Сабақ түрі: топтық сайыс сабақ



Дата10.07.2017
өлшемі147,07 Kb.
#21003
түріСабақ

Мектеп: №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі

Аты-жөні: Джаксыбекова Нагиман Сарымсаковна

Туылған жылы: 25.09.1962

Ұлты: Қазақ

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Шымкент пединституты

Бітірген жылы: 1985

Педөтілі: 29 жыл

Санаты: Бірінші

Мамандығы: Технология пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны: ОҚО Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебі

Ғылыми жұмысының тақырыбы: «Технология пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру».

Шығармашылық жұмысының тақырыбы: «Қазақ халқының қолданбалы өнері».

Мекен-жайы: ОҚО Сайрам ауданы Қарасу ауылы Ескендір көшесі №32 А үй

Байланыс сым тетігі: 8 747 694 63 50



Пәні: Технология (қыздар)

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ою – өрнектері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ою – өрнектері туралы түсінік беру, ою – өрнектердің жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың теориялық білімдерін жетілдіру, сарамандық іс – әрекеттерін қалыптастыру .

Тәрбиелік мақсаты Оқушыларға ою – өрнекті тани білуге , бұйымға үйлесімді етіп пайдалана білуге , ұқыптылыққа , тиянақтылыққа тәрбиелеу .

Сабақ түрі: топтық сайыс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс .

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме , матаға басылған оюлар , тест сұрақтары .

Қажетті құрал – жабдықтар: түрлі – түсті қағаз , қарындаш , сызғыш ,қайшы , желім .

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, сызу, математика.

Қауіпсіздік ережесі: қайшымен, желіммен дұрыс жұмыс жасау.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Өткен сабақты қайталау

ІІІ. Жаңа сабақ

Қазақ халқының ою – өрнегі ғасырлар бойы дамып , қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып , ғасырдан – ғасырға , ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған . Қазақтың ою – өрнектері мен атаулары сан алуан . Ғалымдар әзірше 500 – дей түрін ғана анықтаған. Көне заманда тастарға салған ою – өрнек қазақ халқының тұрмыс – салт дәстүрлерін бейнелеп кеткен . Ұлттық ою – өрнектерді төрт топқа жатқызады

1. Жан – жануарлар тектес ою – өрнектер қошқар мүйіз , сыңар мүйіз , түйе табан, бұғы мүйіз және т. б. өрнектерді жатқызуға болады.

2. Өсімдік, гүл, жапыраққа бейнеленген өрнектер раушан, қалампыр гүлдері түрінде, сабағын, жапырағы мен күлтесін қолданған.

3. Космологиялық өрнектер аспандағы жұлдыздардың және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнектер .

Геометриялық ою - өрнектер: ботакөз, тұмарша, сүйір, қарға тұяқ .

Оқушылар 2 топқа бөлінеді

1. Топ – шеберлер тобы

2. Топ – білімділер тобы

1-топтың ұраны: Шеберлікте шек жоқ.

2-топтың ұраны: Білімді мыңды жығар, білікті бірді жығар.

«Ою ойғанның ойы ұшқыр» демекші екі топ өзара түрлі – түсті қағазды ойып жарысады.

Ою туралы мақал – мәтелдер айтып жарысады.

Тест сұрақтарына жауап береді.

1. Гүл оюы нені білдіреді?

А . Бейбітшілік

Б. Қуаныш

В. Дархан

2. Геометриялық ою – өрнек

А. Құсмұрын

Б. Сүйір

В. Жауқазын

Қорытынды

Ою –өрнек ұлттық сана оятар,

Ою – өрнек үнсіз ғана ой айтар.

Ою – өрнек шеберлікке жетектеп,

Білгеніңді қажетіңе жаратар.

1. Ою –өрнектер неше топқа бөлінеді? (төрт топқа)

2. Қошқар мүйіз деп аталатын ою түрі оюдың қай түріне жатады? (жан – жануарлар)


  1. Ритм дегеніміз не? (ою –өрнекте бір элементтің қайталанып келуі)

ІV. Бағалау.

V. Үйге тапсырма беру: Ою –өрнек түрлерінен буклет жасау.

.

Баяндама тақырыбы: «Технология пәнін жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері»

Жоспар

1. Кіріспе

Оқушылардың технология пәніне қызығушылығын арттыру

2. Негізгі бөлім

А. Технология сабағында дәстүрлі емес сабақ түрлерін қолдану

Ә. Шығармашалық жобаны рәсімдеу

3. Қорытынды

Технология сабағында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану


Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғы шарттарын үйрену арқылы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді . Осы мақсатты жүзеге асыру барысында оқушыларға берілетін тәлім тәрбие үрдесін жетілдіру жұмыс мәдениетін адамдар арасындағы адамгершілік қарым –қатынасты жаңарту еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке даярлау үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді.

Елбасы Н. Ә . Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына ену» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет. Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде. Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән. Еңбекке баулу бүгінгі технология пәні үнемі жетілдіруде. Біздің елімізде еңбекке үйрену – Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс – қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке , қазіргі заман талабына сай басқару, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болып тұр.

Болашақ кәсіпкер:


Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс – тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу мектептің материалдық - техникалық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау. Ата – ана ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу - тәрбиелік, шығармашылық орта құруы қажет.

Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу, қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей таламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенге ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа ,әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз сөзден – іске көшу. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп, тігу, көркемдеу, қолөнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамнершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастарады.

Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстық әр түрлі өнімді еңбекке де қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көреміз.

Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі – мектепте кәсіптік бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Оқыту мәселелерін бастамас бұрын, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге ерекше мән беру керек. Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы .Ендеше сабақтың мәнді иөтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация - оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу – оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден бір шарты. Инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу жаңа білім берудің бірден бір шарты деп айттық. Саралап оқыту – оқушылардың туа біткен ақыл – ой қабілетінің жеке дамуының жан – жағына негізделген білім беру жүйесі.

Оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс- тәсілдерін қолдану. Сабақта пайдаланатын негізгі әдістер оқушылардың көңіл – күйіне , ынтасына, қабілетіне қарай, топпен, жеке оқушылармен жұмыс істеу, ойын элементтерін пайдалану.

Технология пәні – география, бейнелеу өнері, тарих, музыка пәндерімен тығыз байланысты.Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі – қазіргі заманға сай ақпараттық – коммуникациялық технология негізінде жасалып , оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап , оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау ақпараттық үрдісі, ұдайы кәсіптік білім жөніндегі ақпаратты талдауды және қорытындылауды қажет етеді. Бүгінгі еңбектің сипаты, мазмұны өзгеріп, жаңа талап пен міндеттерді қажет еткенімен, еңбекті құрмет тұту - халықтар дәстүрінде ежелден қалыптасқан.

Балаларды еңбекке тәрбиелеу –қол еңбегі сабағынан басталады. Адам баласы туа сала емес көре – көре , жүре – жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, ендігі бірі керісінше болады . Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы келешек өміріне үлкен әсер етеді . Баланың еңбек тәрбиесін меңгеруі, қоғам үшін ғана емес, оның жеке басы, өз тіршілігі үшін де қажет. Еңбекті сүйетін адамның өмірінде реніш болмайды. Олар үнемі көтеріңкі көңіл – күйде жүреді. Отбасында еңбек тәрбиесін жүргізгенде, баланы белгілі бір мамандыққа бейімдей даярлауды ескерген жөн.

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса , мектепте іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені отбасында алған теңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп , оны игеруді оңайлатып отырады. Технология сабағында жобалау әдісін қолдану керек. Жоба - әр түрлі бөлімдерден арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелдерді, түсінік хаттарды да пайдаланады. Жобаның бірнеше нұсқауы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес .Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлігін оқушы мұғалімнің,ата - ананың көмегімен орындай алады. Егер белгілі бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын – ала анықталуы керек. Ол оқу жылының соңында өзінің орындаған шығармашылық жобасын оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды . Жобаны қорғау барысында қолданылатын бұйымның ішінен қандай затты таңдап алуы , ол бұйым қоғамға, өзіне, достарына және ата – анасына қандай пайда келтіретіні де ескеру қажет.


Сызбаны және технологиялық картаны дайындау. Шығармашылық жоба – әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы. Басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Шығармашылық жоба арқылы оқушының ұлттық дүние танымы, эстетикалық талғамы дамиды. Оқушылар санасына жас кезінен бастап еңбек етудің қажеттілігін, маңыздылығын сіңіру, пайдалы іс жасауға, қандай іс болса да шын ниетімен орындауға және ұқыптылыққа дағдыландыру. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойларын еркін айтатын болғандықтан ,оларда түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын мүмкін қате немесе шала ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімдікке бастау мұғалімнің басты міндеті.

Шығармашылық жобаны рәсімдеу



  1. Бастапқы бет

  2. Мақсаты, міндеті, болжамы, күтілетін нәтиже .

  3. Шығу тарихы

  4. Жалпы эскизі

  5. Жобаның орындалу реттілігі

  6. Экономикалық есеп

  7. Қорытынды

Шығармашылық жобаны іске асыру барысында қол жеткен жетістіктер.

А) Сабақтан бос уақытта маңызды әлеуметтік шығармашылықпен айналысатын балалар санының өсуі

Б) Ата – аналардың іс – әрекетін ұйымдастыруға қатысуға қызығушылығының артуы

В) Баланы шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған әр іс – шараның тәрбиелік мақсаттарға жетуі

Г) Ұйымдастырылған іс – шаралардың сапасы және жобаға қатысушылардың ынталандырылуы .

Жобалау технологиясы негізінде – оқушылардың жұппен бірігіп немесе әр оқушы өзі дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр . Оқушылардың шығармашылық жоба жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау және жоба жұмысының кезеңдері:

А) Тірек сызба

Б) Жоба

В) Практикалық теориялар

Г) Түсіндірме парақтары

Жаңашыл әдістер мен жаңа технологиялық білім берудегі жолдары мен әдіс – тәсілдері. Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор .

Жобалау әдістемесінің талабы



  1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттеліп, ақпараттық, тәжірибелік болуы .

  2. Жобаны орындау іс – әрекеті жобалаудан басталады.

  3. Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысын талап етеді. Сонымен, жобалау іс – әрекетінің ерекшелігі - ақпаратты іздеу болып табылады .

  4. Жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нәтиже .

  5. Дайындалған жоба тапсырыс берушіге немесе қоғамдық өкілдікке жеткізуі тиіс

Жобаның түрлері:

-Шығармашылық жоба

- Ақпараттық жоба

-Зерттеу жобасы

-Тәжірибелі бағдарланған жоба

-Рөлдік жоба

Жобаның негізгі бөліктері:


  1. Міндеттің қысқаша анықтамасы

А) Берілген бұйым кімге арналған

Ә) Арналған бұйымның қажеттілігі

2.Бұйымды орындауға кіріспес бұрын

А) Нені міндетті түрде жобалау керек

Ә) Кімге арналған киімді жобалау керек

3.Бұйымның орындалуы кез – келген жағдайда жұмыстың мақсаты, міндеттері.

4. Бұйымды байқау және бағалау.

Жобаның орындалу реттілігі



  1. Іздену кезеңі

  2. Жобаның тақырыбын таңдау және жаңашылдыққа бет бұру .

  3. Жоба тақырыбы туралы ақпарат жинау .

  4. Жоба тақырыбы мен идеясын бекіту

  5. Жоба тақырыбы мен идеясын сыныптастарымен және мұғалімдерімен бірге талқылау. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды. Оның шешу жолдарын іздестіреді . Мұндай сабақтар оқушылардыңлогикалық ойлау қабілетін дамытады. Пәнге деген қызығушылығын арттырады .Өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтарын өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады.

  1. Дайындық ( оқушыларды топтарға бөлу, рөлдерді бөліп беру, проблемаларын алдын ала таныстыру, қажетті материалдарды жинау )

  2. Ойын кезеңі

  3. Қорытындылау

Іскерлік ойындардың дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық маңызы зор екенін ескерсек, ретіне қарай әр түрлі пәндерден дәстүрлі емес сабақ түрлерін көбірек өткізу қажет. Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан – жақты зерттеп, оқушылармен өткізілетін сабақтар жүйесі жасалуы қажет.

Модульдік оқыту технологиясы – балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім арасындығы қарым – қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп, баланы түрлі көрнекіліктермен қызықтырып баулап, сабаққа талпыныстарын арттыру .Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ,отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді .

Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модулдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланысты, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірмен, өзінің іс – әрекетімен байланыстыруды білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады .

Пайданылған әдебиеттер



  1. С. Кенжеахметұлы, М . Махамадиева, Д. Тәжімұратов « Шебердің қолы ортақ»

  2. Ш . Әбдіғалиева «Мектептегі технология»

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет