Сабаққа қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа тәрбиелеу



бет1/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,72 Mb.
#32659
түріСабақ
  1   2   3   4
Тақырыбы: Қыста талай қызық бар

Мақсаты: қыс мезгілінің ерекшеліктері, қыстағы табиғат сұлулығына назар аудару, жыл мезгілдерінің өзгерістері туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын молайтып, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру, танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту; табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сабаққа қызығушылығын арттыру, шыдамдылыққа тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, көрнекілік,ойын , дискуссиялық карта, қарлы кесек

Көрнекіліктер: слайдтар, әуендер, ұлпа қарлар, аққала

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

  • Боранның даусын қосу

  • Оқушыларды түгендеу, қонақтарға нөмірлер тарату.

  • Зейіндерін сабаққа аудару

  • Сәлемдесу

М: Сәрсенбі сәтті күн деп,

Жақсылыққа балайық.

Келген барлық қонақтармен

Сәлемдесіп алайық

О: Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

  • Психологиялық даярлық «қарлы кесек»

Оқушылар бір-біріне тілектер жазылған қар атып ойнайды, тілектерді оқиды.

Балалар, бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келіпті. Бүгін біз қыс, қыстағы қызықтар туралы өз білімімізді ортаға саламыз. Ол үшін сендер топ бойынша жарысасыңдар, әр түрлі тапрсырмалар орындап, сұрақтарға жауап беріп таныстыру, жүйрік болсаң озып көр, тани білесің бе? Тапқыр болсаң тауып көр сияқты кезеңдерден өте отырып, қысқы пейзажды бейнелейсіңдер.

Бұл сабақ жарыс түрінде өтетін болғандықтан, әділ-қазылармен таныс болайық:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

1-кезең. «Таныстыру»

Әр топ өз топтарын таныстырады.

1-топ «Алғырлар»

2-топ «Тапқырлар»

М: өте жақсы, балалар.

Оқушылардың қыс туралы өлең жолдары оқытылады.

2-кезең. «Топтастыру»

Бұл кезеңде екі топқа «қыс» сөзіне топтастыру тапсырылады.

Топтарға ақ және көгілдір ұлпа қарлар таратылады. Топтастыруды жазып, тақтаға іледі. Сонымен қатар, екі топқа Қыс мәңгілік бола бергені дұрыс па? Деген сұрақ бойынша «дискуссиялық карта» жасау ұсынылады.
3-кезең. «Жүйрік болсаң озып көр»

Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр берілген дұрыс жауап 1 ұпайға тең.

Тапқырлар тобына сұрақтар:

  1. Жылдың ең суық мезгілі

  2. Бірінші Президент күні

  3. Қыста не жауады?

  4. Январь айының қазақша атауы

  5. «шытынайды тыста аяз, қызыл шұнақ үскірік..» берілген өлең жолдарының авторы

  6. Қыс көлігі

  7. Қыста балалар не жасайды?

  8. Қыста ғана болады, ұстасаң қолын тонады?

  9. Аю қыста не істейді?

  10. Тоңғақты таниды, беті қолын қариды?

Алғырлар тобына сұрақтар:

  1. Жылдың ең ыстық мезгілі

  2. Тәуелсіздік мерекесі қай күн

  3. Жазда не жауады?

  4. Февраль айының қазақша атауы

  5. «ақ киімді денелі, ақ сақалды» берілген өлең жолдарының авторы

  6. Суға батпайды, отқа жанбайды

  7. Қыс мерекесі

  8. Мінсем төменге зу етем, өрлесем оны өзім сүйретем (шана)

  9. Жазғы киімі жасыл, қысқы киімі ақшыл (қар жамылған ағаш)

  10. Аспаннан ақ ұлпа борады, қырқаны сейсепке орады (қар)

М: өте жақсы балалар. Сонымен, қыста қандай мерекелер болады екен?

М: дұрыс айтасыңдар балалар, сонымен қатар, орыс ұлтында «Масленица» мерекесі атап өтіледі. Бұл мереке қыспен қоштасу мақсатында өткізіледі. Бір апта бойы орыс халқы бұл мерекені атап өтеді. Шиден қуыршақ жасап,күннің белгісі ретінде құймақ пісіріп, бір-бірін қонақ етіп, ұлттық киімдер киіп, ұлттық әндер орындап, жетінші күні жасалған қуыршақты өртеп мерекелейді.

4-кезең. «Тани білесің бе?»

Бұл кезеңде оқушыларға белгілі адамдардың суреті көрсетіліп, оқушыларға оларды атау ұсынылады. Мәнерлеп оқу.



М: Өте жақсы. Қыс туралы ақын-жазушыларымыз не деп жырлапты?

5-кезең. «Тапқыр болсаң тауып көр»

М: Қазір балалар, ой-өрісімізді дамытып, шапшаңдығымызды көрсетеміз.Ол үшін берілген 12 әріп бойынша сөздер құрастыру керек. Уакыт құм сағат арқылы есептеледі.

М: Оқушылар тапсырманы орындағанша, біз көрермендермен жұмыс жасаймыз. Қонақтарға жаңылтпашты әр түрлі дауыс ырғағымен айту тапсырылады.

Ақ мақта ақ қардан аппақ па?

Ақ қар ақ мақтадан аппақ па?


  1. Топпен дауыстап оқу

  2. Топпен тез оқу

  3. Топтан бір адам күліп айту

  4. Топтан бір адам жылап айту.

Сергіту сәті: «Қысқы ойындар»

Оқушылар көрсетілген қысқы ойындар бойынша қимыл қозғалыстарын көрсетеді. (шаңғы, коньки)



6-кезең. «Ойланып көр»

Бұл кезеңде оқушыларға көптеген ойындардың ішінен қысқы ойындарды ажырату ұсынылады.

Сочидегі олимпиада қорытындысын айту.

Әділ-қазылар ұпай сандарын есептейді.



Ән «Олимпиада чемпиондары»

Қорытынды: сұрақ-жауап, қысқы пейзажды қорытындылау.

Үйге тапрсырма: эссе «Биылғы қыс былтырғы қыстан ерекше...»

Рефлексия: «қысқы қызық суреттер»

Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша! 


Қыс мезгілі қандай? Тамаша!. 
Ауа райы қандай? Тамаша! 
Қысқы ойындар қандай? Тамаша.! 
Келген қонақтарымыз қандай ? Тамаша!

Келген қонақтарымызға да бүгінгі көңіл күйімізді сыйлайық! (Смайлик береді) 


Келгендеріңізге рахмет.Сау болыңыздар! 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Ушанов орта мектебі» КММ

СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Қыста талай қызық бар»

Өткізген:

Смагзамова Э.О.

2016-2017 оқу жыл



Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс.

Қыс мезгілінің айларын атайық.

Балалар: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Қазір қандай ай?

  • Ақпан.

  • Тәрбиеші: Балалар, мен сіздерге жұмбақ жасырайын, шешуін кім табар екен?

  • Аяз қысып,

Өрнеку сызып

Терезені торлайды,

Кейде ұлып,

Кейде жұлып

Ұйытқып боран соғады.

Ал балалар, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

 

Балалар: қыста.



Тәрбиеші: балалар, сіздер ұйытқыған боранның дауысын естідіңдер ме?

Ендеше, үнтаспадан тыңдап көрейік. (үнтаспадан боранның дыбысын тыңдау)

Тәрбиеші: Иә, балалар, әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері бар екен. Күз мезгілі – сары алтындай жапырақтарымен, көктем – әдемі гүлдерімен, жаз – несімен ерекшеленеді?

Балалардың жауаптары: жазда көк шөп шығады, күн ысиды, өзенге шомылуға болады.

Тәрбиеші: Ал қыста қандай қызықтар болады?

  • Қыста қар жауады, айнала аппақ.

Тәрбиеші: Қыста қандай ойын ойнауға болады?

  • Қардан аққала жасаймыз, шанамен сырғанақтан сырғанаймыз, коньки тебеміз.

Тәрбиеші: Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, енді мына суреттерге қарайық. Суретте жаңа жыл мерекесі. Қыс мезгіліндегі балалар да, үлкендер де асыға күтетін қандай мереке?

  • Жаңа жыл.

Тәрбиеші: Балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма?

Қыс туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Айдос: Алақай, алақай,

Қуанды балақай

Айнала аппақ қар

Шығамыз топ бала,

Соғамыз аққала.

Шанамен зулаймыз

Шаңғымен тоңбаймыз

Жарысып ойнаймыз.

 

Мадина: Қар жауғанда шаттана



Жасап қойдық аққала

Сызып қойып ауызды

Мұрын еттік сәбізді.

Көз жасадық көмірден,

Құмалақ бар түймесі,

Бұзбашы оны, тимеші.

 

Абылай: Жапалақтап ала қар,



Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен

Біз спортшы боламыз

Үлгі аламыз күштіден!

 

Тәрбиеші: Балалар, тағы да жұмбақ тыңдап көрейік, ойланып шешуін табайық.



ыстың қызықтары))



Қысты мүлде ұнатпайды екенмін. Кеше өзімше қыстың суреттерін түсірмек болып саябақ аралап едім, көңілім түсіп кетті. Менің ғана емес, жұрттың бәрінің нәстрөнеиелері нәскилерінде сияқты.

Бұрын мектепте шығарма жазғанда "Менің ең сүйікті мезгілім - қыс"... деуші едім. Өйткені, ол кездері қыс мен үшін шынында да ең қызықты, ең көңілді маусымдардың бірі болатын. Бәлкім, балалық шығар...

Маған қысты сүйдіре білген балдай тәтті шақтар келмеске кетті ғой:



Каталог: uploads -> doc -> 0176
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0176 -> Баяндама Тақырыбы: «Ойын арқылы оқыту технологиясы»
0176 -> Сабақ Тақырыбы: Ашық тұқымды өсімдіктер
0176 -> «Эксперименттік есептер шығару» (Қолданбалы курс)
0176 -> Сабақ тақырыбы: Абай «Қыс» өлеңі Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет