Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



бет2/2
Дата05.05.2020
өлшемі63 Kb.
#65953
түріСабақ
1   2
Байланысты:
sabaq-kz attachment matematikaly-zhne-serppel-mayatnikterd-terbelster.-1
sabaq-kz attachment matematikaly-zhne-serppel-mayatnikterd-terbelster.-1, Математика 3сынып, 1-2 сабақ Өтеулиева-86 ДЖТ 6 сынып
Бағалау критерийлері




  • Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білу, өз ойын тиянақты жеткізе білу, нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу

  • Танымдық қызығушылығы арта отырып, тербелістердің қасиеттері мен өмірде алатын орнын зерттеп білу қажеттілігін өздігінен түсініп, білімді өз күшімен алуға ұмтылысы артады

Керекті жабдықтар

Тестілер, карточкалар,штатив, жіп, серіппе, денелер, сағат, сызғыш.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

ОЖТ:  топтық жұмыс, ДО: сұрақ-жауап ; баяндау        

көшбасшылық (топты басқару және барлық сабақтарда белсенділікпен қатысып отыру)


Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Оқушылардың түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық ахуал туғызу\




Үй тапсырмасын тексеру

1.Амплитуда дегеніміз не?

2.Период деген не?

3.Тербелмелі қозғалыс дегеніміз не?

4.Жиілік деген не?

5.Тербелмелі қозғалыстың негізгі шамалары?


Қағаз қиындылары

Жаңа сабақ

/Математикалық және серіппелі маятниктердің қозғалыс динамикасын көрсетіп, оқушылармен бірге талдап, ситуациялық проблемалар қойып, жаңа тақырыпқа көшу./

  • Балалар сендердің алдарыңда екі түрлі тербелмелі жүйе бар. Екеуінде қандай айырмашылықтар көріп тұрсыңдар?

  • Олардың айырмашылықтары: тербеліс периодтарының әр түрлі екендігінде.

  • Сонымен, бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болмақ? /мақсат анықтау/

  • Алдын-ала сендер екі топқа бөлініп отырдыңдар: «Период» және «Жиілік».

  • Алғашқы тапсырма осы жаңағы екі тербелмелі жүйелердің әрқайсысының атауын табу және олардың периодтарын анықтау. Оны кітаптың көмегімен табасыңдар. /кітаппен жұмыс/



Оқушылар тақырыпты болжап табады. Оқулықпен жұмыстанады.

Бекіту

Есептер шығару

1.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 8 с ішінде 32 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар

2.Серіппеде тербеліп тұрған жүк 4 с ішінде 16 тербеліс жасады. Тербелістің периодын және жиілігін анықтаңдар
3.Қатаңдығы 9,22 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,143 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
4.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 16 с ішінде 20 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.
5.Қатаңдығы 12,3 Н/м серіппеге ілінген массасы 0,211 кг жүктің тербеліс периодын және жиілігін анықтаңдар.
6.Қатаңдығы 250 Н/м серіппеге 8 с ішінде 10 тербеліс жасйтын жүктің масасын табыңдар.
7.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 3 есе арттырғанда оның тербеліс жиілігі қаншаға өзгереді.
8.Математикалық маятниктің жібінің ұзындығын 9 есе арттырғанда оның тербеліс жиілігі қаншаға өзгереді.


. Әр тапсырманы орындаған сайын оқушы өзін өзі бағалап отырады

Үйге тапсырма

§26,28 (16-жаттығу)


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Рефлексия


1. Бүгінгі сабақта біз не білдік?

2. Ал осы алған білімдерің сендерге не үшін керек?

3. Біз алдымызға қойған мақсатымызға жеттік пе?

4. Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?





Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы аяқтайды.

Бағалау


  • «Шыңға» жеткен оқушы – «5» бағасы

  • «3 төбеге» жеткен оқушыларға – «4» бағасы

  • «2 төбеге» жеткен оқушыға – «3» бағасы









Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет