Сабаққа қатысқандар: 19 Сабаққа қатыспағандар: 1 Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



Дата24.04.2017
өлшемі67,89 Kb.
түріСабақ


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбай Жанат, №70 мектеп

Сынып:  8 «Б»

Сабаққа

қатысқандар: 19

Сабаққа

қатыспағандар: 1

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары:

Пысықтауыш. (2-сағаты)

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушы: Пысықтауыштың ережесін,тұрлаусыз мүше екенін біледі, оның негізгі белгілері мен сұрақтары арқылы сөйлемде таба алады, сөйлем мүшесіне талдайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Пысықтауыштық құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата алады, сөйлемдегі қызметін түсінеді.

Кейбір оқушылар: Пысықтауыштың жасалу жолдарын, байланысу түрлерін ажырата алады, өздігінен мағыналық түрлеріне сөйлемдер құрап, талдай алады.

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындай алады: Сөйлем ішінде пысықтауышты таба алады, іс-қимылмен байланыстырып сұрақ қоя алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Пысықтауыш, тұрлаусыз мүше, жанасу

Сыныптағы диалог \ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Айтылым, жазылым

Талқылауға арналған тармақтар: Пысықтауыш дегеніміз не? Оның негізгі белгілері қандай? Қандай сұрақтарға жауап береді?

Мағыналық түрлері қандай? Құрамдық түрлері қандай?



Алдыңғы оқу:

Тұрлаусыз мүшелер

Жоспар

Жоспарланған уақыт:

I . Ұйымдастыру кезеңі - 5 мин.

II .Қызығушылықты арттыру - 2 мин.

III. Оқушының іс-әрекеті - 25 мин.

Ұжымдық жұмыс «Сөздер банкісі»

Топтық жұмыс «Шашылған сөздер»

Жұптық жұмыс «Кім жылдам?»

Жеке жұмыс «Еркін жазу»

IV.Бекіту - 5 мин

«Он сұрақ» әдісі



V. Қорытындылау - 7 мин

1) Бағалау

Критерий арқылы бағалау

2)Топтық бағалау

Рефлексия

VI. Үйге тапсырма беру - 1 мин


Ресурстар

Сабақтың басталуы:

7 мин.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал тудыру . «Сергіту сәті»

2.Оқушыларды таратпа қағаздағы сөздер арқылы 4 топқа бөлу ( Тұрлаулы мүше, Толықтауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш)

ІІ. Қызығушылығын арттыру. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

- Кімнің өлеңі ?

- Ендеше, Бүгінгі сабағымыз Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойына арналады.



- Осы өлеңде біз өтіп жатқан пысықтауыш бар ма?

Интерактивті тақта, слайд



Сабақтың ортасы:

25 мин.

ІІІ.Ұжымдық жұмыс: «Сөздер банкісі»

Төмендегі «Сөздер банкісінде» берілген сөздердің ішінен тақырыпқа қатысы бар сөздерді тауып айту арқылы пысықтауышты еске түсіреді.



Тұрлаулы мүше, Іс-қимылмен байланысты, матаса байланысды, Не үшін деген сұраққа жауап береді, тура, үзік сызық, қимылдың сынын білдіреді, мөлшер, қашан? Үйірлі, жанасу, мақсат, тұрлаусыз мүше, меңгеру, амал, үстеу, шығыс септік .

IV.Топтық жұмыс: «Шашылған сөздер»

Шашылған сөздерден сөйлем құра. Қай шығармадан алынған? Синтаксистік талдау жасаңдар.



1-топ

ауырды,жәшігімнің ,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп.(«Асыл шөп»  Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)



2-топ

жер, жүрген соң, жылады, ашты, Асан деп қарным, біраз. («Бай баласы мен жарлы баласы» , Біраз жер жүрген соң Асан қарным ашты деп жылады.)



3-топ

жолаушы, басында, кез, бір, бір-біріне, үш, бұлақтың, болыпты.( «Таза бұлақ» ,Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты.)



4-топ

оған, әкім, әлгі, төменірек, сәлем, бас ұрып, алды, онан да,қарсы. («Әдеп» , Оған қарсы әлгі әкім онан да төменірек бас ұрып сәлем алды.)


V .Жұптық жұмыс: «Кім жылдам?»

Пысықтауышты тап, құрамын ажырат, қандай сөз табынан?

1)Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр.
2) Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
3) Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады.
4) Бүгін мен де қимылдап көрейін.
5) Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген.
6) Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр.
7) Бұл кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді.
8) Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады.
9) Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді.
10) Анда - санда көзін қимылдатқандай болды.
VІ. Жеке жұмыс: «Еркін жазу»

«Ыбырай ата тағлымы» атты 10 минуттық эссе


«Сөздер банкісі» слайд


4 топқа шашылған сөздер бойынша үлестірме қағаз



Сабақ аяқталуы:

13 мин.

Сабақтың аяқталуы:

Сабақты бекіту: «Он сұрақ» әдісі бойынша бойынша Пысықтауыш сөзінен сұрақ қою.

Бағалау: 1) Бағалау

Критерий арқылы бағалау

2)Топтық бағалау

Рефлексия: «Бүгінгі сабақта несімен ұнады... немесе не қиын болды ...»

VІ. Үйге тапсырма: Ережелерді қайталау,

55-жаттығуда қарамен жазылған сөздердің қандай сөйлем мүшесіекенін анықтау




Стикерлер

Қосымша ақпараттар: әдеби кітаптар оқу

Саралау: Оқушыларға қандай қолдау көрсете аласыз? Оқушы мүмкіндігіне шек бар ма?


Бағалау:Оқушының алған білімін көруді қалай жоспарлайсыз?

Мадақтау


Формативті бағалау

Пәнаралық байланыс:
Әдеби кітаптар

Тарих



Кері байланыс:

Сабақ \ оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы көңіл-күй қандай болды?

Берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы осы сабаққа сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз

Оқу мақсаттары шынайы болды, себебі оқушыларға берілген тапсырмаларды орындауда қиындық келтірген жоқ.Олар пысықтауышқа қатысты ережелерді толық қамти алды. Оқушылардың берген рефлексияларынан көңіз күйлерінің көтеріңкі екенін және сабақты толық түсінгенін байқадым. Берілген уақыт ішінде 3 минут уақыт жетпей қалды. Осыған байланысты өз жоспарыма түзету енгізіп, жұптық жұмыстағы үлестірме қағаздарды толық сұраған жоқпын.

1. Қорытынды бағамдау: Қандай екі нәрсе табысты болды?

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

3.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


1. «Сөздер банкісі» әдісі пысықтауышты еске түсіруге өте тиімді болды.

2. Топтық жұмыста «Шашылған сөздерді» беру барысында оқушылардан бірлескен жұмыстың нәтижесі байқалды.

1.Сабақты жақсартуға тиімді жоспарлау көмектесті.

2.Әдістерді тиімді пайдаланып, оқушыларды сыни ойлата алдым деп ойлаймын.

Жекелеген оқушыларға үй тапсырмасын талқылату келесі сабағымды жоспарлауға көмектесетінін білдім.

 

 



 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет