Сабақ түрі: пікірталас, талқылау, тренинг



бет1/3
Дата08.11.2019
өлшемі387,5 Kb.
#51298
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
мейрим
Султангазина Ж.Ж.

Сынып:

11 Ә

Уақыты:

27.11.2018

Сынып сағаты тақырыбы:

«Мейірім – жан шуағы»

Мақсаты:


Оқушылардың «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтары түсініктерін кеңейту;. - Оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу өзімшілдіктен, менмендіктен тағы басқа жаман әдеттерден сақтануға үйрету. Адамдар арасындағы мәдениетті, сыпайы қарым-қатынас тұрғысындағы ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын, еркін жеткізе білуге үйретуОқушылардың адамгершілік қасиетін, бір-біріне деген достық сезімдерін, мейірімділікті нығайту.

Сабақ түрі:

пікірталас, талқылау, тренинг.

Әдістер:

сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,, өзін – өзі тану

Көрнекіліктер, құралдары:

слайдтар, ұлы адамдардың ойлары, нақыл ұлағатты сөздері, дос туралы мақал-мәтелдер.

Сынып сағатының жоспары

Сабақтың барысы:

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі


Күтілетін нәтиже

І. Кіріспе

Оқушылармен амандасып, бүгінгі өтетін сынып сағатының тақырыбымен таныстыру.

Тренинг:

Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.



Тыныштық сақтау,


Тыныштық сақтай алады және қойылған мақсатты түсінеді.

Ішкі жан дүниелеріне үңіледі.Сынып бөлмесінде жағымды қарым-қатынас атмосферасы орнайды.



ІІ.Қызығушылықты ояту (Тақырыпты ашу)



  • Осы сөзжұмбақты шешу үшін берілген мақалдарды жалғастырамыз.

Мақалдар:

  1. Адамның күні ... (адаммен)

  2. Тірліктің күші ... (бірлікте)

  3. Байлық байлық емес,бірлік-....(байлық)

  4. Үлкенге құрмет,

Кішіге ...(ізет)

  1. Жақсыдан үйрен,жаманнан...(жирен)

  2. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның...(тіленбей)

  1. Білекті бірді жығар,

Білімді.... жығар(мыңдай)

Жауаптарын табады.




Сабаққа қызығушылықтары туындайды. Негізгі ойларын жинақтайды.Сынып сағаты тақырыбын өз беттерімен ашады.. бір-бірімен өзара ой жарсына түседі.Сабақтың идеялық мазмұны анықталады.



ІІІ.Негізгі бөлім

«Бейнеролик»



Абайдың 14 сөзімен таныстыру

Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асығыстық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.



Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет