Сабақ «Заттың тығыздығы тақырыбына есептер шығару»



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі1 Mb.
#27118
түріСабақ
  1   2   3
В.И.Ленин атындағы №1 орта мектеп

Ашық сабақ

« Заттың тығыздығы тақырыбына есептер шығару »

7 сынып

Физика пәні



Жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Успанова Зәуре Темірбайқызы

2015-2016 оқу жылы

Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың тақырыбы

Заттың тығыздығын табуға есептер шығару

Сілтеме

Жоспар, В.И.Лукашик «Физика сұрақтары мен есептерінің жинағы»,

Математика және физика журналы, №1-2002, ғаламтор, А.И.Сёмке «Физика» занимательные материалы к урокам

Жалпы мақсаты

Заттың тығыздығы жайлы мағлұмат беру

Заттың тығыздығын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Бірін-бірі бағалауға баулу


Күтілетін нәтиже

Заттың тығыздығы жайлы мағлұмат алады

Заттың тығыздығын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

Бірін-бірі бағалай алатын болады


Сабақта қолданылған көрнекі-құралдары:

Жаңа тақырыптарға арналған слайдтар, бағалау парақшалар, маркер, интербелсенді тақта, магнит, үлестірме парақшалар, шарлар, өлшем бірліктер, смайликтер, жұлдызшалар

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс,жеке жұмыс, «Білім ағашы», оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау, сергіту сәті

Негізгі идеялар

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массамына тең физикалық шаманы айтады.

Зат тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да кг/м3 алынады.





Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 мин)


    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (физикалық шамалар (масса,көлем,тығыздық) арқылы 3 топқа бөлінеді)

Әр топ топ басшысын сайлайды.



ІІ. Өткенді қайталау.(3мин)

Көршіңді бағала ( тапсырмамен парақтар таратылады, белгілі уақыттан кейін көршісімен алмасып бағалайды.5-ұпайдан ) Слайд №1

  1. Заттың тығыздығы дегеніміз

  2. Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ=__________

3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=_______

4. Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:

1 г/см3 = ______________ кг/м3

1 т/м3=_____________ кг/м3

5. Бірдей шелектердің біріне ауыз су, екіншісіне теңіз суы толтырылған. Бұлардың массалары бірдей бола ма? ______________________________________
IІІ. Топтық жұмыс

Физикалық эксперимент ( 10 минут)

Үстел үстіндегі құралдарды өз топтарының атына байланысты құралдарды алу

Құралдар:Мензурка,таразы,суы бар ыдыс,сызғыш,гирлер,ағаш білеуше,темір цилиндр

Мұғалімнің іс-әрекеті: жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді: Әр топ тапсырма орындау барысында бір оқушы өлшеу керек, келесі мәндерін тақтаға жазу керек, кейінгі оқушы есептеп шығарулары керек. Есептің жазылу реті қатаң тәртіппен болу керек.Және қосымша сұрақтармен қорытынды жасалады

Тапсырма №1

Зерттейік, бақылайық, талқылайық. (10-ұпай) Слайд №2

І топ: Ағаш білеушенің тығыздығын табу керек. Оқушылар ағаш білеуше, таразы, сызғыш көмегімен тапсырманы зерттеп, есептеп, талдап берулері керек.
ІІ топ: Мензурка көмегімен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығын табады.

Оқушыларға мензурка,тас, жүктер әртүрлі салмақтағы т.б, жіп беріледі.


ІІІ топ: Сурет көмегімен есептейді


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет