Сабақ түрі: аралас сабақ Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, кесте. Мақсаты



бет2/2
Дата23.08.2017
өлшемі331,19 Kb.
#25241
түріСабақ
1   2
ІІ. Жаңа сабақ: (15 минут)

Коррозия – металдар және олардың құймалары үшін ең қиын ауру, ол қоршаған ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулер арқылы металдық материялдардың өзбетімен бұзылуы.

Коррозия бұл тотығу – тотықсыздану процесс, корозияға ұшырайтын металдар атомдары өздерінің валентілік электрондарын беріп жібереді де, көбінесе оксидтер мен гидроксидтер түзіп тотығады, оны көбіне қақ деп атайды.

Оттек молекуласы темірді алдымен Ғе+2, содан кейін Ғе+3 катионына айналдырады:

Тотықсыздандырғыш 2Ғе0 — 2ē  2Ғе+2

Тотыктырғыш О02 + 4ē = 2О2-2

Тотықсыздандырғыш Fe+2 — ē Fe+3

Тотыктырғыш О02 +4ē 2О-2

Бұзылу сипатына қарай мен – жалпы, нүктелік және кристал аралық болып бөлінемін.

Ал, жүру механизмім бойынша химиялық және электрохимиялық.



Химиялық коррозия – электр тоғын жүргізбей, қоршаған орта әсерінен болады. Мен көбінесе оттегі және азот оксидімен жүремін бұл кезде мені атмосфералық деп те атайды.

Хлор: Темірмен есеп айырса

2Fe + 3Cl2 = 2 FeCl3



Оттегі: Ал мыспен кездесетін болса

2 Cu + O2 = 2 CuO

Көп жағдайда химиялық коррозияның өнімдері металл бетінде пленка түзіп, коррозиялық процестің баяулауына әкеледі.

Көбінде металдардың бұзылуын электрохимиялық коррозия себепші, жемірілу электролит ерітінділерінде өтеді, ол белсенділігі төмен металдардың қатысуымен күшейе түседі. Электрондардың ауысуымен, микротоктың пайда болуымен жүреді.




Электрохимиялық коррозиялық процесс өте қиын, ол бірнеше сатыдан тұрады:

1. Анодтық процесс - металдың ерітіндіге ион түрінде өтуі, яғни металдың бұзылуы:

Fe0 – 2e → Fe+2



2. Электрондардың анодты бөліктен катодқа ауысуынан және иондардың ерітніде жылжуы.

3. Катодты процесс белсенділігі төмен металл электрондарды қабылдайды:

Ox + ne = Red

(Ox – тотықтырғыш бөлшегі, Red – оның тотықсызданған күйі, n – тотықтырғышқа берілген электрон саны), осылай коррозиялық процесті күшейтеді.

Кернеу қатарының орта шенінде жемірілуге баяу ұшырайтын металдар орналасқан. Олардың біразы, мысалы, магний, мырыш, алюминий, хром, никель жемірілуге төзімді, себебі металдардың бетінде оксидтен тұратын өте жұқа қабықша пайда болып, металдарды қоршаған ортамен жанасудан сақтап тұрады. Күмістен кейінгі бекзат металдар мүлдем жемірілуге ұшырамайды. Магнийдің сол жағында тұрған металдар қарама қарсы қасиетке ие.

Жүру жағдайына байланысты әртүрлі процесстер жүреді.



Қышқыл ортада, мысалы әлсіз тұз қышқыл ерітіндісінде:

анод(Fe): Fe0 – 2e → Fe2+

катод(Сu): 2H+ + 2e → H20

Fe + 2 HCl → FeCl2 + H2

Нейтралды ортада:

анод(Fe): Fe0 – 3e → Fe3+

катод(Сu): O2 + 2H2O + 4e → 4OH-

4Fe + 6 H2O+ 3O2 → 4Fe(OH)3

Коррозиядан сақтандыру жолдары:




Металдарды коррозиядан сақтаудың негізгі әдістері



  1. Активтірек металдан жасалған тойтарма қолдану

  2. Негізгі металл бұйымды қорғау үшін активтірек металдың тақташасына жапсыру

  3. Коррозия кезінде пайда болған токты, қарама-қарсы бағытта тұрақты ток жіберіп бейтараптау

Машина бөлшектерін және тұрмыстық нәрселерді тот баспайтын болаттан және басқа коррозияға тұрақты құймалардан дайындалады.

  1. Металл бұйымдарды басқа металдармен қаптайды (хромдау, никельдеу және т.б.)

  2. Металл бұйымдарды лактайды, сырлайды, кіреукелейді

Орта құрамын өзгерту

Қорғаудың электрохимиялық әдістері

Коррозияға төзімді құйма дайындау

Қорғайтын қаптама қолдану


Тежегіштер қосу, қорғаныш қабықшалар құру


ІІІ.Қорытындылау: (8 минут)
Металдардың коррозиясы




Сұрақтар

Жауап нұсқалары

1.

Химиялық коррозия ... қатысында жүреді

А) Cu, Ag, Hg, Pb;

Б) Cl2, SO2, HCl;

В) HCl, NaOH, Li, Ba..


2.

Ең жеңіл металды ата

А) темір;

Б) натрий;

В) литий.


3.

Ең оңай балқитын металды ата

А) кальций;

Б) мыс;


В) сынап

4.

Ең ауыр металды ата

А) кальций;

Б) мыс;


В) осмий

5.

Ең қиын балқитын металды ата

А) вольфрам;

Б) темір;

В) сынап0


IV. Бағалау: (3 минут)

V. Үйге тапсырма: (1 минут)

§5.6 оқу.



1-8 сұрақтарға жауап.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет