Сабақ№25 Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы



Дата10.06.2017
өлшемі237,78 Kb.
#18501
түріСабақ
Күні: Класс: 7А Сабақ№25

Сабақтың тақырыбы: Өзен шаяны. Тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы

Мақсаты: Буынаяқтылар типінің негізгі өкілі өзен шаянының тіршілік ортасы, және олардың табиғатта таралуы, құрылыс ерекшеліктері, кластарға жіктелуі туралы түсіндіру.

Міндеттері: Білімділік: өзен шаянының құрылысы тіршілік ортасы және ерекшеліктері туралы түсінік беру.



Дамытушылық: Оқушылардың биологиялық дүниетанымын, танымдық қабілеттерін, теориялық алған білімдерін және ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастыра отырып, шапшаңдыққа, ұшқыр ойлауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, сайыс

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Көрнекілігі: үлестірмелі карточкалар, таблицалар, муляж

Сабақтың барысы:
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Тақырыбы: Типтің жалпы сипаттамасы. Буынаяқтылардың буылтық құрттардан ұқсастығы және айырмашылығы. Кластың жалпы сипаттамасы.

1.Мүшелер жүйесінің ерекшеліктеріне қарай типтерге сипаттама беру.

Қарапайымдылар типі 2 ,9,12, 16, 19

Ішекқуыстылар типі 3, 8, 10, 13, 15

Құрттар типі 4, 6, 14, 18, 20

Ұлулар типі 1, 5, 7, 11, 17,
1.Екі үш қуысты жүрегі бар

2.Қолайсыз жағдайда циста түзеді

3. Сәулелі симметрия

4. Алғаш рет аралық мезодерма қабаты түзілді.

5.Өкпе және желбезек арқылы тыныс

6. Алғаш рет зәр шығару жүйесі пайда болды

7.Қанайналым ашық жүйелі

8. Алғаш рет жүйке жасуша пайда болды

9. Талшық, жалған аяқ, кірпік арқ қозғалады

10. Атқыш, аралық жасушалары бар

11.Бас, тұлға,аяқ, бақалшақ

12. Бір жасушалы жәндіктер

13.Көп жасушалы, екі қабат түзілді.

14.Алғаш рет түйық қан айналым жүйесі пайда болды.

15. Регенераци құбылысы алғаш жүрді

16. Асқорту қызметі (фогацитоз,пиноцитоз) жолымен жүреді

17.Үккі тіл, бауыр безі

18. Кірпікшелі дернәсілдерін трохофора деп атайды.

19.Лейшмания, лямблия, құртамыш, трипаносома паразитті жәндіктер

20. Ауыз қуысы-жұтқыншақ-өңеш-жемсау-бұлшықетті қарын-аналь тесігі



2.Биологиялық диктант (Терминді сөздермен жұмыс)

1.Тірі ағзалардың сыртқы немесе немесе ішкі тітіргенгіштерге жүйке жүйесі арқылы жауап қайтаруы – рефлекс деп аталады.

2.Денедегі зақымданған немесе жойылып кеткен үлескінің бұрынғы қалпына қайта келу құбылысы регенерация деп аталады.

3. Мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпасын – паренхима дейміз

4.Ағзадағы белгілі бір құрылысы бар, үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі – мүше деп аталады

5.Сиыр цепенінің асбұршақтай көпіршікті дернәсіл – финка деп аталады.екінші

6.Бір ағзада аналықбез бен аталықбездің орналасуы гермафродит немесе қосжынысты деп аталады.

7.Құрттың сыртын дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас қабықша – кутикула деп аталады.

8.Ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек жәндікке ұқсас жас жәндіктердің пйда болуы – тура даму деп аталады.

9. Жұмыртқадан шыққан дернәсіл ересегіне мүлдем ұқсамай пайда болатын үрдісті – түрленіп даму деп аталады



3.Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің тіршілік ортасы және оларға сипаттама беру. «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру

1.Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің тіршілік ортасы – суда да, құрлықта да, паразиттік жолмен де тіршілік етеді. +

2.Аяғы бунақталған +

3. Сәулелі симметриялы -

4. Денесінің сырты тығыз кутикуламен қапталған -

5.Бас,көкірек, құрсақ +

6. Ауыз апараттары кеміруге, шаншып соруға, жалауға бейімделген +

7.Көру, иіс сезу, сипап сезу, тепе-теңдік сақтау жақсы дамыған +

8. Зәр шығару мүшелері жасыл без, мальпигий және сатанбез тамыршалары бар +

9. Асқорыту жүйесідамымаған -

10.Буынаяқтылар даму кезінде жиі-жиі түлемейді -

ІІІ. Жаңа сабақ

Жоспар;

Миға шабуыл.

- Тақтадан қандай жәндіктердің суретін көріп тұрсыңдар?



- Бұл жәндіктердің аты қандай? Топпен жүмыс

I. Қызығушылықты ояту 1. «ШАЯН» сөзіне ассоциация



II. Мағынаны тану

1.Мәтінмен жұмыс

Өзен шаяны өзен-көлдер мен ағынды тоғандарда мекендейді. Бұл-судың тазалығын қажет ететін шаян. Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.Шаянның баскөкірегі алты бунақты құрсақпен жалғасып, бунақтардың әрқайсысында екі-екіден екі тармақты қысқа аяқшалар болады. Шаянның құрсағы жалпақтау келген қатты тақташадан тұратын құйрық жүзбеқанатымен аяталады. Құрсақтың соңғыбунағында аналь тесігі болады.Шаян денесін қатты хитинді жабын қаптағандықтан, сілемейлі қабықшамен қапталған денені шұбалшаң тәрізді соза немесе жиыра алмайды. Сондықтан ол су түбінде бунақтанған жүру аяқтары арқылы жүреді , суда бунақтанған құрсағын лезде бүгіп, құйрық жүзбеқанатын қатты серпу арқылы жүзеді. Су түбінде қозғалғанда- алға қарай, суда жүзген кезде артқа қарай қозғалады. Бұд кезде хитинді жабынмен қапталған аяқ немесе құрсақ бунақтары сауыттың ішкі жағындағы бұлшықеттер арқылы қимылдайды.Шаянның сауыты қорғаныш жабын болады, ішкі қаңқа тәрізді бұлшықеттер арқылыбуындасқан сүйектерді қимылға келтіріп, қызмет атқарады.


2. Суреттен өзен шаянының дене мүшелерін көрсету



3.Топпен жұмыс Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

№ Дене бөліктерімен мүшелері Маңызы
1 үстіңгі жақ Д)қоректі ұсақтау
2 төменгі жақ З) қоректі ұсақтау
3 жақаяқтар М)қорегін ұстау
4 баскөкірек А)бас және көкіректен құралған, аяқтары мұртшалары мен көздері орналасқан

5 құрсақ Н) қозғалатын 6 бунақтан тұрады


6 құйрық жүзбеқанаты Л) қатты серпу арқылы жүзеді
7 құрсақ аяқтары К) жүзуге арналған
8 жүру аяқтары В) қозғалу
9 ұзын мұртшалары Г) иіс сезу
10 қысқа мұртшалары Б) сипап сезу
11 көз Е) көру
12 қысқыш Ж)шабуыл жасау, қорғану, қорегін ұстау

Сергіту

Шаян аулау ойыны



IV.Жаңа сабақты бекіту

Буынаяқтылар деп неге аталады?

Қандай кластарға бөлінеді?

Қандай ортада мекендейді?



Баскөкірек деген не?

V РЕФЛЕКСИЯ

VІ. Үйге тапсырма

VІI. Оқушыларды бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0088
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0088 -> Сабақтың тақырыбы Қос сөздердің тыныс белгісі Сілтеме
0088 -> Сабақтың тақырыбы: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
0088 -> Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол) Тақырыбы: Допты төменнен қабылдау әдісі (Волейбол)
0088 -> Құрметті ата аналар, балалар және қонақтар ! Береке де осында
0088 -> Сабақтың типы: жаңа тақырыпты меңгеру Сабақтың түрі: теория


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет