Сабақ түрі: Аралас сабаќ Сабақтың әдіс-тәсілдері : түсіндіру,сұраќ-жауап,ойын,тілін дамыту



Дата04.07.2018
өлшемі92,13 Kb.
#46422
түріСабақ
Тақырыбы : Сан есім туралы түсінік

Мақсаты:сан есім туралы түсінік беру,басқа сөз таптарынан ажырата білуге үйрету.

Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, тілге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Оқушыларды адамгершілікке,сыйластыққа,сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабаќ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұраќ-жауап,ойын,тілін дамыту.

Көрнекілігі: қима қағаздар,компьютер,домбыра.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу: Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.

-Бізде қазір қандай сабақ?

-Қазаќ тілі

-Қазақ тілі қандай тіл?

-Мемлекеттік тіл.

Олай болса балалар,ана тіліміз туралы қандай тақпақтар білеміз? Кім айтады ?

1 оқушы

2 оқушы



Өте жақсы балалар ! Ана тілімізді әрқашан бағалайыќ,құрметтейік.

Балалар,бүгінгі сабағымызда топпен жұмыс жасаймыз.Мына жерден өздерің геометриялық фигураларды таңдаңдар:үшбұрыш, шаршы сүреті .

Енді топқа ат қояйыќ: 1 Алғырлар, 2 Тапқырлар.

Осы екі топ жарыса жұмыс жасаймыз.Өткен тақырыптарды еске түсіріп, 1 топ -

2 топқа сұрақ қояды.

1 топ.Сөз таптарына не жатады?

2 топ.Зат есім дегеніміз не?

1 топ.Етістік дегеніміз не?

2 топ.Сын есім дегеніміз не?

Енді балалар, тақтаға қарайыќ, не көріп отырсыздар?

-Құстар.

-Қандай құстар?(қарлығаш, торғай,аққу)

-Қай құс көп? Қалай білдіңдер?(санадық)

Ендеше сөз табының жаңа бір түрімен танысамыз.Ол-сан есім.

Сабағымыздың мақсаты: (Мұғалім айту)

Сан есімнің ережесін,сұрақтарын айтып,мысал келтіру.



Оқулықпен жұмыс:158-бет,447-ж. (1оқушы оқу,талдау)

Жазбаша жұмыс:Балалар,дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадын жазып қойыңдар.

Көркем жазу.Ққ әрпі мен құстар сөзін жазғызу.Осы құстар сөзімен кім сөйлем құрайды?

(Зат есім мен етістікті табу)тақтада орындалады.



Сергіту сәті: Бір,екі,үш құс болып ұш,

Төрт,бес,алты құс болып қалқы

Жеті,сегіз,тоғыз,он орныңа қон. Осы сергіту сәті қай сөз табымен байланысып тұр? (Сан есім) Неліктен? ...өйткені сандар.

Балалар,алдарыңда жазылған сандар жатыр,сол сандардан кейін кез келген бір зат есім ойлап айтыңдар.

Кәнеки,қай топ дайын?Оқушылар айтып, тақтада жазады,сұрақ қояды.

Енді балалар, тақтаға қараңдаршы.



Жұмбақты шеш.

Оқушы: Жауап береді.(жазбаша)

(Мұғалім :тоғыз белбеу,қос жібек сөздерін домбырадан көрсетіп түсіндіреді.)

Келесі жұмысымыз:сөздік диктант

Сұрақ қою,қай сөз табына жатады?Өздеріне тексерту,қарындашпен.

Енді балалар,назарларыңды тақтаға аударыңдар.Қай топ оқиды?



Ребусты шеш. (балалар орындарында отырып шешеді)

Шешуі:жүз екі. Қай топ айтады? Қай сөз табына жатады?

Осы сөзбен сөйлем құрастыру.Қай топ сөйлем құрастырады? Таќтада жазу.

Сан есімнің астын сызу.

Енді балалар, келесі жұмысымыздың түрі. Топтық жұмыс: 1 топ 2 топ

Тақтада екі топқа берілген тапсырма,Балалар орындарында дайындалып,жауап беру.

Дәптерге жазу.

Қорытынды:Балалар,бүгінгі сабақтан не үйрендік?

-Сан есім.

Балалар,қай топтың балалары осы сан есімге байланысты мақал біледі?

Мақал айту: балалар.



Үй тапсырмасы:ереже жаттау,451-жаттығу ,бет 158. Бағалау.

№ 25 НЖББМ

Ашық сабақ

Қазақ тілі

2-сынып

Тақырыбы: Сан есім туралы түсінік



Өткізген:Бекмагамбетова С.Н.

Қостанай қаласы



2015 оқу жылы
Каталог: uploads -> konspekt -> nach-shkola
nach-shkola -> Сабақтың әдіс-тәсілдері: акт, сто әдістері, Миға шабуыл, Ой қозғау, Мен саған, сен маған, топтастыру. Ойын элементтері
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Шоқан мен өнерлі бала Мысық. Сапарғали Бегалин Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы Достық өлкесінің заңы М. Шаханов Жалпы мақсаты
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Минералды сулар Жалпы мақсаты
nach-shkola -> 3 орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәніне арналған тоқсандық тест жинағы
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанды әлемге танытқан спортшылар
nach-shkola -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы. Сабақтың мақсаты
nach-shkola -> Сан есім. Имя числительное. Күн тәртібі. Режим дня. (3 класс)
nach-shkola -> Күні: Әдебиеттік оқу Тексерілді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет