Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ Сабақтың мақсаттары



Дата27.07.2017
өлшемі58,11 Kb.
#22195
түріСабақ
Сабақ жоспары
Оқытушы: Абдрахметова Алтыншаш Касымовна

Пән: Қазақстан тарихы

Мамандық,топ: 0111 000 «Негізгі орта білім беру», 1 пая 1

Тақырыбы: Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Күні 14.04.2017ж.

Сабақ түрі, өткізу үлгісі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаттары:

Білімділігі: студенттерге Ұлы Отан соғысы,қазақстандықтардың Мәскеу , Ленинград қалаларындағы қазақстандықтардың ерліктері жайлы білім беру.

Дамытушылығы: студенттердің тарихи оқиғаларды есте сақтау, зерттеу, іздену, шығармашылық жұмыс істеу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелілігі: студенттерді Отан сүйгіштікке ,елін ,жерін сүюге тәрбиелеу,

қазақстандықтардың ерлік істерін үлгі ете отырып,отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету.

Әдістері: топтық жұмыс, «Кім жылдам» әдісі, шығармашылық жұмыс «Пресс – конференция», дәптермен жұмыс

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттері: татулық, зиян келтірмеу

Сабақ жабдығы: бейнебаян, слайд, АКТ (презентациялық слайд), Ұлы Отан соғысы батырларының портреттері

Пәнаралық байланыс: саясаттану, дүние жүзі тарихы

Әдебиет:

Негізгі:Ә.Төлеубаев,Ж.Қасымбаев,М.Қойгелдиев,Е.Қалиева,Т.Далаева.Қазақстан тарихы. Алматы: Мектеп, 2010

Қосымша: Асфендияров С.О. Происхождение казахов. История Казахстана,1993. Геродот История в девяти томах, Құрышжанов А. және т.б.

Әдістемелік көмекші құралдары (кестелер, сызбалар)


Сабақтың барысы және уақытының өлшемі



Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Амандасу, студенттердің сабаққа қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру

  2. «Тілек» тренингі арқылы аудиторияда тыныштық сәтін орнату.

  3. Студенттерді тематикалық тақырып бойынша пазл құрастыру арқылы 3 топқа бөлу

І топ «Жеңіс» 

ІІ топ «Жалын» 

ІІІ топ «Достық» 


  1. Топ басшысы, тайм спикер, хатшы, баяндаушыны сайлау, бағалау парағын тарату.

5 мин

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)



1.Ой қозғау «Соғыс дегеніміз не?» Соғыс-әділетті, әділетсіз. Әділетті-Отанды қорғау, КСРО. Әділетсіз-басқыншылық, тонаушылық, фашистік Германия.

2. Кім жылдам? (сұрақ-жауап)

1.Соғыс қарсаңындағы Қазақстандағы халық саны ? (6,2 млн)

2.Әскер қатарына аттанған қазақстандықтар саны? (1195164)

3.Өнеркәсіптегі жұмысшылар саны? (670 мың)

4.Қазақстанға көшірілген әскеи оқу орындары? (27 оқу орын)

5.Соғыс жылдарында қанша офицер даярлап шықты? (16 мың)

6.Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары? (220 зауыт,фабрика)

7. Қазақстанға көшірілген өнеркәсіп орындары  қай қалаларға орналастырылды?

Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал.

8.Көшірілген тамақ өнеркәсібінің саны? (54)

9.Қазақстанға көшірілген тоқыма өнеркәсібі? (53)

10. Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен атақты жұмысшыларды ата:

Ы.Жақаев, Ш.Берсиев, Сомжүрекова, Ким Ман Сам, Оңғарбаева, Дацкова


7 мин

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)


Түсіндірілетін сұрақтар тізімі

Жаңа тақырыпты меңгерту:

1.Мәскеу шайқасы

2.Ленинград шайқасы

3.Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.

«Пресс-конференция» әдісі. Студенттерді үш топқа бөліп, жоспар бойынша әр топқа зерттелетін мәтін беріліп, дайындалуға уақыт беріледі, мәтінге сұрақтар тізімін құру керек, Сонан соң топтар бір бірінің сұрақтарына жауап береді

Әр топ берілген тапсырманы қорғайды

І топ – Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста

ІІ топ – Ленинград шайқасы( ерлік көрсеткен қазақстандықтарды атау)

ІІІ топ —Қазақстан-Сталинград майданының жақын тылы.


30 мин

4

Студенттердің өздік жұмысы

Сандар сөйлейді. Мына сандарға қарап мәлімет беру

1941ж. 22. 06    —     (Ұлы Отан соғысы басталды)

61              —      (Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан елдер саны)

11,600                —     (Кенес одағының батыры)

500         —                  (Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды)

1418                  —       (Күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.)

1910-1982 жж      —   (Бауыржан Момышұлы өмір сүрген жылдар)

1945 – 9 .V   —           (Ұлы Отан соғысы аяқталды.Ең алғаш парад болды)

1940.18. 12—   (Гитлер КСРО -ны жаулап алу үшін Барбаросса жоспарын жасады.)

6 мин

5

Тақырыпты бекіту

Тұлғаны таны.

ҰОС қатысқан батырлардың портреттері немесе есімдері аталады. Студенттер оны кім екенің, соғыста қандай шайқастарға қатысып, қандай ерлік жасағандарын толық сипаттау керек (Ұяшықтардан тұлғаларды анықтау, сипаттама беру.)

Б. Момышұлы

Әлия Молдағұлова

Хиуаз Доспанова

Нүркен Әбдіров

Иван Кожедуб

Сергей Данилович Луганский

Алғадай

Әбу Досмұхаметов

Сұлтан Баймағанбетов
Ленинград түбінде шайқасқан, жау дзотын өз кеудесімен жауып, жанын пида еткен,  А. Матросовтың ерлігін қайталаған батыр. «Майданға жіберетін ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуіңізді өтінемін»

деген Кім?


II-дүниежүзілік соғыс кезінде 1945 жылы капитан Гастеллоның ерлігін қайталаған

аты аңызға айналған ұшқыш. Ол кім



7 мин

6

Сабақ қорытындысы

Мұғалімнің қорытынды сөзі, кері байланыс

1945 жылы 9 мамырда Кеңес халқы салтанатпен жеңіс күнін мейрамдады. Осы ұлы мерекені біздің еліміздің халқы жыл сайын атап өтеді.

Биыл жеңіске 72 жыл.


3 мин

7

Үй тапсырмасы

Өтілген тақырыпты толық оқып, зерттеп келу.

«Бес жол өлең» құрастыру

Соғыс

1.Зат есім



2.Етістік

3.Сын есім

4.Сезімді білдіретін сөздер.

5.Синоним.



2 мин

Оқытушының қолы _____________________________
Каталог: uploads -> doc -> 0d1d
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d1d -> Сабақтың тақырыбы: Адам эволюциясының бағыттары. Адам мен адамтәрізді маймылдардың жалпы ататектері Сабақтың мақсаты
0d1d -> Сабақ Кулшанбаева Гулбану Мусагалиевна
0d1d -> Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың көрнекілігі : слайд, кестелер, семантикалық карта, БҮҮ кестесі
0d1d -> Web-дизайн
0d1d -> Сабақтақырыбы : Квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу
0d1d -> Сценарий аталуы: «Менің- отаным Қазақстан»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет