Сабақ түрі тәжірибелік



Дата29.03.2017
өлшемі98,7 Kb.
#12587
түріРуководство
1. Сабақтың тақырыбы: Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексерудің әдістері.

2. Сағат саны 3 с

3. Сабақ түрі тәжірибелік

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды анамнез жинау, шағымдарын сұрастыру, негізгі зерттеу әдістерін жүргізуге үйрету;

тәрбиелік: гинекологияның маңызды мәселелерін білу;

дамыту: пациенттермен жұмыс атқаруға үйрету.



5. Оқыту әдісі теориялық, гинекологиялық науқасты курациялау

6. Материалды техникалық жабдықталуы

а) техникалық құралдар медициналық инструментарий

б) көрнекі және дидактикалық құралдар: кестелер, жатыр муляжы, хаттамалар

в) оқыту орны әйелдер кеңес орны, оқу бөлмесі



7. Әдебиеттер

Негізгі Мемлекеттік тілде:

1. Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық. «Акушерия және гинекология»,

- Алматы 2006


  1. Көзденова Р.С., Сейтмәмбетова Н.Қ., оқулық «Гинекология» - Алматы 2000

Орыс тілінде:

  1. Акушерство и гинекология И.К. Славянова Ростов на Дону, «Феникс», 2007

  2. Гинекология : Г.С.Василевкоая, В.И.Грищенко, Н.А. Щербина. Ростов – на- Дону, «Феникс», 2007

Қосымша

  1. Акушерство и гинекология, неотложная помощь. Под ред. Г.К. Степанковской, Б.М. Венцковского М., Эксмо, 2008

  2. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие. В.Л. Осипова. – М., 2009.-256с

  3. Гинекология практикум. В.Б. Цхай, Т.А. Макаренко, Е.К.Маламова, И.О.Ульянова.- Ростов – на – Дону, 2006

  4. Гинекология детского и подросткового возраста. К.Ж. Кульбаева, Ю.А.Гуркин.- Астана 1999

  5. Неотложная помощь в акушерстве и гинекологии. Краткое руководство. Под.ред. В.Н.Серова.-2-е издание, испр и доп..- М., 2008.-256с

  6. Руководство по охране репродуктивного здоровья в Казахстане. Н.А.Каюпова.-Алматы, 1999

  7. Программа ВОЗ «Безопасное материнство», 2008

8. Ұйымдастыру кезеңі 8 м

- оқушылардың қатысуын тексеру;

- оқушылардың дайындығын тексеру;

- сабақ мақсаты мен міндетін хабарлау.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру 20 м

Тесттер бойынша жүргізіледі:

1. Биопсия әдісін қолдануға көрсету

1.Жатыр мойнының эрозиясы, электрокоагуляция қажет

2.Интерстициональды жатыр фибромиомасы

3.Контакты қан кету

4.Папоротник феноменінің болмауы

5.Лейкоплакияға күдіктену

6.Жатыр мойнының цианозы

7.Ауырсынулы етеккір

8.Қынап хорионэпителиомасына күдіктену

9.Жатыр мойнының гипертрофиясы

10.Жатыр мойнының рагына күдіктену

2 Жатыр қуысының кілегейін диагностикалық қыру қай жағдайда қолданылады?

1.Жатыр кілегейінің рагына күдіктену

2.Жедел эндометрит

3.Менопаузадан кейінгі қан кету

4.Пельвиоперитонит

5.Өкпе туберкулезі

6.Етеккір қызметін зерттеу үшін

7.Плацентарлы полипке күдіктену

8.Аналық без кистомасы

9.Жатыр мойнының эрозиясы

10.Этиологиясы белгісіз ациклды жатырдан қан ағу.

3 Жатыр қуысын зондтау әдісін қолдануға көрсету.

1.Жатырдың травмалық зақымдалуына көрсету (перфорация)

2.Жедел эндометрит.

3.Жатырдың кілегейасты миомаларына күдіктену.

4.Жатыр мойнының рагы.

5. Жатырдан тыс жүктілік.

6.Жатырдың дамуының ақаулары (екі мүйізді, т.б.)

7.Пиосальпинкс

8.Цервицит

9.Диагностикалық қырудан алдын

10.Аналық без кистомасы.

4 Кольпоскопия әдісін қолдануға көрсеткіш:

1.Жатыр мойны рагына күдік туғанда

2.Жатырдан тыс жүктілік

3.Жатыр мойны эрозиясы (консевативті емге көнбейтін)

4.Жатыр мойны биопсиясы алдында

5.Жатырлық жүктілік.

6.Бартолинит

7.Эктроппион.

8.Жатыр момасы оперативті емді қажет ететін (операция көлемін анықтау үшін)

9.Климактерикалық қан кету

10.Жатыр мойны лейкоплаксиясына күдіктену

5 Диагностикалық мақсатта артқы күмбезді пункциялау қай кезде көрсетіледі.

1.Жатырдан тыс жүктілікке күдіктену

2.Аналық без агына, асцитке күдіктену

3.Дисфункциональды жатырдан қан кету

4.Жатыр миомасы

5.Аналық без апоплексиясына күдіктену

6.Аналық без кистомалары

7.Созылмалы сальпингоофорит

8.Жатырлық жүктілікке күдіктену

9.Жатыр мойны эндометриозы

10.Пиосальпинкстің жарылуына күдіктену

6 Жатыр жағдайының анатомо-функциональды зерттеу әдістері.

1.Қынаптың бимануальды тексеру.

2.Жатыр кілегейін ауру, қырындыны гистологиялық (қыруға) зерттеуге жіберу.

3.Сынаманы күмбезді пункциялау.

4.Жатырды зондтау.

5.Гидротубация.

6.Гистеросальпингография.

7.Қынаптың құрылым тазалық дәрежесін анықтау.

8.Лапароскопия.

9.Гонадотропиндер экстирпациясын анықтау.

10.Пертубация.

7 Қынаптың анатомо-функциональдық жағдайын зерттеу әдістері

1.Айнамен қарау

2.Комбинирленген қынапты-тікішіектік зерттеу

3.Жатыр қуысының сұйығын цитологиялық зерттеу

4.Артқы күмбезді пункция жасау

5.Сынамалы құрсақ кесу

6.Қынаптық тазалық дәрежесін анықтау

7.Гистеросальпингография

8.Вагинография

9.Лапораскопия

8 Жатыр мойнының анатомо-функциональдық жағдайын зерттеу әдістері

1.Жатыр мойны биопсиясы

2.Цервипография

3.Мойын таңбасын зерттеу

4.Қынаптың тазалық дәрежесін анықтау

5.Жатыр мойны өзегін зондтау

6.Жатыр мойны айнамен қарау

7.Кольпоскопия

8.Артқы күмбезді пункция жасау

9.Жатыр мойны диагностикалық қыру

10.Базальды термометрия

9 Аналық бездердің анатомо-функциональдық жағдайын зерттеу әдістері

1.Қынап жағындысын цитологиялық зерттеу

2.Жатырды зондтау

3.Анамнез

4.«қарашық» симптомы

5.Қынаптың тазалық дәрежесін анықтау

6.Эндометриттің кесіндісін гистологиялық зерттеу

7.Базалды темпиратураны анықтау.

8.Қынаптықзерттеу.

9.Гистероскопия.

10.Курцрон-Миллер сынамасы.

10 Гидротубация, пертубация және гистеросальпингографияға жағдай

1.Қынаптың 3 дәрежелі тазалығы

2.Қынаптың 1 дәрежелі тазалығы

3.Жатырдан қанды бөлінулер

4.Етеккір циклінің екінші фазасының басы

5.Жатыр қосалқыларының жедел қабынуынан кейін 12 ай өтті

6.Жатыр қосалқыларының жедел қабынуынан кейін 1 ай өтті

7.Қынаптық 2 дәрежелі тазалығы

8.Жатыр мойны өзегінің іріңді бөлінулер

9.Жүктілікке күдіктену

10.Аппендоэктомиядан кейін 2 ай өтті

№1: 1,3,5,8,10

№2:1,3,6,7,10

№3:1,3,6,9.

№4:1, 2, 4, 7, 8, 10

№5: 1, 2, 6, 10

№:6 1, 2, 4, 6, 8

№7: 1, 2, 6, 8

№8: 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9

№9: 4,7,9,10

№10 2,4,5,7

10. Жаңа сабақты түсіндіру 40 м

Гинекологиялық зерттеу. Пациенттің жағдайы, негізігі горизонталды түрде, тізесін бүгіп, қыз горизонталды арқасымен, сандарын ішке медицналық персонал ұстап тұрады. Осы жағдайда қынап қысқарады, жатыр мойны зерттеуге ыңғайлы, жақын болады. Зерттеуден алдын ішек және қуықты босату қажет.

Зерттеу келесі ретпен жүргізіледі: ішті қарау және сыртқы жыныс мүшелерін, қыздық пердесі(жарты ай, ернеу, сақина тәрізді, бахромалы, бәлікті, перде тәрізді көп немесе бір тесік), ұзындығы және орналасуы, қалындығы, осзылғыштығы т.б.

Соңынан жағынды алады, бактериоскопияға және бактериологиялық зерттеуге,(тік ішектің, уретрадан, парауретралды жолдардан). Қыздарда бимануалды зерттеу тік ішек арқылы жасалады.

Арнайы зерттеудің қосымша түрлері


  • Вагиноскопия –қынапты және жатыр мойнын қарау, әртүрлі жарықтандыру жүйелері арқылы

  • Кольпоскопия –қынапты және жатыр мойнының қынаптық бөлігін бинокулярлы немесе монокулярлы лупа көмегімен қарау, әрине жарықты прибормен жабдықталған, зерттеу аймағын 30 рет үлкейтіп көрсетеді. Жатыр мойнының рағын ерте диогностикалауда үлкен маңызы зор.

  • Цервикоскопия – жатыр мойны өзегінің кілегей қабытын қарау әдісі. Эндоцервистің ракалды өзгерісін жіне көзделген биопсияға арналғаның анықтауа

  • Гистероскопия – жатырдың ішкі қабатын зерттеу мақсатында, ондағы эндометридің потологиялық өзгерісін анықтауға, гиперплазия, полипоз, эндометриоз, рак, ақауларды, анықтау үшін қолданылады. Емнің нәтижесін зерттеуге мүмкіндік береді

  • Лапороскопия – эндоскопиялық зерттеу әдісі. Кіші жамбас және құрсақ қуысын оптикалық құрал көмегімен көруге болады. Бұл әдіс ісіктер, қабыну процессінің түрін, эндометриоздық бастапқы түрлерін кқруге болады.

  • Зондтау. Қыздарға көп қолданбайды. Бірақ қынаптан бөтен заттарды анықтау және алу кезінде жақсы көмек береді.

  • Кольпоцитологиялық зерттеу. Қыздарда аналық бездің горманалды қызметін, онкоцитологиялық, эндокринді- цитологиялық зерттеу үшін қолданылады. Соңғы зерттеу үшін жағынды бүйірлік күмбездерден алынады(онкоцитологиялға- ішкі және артқы күмбезден). Техникасы. Жағынды ағаш щпатель көмегімен (мақтамен тығыз оралған) алынады(үлкен қыздарда), бала зонды, фолькман қасықшасымен, пипеткамен алуға болады.

  • Кольпоцитологиялық өсу динамикасы. Бірінші аптада аралық клеткалар, беткейді клеткалар 10% құрайды. Кейін 7-ші күні (7-8 жаста) базалды және парабазалды клеткалар болады, ол қынап эпителийінің пролиферативті белсенділігінің төмендігін, эстрогенге қынақтығының төмендігімен көрінеді. Пубертатты кезенде беткейлі клеткалар 50 % құрайды.

  • Рентгенологиялық зерттеу. Әйелге келесі рентгенологиялық әдістер қолданады:газды рентгенопельвиография, гестеография, вагинография, рентгенография

  • Компьютерлі томография – контрасты затсыз ткандарды аыртуға болады. Рентген сүретін алу үшін зерттейтін объект сканирлеу арқылы алады

Ультрадыбысты зерттеу (эхография) – бұл жаңа кеңінен тараған инвазивті диагностика әдісі. Зерттейтін мүшенің ерекшілігін, көлемін, анықтауға мүмкіндік береді. УДЗ гинекологияда жатырдың көлемін, аналық бездерді анықтауда, ішкі жыныс мүшелерінің ақауларын анықтауға болады. Бұл әдіске қарсы көрсеткіш жоқ.

11. Оқушының өз бетінше атқаратын жұмысы 47 м

Әйелдер кеңес орнында тақырып бойынша науқасты курациялайды, тәжірибелік дағдыларды игереді. Оқушылар өз бетімен негізгі зерттеу әдістерін жүргізу қажет. Алдын ала қойылатын диагнозды қойған соң, қосымша зерттеу әдісін таңдайды. Осыдан кейін топ бірге жиналады және курациялаушының біреуі өзінің зерттеу нәтижелері бойынша баяндама жасайды. Оқытушы оқушылармен бірге диагностикалау тәсілдерін талдайды. Қосымша зерттеу әдістерінің техникасын оқытушы көрсетеді.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 14м

Ситуациялық есептер шешумен жүргізіледі.

№1 Науқас Д., 31жаста, 5 күн бұрын жасанды түсік жасатқаннан кейін, ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну пайда болған, қалтырау, дене қызуының 38 С дейін жоғарылауы байқалған. Объективті тексергенде : іші жұмсақ , ішінің төменгі бөлігі ауырсынады. Іш астардың тітіркену симптомы жоқ. Несеп шығару және үлкен дәреті қалыпты. Қынаптық тексеру кезінде : жатыр 5-6 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, ауырсынады, консистенциясы жұмсақ. Қынап күмбездері бос. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Бөлінулер қоңыр түсті, жағымсыз иісті. Диагнозы . Қосымша тексеру әдістері .

№2 Науқас Б, 30 жаста, етеккірдің 4 апта бойы келмеуіне шағымданып, дәрігерге қаралды. Әйелдер кеңес орны жағдайында тексеру жоспарын құрыңыз.

№3 Науқас А, 20 жаста, әйелдер кеңес орнының дәрігеріне қаралды. Шағымдары : вульва аймағының қышынуы және ауырсынуы , кіші дәретке жиі шығуы. Анамнезінен : етеккір қызметі 12 жастан, 5 күннен , 28 күн сайын, орташа мөлшерде, ауырсынусыз. Жыныстық өмірі 19 жастан. Объективті : сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, вульваның қызаруы, ісінулері байқалады. Қынаптық зерттеу кезінде : жатыр қалыпты өлшемде, тығыз ауырсынусыз, жатыр қосалқылары анықталмайды. Диагнозы? Қосымша зерттеу әдістері?

13. Сабақты қорытындылау. 3 м

Оқушылардың білім деңгейін бағалау



14. Үйге тапсырма беру 3м

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет