Сабақ Уақыт Уақыт, сағат неше болды? Уақыт время Сағат неше болды? Сағат нешеде? (В каком часу?) Уақыт қанша? I. 1-ден 15 мин кетті (отошло) 2-ден Кет-кен-де



бет8/8
Дата17.06.2018
өлшемі3,23 Mb.
#43015
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
770 ж. француз инженері Кюньо арбаға ат орнына бу машинасын жегуді ұйғарды. Ол солай етті де өзінің осы ерекше арбасын «автомобиль», яғни өздігінен жүретін» деп атады.

Арбаның алдыңғы жағына мыс қазан орнатылған, одан кейініректегі орындықта жүргізуші отырады, ол рульді оңды-солды бұрып жүргізеді. Біраз жер жүрген соң арба тоқтап қалады. Бұл — қазандағы су таусылды деген сөз. Бу болмаса машина жұмыс істемейді, доңғалақтар да айналмайды.

Жозеф Кюньоның бу арбасы /Франция, 1770/

Жүргізушінің арбадан түсіп, от жағуына тура келген: ол отын жағып, қазандағы суды қайнатып буға айналдырған. Сондықтан оны тегіннен-тегін шофёр деп атамаған: «шофёр» французша «пешке от жағушы» деген сөз.

Ағылшындар басқаша лажын тапты: бу машинасын күймеге жегіп, онымен жолаушылар таси бастады.

М
ұржасынан түтіні будақтаған ебедейсіз ғажайып арба-бу автобустары гүрсілдеп, тарсылдап көшені басына көтерді. Бұлармен жүру ыңғайсыз әрі қауіпті болды. Өйткені бу қазанының жарылып кетуі мүмкін еді.

Осы кезеңде бу машинасының орнына бензинді двигатель, яғни мотор келді. 1886 ж. неміс механигі Карл Бенц моторды жолаушылар таситын арбаға ыңғайлап жасады. Бұл күйме — ең алғашқы бензинді автомобиль еді.

Тұңғыш үш доңғалақты «Бенц» автомобилі (Германия, 1885)

Бензинді автомобиль жылдан-жылға көбейе түсті. Олардың сыртқы пішіні көптеген өзгеріске ұшырады, құрылымы жақсара түсті, жүру жылдамдығы артты. Автомобильдің ешқандай өзгеріске ұшырамаған бөлігі — тек моторлы арбасы ғана. Арба алғашында тек жолаушылар тасуға арналса, ол көп ұзамай жүк тасу үшін де пайдаланыла бастады. Осылайша автомобильдің жеңіл автомобиль, жүк автомобилі және автобус деген үш түрі пайда болды.

Автомобильдер адамдар сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Бұлардың арасында өрт сөндіргіш және санитарлық, почта тасушы және монтёрлік, жүк тиегіш және аула тазалаушы, әскери және спорт автомобильдері кездеседі. Бұлардың бірқатары өзінің жүк көтергіштік өлшемімен, алып күштерімен таңқалдырды. Мәселен, Белорус автомобиль заводның 65 тонналық БелАЗ-524 маркалы самосвалы осындай. Сондай-ақ бір сапарында 120 тоннаға дейін жүк тасып әкете алатын нағыз алып- арнайы автопойыздар да бар. Бұлар ірі құрылыстар мен карьерлерде топырақ, құм, тас, руда тасиды.

Алып самосвалдың қасында жеңіл машина ойыншық тәрізді көрінеді. Мұның есесіне жеңіл машина өте қолайлы, шапшаң жүреді.

Тапсырма 27.11.Мәтіндер бойынша тапсырмалар.

Сөздік


Жолаушылар тасу-перевозка пассажиров

өздігінен жүретін-самоходная машина

тісті доңғалақ-зубчатое колесо

желкен-парус

бумашинасын жегу-загружать паровую машину

мыс қазан-медный котел

таусылу-кончаттся

тегіннен-тегін-неспроста

лаж-выход из какого-л. положения

күйме-карета,экипаж

қолайлы-удобный,подходящий

шапшаң-быстро,быстрый

жүк көтеру-поднять груз

мұржа-труба(печи)

ебедейсіз-неповоротливый

1)Мәтінен үстеулерді теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңдар.

2)Мәтіндерден салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңдар.

3)Сөйлемдердегі баяндауыш қызметін атқарып тұрған етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

4)Мәтіндердегі есімдерді түріне қарай ажыратыңыз.

5)Мәтін бойынша кестені толтырыңдар.



Автомобильдің атауы

Қызметі. Ол неге арналған.







6)Өздеріңе ұнайтын автомобильді суреттеңдер.

7)Досыңнан қандай автокөлікті ұнататындығын сұраңдар,диалог құрыңдар.


28-САБАҚ

Придагочное цели (Мақсат бағыныңқы)
Придаточное цели отвечает на вопросы неге? (зачем?), не үшін? (для чего?), не мақсатпен? (с какой целью?). Сказуемое придаточного предложения также образуется двумя способами:

  • От исходной формы глагола с предлогом үшін. Институтқа ерте жету үшін, біз тез жүрдік. Для того, чтобы пораньше дойти до института, мы шли быстро.

  • От повелительной формы глагола во всех числах и лицах со вспомогательным глаголом деп. Базарға барайын деп, автобусқа отырдым. Я села в автобус, чтобы добраться до базара. Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім. Я отправил тебя в магазин, чтобы ты купил продукты. Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеп берді. Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг.


Базарға барайын деп, автобусқа отырдым.

«Я села в автобус, чтобы добраться до базара».

Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім.

«Я отправила тебя в магазин, чтобы ты купил продукты».

Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп кітап әкеліп берді.

«Чтобы сын хорошо учился, отец принес ему много книг».

Институтқа тез жету үшін, біз тез жүрдік.

Для того, чтобы пораньше добраться до института, мы шли быстро.

Базарға барайын деп, автобусқа отырдым.

Я села в автобус, чтобы доехать до базара.

Дүкеннен азық-түлік әкел деп, сені жібердім.

Я отправила тебя в магазин, чтобы ты купил продукты.

Баласы жақсы оқысын деп, әкесі көп оқулық әкеліп берді.

Чтобы сын хорошо учился, отец купил ему много учебников.





Тапсырма 28.1. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Қонақтар демалсын деп (неге?), ол далага шыгып кетті. «Он вышел на улицу, чтобы гости отдохнули».

1. Қонақтар демалсын деп, ол далаға шығып кетті. 2. Институтқа ертерек бару үшін, біз жатақханадан ерте шықтық. 3. «Қыз Жібек» операсын тыңдау үшін, біз опера және балет театрына бардық. 4. Қымыз ішсін деп, баласын жайлауға жіберді. 5. Баласы шетел тілін үйренсін деп, ол баласын лингвистикалық мектепке орналастырды. 6. Қазақ тілін тез үйрену үшін, қазақтармен қазақша көбірек сөйлесу керек. 7. Алматыны көру үшін, ауылдан келдік. 8. Астанаға барайын деп, пойызға билет алдым. 9. Дүкеннен нан алсын деп, ақша бердім. 10. Атасы жазылсын деп, емханаға алып барды.



Тапсырма 28.2. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I.1. Жақсы оқу үшін, ... . 2. Дүкеннен кітап сатып алсын деп, .... 3. Адам тез жазылу үшін, ... . 4. Баласы білімді болсын деп, ... . б' Борщ пісіру үшін, ... . 6. Үйіне тез жетейін деп, ... . 7. Жұмыс бітсін деп, ... . 8. Шай ішейік деп, ... . 9. Қонақтар риза болсын деп, ... .

10. Тоңбау үшін, ... . 11. Ауырмау үшін, ... .

II.1. ..., мен сабағымды орындап қойдым. 2. ..., жұмысын бітірді. 3. ..., қазақ тілін үйреніп жүрмін. 4. ..., соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. ..., көп дайындалдым. 6. ..., маған телефон соқты. 7. ..., ерте жаттық. 8. ..., үйді жинадық. 9. ..., тамақ пісірдік. 10. ..., қатты сөйледі. 11. ..., аяғына жаңа етік сатып алды.



Тапсырма 28.3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді? 2. Үйге сәлемдеме жіберу үшін, не істеу керек? 3. Жақсы демалу үшін, қайда бару керек? 4. Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз? 5. Институтты жақсы бітіру үшін, не істеу керек? 6. Ана тіліңізді білу үшін, не істеуіңіз керек? 7. Достарың көп болу үшін, не істеу керек? 8. Сіз мына жаттығуды неге орындап отырсыз? 9. Бесбармақ жасау үшін, не істеу керек? 10. Сіз теміржол бекетіне не үшін келдіңіз?



Тапсырма 28.4. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Я пришел в столовую, чтобы пообедать. 2. Для того, чтобы выздороветь, ты должен лечиться. 3. Вы вышли из дому рано, чтобы не опоздать на поезд. 4. Для того, чтобы быть образованным, я много читаю. 5. Моя мама отправила меня на базар купить овощи и фрукты. 6 Для того, чтобы не заболеть, он надел пальто. 7. Мы отправились в кино, чтобы посмотреть интересный фильм. 8. Абай изучал русский язык' чтобы познакомиться с русской культурой, литературой и историей. 9. Берик позвонил, чтобы поговорить с тобой. 10. Я много работал, чтобы вовремя закончить работу.



Придаточное времени (Мезгіл бағыныңқы)
Придаточное времени указывает на время действия главного предложения и отвечает на вопросы қашан? «когда?», қашаннан бері? «с каких пор?», қашанға дейін (шейін)! «до каких пор?» Сказуемое придаточного предложения времени образуется

двумя способами:

• при помощи суффиксов причастия -ған/-ген,-қан/-кен, которые прибавляются к корню глагола-сказуемого, а затем следуют вспомогательные окончания и частицы -да/-де, -ша/-ше, -ға/-ге дейін (шейін), -нан/-нен кейін, соң, кезде:

Мен кел-ген-де, сен үйде жоқсың. Когда я пришел домой, тебя не было дома. Мен кел-ген-ше, сен үйде отыр. Пока я не приду, сиди дома. Шешесі жұмыстан кел-ген-ге дейін (шейін), қызы тамақ пісіріп қойды. Пока мама не пришла с работы, дочь приготовила ужин. Емтихан тапсыр – ған – нан кейін, үйге барамыз. Қак только сдадим экзамены, поедем домой. Жиналыс біт-кен соң, біз үйге кеттік. Как только закончилось собрание, мы отправились домой. Біз кел-ген кезде, олар жоқ. Когда мы пришли, их не было.

Тапсырма 28.5. Сөйлемдерді оқып, салыстырыңыз.

Мен келгенде, сен жоқсың.


Когда я пришел, тебя не было.

Мен келгенше, сен үйде отыр.


Пока я не приду, сиди дома.

Сабақ біткен соң, біз үйге кеттік.

Как только закончился урок, мы отправились домой.

Біз келген кезде, олар жоқ болды.


Когда мы пришли, их не было.

Емтихан тапсырғаннан кейін, үйге барамыз.

Как только сдадим экзамены, поедем домой.

Сен келгенге дейін(шейін), мен жұмысты бітіремін.

Я закончу работу до того, как ты придешь.











Тапсырма 28.6. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Баласы алтыға келгенде (қашан?), әкесі оны оқуға берді. «Когда ребенку исполнилось шесть лет, отец отправил его учитъся».

1. Баласы алтыға келгенде, әкесі оны оқуға берді. 2. Шешесі жұмыстан келгенге дейін, қызы тамақ пісіріп қойды. 3. Күз болғанда, құстар жылы жаққа кетеді. 4. Сен келгенде, мен кітап оқып отыр едім. 5. Мен оқу бітіргенше, ағам зауытта жұмыс істеді. 6. Мен оқуды бітірген соң, ағам екеуміз ауылға барып жұмыс істейміз. 7. Ол шетелге кеткелі, екі жыл болды. 8. Сабақ біткен соң, бәріміз кино көруге кеттік. 9. Ол институтқа келгеннен кейін, қоңырау соғылды. 10. Біз театрға келгенде, концерт әлі басталмапты. 11. Мен дүкенге келген кезде, адам көп болды. 12. Сұрақтарға жауап берген соң, мәтінді оқы.

Тапсырма 28.7. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I. 1. Жаңбыр жауғанда, ... . 2. Жаңа жыл келгенде, ... . 3. Сәрсен ауылға кеткелі, ... . 4. Орта мектепті бітірген соң, ... . 5. Сабақ басталғанша, ... . 6. Біз кеткеннен кейін, ... . 7. Жұмыс біткен соң, ... . 8. Астанаға келген кезде, ... . 9. Концерт басталғанша, ... . 10. Күн жылынған соң, ... . 11. Сені көрмегелі, ... .

II. 1. ..., студенттер үйлеріне кетеді. 2. ..., сауда орталығына барамыз. 3. ..., екі жыл өтті. 4. ..., сендер осында отырыңдар. 5. ..., қонақтар далаға шықты. 6. ..., емтиханды жақсы тапсырды. 7. ..., университетке түседі. 8. ..., күн жылынды. 9. ..., тамақ жасады. 10. .., адам көп екен.

Тапсырма 28.8. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Күн жылы болғанда, Сіз не істейсіз? 2. Тамақ піскен кезде, кім келді? 3. Кітап оқымағалы көп болды ма? 4. Сіз қашаннан бері қазақша түсінетін болдыңыз? 5. Қашанға шейін оқисыз? 6. Сабақ біткен соң, не істейсіз? 7. Алматыға келгеннен кейін, не істейсіз? 8. Күз келгенше, не істеуіңіз керек? 9. Мұғалім келген кезде, Сіз не істеп отырдыңыз? 10. Мектепті бітіргелі көп болды ма?

Тапсырма 28.9. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. В то время, когда ты читаешь текст, Арман пишет предложение на доске. 2. Когда идет снег, дети радуются. 3. Когда мы были в лесу, пошел дождь. 4. Когда наступит лето, мы поедем в деревню. 5. Когда ты гуляешь, он обедает. 6. Когда Болат закончит среднюю школу, поступит в институт. 7. Когда наступила осень, листья на деревьях пожелтели. 8. Когда преподаватель спрашивает, студенты отвечают. 9. Салтанат уже два года не была дома. 10. Когда я позвонил тебе, дома никого не было. 11. Пока не закончу работу, никуда не пойду.
Автомобильдің жалпы құрылысы
Автомобиль конструкциясына қарамай, 3 негізгі бөліктен тұрады: двигательден, кузовтан және шассиден.

Двигатель – автомобильді қозғаушы механикалық энергия көзі. Цилиндрлердегі жанармайдың жану кезінде пайда болатын двигательдей жылудан механикалық жұмыс пайда болады.

Кузов жүк машиналарында жүргізушіне, жүкті немесе жолаушыны тасуға арналды. Кузов платформадан, кабинадан, капоттан, облицовкадан (беткі қабаттан) және қанаттардан тұрады.

Шассиге барлық механизмдер мен агрегат кіреді, яғни жүру бөлігі (ходовая часть), рөлмен басқару (рулевое управление), және автомобиль жүргісі (қозғалысы) (передвижения автомобиля).

Трансмиссия ілгіштен (сцепление), берілім қорабынан (коробка передач), кардан берілімінен (карданная передача) тұрады.

Ілгіш автомобиль қозғалғанда берілім кезіндегі қосылыс үшін қажет. Берілім қорабы автомобиль жылдамдығы мен бағытын өзгертуге арналған. Кардан берілімі бұрыштар астымен білік айналысын жетекші қорапқа беруге керек.

Жетекші бөлік (вед. лист) айналысты арттыруға қажет. Жүру бөлігі автомобильдің қозғалысын реттейді. Рөлмен басқару автомобиль бағытын өзгертуге арналған. Тежеуіш жүйе (тормозная система) автомобиль қозғалысын бәсендетеді немесе тоқтатады.

Тапсырма 28.10. Қандай жұмыс атқарады?Жалғастырыңыз.

1. Двигатель ....................................................... .

2. Кузов ............................................................... .

3. Шасси ............................................................... .



Тапсырма 28.11. Сұраққа жауап беріңіз.

1. Автомобиль конструкциясы неше бөліктен тұрады?

2. Двигатель қандай қызмет атқарады?

3. Кузов қандай қызмет атқарады?

4. Шасси қандай бөліктерден тұрады?

Тапсырма 28.12. Сәйкестендіріңіз.

ілгіш автомобил қозғалғанда

автомобиль жылдамдығы мен бағытын өзгертуге арналған

Кардан берілімі

айналысты арттыруға қажет

Берілім қорабы

бұрыштар асты мен білік айналысын жетекші қорапқа беруге керек

Жетекші бөлік

автомобильдің қозғалысын реттейді

Жүру бөлігі

беріліс кезіндегі қозғалыс үшін қажет

Тапсырма 28.13. Орысшадан қазақша аударыңыз.
Автомобили ОАО КамАЗ. Базовая модель — автомобиль КамАЗ-53215 с бортовой платформой и колесной формулой 6x4. Он снаб­жен дизелем мощностью 176 кВт, имеет грузоподъемность 11 т и может быть использован как автомобиль-тягач в составе автопоез­да с прицепами и полуприцепами. Модификации этой модели: се­дельные тягачи, автофургоны, самосвалы и др.

29-САБАҚ


Придаточное образа действия

(Қимыл-сын бағыныңқы)
Придаточное образа действия показывает как происходит действие в главном предложении и отвечает на вопросы қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?) Сказуемое придаточного предложения образа действия образуется тремя способами:

  • При помощи суффиксов –ып/-іп/-п. Олар су іш-іп, шөлдерін қандырды. Выпив воды, они утоляли жажду.

  • При помощи суффиксов ____, за которыми следуют суффиксы –дай/-дей. Ол адамдар еститіндей, қатты сөйледі. Он говорил так громко, чтобы люди могли его слышать.

  • При помощи суффиксов –а/-е/-й, которые присоединяется к глаголам с отрицательными –ма/-ме, -ба/-бе, -па/пе. Арман кел-ме-й жұмыс бітті. Работа закончилась до того, как пришел Арман.




Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.


Выпив воды, они утолили жажду.

Ол адамдар еститіндей, қатты сөйледі.

Он говорил так громко, чтобы люди могли слышать его.

Марат келмей, жұмыс бітті.

Работа закончилось до того, как пришел Марат.





Тапсырма 29.1. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I. 1.Жаңбыр жауғанда,_______. 2.Жаңа жыл келгенде, _________. 3.Сәрсен ауылға кеткелі,_________ 4.Орта мектепті бітірген соң, ________. 5.Сабақ басталғанша,________.6.Біз кеткеннен кейін,________. 7.Жұмыс біткен соң,________. 8.Астанаға келген кезде,________. 9.Концерт басталғанша,__________.10.Күн жылынған соң,_________.11.Сені көрмегелі,________.

II. 1.________,студенттер үйлеріне кетеді. 2._________,сауда орталығына барамыз. 3._________,екі жыл өтті. 4._______,сендер осында отырыңдар. 5.________,қонақтар далаға шықты. 6.________,емтиханды жақсы тапсырды. 7.________, университетке түседі. 8._______, күн жылынды. 9._______,тамақ жасады. 10._______,адам көп екен.

Тапсырма 29.2. Мына сөйлемдерді көшіріп жазып, басыңқыдан бағыныңқыға қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.

Үлгі: Тыңдаушылар сүйсінетіндей (қалай?), ол ән салды. «Он пел так, что зрители умилялись».

1. Тыңдаушылар сүйсінетіндей, ол ән салды. 2. Жел күшейіп, ауа райы бұзыла бастады. 3. Таңертең ерте тұрып, мен дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын. 4. Оны біреу асықтырғандай, ол жазуын шапшаң жазып отыр. 5. Сен киінбей, далаға шықпа. 6. Өзеннен су ішіп, бұзаулар шөлдерін қандырды. 7. Ойына әлде не түскендей, ол институтқа қайта оралды. 8. Майра дүкеннің істемейтінін білгендей, дүкенге бармады. 9. Ол бұрын біздің үйде болғандай, өзін еркін ұстап отыр. 10. Балалар Жаңа жылды асыға күтеді. 11. Бірлік болмай, тірлік болмас.
Тапсырма 29.3. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I.1. Қыс түсіп, ... . 2. Асханадан тамақ ішіп, ... . 3. Мен келмей, ... . 4. Мұғалім сабақ бастамай, ... . 5. Ол мені білетіндей, ... . 6. Тыңдаушылар таң қалатындай, ... . 7. Жұмыс бітпей, ... . 8. Әрсен асығып, ... . 9. Көрермендер сүйсінетіндей, ... . 10. Жаңбыр жауып, ... .

II.1. ..., мен дене шынықтыру жаттығуларын орындаймын. 2. ..., ол хатты шапшаң оқып тұр. 3. ..., ол институтқа тез келді. 4. ..., соңғы хабарларды тыңдаймын. 5. ..., олар мектепке бармады. 6. ..., емтиханды жақсы тапсырды. 7. ..., ұйықтайды. 8. ..., жиналысты бастамаймыз. 9. ..., ет піспеді. 10. ..., қатты сөйледі.
Тапсырма 29.4. Қазақ тіліне аударыңыз.

1.Он оделся так, словно на улице холодно. 2. Он ест так, будто голоден. 3. Они хвастаются, как будто много знают. 4. Учитель говорит так, что все его слушают с интересом. 5. Ермек говорит так тихо, что мы его не слышим, 6. Я включив телевизор, смотрю интересный фильм. 7. Он, встав рано утром, умылся, оделся и ушел на работу, не позавтракав. 8. Он чувствовал себя так, как будто был здесь раньше. 9. Салтанат была дома, как будто знала, что я приду. 10. Говорит так, как будто кто-то за ним гонится.

Придаточное причины

(себеп бағыныңқы)

Придаточное причины указывает на причину того, о чем говорится в главном предложении и отвечает на вопросы неге? (почему?), неліктен?(отчего?), не себепті (по какой причине?). Сказуемое придаточного предложения причины образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов –ған/-ген,-қан/-кен, -діктен или послелоги соң,

кейін, себепті, үшін.

Ақша болмағандықтан ,дүкенге барған жоқпыз.

Мы не пошли в магазин, так как у нас не было денег.

Сен онымен кездескеннен кейін, мен оған телефон соқпадым.

Я ему не позвонил, потому что ты с ним уже встретился.

Сен оған айтқан соң, мен үндемедім.

Я промолчал, потому что ты ему уже рассказывал.

Уақытым болмаған себепті, қонаққа бармаймын.

Я не пойду в гости, потому что у меня нет времени.





Тапсырма 29.5. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

I.1.Жақсы оқу үшін,_______.2.Дүкеннен кітап сатып алсын деп,_____.3.Адам тез жазылу үшін,_______.4.Баласы білімді болсын деп,_______.5.Борщ пісіру үшін,_______.6.Үйіне тез жетемін деп,______.7.Жұмыс бітсін деп,______.8.Шай ішейік деп,_______.9.Қонақтар риза болсын деп,_______.10.Тоңбау үшін,_____.11.Ауырмау үшін,______.

Тапсырма 29.6. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Азық-түлік алсын деп, шешесі қанша ақша берді? 2.Үйге сәлемдеме жіберу үшін, не істеу керек? 3.Жақсы демалу үшін, қайда бару керек? 4.Сіз қазақ тілін неге үйреніп жүрсіз? 5.Институтты жақсы бітіру үшін, не істеу керек? 6.Ана тіліңізді білу үшін не істеу керек? 7.Достарың көп болу үшін, не істеу керек? 8.Сіз мына жаттығуды неге орындап отырсыз? 9.Бесбармақ жасау үшін, не істеу керек? 10.Сіз теміржол бекетіне не үшін келдіңіз?

Екінші семестрде өтілген тақырыптарды қайталау.Қосымша тапсырмаларды орындау.


30-сабақ

Қорытынды сабақ
1 нұсқа
1.Өскемен титан-магний комбинатының өнімдері қайда пайдаланылады?

А)Шетелдерде

Б)Қазақстанда
В)Шығыс Қазақстан облысында

Г) Алжирде

Д) Үнді мұхитында.
2.Сіздердің демалғыңыз келеді. Аудармасы.

А)Вы хотите отдохнуть.

Б)Вам хочется отдохнуть

В)Вы отдохните.


Г)Вы пришли отдохнуть.

Д)Вам надо отдохнуть.


3.Киім бөлімінде ….сатылады.

А)Күй табақтары, ыдыс-аяқ

Б)Маталар, зергерлік бұйымдар
В)Жеміс-жидек, қант, ұн

Г)Көйлек, шалбар, іш киімдер.

Д)Ойыншық, азық-түлік, ине.
4.Астана қаласына неше жыл?

А)он екі

Б)он сегіз

В)он


Г)он үш

Д)он бес
5.Он сегізге отыз екіні қосса…

А)Бес жүз жетпіс алты

Б)Елу


В)Он төрт

Г)Жиырма сегіз

Д)Елу алты
6.Мына сөздер қашан айтылады?

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң, жол болсын!

А)Жаңа жыл 1 қаңтарда.

Б)Туған күнде.

В)Мерейтойда

Г)Наурызда.

Д)Тәуелсіздік күнінде.


7.Етістік қай, етісте қолданылған?

Автомобильден сақтан!

А)Негізгі етіс

Б)Өздік етіс

В)Ырықсыз етіс

Г)Ортақ етіс

Д)Өзгелік етіс
8.Бір түбірлес сөздер қатарын табыңыз.

А) Басшы, бастау, басқару.

Б) Алу, алға, алма /яблоко/
В) Ақ, ағару, ақылды.

Г)Бөлу, бөлшек, бөлме /комната/


Д)Қор /фонд/, еңбекқор, қорлау
9.ҚР ұлттық валютасы қай жылы қабылданды?

А) Мың тоғыз жүз тоқсан төртінші жылы

Б) Мың тоғыз жүз тоқсан үшінші жылы
В) Мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы

Г) Мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылы


Д) Мың тоғыз жүз тоқсан бесінші жылы
10.Күшейту үстеулерін табыңыз.

А)Биыл, былтыр, аз

Б)Бүгін, әдейі, зорға
В)Кеш, ерте, кеше

Г)Артқа, алға, үстінде

Д)Аса, өте, ең
11.Он сегізді алтыға көбейтсе ….

А)Он екі

Б)Жиырма төрт

В)Жүз сегіз

Г)Үш

Д)Тоғыз
12.Дұрыс құрылған сөйлемді анықтаңыз.



А)Берік театрдың алдынан тұрады.

Б)Барлық металдардың ішінен мыстан гөрі күміс қана электр тогын тәуір өткізеді.


В)Үйдің астында балалар жүр
Г)Қыстың шетінде күн суық болды.
Д)Мектеп біздің үйдің үстінде.
13.Мыстың қасиеттері.

А)Сынғыш, созылғыш, берік

Б)Қақталғыш, созылғыш, оңай өңделетін.
В)Электр тогын өткізеді, ауыр.
Г)Жылуды жақсы өткізеді, ақ, төзімді.
Д)Оңай балқиды, мықты, зиянды.
14.Мыс қорытпалары қайда болады?

А)Темір, көмір, калий

Б)Жез, қола, мельхиор
В)Күміс, бериллий, болат.
Г)Алтын, мельхиор, мырыш.
Д)Темір, боксит, қола.
15.Алюминий …. Металл.

А)Төзімді, жеңіл, түсті.

Б)Ауыр, қара, ток өткізгіш.
В)Ақ, берік, асыл, қиын балқитын.
Г)Шашыраңқы, жылу өткізгіш.
Д)Сілтілі, түсті, созылғыш.
16.Алюминий ….. қолданылады?

А)Автомобиль өндірісінде.

Б)Тамақ өнеркәсібінде, мал шаруашылығында.
В)Авиацияда, металл өңдеуде.
Г)Электроникада, өнерде, әдебиетте.
Д)Саясатта, космонавтикада, химия өнеркәсібінде.
17.Мысты зерттеген ғалым …

А)А.Сағынов

Б)Қ.Сәтбаев
В)Е.Бөкетов
Г)Сұлтанғазин
Д)Ш.Уәлиханов.
18.Қатені табыңыз.

А)Сағат он бір жарымда үзіліс болады.

Б)Мен оны саған жетіден он бес минут кеткенде көрдім.
В)Сағат бір жарым келіңіз.
Г)Қазір таңертеңгі сағат тоғыз.
Д)Еңбек ету үшін уақыт табыңыз, бұл – жанның әуені.
19.Уақытымыздың жаулары:

А)Еңбек ету, көп оқу.

Б)Уақытты саналы сезіну.
В)Армандау үшін уақыт табыңыз.
Г)Көп ұйықтау, жалқаулық, жоспарлай білмеу.
Д)Уақыт талабына сай құралдарына құралдарды енгізу.
20.Дұрыс жауапты табыңыз. Уақыт қанша?

А)Екі сағат он бес минут.

Б)Сағат бірден жиырма минут қалды.
В)Сағат он екі жарымнан кетті.
Г)Сағат сегізге қарай келемін .
Д)Бір жарым сағат ішінде.
21.Сағат неше болды? 1115

А)Он бірге он бес минут қалды.

Б) Он бірден он минут кетті.
В) Он бірден бес минут кетті

Г) Он бір жарым


Д)Он бірден жиырма бес минут кетті
22.Дұрыс аудармасын табыңыз. Он меня ждал в институте в 2 часа.

А)Ол мені институтта сағат екіде күтті.

Б) Ол мені институтта күтті.
В) Ол мені институтта сағат екі жарымда күтті.

Г) Ол мені институтта сағат екіге дейін күтті.


Д) Ол мені институтта ұзақ күтті.
23.Маятникті сағат қай жылы пайда болды?

А)1767 Б) 1788 В) 1650 Г) 1657 Д)1600


24.Сұрау есімдігін табыңыз.

А) Барша Б) Қанша В) Мен Г) Бірнеше Д) Өзің


25.Қара металлургия өнімі.

А)Сілті. Б) Ертінді В) Қышқыл Г) Шойын Д)Жез


26.Мекен үстеуі бар сөйлемді табыңыз.

А)Біз осындамыз.

Б) Мен үшін ең жақын адам –шешем.
В) Кітапты көп оқу керек.

Г) Наташа қазақша жақсы сөйлейді.


Д)Әдейі сенен сұрағалы отырмын.
27.Айырықша физикалық қасиеттері бар болат қай салада қолданылады?

А)Электр техникасы

Б) Химия өнеркәсібі
В) Әскери техника жасау саласы

Г) Машина жасау саласы


Д)Тоқыма өнеркәсібінде
28.Қазақстандық металлург - ғалымдар.

А)А.С.Никольский, В.Д.Понамарев.

Б)А.Қонаев, Е.Букетов, Б.Бейсембаев.
В)В.В.Михайлов, А.Сапарбаев.

Г)Қ.Сәтбаев, А.И.Зазубин, Б.Рахманов.


Д)Е.Шалабина, А.Алексеев, З.Аскаров.
29.Сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңдар.На берегу озера есть хороший дом отдыха.

А)Теңіздің жағасында жақсы демалыс үйі бар.

Б) Қаланың сыртында жақсы демалыс үйі бар.
В) Ауылдың жанында жақсы демалыс үйі бар.

Г) Көлдің жағасында жақсы демалыс үйі бар.


Д)Орманның ішінде жақсы демалыс үйі бар.
30.Алюминийдің жер қыртысындағы салмағы қанша пайызды құрайды?

А)8.8 % Б) 9.2 % В) 7.6 % Г) 8.6 % Д)7.8 %


31.Мыс пен қалайының қорытпасы.

А)Болат Б) Шойын В) Жез Г) Ферроқорытпа Д)Қола


32.Дара етістіктерді табыңдар.

А)Ойнап-күлу Б) Тазалау В) Ант беру Г) Көмек беру Д)Сөз беру


33.Тұйық етістікті табыңдар.

А)Ойласу Б) Ойламады В) Ойласты Г) Ойлаған Д)Ойлайды


34.Қарағанды металлургия комбинатының «1700» ыстықтай қақтау цехы қай жылы іске қосылды?

А)1966 Б) 1967 В) 1964 Г) 1968 Д)1965


35.Бұйрық райдағы етістіктерді табыңдар.

А)Оқысын Б) Оқиды В) Оқымақ Г) Оқыды Д)оқыған


36.Шартты райдағы етістікті көрсетіңіз.

А)Айтады. Б) Айтсам В) Айтшы Г) Айтсын Д)Айтпаймын.


37.Қалау райдағы етістікті табыңыз.

А)Көріңдерші Б) Көріңдер В) Көрсінші Г) Көрмеген Д)Көргім келеді.


38. «Қазақмыс»- ірі түсті металлургия кәсіпорыны қай жылы құрылған?

А)1997 Б) 1996 В) 1994 Г) 1995 Д)1993


39.Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты өнімнің неше түрін шығарады?

А) Он төрт Б) Он сегіз В) Он алты Г) Он жеті Д)Он бес


40. Өскемен титан-магний комбинаты қай жылы іске қосылған?

А)1960 Б) 1965 В) 1963 Г) 1962 Д)1964


41.Сағат неше болды? 1050

А)Онға он бес минут қалды.

Б) Онға он минут қалды.
В) Он бірге он минут қалды

Г) Оннан он минут кетті

Д)Оннан жиырма минут кетті
42.Дұрыс аудармасын табыңдар. Он уежает сегодня вечером в 9 часов.

А)Олар кеше сағат кешкі тоғызда кетеді.

Б) Олар кеше сағат кешкі тоғызда кетті.
В) Олар бүгін сағат сегізде кетеді.

Г) Олар ертең кешке кетеді.


Д) Олар бүгін кешкі сағат тоғызда кетеді.
43.Белгісіздік есімдігі бар сөйлемді табыңыз.

А)Бәрі үйде ме?

Б) Үйге біреу келді.

В) Өздерің қайдан боласыңдар?


Г) Ешкім ештеңе көрмепті.

Д)Бұл қалай болды?


44.Қара металлургия өніміне не кірмейді?

А)Жез Б) Шойын В) Болат Г) Илек Д)Рельс


45.Темірдің негізгі қорлары Қазақстанның қай аймағында шоғырланған?

А)Шымкент, Тараз

Б) Алматы, Талдықорған
В) Ақтөбе, Атырау

Г) Семей, Өскемен

Д)Қостанай, Қарағанды.
46.Топтау үстеуін табыңыз.

А)Кеше Б) Рет-ретімен В) Ілгері Г) Әдейі Д)Талай


47.Легирленген болат құрамына не кірмейді.

А)Күміс Б) Хром В) Никель Г) Молибден Д)Ванадий


48.Аспаптық болат …… пайдаланылады.

А)Тамақ өнеркәсібінде.

Б)Мыс өндірісінде.

В)Кесу, өлшеу, штамп аспаптарын жасауда.


Г)Әшекейлер жасауда.

Д)Машина жасауда.


49.Сөйлемнің дұрыс аудармасын табыңыз. Мы были за городом.

А)Біз қаланың ішінде болдық.

Б) Біз қаланың сыртында болдық.
В) Біз қалада болдық.

Г) Біз басқа қалада болдық.

Д) Біз қалада болған жоқпыз.
50.Қай қасиет алюминийге тән емес?

А)Жеңіл


Б) Электр тогын жақсы өткізеді

В) Қатты металл


Г) Ток өткізгіш

Д)Созуға, созуға икемді


51.Мысты мырышпен қосып балқытқанда не алынады?

А)Жез Б) Қола В) Шойын Г) Ферроқорытпа Д)Болат


52.Күрделі етістікті табыңдар.

А)Ақылдасу Б) Ойлау В) Армандау Г) Рұқсат ету Д)Қателесу


53.Туынды етістікті табыңдар.

А) Оқу Б) Шегелеу В) Бару Г) Табу Д)Қону


54.Қарағанды металлургия комбинаты қай жылы акционерлік қоғамға айналды?

А)1989 Б) 1988 В) 1992 Г) 1993 Д)1994


55.Бұйрық райдағы сөйлемді табыңдар.

А)Көктем ерте келді Б) Студенттер кітапханаға кетті


В) Олар жұмысқа келсін Г) Сабақ басталды Д)Мұғалім сыныпқа кірді.
56.Қайсысы құттықтау кезінде қолданылады?

А)Аман-сау жүрсіз бе? Б)Салтанатты жиналысқа келіңіз. В)Туған күніңізбен!


Г)Темекі шегуге болмайды. Д)Ас дәмді болсын.
57.Қатені табыңыз.

А)Семестр басында емтихандар болады. Б)Қаланың жанында өзен бар.


В)Достарымның арасында оқу озаттары көп. Г)Таудың басында ақ қар жатыр.
Д)Біз орманның ішіндеміз.
58. «Берік» сөзінің синонимі.

А)Арзан. Б)Биік. В)Мықты. Г)Көп. Д)Әсем.


59. «Төзімді» сөзінің антонимі.

А)Төзімдірек. Б)Төзімділеу. В)Тым төзімді. Г)Төзімсіз. Д)Берік.


60.Сын есімді табыңыз.

А)Әдейі Б)Икемді В)Жылдам Г)Бірнеше Д)Түнде









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет