Сабақ түрлерін ұйымдастыру» «Мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады»



Дата23.05.2017
өлшемі34,73 Kb.
#16713
түріСабақ
Тақырыбы: «Биология сабақтарында белсенді сабақ түрлерін ұйымдастыру»

«Мұғалім - өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады»



К. Д. Ушинский

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.

Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден- бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп – білім жүйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі экономикалық, экологиялық дағдарыс кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет- білімді де білікті жас ұрпақты тәрбиелеу. Ол үшін оқушылардың логикалық ойлау қабілеті жоғары болуы қажет. Оқушылар мектепте тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқаруы қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін: № 1слайд

Жалпыға жаппай орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру. Оқушылардың білім деңгейлерінің төмендігі - олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты – оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор.

Оқытудың нәтижесі көбінесе оқушылардың сол пәнге деген қызығуынан туындайды. Биология пәніне қызығуды тек сабақ үстінде түрлі кестелерді, суреттерді, нақпішіндерді, ылғалды препараттарды, т.б. көрсету арқылы ғана емес, сондай- ақ оқушылардың тірі табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы арқылы да оятуға болады. Сондықтан өтілетін сабақтың тақырыбына сай, биологияны экология, география, салауаттану, физика, математика, тарих сияқты пәндермен кіріктіре отырып өтсе, оның нәтижесі өте тиімді болады. Пәнаралық байланыстар мектептегі оқытылатын негізгі пәндерді оқушылардың жан-жақты және терең меңгеруіне көмектеседі.

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдер кеңінен қолданылып жүр. Сабақты әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушылардың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да, сапалы білім беру.

Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі – кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.

Білімді меңгерту белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. А. Науменко: «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады»- деп , өте орынды атап өткен.

Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.



Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп , оқушылар оның қажетттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

Кіріктірілген сабақтарды басқа тақырыптар бойынша және барлық сыныптарға өткізуге болады. Мысалы 8-сыныпта «Анализаторлар» тақырыбын физика, экология, астрономия, психология пәндерімен кіріктіре отырып, рөлдік ойындар түрінде өткізуге болады. Мысалы, дыбыстың сулы ортада, құрлықта, ауада таралуын, дыбыстардың пайда болуын физиктер түсіндірсе, астрономдар дыбыстың айда, ғарышта қалай таралатындығын, оның себептерін түсіндіреді, ал физиологтар көрудің, естудің физиологиясын, биолог анализаторлардың құрылысын түсіндіреді. Дәрігер сезу мүшелерінің аурулары, оның алдын алу шаралары туралы айтады. Зоологтар жануарлардың сезім мүшелеріне тоқталып, оны адамның сезім мүшелерімен салыстырады, айырмашылығын анықтайды, оның себебін түсіндіреді. Демек бұл жерде де өткен тақырыптарды үнемі қайталап отырады, ботаника, зоология курстарынан білетіндерін еске түсіреді, оқушылардың салыстыру,ұқсастығымен айырмашылығын табу, қорытынды шығару, өздігінен іздену сияқты дағдылары қалыптасады.
Каталог: uploads -> doc -> 00ee
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00ee -> Сабақ тақырыбы: Жартылай өткізгіштегі электр тоғы Оқу тобы: Қ-14-9 Өткізілетін күні: 14. 04. 2016


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет