Сабақ түрі: дәстүрлі емес Сабақтын типі: жаңа білімді меңгерту



Дата31.12.2019
өлшемі45,48 Kb.
#55121
түріСабақ



Кадралиев Алтай Амансейітұлы,

Педагогика ғылымдарының магистрі,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,

Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі


Құндылық: Сүйіспеншілік.

Қасиеттер: ойлампаздық, адамгершілік, мейірімділік

Сабақ түрі: дәстүрлі емес

Сабақтын типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың мақсаттары. Қазақ әдебиетінің көп жанрда көркейтуге көрнекті еңбек сіңірген жазушы М.Әуезовтың өмірі мен әңгімелерінен мәлімет беру.

Міндеттері

  • Ақын шығармалары бойынша талдау жасай отырып, білімгерлерге көркемдікті таныту, тіл шеберлігін, ізденіс жолдарын айқындау;

  • Білімгерлердің өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

  • Қосымша материалдармен жұмыс істеуге дағдыландыру;

  • Ізденімпаздық қасиеттерді қарастыру, өткен тарихқа деген қызығушылықты ояту;

  • Ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.


Әдістері: талдау, жинақтау, мәнерлеп оқу, СТО, ішінара ізденіс, ойтолғау, топпен жұмыс

Сабақ жабдығы: слайд, интерактивті тақта, бейне–сюжет.

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, саз, информатика, тарих, ағылшын.

Әдебиет:

Негізгі: 1.қазақ әдебиеті 11-сынып

2. қазақ әдебиеті хрестоматиясы

Қосымша: 1. М.Әуезовтың оқулықтары


Сабақтың барысы және уақытының өлшемі



Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі


Тыныштық сәті.

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру: құрал-жабдықтар, сақталатын қауіпсіздік ережелері. Сабақ өткізу жоспары. Оқытушы студенттерді сурет қиындылары арқылы топқа бөледі.

Сабақ бастамас бұрын оқытушы студенттерге бағалау критерийлерін үлестіреді. Студенттер топ көшбасшысын сайлайды, ол топтағы әр студенттің сабаққа қатысуын, сөйлеуін қадағалап отырады.


Су асты патшалығына ойша саяхат.

 (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Топқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.




3мин

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)

Білім бағалау өлшемі



І- топ. Ж.Жабаевтың айтыскер, ақындығына тоқталу.

Жамбыл мен Айкүмістің айтысына

Жамбыл мен Құлмағамбет айтысын салыстыру.

ІІ- топ. Ж. Жабаевтың өлеңдерін талдау.

Ленинградттық өрендерім мағынасын ашу.

Алғадай ұлына арналған өлеңін композициялық құрылысын ашу.

ІІІ- топ. Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеу.

ІV –топ. Ж. Жабаевтың шығармашылығы мен өмірбаяны туралы жалпы қорытынды жасау.



10мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)

Түсіндірілетін сұрақтар тізімі


1-слайд.арқылы жаңа сабаққа дейінгі процесс.

2-слайд арқылы М . Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына шолу.



Қорғансыздың күні. Видео

  1. Әңгіме аса әсерлі табиғат суретінен басталады:«С.қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көрініп дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жағадай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды».

Жазушы даланы соншама қатігез етіп суреттеуі тегін емес. Қазақтың жадау күйін, оған жаны ашымастық қыстан жаман қысып жіберген хал-ахуалын бейнелеуге бұл сурет оқушыны даярлайтындай.

Алыстан қарағанда да бұдыры жоқ жалаңаш, көруге аса көңілсіз Арқалықтың осы түрі оқырманды бірден-ақ бір түрлі оқыс, оқшау сезімге салып, сүреңсіз табиғаттың әлдеқандай бір беймәлім сырынан секем алғызады. Құлазыған құла тұз, жалаңаш жон, қаһарлы қыс, бұрқаған боран... Бұл өңірдегі табиғаттың осы көрінісінің өзі-ақ әлдебір жұпыны, жоқ-жітік халдің хабаршысындай адамға ауыр ой салады. Сонда бұл сурет тек қана табиғат көрінісі емес, сол кездегі заман сипаты, адам тағдыр-тірлігінің түрі тәрізденеді.


Күшікбай туралы аңыздан кейін әңгіменің  негізгі арқауы басталып, өріле береді: қаңтар айының батар күні дүниені қызыл сәулесіне бөліп, тағы да оқырман көз алдына өзгеше сурет жаяды: «Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың түсі қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл» болса, одан алысырақ тұрғандары «асыр нұрдың буын ғана жалатқандай». Бұл бұл ма, «күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген», тіпті «күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күнастында қызғылттанып көрінеді».
Енді міне, «Күшікбайдан асатын қара жолдың үстінде Арқалықты бетке алып, қала жақтан бір пар атты келе жатыр. Жайдақ сары шанаға биіктеп салған жеңіл жүгі бар, жақсы киінген екі жігіт» [1, 7]. Екі қоңыр аттың қажығандығын білдірмей көшір божы қаққан сайын «ығыса жөнеліп, сар желіп» келе жатқанын суреттеген жерлерді оқығанда, дәл осы шана үстінде бейне өзіңіз отырғандай боласыз. Қар үстінде жайлы жылжыған жайдақ шананы қос қоңырдың божы қағылғанда жылдам тартып, ызғыта бере «жөнелгені» соншалық түйсіндіреді. Мұндағы сурет те жадағай емес, дәл жазушы өзінің кенеулі ойын, керек суретін беретін орамдар мен детальдарды ғана таңдап алған.

2-топ. Бұл панасыз жерді мекендеген Күшікбай батырдың ұрпақтары кедей-кепшік қонысы бес-алты үйдің қыстауы. Жазушы осы ауылға бет бұрған екі жолаушыны суреттейді. Біреуі болыс Ақан мырза, екіншісі оның жандайшабы Қалтай. Екеуі де оңып тұрған жандар емес. Ақан мырзаның бойын құмарлық билеген. Қалтай соны біліп алған, кезекті жемтігі етіп он екіде бір гүлі ашылмаған Ғазизаның үйіне әкеліп түсіреді...

Осы кім, қандай адам? Білу қиын емес, мына үзіндідегі жанды портретте бәрі сайрап тұр: «Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды, шоқша сақалды сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады».

Ақан болыстың сыртқы пішінінен ішкі сыр-бітімі ап-анық көрініп қалады. Қасына ерткен серік қосшысы Қалтайдың мінезі мен ісі де Ақанға ұштастырыла көрсетілген: «Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт еді».

Сырты жылтыраған Ақан мырзаның мінез-құлқы осылай ашыла келе тіпті тірі адамдай тұлғаланып, дараланады.

Ақанға сыртқы түрімен де, ішкі сырымен де қарама-қарсы образ – Ғазиза-ақ уыс бұл секілді жүгенсіз нәпсі, көзсіз құмарлық құлынан. «Сыпайы, нәзік өскен Ғазиза жіңішке, сұңғақ бойлы, аз ғана секпілі бар, дөңгелек ақсұр жүзді. Ғазиза көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынған, кірбіңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған қайғы, жүреген жеген дерт сыртына шығып тұр».

Уыз жас Ғазиза, оның басындағы қайғы-қасірет оқырманға ерекше әсер етеді де, оқырманның ықылас-назары осынау жас қызға ауады, онымен қалтқысыз ұғысқан сыралғы дос, оны есіркейтін қорғаныш, оған қамқор серік боп кетеді.


3-топ. Ғазиза басындағы ауыр уайым не? Жазушы оны да жан-жақты ашып, енді оқырманды Ғазизаның сыртқы түрінен ішкі сырына алып енеді: Ғазизаның «уайымы осы үйдегі үш әйелге ортақ болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңада ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіттер сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және жаны туысқан жалғыз кішкене бауыры Мұқаш... Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып зарлап қалғанда, маңайына жиналған көрші-қолаң ғазиздердің сүйегін суық қабірге бергенін ойлағанда, әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жасы тамшылап кетуші еді»

Жан түршітер ауыр хал, қатал шындық. Адам бұл тұста алуан сезімге түседі, сан түрлі ойға шомады. Тағдыр неткен қатал? Қорғансыздар тұрмыс-тіршілігі неткен ауыр? Тағдыр талқысы қандай шытырман!..

Осы аянышты халге кеудесінде жүрегі бар адам бір тебіренбей өтпес еді. Ал, Ақан болыс ше?

Ақан болыс бұған міз бақпайды. Сексеннен асқан кәрі кемпір, соқыр келіннің қасында отырып, «тақырлау сұйық қабақтың астынан көрінген кішкене өткір көздерін қажыған салқын жанармен жалтылдатып» қойып, өздерінің адам айтқысыз ауыр тағдырын шешіле баяндағанда Ақан түк шімірікпейді, ойы құла далада: «Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын» дегендей...

 «Жас күнінен бір үйдің түгелімен еркелетіп, алақанына салған баласы. Еш уақытта қанаттыға қақтырып, тұмсықтыға шоқытқан емес. Жүрегінде ар-ұят та, жігер-намыс та бірге өскен. Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала бұл күнде сол не көріп отыр?» Жас қыздың Ақан әлеміне қарсы күші жетпейді. Соның құрбаны болды. Бар қарсылығымен намыс оты билеген  қыз бұл өмірден өлім арқылы қоштасты. «Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақтүтегінен адасып, өлімі мәңгі толас тапқандай».

4-топ. ...Ғазиза әкесі мен бауырының қабіріне барып үсіп өледі .

Өмірінің соңғы сағатында Ғазиза – мына қорлық сұмдыққа қандай қылығы үшін тап болғанын – көк аспанға, адамдарға ашына сұрау салады. Сонда да өмірінің ақтық минуттары да ол сұм тағдыры зұлымдығын кешірген секілді. Балалық жүзінде «Менде жазым жоқ, мен тазамын», - деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар», - деп аяқталады әңгіме.

Тегінде, шын мәніндегі нағыз үлкен талант өзінің өнер өрісінде жаттығу жасап, онша ұзақ күйбеңдейтін болса керек. Әуезовтің осынау алғашқы әңгімесінің өзінде өзгеге ұқсамайтын өзіндік мәнер-машығы бар; кібірткісіз көсіле жөнелген жорға қаламның ізі сайрап атыр. Мұндағы шұрайлы тіл, шырайлы стиль, дараланған адам характерлері, нәзік лиризм, терең психологизм нәтижесінде, нақты әлеуметтік ортаның айқын сипатын беретін таза, мөлдір шындық Сәбит Мұқановтың дәл айтылған тұжырымын сөзсіз растайды: «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесін Мұхтар шын мағынасындағы европалық прозаның дәрежесіне көтерді»

Әңгімені оқып шыққан оқушы  үлкен ойға шомады. «Бұл үйелмен ғана ма қорғансыз? Иісі қазақ қорғаны кім?», - деген сауалдар еріксіз мазалайды. Осындай үлкен мәселе көтерген жас жазушының кең құлашына, сезімнің, ойдың небір нәзік иірімдерін соншалық бай тілмен дөп басатын шеберлігіне қайран қаласың. Мұхтар Әуезов әңгімелерінен біз қазақ елінің сол кездегі хал-ахуалын айнадай көреміз. Ол айнадан алдымен қазақтың жабырқау жүзін көреміз.



Сабақты бекіту.

Киіпкерлерге талдай отырып сабақты бекіту.


Оқушыларды бағалау. Әр топ берген жауаптары бойынша бағаланып, жеңген топ анықталады. Әр оқушы сабақ барысында жинаған жұлдызшалары бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы.М.Әуезовтың Қорғансыздың күні әңгімесін оқып келу

10

Мин

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет