Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану; Оқу процесіндегі жаңалықтарды үйрену, меңгеру, насихаттау



Дата22.08.2017
өлшемі185,87 Kb.
#23860
түріСабақ
Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш әдістеме бірлестіктің жылдық сараптамасы

2016-2017 оқу жылы



ӘБ мәселесі:

Салауатты өмір салтын нығайту және коммуникативті құзыреттілікті дамытудың әдіс-тәсілдерін жүйелеу.



ӘБ мақсаты:

  • Оқушыларда ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастыру арқылы білім сапасын арттыру;

  • Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану;

  • Оқу процесіндегі жаңалықтарды үйрену, меңгеру, насихаттау.

ӘБ жұмысының басты бағыттары:

-Мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық көзқарастарын кеңейту;

-Нормативтік құжаттармен әдістемелік нұсқау хаттарды жүйелі түрде талқылауды ұйымдастыру

Бастауыш әдістеме бірлестік құрамында 4 мұғалім, 3 тәрбиеші.Жоғары білімді 5 /71%/ , арнаулы 2 /28 %/. Жоғары санат 2 / 28%/ мұғалім /Казангапова С., Аушахманова Г./, І санат 3 /42%/ мұғалім / Байдулина Б., Урюмова С., Жаксымбетова Ж./, ІІ санат 1 /14%/ мұғалім /Жакупова Р./. Санатсыз 1 /Ахметова С./ Сапа 71 %. 2016-2017 оқу жылында 1 мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі /Ахметова С./ ІІ санатқа аттестациядан өтті.

Аушахманова Г.А. тамыз айында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жанарту шеңберіндк «Бейнелеу өнері» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша курсынан өтті.

2016-2017 оқу жылында 5 отырыс болды.Тамыз айында өткізілген отырыста 2016-2017 оқу жылына мақсат-міндеттер анықталды, әдістемелік бірлестіктің жоспарын құрылды, күнтізбелік жоспар, факультатив бағдарламалары, үйірмелер қаралды, нұсқау хатпен таныстырылды. Қараша айында өткізілген отырыста бастауыш 2-4 сыныпта 1 тоқсан бойынша білім сапасы, 2-4 сынып оқушыларының бастапқы оқу жылдамдығын тексеру сараптамасы, Тілдер апталығының сараптамасы, мектепішілік пән олимпиадасының қорытындысы, бастауыш пәндер апталығының (математика, дүниетану) жетістіктері мен кемшіліктері талқыланды. 3 отырыста «Математика және қазақ тілі пәндері бойынша І жартыжылдық бақылау жұмыстарының сараптамасы», «5-6 жастағы балалардың ойын арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру» баяндама және


мектепалды даярлық топ балаларының білім, білік, дағдыларының қалыптасуы туралы есеп тыңдалды. 4 отырыста «Жаңаша оқытудың білім беру жүйесіндегі маңызы» Аушахманова Г.А. баяндамасы тыңдалды. Бастауыш пәндер апталығының (қазақ тілі мен әдебиет) қорытындысы жасалды. 5 отырыста 2016-2017 оқу жылының жетістіктерін кемшіліктерін талдау және ІI жарты жылдықтың білім сапасының қорытындысы жасалды.

Жұмыс жоспарының вариативтік сабақтар есебінен:1 сыныпта «Көркем жазу», «Математика әлемі» ; 2 сыныпта «Көркем жазу», «Қызықты грамматика», 3 сыныпта «Мәтін және грамматика», «Дүниетану және экология», «Мәдени өсімдіктер», 4 сыныпта «Математикалық логика», «Ғажайып табиғат», «Шешендік сөздер» , даярлық сыныпта «Ертегілер әлеміне саяхат», мектеп жанындағы шағын орталықта «Ертегілер елінде» және 2 -4 сыныптарда «Информатика әлемінде» факультативтері енгізілді. Бастауыш сыныптарда 6 үйірме жұмыс істейді. 1 сыныпта «Жас суретші» үйірмесі жетекшісі Аушахманова Г. 2 сыныпта «Квиллинг» үйірмесі жетекшісі Жаксымбетова Ж., 3 сыныпта «Қызықты грамматика » жетекшісі Казангапова С., 1-4 сыныптарға арналған қимыл-қозғалыстар ойындар үйірмесі жұмыс істейді. Жетекшісі Рустемова Г.Е., «Шаңғы» үйірмесі жетекшісі Асылханов Е.К., «Маржан қол» үйірмесі жетекшісі Баянбаева А.Т.

Жылдық қорытындысы бойынша білім алу жетістіктері:9 үздік .17 екпінді. Сапа 46 %. 1 сынып үздіктері: Социал А., Елубай Д., Мукатаев Б.

2 сыныптан -Солдат М., Жүмағали Г., Жумагазинова Н., Бекенова А.,

3 сыныптан Мұқатай Б.,4 сыныптан- Өркен А.

Бастауыш 1-4 сыныпта 56 оқушы. Денсаулығына қатысты арнаулы бағдарламамен 3 оқушы 3 сыныпта /Карпенко А., Айдаболов , Тусупбек А./ оқытылады.



Бастауыш сынып оқушыларынан математика пәнінен алынған ІІ жартыжылдық әкімшілік бақылау жұмысының сараптамасы.

Мақсаты: ІІ жартыжылда оқушылардың алған білім, білік, іскерлік дағдыларының нәтижесін тексеру.

Бақылау жұмысының сандық мәліметі:



Р/с

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

Оқушы саны

Жазғаны

Бағалар

Үлгерім

Сапа

5

4

3

2







1.

Жаксымбетова Ж.М.

2 «а»

17

17

4

10

3

-

100%

82%

2.

Казангапова С.А.

3 «а»

18

18

5

6

6

1

94%

61%

3.

Байдулина Б.О.

4 «а»

8

7

1

3

2

1

85 %

57%







2-4 «а»

43

42

10

19

11

2

93%

66%

Бастауыш 2-4 сыныптарда 43 оқушы. Бақылау жұмысын жазуға 42 оқушы қатысты. Бір оқушы 4 сыныптан /Қайролла Елдос/ денсаулығына байланысты Павлодар қаласында сауықтыру орталығында емделуде 3 оқушы 3 сыныптан (Карпенко А,Айдаболов С,Тусупбек А) жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады.

Үлгерім 93%, сапа 66 %. І жартыжыл бақылау жұмысымен салыстырғанда үлгерім өзгермеген, сапа 2 %-ға төмендеген. Сапаның өзгерген себебі,бақылау жұмысын жазған балалар саны мен 4-ге орындаған балалар саны кеміді.

Жалпы бастауыш сыныптар бойынша меңгерген тақырыптар:

Амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу, үш таңбалы сандарды қосу және азайту ) 30 оқушы 71% ; шамаларды түрлендіру, салыстыру 21 оқушы 50% ; есепті шешу 16 оқушы 38%; күрделі теңдеулерді шешу 25 оқушы 59%; бұрыш түрлерін сызу 12 оқушы 28%; сандарды разрядтарға жіктеу 15 оқушы 35%; фигураның көлемін, ауданың және периметрін табу 15 оқушы 35% ; өрнектің мәнін табу 5 оқушы 11%.



Жалпы бастауыш сыныптар бойынша меңгермеген тақырыптар:

Амалдарды орындау (көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу, үш таңбалы сандарды қосу және азайту ) 12 оқушы 28% ; шамаларды түрлендіру, салыстыру 3 оқушы 7% ; есепті шешу 8 оқушы 9%; күрделі теңдеулерді шешу 10 оқушы 23%; бұрыш түрлерін сызу 5 оқушы 11%; сандарды разрядтарға жіктеу 3 оқушы 7%; фигураның көлемін, ауданың және периметрін табу 15 оқушы 35% ; өрнектің мәнін табу 2 оқушы 4%.



Әлсіз жақтар: Үш таңбалы сандарды қосып, азайта алады; шамаларды түрлендіреді; күрделі есептердің шартын дұрыс құра алады.

Әлді жақтар: күрделі теңдеуді шешуде, бүрыш түрлерін сызуда қателесед3

Қателерді жою жолдары: Көбейту,бөлу және үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайтуға байланысты көбірек тапсырмалар орындату, кесте жаттату.Күрделі теңдеу-лерді шешудің тәсілін қайталауға қосымша жұмыстар жүргізу. Фигуралардың /шаршының,тік төртбұрыштың/ ауданын,периметрін табудағы әртүрлі тәсілдерді қайталап,практикалық жұмыстар жүргізу.

Бастауыш сынып оқушыларынан қазақ тілі пәнінен алынған ІІ жартыжылдық әкімшілік бақылау диктантының сараптамасы.

Мақсаты емле және тыныс белгілері мен өтілген материалдар бойынша оқушылар- дың білімнің, дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау, сауатты, каллиграфиялық талаптарға сай жазылуының төселгенін бақылау.

Бақылау диктантының сандық мәліметі:



Р/с

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып

Оқушы саны

Жазғаны

Сауаттылығы б/ша бағалар

Үлгерім

Сапа

Гр. тапсырмалар б/ша бағалар

Үлгерім

Сапа

5

4

3

2







5

4

3

2







1.

Жаксымбетова Ж.М.

2 «а»

17

17

-

7

8

2

88%

41%

8

8

1

-

100%

94%

2.

Казангапова С.А.

3 «а»

18

18

5

5

7

1

94%

55%

7

4

7

-

100%

61%

3.

Байдулина Б.О.

4«а»

8

7

1

3

2

1

85%

57%

2

3

2

-

100%

71%







2-4

43

42

6

15

17

4

89%

51%

17

15

10

-

100%

75%

Бастауыш 2-4 сыныптарда 43 оқушы. Бақылау диктантын жазуға 42 оқушы қатысты. Бір оқушы /Қайролла Елдос/ денсаулығына байланысты Павлодар қаласында сауықтыру орталығында емделуде. 3 оқушы 3 сыныптан (Карпенко А,Айдаболов С,Тусупбек А) жеңілдетілген бағдарламамен оқытылады.

Сауаттылығы бойынша үлгерім 89 %, сапа 51 %. І жартыжыл бақылау диктантымен салыстырғанда үлгерім 2% көтерілген, сапа өзгермеген. Грамматикалық тапсырмалар бойынша үлгерім 100%, сапа 75 %. І жартыжыл бақылау диктантымен салыстырғанда үлгерім 7 % , сапа 6 % көтерілген.



Жалпы бастауыш сыныптарда емле бойынша жіберілген қателер:

Әріп тастау 11оқушы 26%; сөз тастау 1 оқушы 2%; қос дауыссыз 3 оқушы 7%; тасымал 4 оқушы 9%; артық әріп 4 оқушы 9%; н-ң емлесі 11 оқушы 26%; і-ы емлесі 2 оқушы 4%, к-қ емлесі 2 оқушы 4%; і-е емлесі 1 оқушы 2%; о-а емлесі 1 оқушы 2%; ж-ш емлесі 1 оқушы 2%; ү-ұ емлесі 5 оқушы 11%, с-ш емлесі 1 оқушы 2%; г-к емлесі 2 оқушы 4%, бас әріп 1 оқушы 2%, м-н емлесі 1 оқушы 2%, я емлесі 1 оқушы 2%.



Жалпы бастауыш сыныптарда грамматикалық тапсырмалар бойынша жіберілген қателер:

Дыбыстық талдау- 3 оқушы 7%; сөз құрамына талдау 10 оқушы 23%, сөз таптарына талдау 7 оқушы 16%, буындық талдау 3 оқушы 7%, тәуелденген зат есімді табу 4 оқушы 9%, мәтіннен сын есімді табу 4 оқушы 9%, сөйлем мүшелеріне талдау 8 оқушы 19%.



Қателерді жою жолдары:

-емле ережелерін қайталау арқылы сауатты жазуға үйрету;

-кітап оқу арқылы сөздік қорларын байыту;

-сөз таптырын қайталау;

-буын түрлерін қайталау.

2016-2017 оқу жылында бастауыш әдістеме бірлестіктің жетістіктері:

Тамыз кеңесінде Павлодар облысының білім ьеру басқармасынан Байдулина Б.О. «Облыстың білім саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі мен кәсіптік қызметіндегі жоғарғы көрсеткіштері үшін» Байдулина Б.О. Құрмет грамотасы және Республикалық «Үркер» интеллектуалдық марафонға оқушыларын белсенді қатыстырғаны үшін дипломмен марапатталды.

Казангапова С.А. аудандық білім кәсіподақ ұйымынан ұстаздар күніне орай Құрмет грамотасымен , «Ziat» Ғылыми –әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Үлгілік сабақ» атты қашықтықтан өткізілген Ү Республикалық педагогтардың сайысында ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды. 28 тамыздан бастап 28 қыркүйекке дейін өткізілетін OQU-ZAMAN.KZ қосалқы білімді сайтының «Уақытымен келе жатқан білім саласы» атты республикалық онлайн-сайысында қатысқаны үшін сертификат берілді.

Ахметова С.Б. Малайсары селолық округі әкімінен ұстаздар күні мерекесіне орай Алғыс хатпен марапатталды. Павлодар облысының білім беру ұйымдарында инновациялық үдерістерді қолдауы, қызметтестігі және педагогикалық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін сертификат берілді.

Халықаралық «Пони» турнирға балаларды белсенді қатыстырғаны үшін дипломмен марапатталды.

Қараша айында «Ziat» Ғылыми –әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында КАзангапова С. А., Аушахманова Г.А. ІІ орын, Жаксымбетова Ж.М. ІІІ орынға ие болды.

Казангапова С.А., Жаксымбетова Ж.М. Bilimlend ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының қатысушылары.

Edulife.kz. Ұстаздарға арналған әдістемелік сайтынының дамуына атсалысқаны үшін Жаксымбетова Ж.М., Аушахманова Г.А. алғыс хат берілді.

Казангапова С.А. 1-орынға, Аушахманова Г.А. бастауыш сынып мұғалімдеріне өткен Ұлттық Интернет олимпиадасының 2-орынға ие болып дипломмен марапатталды.

Аушахманова Г.А. Павлодар қаласында онлайн вебинар конференциясында “1 - сыныпты оқытудың ерекшеліктері” тақырыбында баяндама оқыды. "Назарбаев зияткерлік мектептері" ДББҰ "Педагогикалық шеберлік орталығының Павлодар қ. филиалы "Менің үздік коучингім" аймақтық конкурсына қатысқаны үшін сертификат берілді. Іс -тәжірибені аудан деңгейінде таратқаны үшін аудандық білім бөлімінен сертификат берілді.



Мұғалімдердің жарияланған материалдары:

Жаксымбетова Ж.М. «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналының №11-12 (79-80) 2016 нөмірінде «Ә,И,З,Ө,Ү, Г дыбыстары мен әріптерін қайталау» сабағы жарияланды. Республикалық «Тәрбие сағаты» педагогикалық журналының №1 нөмірінде «Өзін-өзі тану еліне саяхат» атты тәрбие сағаты жарық көрді.

Аушахманова Г.А. №9,10 /2016 ж. “Бастауыш сыныпта оқыту мен тәрбие ісі” Республикалық журна-лында Ш.Уалиханов “Абылай хан” ашық сабағы; №1 (34) 2017 ж. “Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі” Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналында “Сабақта белсенді оқу әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана білу” баяндамасы және № 4 (37) 2017 ж. “Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі” Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналында “Өзара кері амалдар” сабағы жарияланды.

Казангапова С.А. Республикалық педагогикалық-әдістемелік «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі» журналының № 6 нөмерінде «Қозғалыстқа берілген есептер» сабағы жарияланды.



Оқушылардың жетістіктері:

«Еуразиялық Гендік қор» ұйымдастырған Республикалық «Жолдағы қауіпсіздік» суреттер конкурсының ІІІ дәрежелі диплом 3 сынып оқушысы Еркебуланова М. және қатысқаны үшін сертификат Сипатилов И. берілді. Республикалық «Балалар мен жан-жануарлар» атты фото байқауының жеңімпазы болып 3 дәрежелі дипломмен 1 сынып оқушысы Жарылғасимов С. және 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н. марапатталды және қатысқаны үшін 2 сынып оқушысы Зарубек С. сертификат берілді. «Менің сүйікті мульт кумирім-2» Республикалық балалар шығармашылығы сайысында 1 сынып оқушысы Жарылғасимов С., 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н. және 2 сынып оқушысы Зарубек С. 3 дәрежелі диплом, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік жалауы» атты Республикалық көркемсурет байқауына қатысып жұмысты жақсы орындағаны үшін 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н. І дәрежелі дипломмен және 2 сынып оқушысы Бекенова А. ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Ахметсапар Н. « Қатысушының үздік электронды портфолиосы» атты Республикалық байқауының жеңімпазы, 3 дәрежелі диплом.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Дүниетану » пәні бойынша І-ші онлаин-олимпиадада ІІ дәрежелі дипломмен 3 сынып оқушылары Ахметсапар Н., Сипатилов И., Кайргельдинов Д., ІІІ дәрежелі диплом:Социал З., сертификат:Мұқатай Б., Елубай А., 4 сынып оқушылары І дәрежелі диплом Өркен А., ІІ дәрежелі диплом Танирберген М., ІІІ дәрежелі диплом Бериков Д., Какимжан А.

Халықаралық «Адам және табиғат-2016» конкурсында 2 орын Ақаев А., Бекбулат Н., Жакупова Р., Республикалық «Ертегілер елінде» № 8 балалар журналында Жакупова Р. «Жаз», Ахметжан А. «Жаз» өлеңдері және № 6-7 нөмерлерінде Жакупова Р. «Жайдарлы жаз», Ахметжан А. «Көңілді жаз» әңгімелері жарияланды. Сынып жетекшісі Аушахманова Г.А. «Сарыарқа самалы» Павлодар облыстық газетінде №110 (14989) нөмірінде 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н. ұстаздар күнімен құттықтау сөздері және «Балбұлақ» Республикалық балалар журналында №11,2016 ж. «Тәуелсіздікке 25 жыл» сөзжұмбағы шықты. "Сарыарқа самалы" газетінің "Айналайын" бетінде Жарылгасимов Санжардың 1 Мамыр күніне арналған ребусы жарияланды. “Ертегілер елінде” журналында шығармашылығымен танылғаны үшін дипломмен және кітапшамен Мукатаев Бексултан және Социал Айзат марапатталады.

Республикалық «Үркер» инттелектуалдық марафонның жеңімпазы 1 сынып оқушысы Социал А., мектеп жанындағы шағын орталығының тәрбиеленушілері Нұржанұлы А., Құсман М. ІІІ Облыстық зияткерлік конкурстан Сериков Ж. І орын, «Ақбота» Республикалық интеллектуалдық марафонда 3 сынып оқушылары Ахметсапар Н., Солтан Қ.,Сипатилов И., Мұқатай Б., Марданова А. ІІІ орын жеңіп алды. Май ауданың білім беру бөлімі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» аудандық балалардың мәнерлеп оқу байқауында ІІ орын иегерлері 1 сынып оқушысы Социал А. және даярлық сынып оқушысы Жолдыбай І. Атанды, мектеп жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушісі Сериков Ж. «Көркем оқу» номинациясына ие болды. «Алтын асық» ІҮ облыстық зияткерлік конкурста 1 сыныптан 8 оқушы Айдаболова И, Ақылбек Б, Зәрубек К, Жиенжан Н, Жарылгасимов С, Мукатаев Б, Мұхтар И. , Социал А. және 2 сыныптан Бекенова А. 3-орынға ие болып, дипломмен марапатталды.Облыстық зиткерлік марафонда 3 орын иегерлері 3 сынып оқушылары Ахметсапар Н., Социал З., Бақберген А., Кайыргельдинов Д., Елубай А.

Мектепішілік іс-шаралар:

19-29 қыркүйек аралығында Тілдер мерекесіне орай сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді. «Тілге құрмет-Тәуелсіздікке құрмет» сайысында І орын 2 сынып оқушысы Солдат М., ІІ орын 3 сынып оқушысы Елубай А., ІІІ орын 4 сынып оқушысы Таңірберген М., «Тіл білгірі» сайысында І орын 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н., ІІ орын 4 сынып оқушысы Какимжан А., ІІІ орын 2 сынып оқушысы Жүмағали Г. ие болды.

28.11.-05.12. аралығында бастауыш пәндер апталығында өтті. Әр мұғалім дүниетану, математика пәндерінен ашық сабақтар өткізді. Дүниетану пәніне арналған «Табиғат әлемі» танымдық сайысында 1 орын 2 сынып оқушылары, 2 орын 3 сынып оқушылары, 3 орын 4 сынып оқушылары жеңіп алды. Математика пәнінен «Жас математик» интеллектуалдық ойында І орын 1 сынып оқушысы Мұқатай Б., ІІ орын 2 сынып оқушысы Жакина А., ІІІ орынды 4 сынып оқушысы Қайролла Е. иеленді.

22 қарашада мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. 2-4 сыныптар арасынан 24 оқушы 4 пәннен қатысты. Қазақ тілі және әдебиеттен 2 оқушы, математикадан 9 оқушы, дүниетанудан 9 оқушы, орыс тілден 1 оқушы. Жауапты мұғалімдер: қазақ тілі мен әдебиеттен Аушахманова Г., Байдулина Б., математика мен дүниетанудан

Казангапова С., Жаксымбетова Ж., орыс тілінен Татенова А.математика пәнінен ІІ орын 2 сынып оқушысы Таңірберген И. және 4 сынып оқушысы Қайролла Елдос, ІІІ орын 3 сынып оқушылары Ахметсапар Н., Сипатилов И. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен І орын 2 сынып оқушысы Солдат М., ІІ орын 3 сынып оқушысы Кайыргельдинов Д., ІІІ орын 4 сынып оқушысы Өркен А. Дүниетанудан І орын 3 сынып оқушысы Мукатай Б., ІІ орын 4 сынып оқушысы Бериков Д., ІІІ орын 3 сынып оқушысы Калымова А. Орыс тілінен 4 сынып оқушысы ІІІ орын Кадырбек А.

Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілік, патриоттық, танымдық, сыйластық, достық сезімдерін тәрбиелеу мақсатында әр мерекелерге арналған іс-шаралар өткізіледі. Қазанда бастауыш сыныптар арасында «Алтын күз» сайысында 2 сынып оқушылары І орын, 1 сынып оқушылары ІІ орын, 3-4 сынып оқушылары ІІІ орын жеңіп алды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 1-4 сынып арасында «Тәуелсіздік-ел тілегі» танымдық-зияткерлік сайысы, Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, жаңа жыл, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік өткізілді. Мектепішілік 7 мамыр - Қарулы күштер күні мерекесіне арналған "Жігіт сұлтаны-2017" сайысында 3 сынып оқушысы Ахметсапар Н. гран-при, 4 сынып оқушысы Какимжан А. 1 орын, 2 сынып оқушысы Танирберген И. І орын, 1 сынып оқушысы Елубай Даулетбек 3-орынға ие болды. 9 Мамыр -Жеңіс күніне және 7 Мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған "Бейбіт күні жасасын әлемі" сурет сайысындаБекенова А. 2 орын, Жарылгасимов Санжар 3-орынға ие болып, мадақтама қағазымен марапатталды.
Жағымды жақтары:

1.Оқушылардың әр түрлі сайыстарға қатысып орын алуы.

2.Мұғалімдердің Республикалық, Облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болу.

3.Мұғалімдердің, оқушылардың баспа жариялымдарының өсуі.

Әлсіз жақтары:

1.Қазақ тілі пәннің сапасының төмендігі

Шешу жолдары:

1. Облыстық, республикалық сайыстарға мұғалімдердің қатысуын жалғастыру.

2. Газет-журналдарға ашық сабақ, сыныптан тыс жұмыстар, мақалалар ай сайын жіберіп отыру.

3.Сапасы төмен сыныптарда қайталау жұмыстар жүргізу.



ӘБ жетекшісі: Ж.Жаксымбетова
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет