Сабақ түрі: ертегі сабақ Сабақ әдісі: ойын,сұрақ -жауап,машық жұмыстар,интерактивтік тақтамен жұмыс,ой-қозғау



Дата11.07.2017
өлшемі28,72 Kb.
#21128
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.

Сабақ мақсаты: Білімділік: 7 санын қосу және азайтудың сәйкес жағдайын тиянақтай түсу, қара- пайым өрнектермен,есептермен байланысты әр алуан іс -әрекет барысында кестелік қосу мен азайтуды орындауға машықтандыра түсу

Дамытушылық: тіл байлығын,ой-қиялдарын ,еске сақтау,логикалық ойлау қабі- летін дамыту;



Тәрбиелік: Табиғатты сүюге ,оған қамқорлық жасауға,нан қасиетін білуге,қас- терлеуге,үлкенді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:ертегі сабақ

Сабақ әдісі:ойын,сұрақ –жауап,машық жұмыстар,интерактивтік тақтамен жұмыс,ой-қозғау

Көрнекілік:интерактивттік тақта,оқулық,тақта

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,бүгін сабақ ерекше болмақ .Сабаққа қонақтар келіп отыр.Сәлем берейік:

Үлкенге де сіз,кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге,құрметпенен біз.



2. Негізгі бөлім:

-Біздің бүгінгі сабағымыз ертегі сабақ.Ертегі дегеніміз не?(1слайд )

-Ертегі деген –ертедегі адамдардың ойынан,арманынан,қиялынан туған.Бүгін өздерін жақсы білетін «Бауырсақ» ертегісі қонаққа келіпті(2 слайд ) Бауырсақ деген не? Ол қасиетті тағам-нан. Нан туралы не білесіңдер?(оқушы жауабы)Нан туралы тақпақ айтайықшы: Нан қоқымын шашпаңдар! Жерде жатса баспандар! Теріп алып,қастерлеп, Торғайларға тастаңдар! - Ал ертегі басталады! Бауырсақ атасы мен әжесінен орманға қашып кетеді.Алдынан кім шықты? –Қоян(3 слайд) Қоянмен кездесуі: Қоянның қарны аш,ол бауырсақты көрген кезде,қарным бір тоятын болды,деп қуанады. -Бауырсақ,мен сені жеймін-дейді.Менің қоятын шартым бар.Оқушылар соны орындаса,мен сені босатамын. -Бауырсаққа көмектесеміз бе? Қоянның тапсырмасы мынандай «Сандардың құрамын атаңдар» (4слайд ) -Енді бауырсақ әрі қарай келе жатып аюға кездеседі (5 слайд) -Аю да жемекші болды.Бауырсаққа көмектесейік.Аюдың 2 шартын орындау керек(оқулықпен жұмыс) 1 шарты:133 бетте №1(жазбаша тақтаға) 2шарты:133бет №2( ауызша) Бауырсақтың ойыны: Бауырсақ шаршады,сендермен ойнағысы келеді.Ойын «Не артық»деп аталады!(6,7,8,9 слайдтар) -Ары қарай кете береді. Алдынан қасқыр шығады.(10слайд) Оның шарты: 133бет№3 есеп құрастыру және шығару(дәптермен жұмыс) (11слайд) -Бауырсақ келе жатып,түлкіні кезігеді.Бауырсақты құтқарып алайық (12 слайд) Түлкінің шарты:133 бет №4(тақтаға1-1 бала шығып жазады) Түлкінің ойыны: (13 слайд) Түлкі сендермен ойнағысы келеді, өзі айлакер,бізді алдамақшы. «Ойлан,тап!» (интер.тақтамен жұмыс) Бауырсақтың үйіне қайтуы:Бауырсақты түлкіден аман-есен құтқардық.Енді бауырсақ үйге қайтамын дейді.Апасы мен атасы ренжімесін деп,гүл теруге көмектесейік(15слайд) -Өте жақсы,ата мен апа сендерге риза.Бауырсаққа не деп айтамыз(ой-қозғау) -Үлкенді сыйлау керек екені туралы өлең айтайықшы: (16слайд) Кім үлкенді тыңдаса, Кім үлкенді сыйласа, Үлкен болған кезінде , Сыйлы болмақ өзі де.

3.Қорытынды бөлім: -Балалалар,сендер бүгін күрделі іс атқардыңдар,енді өздеріңді бағалаңдар: (17слайд) Сабақ ұнады ,қызықты өтті,көңілім көтерілді дегендер жұлдыздарын 1-ші адамның тұсына қойыңдар.Сабақ қызықты да көңілді өтті,дегенмен тұстарым болды дегендерін 2-ші адамға.Ал сабақ мені қызықтырмады,түсінбедім, 3-ші адамның тұсына қоюларыңды сұраймын.(қорытындылау) 4. Үй тапсырмасы:133 бет №5(салыстыру) 5. Сабақты бағалау: -Бүгінгі сабағымыз өз мәресіне жетті.Білімдерің күн шапағындай мол болсын.Қонақтарға сау болыңыздар дейміз.

Ашық сабақ:



Тақырыбы: 7 санын қосу және азайту

(Ертегі сабақ)


Каталог: uploads -> doc -> 06c7
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06c7 -> Жамбыл облысы, Талас ауданы, Майтөбе ауылы А. Даулетбеков атындаға орта мектебінің сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі: Тұрлыбек Қ.Қ
06c7 -> Сабақтың түрі Жаңа материалды меңгерту сабағы Сілтеме Оқу бағдарламасы,«Қазақ тілі» Жетістік критерийлері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет