Сабақ:№30 Қазақ тілі Мектеп: №128 жалпы орта мектебі Күні: 17. 11. 2017ж Пән мұғалімі: Мамытшаева.Ә



Дата24.01.2020
өлшемі109,73 Kb.
#56410
түріСабақ
Байланысты:
Ашық сабақ



Ашық сабақ жоспар:


Сабақ:№30 Қазақ тілі


Мектеп: №128 жалпы орта мектебі

Күні: 17.11.2017ж

Пән мұғалімі: Мамытшаева.Ә


Сынып:6ә

Қатысқандар саны:

6ә............



Қатыспағандар саны:

6ә.............



Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің емлесі.

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


Сауатты жазуға дағдыландыру.

Мысалдар арқылы тақырыптан алған білімдерін анықтау.



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Сан есімнің емлесіндегі ерекшелікті ажырата алады.Сан есімнің мағыналық түрлеріне мысалдар келтіріп, тапсырманы нақты орындай алады.



Басым бөлігі:

Түрленген сан есімді жаттығу жұмыстары арқылы ажырата алады. Қалай түрленгендігі туралы айта алады. Сан есімнің сандық үлгіде, жазбаша түріндегі айырмашылықты ажырата алады.



Кейбір оқушылар:

Сан есімді қатыстырып сөйлем құрай алады. Қиын сұрақтың жауабын шеше алады. Сан есімнің жазылуындағы ерекшелікті ажыратып, мысалдар келтіре алады.



Алдыңғы тақырып:

Болжалдық, бөлшектік сан есім.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспар жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут


Оқушыларды сандық үлгіде топқа бөліп біріктіремін.«Әңгіме» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру. Өткен тақырыпты меңгертуде «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы слайдта берілген сұрақтарға жауап береді.

1. Сан есім дегеніміз не?

2. Сан есім құрамына қарай нешке бөлінеді?

3.Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

4. Сан есім мағынасына қарай қанша түрге бөлінеді?

Оқушылар сұраққа топпен және жеке жауап береді, сол арқылы өздерінің түсінгендерін көрсетеді . Оқушылар бір-бірін басбармақ арқылы, мұғалім қалыптастырушы бағалауы жүреді.



"Әңгіме" әдісі,

"Кім жүйрік?" АКТ

Ортасы

30 минут


Сергіту сәті, "Кім жүйрік" ойыны, бірнеше сан есім ауызша баяндалып, оқушылар жазба үлгісіндегін жазып көрсетеді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашамын.

Оқушылар дұрыс немесе бұрыс жауап бергендігін тақырыпты түсіндіру барысында топ бір-бірін тексереді. Топтық жұмысты тапсырма санына қарай бағаланады.

1. Күрделі сан есімнің сыңары бөлек жазылады.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис арқылы жазылады.

3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе,-ыншы,

-інші,-ншы, -нші, жұрнағының орнына дефис жазылады да, рим цифрымен берілсе, дефис қойылмайды.

4. Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы қысаң ы,і дыбыстары түсіп қалады.

5. Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады.

6. Топтау сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады.

« Киелі сандар»

Қазақтың киелі сандары жайлы айтып, теориялық анықтамаға мысалдар келтіреді

Критерий:

1.Сан есімнің емлесіндегі ерекшеліктерін өз сөзімен түсіндіріп бере алады.

2. Мысал жазу арқылы тақырыптық білімін кеңейтеді.

3. Сандық ұғымның өмірдегі пайдалы жақтарын саралай алады.

Оқулықтағы 127-жаттығудағы сан есімді теріп жазады. 128-жаттығудағы сан есімдерді қатыстырып, сөйлем құрайды.


"Кім жүйрік?", АКТ, Оқулық, маркер, стикер, постер

Аяқталуы

5минут


"Мина алаңы" әдісі , оқушылар жарты параққы сабақ барысында қамтылған тақырыпқа байланысты сұрақтарын жазып ортаға тастайды. Әр топтан бір-бір оқушы шығып, аяғына іліккен сұраққа жауап береді.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: 129-жаттығу

Кері байланыс:

Түсіндім

Түсінгім келеді

Түсінбедім


"Мина алаңы", АКТ

Қосымша ақпарат


Саралау -Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау -Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

Құндылықтардағы байланыс




Топбасшылық міндет жүктеледі. Шығармашылыққа жетелейтін ашық сұрақтар.

Қалыптастырушы, жиынтық бағалау.

Мүғалімнің топтық бағалауы мен оқушылардың өзін-өзі және бір-бірін бағалауы.



Қазақ әдебиеті, өзін-өзі тануы.

Нақтылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.



Рефлексия

Сабақ\ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қалай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім ба?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім.



Оқу ісінің меңгерушісі: Тортаева.А.Е

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет