Сабаққа жіберілді



Дата24.11.2019
өлшемі33,1 Kb.
#52327
түріСабақ
Байланысты:
план МДТ



Cабақ жоспары

Тобы







Күні






Сабаққа жіберілді

___________________

___________________

___________________
Сабақтың аты: Компьютерлік технология

Сабақтың тақырыбы:WINDOWS-механизімінің негізгі технологиясы. Операциялық

жүйе.


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға :WINDOWS-механизімінің негізгі технологиясына, операциялық жүйе ұғымына түсініктеме беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ғылымға деген ынталарын жетілдіріп,

дамыту.


Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,

тазалыққа , мәдениеттілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Практикалық іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Кесте түзу.

Оқытудың инновациялық әдістері:әңгімелесу, сабаққа зейінін аудару, қызығушылығын

ояту.


ОТҚ және көрнекі-дидактикалық материалдар: Оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар жинағы,деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгелдеп, аудиторияның тазалығын қадағалау. Сабаққа дайындықтарын тексеріп шығу.



2.Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Сабақтың мақсатын, міндеттерін, жоспарын хабарлау. Оқушыларға ішкі энергияның өзгеруін түсіндіру.

3. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

1. WINDOWS дегеніміз не ?

2. WINDOWS механизмінің негізгі технологиясы ?

3. Операциялық жүйе дегеніміз не?



4. Операциялық жүйенің түрлері
Жаңа тақырыпты баяндау

Оқытушының әрекеті: Жаңа материалды баяндау.

Оқушының әрекеті: Мұғалімді мұқият тыңдап, түсініп алу.
1. Windows операциялық жүйесі. Бұрынғы компьютерлерде кең тараған MS(PC)-DOS операциялық жүйесі болатын. MS-DOS операциялық жүйесінің бір адамның жұмыс істеуіне арналғанын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешеді,компьютердің тек 640Kб жедел жадын ғана(RAM) пайдалана алады.
MS-DOS операциялық жүйесі соңғы версиялары қолданбалы программаларға 1Mб -тан артық жедел жадын қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программалармен толықтырған болатын.Адам мен компьютер арасындағы байланыстырушы қызметін,яғни пайдаланатын негізгі интерфейс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарады.Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ -ді басқаруға арналған жүзден аса командалар,пернелерден енгізіліп барып орындалады.Командаларды жазу тәртібі өте күрделі,кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де,көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.Осыдан барып,адам мен компьютер арасындағы байланысты жеңілдету үшін әттүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бірақ олар негізінен мәтіндік режимде (ең кең таралғандардың бірі- Norton Commander) жұмыс істейтін еді. Бұларда бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ,тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті,яғни қажет информацияны жылдам әрі тез тауып,оның мазмұнын қарауға және онымен жұмыс істеуге септігін тигізеді.
DEC фирмасы компьютерлердің операциялық жүйесі ретінде UNIX қолданылды. Бұлар үлкен.орташа ЭЕМ-дерде жұмыс істеді.UNIX операциялық жүйесінің MS-DOS жүйесінен негізгі артықшылығы-оның бір мезетте бірнеше мақсатты шешу мүмкіндігі,яғни бірнеше программаларды паралель орындау қасиеті.
80-ші жылдардың ортасында MS(PC)-DOS -тың кемшілігінен арылу үшін, Microsoft фпрмасы IBM тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі WINDOWS жүйесі болатын. Алайда, осы уақытқа дейін олардың онша көп таралмауын дербес компьютерлердің есептеу мүмкіндіктерінің төмендігімен түсіндіруге болады.80386 сериялы микропроцессорлардың пайда болуымен қатар іске қосыла бастаған WINDOWS графикалық ортасының жаңа версиялы Windows 3.1 бірте-бірте бұрынғы мәтіндік программалық қоршауларды қатардан ығыстырып шығара бастады. 80486 сериялы процессордың шығуына байланысты дербес компьютерлердің көптеген жаңа түрлеріне графикалық мүмкіндігі мол Windows 3.1 немесе одан кейінгі Windows 3.11 версиялы MS-DOS операциялық жүйесі тағайындала бастады.
Microsoft корпорациясының ОС даярлау жолындағы келесі елеулі қадамы болып, ондағы графикалық интерфейс қондырма программа күйінде емес,сол жүйенің ажырамас бөлігі болатын операциялық жүйені даярлау болып саналады. Осылайша Windows95,Windows 98 және Windows NT операциялық жүйелері пайда болды.Windows95 жүйесінің,Windows NT жүйесінің соңғы версияларының графиктік интерфейс стандарттары Windows 3.1 жүйесінің стандартынан өзгешеге түрге енді,бірақ идеологиясы бұрынғыша сақталған болатын. Windows 3.1-ден Windows95-ке өту әрине MS-DOS-тан бірден Windows95-ке қарағанда біршама жеңіл.

2.Windows жүйесінің негізгі функциялары Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етеді:
• компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;
• файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
• қолданбалы программаларды іске қосу; бұған қоса Windows жүйесі:
• бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;
• әртүрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
• масштабталатын қаріптерді қолдануды;
• мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
• бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолданудықамтамасыз ете алады.
Windows жүйесінің негізгі ұғымдары
Терезе - Windows жүйесіедегі ең негізгі ұғым болып саналады. Экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы,онда әртүрлі программалар орындалады,кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.
Терезе шекаралары- бұл терезенің периметрі бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолы орналасқан. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню батырмасы орналасқан,ал оң жағында терезенің аймағын өзгертуге арналған батырмалар бар. Тақырып жолынан төменірек меню жолы бар. Ал меню жолынан төменгі төртбұрышты аудан-терезенің жұмыс аумағы деп аталады. Осы жұмыс аумағында әртүрлі информация болады:орындалатын программа,өңделуге арналған мәліметтер,басқа кішігірім терезелер және т.б.
3. Windows жүйесінің негізгі ұғымдары Жұмыс істейтін әрбір адамға арналған стандартты интерфейс. MS-DOS операциялық жүйесінде жазылған программалардың өзіндік интерфейсі олар: меню жүйесі(көлденең, сырғып түсетін, қалқып шығатын,иерархиялық), сұхбаттасу тәсілдері(мәліметтерді енгізу, варианттарды таңдау)және т.б.
Мұндай тәсіл жаңа программаларға көшкен сайын әрбір адамға қайта үйрену қажеттілігін туғызады.
«Point -and -Click» (көрсету және шерту)принципі. Бұл принцип бойынша графикалық технологиядағы көптеген операцияларды орындау үшін тышқан сілтемесін экран элементіне апарып,оның сол немесе оң батырмасын шерту жеткілікті. Бұл тәсілмен төмендегі әрекеттерді орындауға болады.
• Программа немесе құжат терезесінің аумағын кішірейту,үлкейту, және бұрынғы қалпына келтіру;
• көлденең орналасқан меню пунктерін таңдау;
• экранға шығатын меню командаларын таңдау;
• мәліметтері бар тізімнің бір жолын белгілеу;
• командалық батырманы басу,таңдау;
• ауыстырып қосқыштың мәніни өзгерту;
• мәтіндік информацияны енгізу кезінде курсордың орналасуын зерттеу;
• мәтін енгізілетін өріс жолдарының бірін таңдап,оған мәлімет енгізу және көптеген басқа өрекеттер;
Selekt(ерекшелеу,белгілеу)принципі.

Программалар терезесінде құжатпен жұмыс істеу барысында бізге үнемі мәтін фрагменттерімен, үзінділермен әртүрлі операциялар орындауға тура келеді. Ол операциялар мынадай әрекеттерден тұрады.


• Фрагментті көшіру, тасымалдау, жою,олардың қаріптерін,мөлшерін өзгерту,жиектеу,кейбір жерлеріне көлеңке түсіріп қараңғылау.т.б. Мұндай операциялар екіге бөлініп орындалады:ең алдымен біз фрагментті белгілеп алуымыз керек(яғни құжаттың қай бөлігін өңдейтінімізді программаға хабарлау),сонан соң нақты команданы орындау(программаны жою немесе қаріпті өзгерту)
«Drag-&-Drop» принципі(тасымалдау және барған орнында қалдыру)
Бұл әдіспен өңделіп жатқан құжаттың белгіленген үзігін, белгішені(пиктограмманы),терезені басқа орынға ауыстыруға немесе олардың көшірмесін алуға болады.
Мысалы, егер де суреттің бір бөлігі қайшымен қиылып белгіленген болса, онда тышқан курсорын сол сурет бөлігіне жеткізіп, оның сол немесе оң жақ батырмасын басып тұрып,жаңа орынға ауыстыруға болады. Батырманы босатқан кезде сурет қиығы жаңа орынға бекітіледі.
Windows жүйесіндегі Drag-&-Drop әдісімен келесі программаларды орындау жиі жүргізіледі:
• Үлкейтілген терезелермен белгішелердің орнын ауыстыру.
• Графикалық редактордың жұмыс аумағындағы суреттің белгіленген фрагментін жаңа орынға ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Word редакторында мәтіндік информацияның белгіленген фрагментін басқа жерге орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Суреттер мен кестелердің орнын ауыстыру немесе оның көшірмесін алу.
• Мәтін беттеріндегі абзацтың жаңа жолын және оның оң жақ,сол жақ шекараларын көлденең сызғыштың жоғарғы және төменгі кішкене үшбұрыштарын тасымалдау арқылы тағайындау.
• Дайын белгішелер (пиктограммалар) жиынынан әрбір адам өзі қолданатын құрал -саймандар тақтасын ұйымдастыру.
Қазіргі жүйелерде Drag-&-Drop әдісін программалаушылар жиі қолданады.
«WYSIWYG» принципі(не көрсеңіз соны аласыз).
Экранда мәтіндік құжатты баспаға дайындау кезінде символдар бейнесі,басылып шыққан қағаз бетіндегі символдармен бірдей болады.
OLE технологиясы-обьектілерді байланыстыра отырып кірістіру(Object Linking and Embedding-OLE). Бұл программаларды кірістірудегі ең басты құрал болып табылады. Ол бір программада өңделген обьектіні басқа программалардың құжаттары арасына енгізіп, оны негізгі бастапқы программа құралдарымен редакциялауға мүмкіндік береді.
DDE технологиясы-обьектілерді динамикалық түрде байланыстыру. Обьектілерді басқа құжатқа не программалық қолданбаға енгізе отырып,негізімен байланыстырудың ең қуатты түрі,мұнда обьектіні обьектіні бастапқы программада түзетсек,ол түзету онымен DDE технологиясы арқылы байланысқан екінші программада да автоматты түрде жүзеге асады.

4.Тапсырма өз бетімен орындау және тақырыпты меңгеруін тексеру үшін ұсынылады.

1.Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» деген сөзді бейнелеңіз

Информатика Информатика Информатика

Информатика Информатика Информатика



Информатика Информатика Информатика

2. Word Pad мәтіндік редакторын жүктеңіз.

3. Маркерлеу тәртібінде апта күндерінің атауларын қазақ тілінде және қасына ағылшынша нұсқасын жазыңыз.

4. Екі тілде жазылған әр апта күндерінің қаріппін өзгертіңіз және әр жол үшін 10 пункттен бастап бір қадамға өсіре отырып, әріп өлшемін орнатыңыз.

5. Апта күндерінің атаулар қасына ағымдағы аптаның күнің жазыңыз, құжатты Менің құжаттарым бумасында «Апта» деген атпен сақтаңыз.

6. Мәтіннің жиектерін өз қалауыңыз бойынша параметрлер қойып, оларды жолдын ортасынан орнатыңыз және сол атпен құжатты сақтаңыз.



Презентация, слайдтар істеп үйрену.

5. Жаңа материалды (білімді) бекіту.

Оқушының әрекеті: Бекіту сұрақтарына жауап беру.

1. . WINDOWS дегеніміз не ?

2. WINDOWS механизмінің негізгі технологиясы ?

3. Операциялық жүйе дегеніміз не?

4. Операциялық жүйенің түрлері
6. Үй тапсырмасы: «Операциялық жүйе »тақырыбына ізденіп келу.

Оқытушы: _____________ Турдиева А.Б.



Қолы Фамилиясы, аты-жөні

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет