Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Дата31.03.2020
өлшемі19,55 Kb.
#61115
түріСабақ
Байланысты:
Педагогикалық эксперимент

Сабақ жоспарының үлгісі!

Пән атауы

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі

Тақырыбы

Педагогикалық эксперимент түрлері

Күні

Оқытушының аты -жөні


М.Қ.Сембаева


Топ

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны


Сабаққа негізделген оқу мақсаты



Эксперимент жұмысының мазмұнды жағын таңдап алу. Эксперимент орындау. Алға қойған мәселенің шешу жолдарының дұрыстығын анықтау.



Күтілетін нәтиже

Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.

Сілтеме

http://melimde.com/penni-ou--edistemelik-kesheni

Ресурстар




Алдыңғы оқу (үй тапсырмасы)





Жоспар

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысында жоспарланған іс-әрекеттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Басталуы



Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс – тәсілдерін, формалары мен мазмұнын көрсетеді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеудің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжерлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теорялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.

Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін асихикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғаға заңдылықтарды ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөліу мақсатында жрспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен, педагогика саласындағы ғылыми жұмыста қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.






Ортасы

Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.

Табиғи эксперимент ойын, оқу немесе еңбек ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекетінің табиғи жағдайларында тұрған балалардың психикалық зерттеу жүргізілуін білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Бірақ бұл жерде эмоционалды ынта-зейіннің теріс әсері мен жауапты реакцияның ниеттілігі жоқ. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттеушілер рөлін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі.

Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы түсіндіріледі. Экспериментті жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді /модельдейді/. Эмоциональдық немесе эстетикалық әсерленушлік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер сондай-ақ аталған процесте ас қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.

Эксперимен ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.






Аяқталуы


Педагогикалық эксперимент балалар тобын, бір сыныпты, мектепті не бірнеше тәлім орнын қамтуы мүмкін. Кең аймактық эксперименттер де жүргізілуі мүмкін. Тақырыбы және мақсатына тәуелді мұндай зерттеулер ұзақ мерзімді не қысқа мерзімді бола алады.

Педагогикаклық экспермент жүргізу үшін келесідей талаптар орындалуы тиіс:



  • іс-қызметтік болжам (гипотеза) негіздемесін жасау;

  • зерттелуші мәселені сынаққа дайындау;

  • эксперимент өткізудің мұқиятты жоспарын түзу;

  • көзделген жоспардан ауытқымау;

  • нәтижелерді нактылықпен дәл белгілеп алу;

  • алынған деректерді зерделікпен талдау;

  • ақырғы, қорытынды тұжырымдар жасау.

Тәжірибелік тексеріске алынған ғылыми болжамның ролі маңызды келеді. Осы болжамның қаншалықты шындыққа сай келетіндігін ашу экспериментке жүктеледі. Зерттеу барысында болжам «електен өткізіліп», дұрысы сақталып, бұрысына түзетулер беріледі. Болжам зерттеуі-жай бақылаудан құбылыстардың даму заңдылықтарын ашуға өту формаларының бірі.

Зерттеу нәтижелерінің сенімділігі эксперимент шарттарын сақтауға тікелей тәуелді. Тексеріске түсетін жағдаяттардан басқасының бәрі мұқият теңдестірлуі тиіс. Егер, мысалы, жаңа оқу-үйретім тәсілі тексерліп жатса, осы тәсілден басқа жағдайлардың бәрі эксперименталды сыныптада, бақылаулы сыныпта да бірдей болғаны жөн.






Қорытынды бағалау

Рефлексия

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)



1.

2.

Сабақ барысында мен топ немесе жекелеген білім алушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



1.

2.


Оқытушы __________________

Әдіскер __________________

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет