:

  1. Би дегеніміз не?

  2. Бидің қандай түрлері бар?

  3. Биді қай жерлерде билейді?

  4. Би билейтін адамды кім дейді?

  5. Қандай ән үйрендік?

  6. Қандай күй тыңдадық?

VІІ. Үйге тапсырма: әнді жаттау, өзінің сүйіп тыңдайтын әуеніне би

құрастыру.



VІІІ. Бағалау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет