Сабақта зерттеушілік әңгіме жүргізу үшін қабілетті болу; Негізгі идеялар



Дата13.12.2016
өлшемі330,02 Kb.
#3776
түріСабақ

1 мектеп- гимназиясының коучі- Тулегенова Бибигуль Мухановна

1.Коучинг атауы

Диалогтік оқытудың бір түрі - зерттеушілік әңгіме

Жалпы мақсаттар :

Диалогтік оқыту арқылы оқушылармен тіл табыса отырып, сабаққа қызығушылығын арттырады;

Зерттеушілік әңгіме арқылы сыни ойлауға үйренеді;



Оқыту нәтижесі:

Сабақта зерттеушілік әңгіме жүргізу үшін қабілетті болу;

Негізгі идеялар :

Бұрын көптеген мұғалімдердің сабақ беру үрдісінде

оқушылардың еркін сөйлеуі тәртіпсіздік болып саналатын, ал қазіргі таңда диалогтік оқыту оқытудың ажырамас бөлігі болып саналады;



Коучинг барысы:

Сергіту сәті «Шырша биі»

Мақсаты: дене жаттығуларын жасап, бойларын жазады;



Топқа бөлу: аңдардың, үй жануарларының , құстардың суреттері бойынша 3 топқа бөлінді.

1-тапсырма

Екі адам бір- бірінен интервью алады. Жұпта талқылайды.

Мақсаты: сабаққа қызығушылығын арттырады , бір- бірімен танысады;




Слайдтармен жұмыс

Диалог туралы, түрлері туралы түсіндіру

Мақсаты: мұғалімдерді коучингтің тақырыбын түсінуге жетелеу;



Топқа 2- тапсырма

«Әңгімелесу факторы» топпен талқылау,

6 ойлау әдісі арқылы қорғап шығады.

Мақсаты: сыни тұрғыдан ойланып, оқудағы қиындықтарды жеңе білу;


Әдіс- тәсілдер

Ақылдың алты қалпағы туралы слайд көрсетіп, түсіндіремін.

Топқа 3- тапсырма

Интерактивті тақтада тиіннің сырнай тартып тұрған суреті

Осы сурет бойынша сұрақтар құрастыру;



Слайдпен жұмыс

Сұрақтардың түрлерін айтып кету

Сұрақтарды төмен дәрежелі, жоғары дәрежелі , ашық және жабық сұрақтар болатыны туралы түсіндіру;



Келесі тапсырма

Сұрақ түрлеріне ойындар ойнату

«Мен кіммін?», «Быж- быж ету »

Мақсаты: оқушыларға бағыттаушы сұрақтар беруге үйрену;


Кері байланыс

Мұғалімдер бағалау парақтарын толтырады;

Ұсыныстар, тілек жазып береді;



2.Коучинг атауы

Топтық жұмысты ұйымдастыру ;

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдерді топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыруға жетелеу;

Коучинг барысы:

Мұғалімдерді қызықтыру мақсатымен өзім шығарған коучинг туралы жүрек жарды өлеңімді оқып бердім.

Сергіту сәті « егіздер биі»

Мақсаты: көңілді әуенмен бойды сергітіп, қызықты тапсырмалар орындау;

Ұжымды топқа бөлу: қалпақтардың түстері арқылы, екі топқа бөлінді;

Мақсаты: сыни тұрғыдан ойландыру арқылы топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;


Интерактивті тақтадағы слайдтар бойынша түсіндіру

Топтардың көлемі, топтық жұмыстың маңызы , оқушыларға қандай әсері, топтық жұмыстың ережесін шығаруды түсіндірдім.

Топтарға 1- тапсырма

  1. Топқа тапсырма «Топтық жұмыстағы ішкі және сыртқы кедергілер жою»

  2. Топқа тапсырма « Мұғалімдердің топтық жұмыстағы ролі»

Мақсаты : мұғалімдер тапсырманы орындау барысында тиімді әдіс- тәсілдерді меңгереді, қызықты тапсырмалар орындайды.

Әдіс- тәсілдер

«Ыстық орындық» әдісі арқылы өз тобының тапсырмасын қорғайды.

Мақсаты: біреуге алаңдаушылықты танытуды ынталандыруға , мазмұнды «түсінетіндігін » түсінуге арналған драмалық тапсырма. Сұрақтарды зерделеп

ұстанымдарды негіздеуге мүмкіндік береді;


Топтарға 2- тапсырма

«Жаңа формация мұғалімінің бейнесін сомдау»

Мақсаты: мұғалімдерді сыни тұрғыдан ойландырып,

өзгерістірін ашады.


Топ жұмысын бағалау

Топ ішінде талқылайды;

Әр топ бірін- бірі бағалайды



Бағалау критерийлері бойынша бағалау

Бір- бірін бағалап болған соң, слайдт арқылы бағалау критерийлері бойынша бағалауды көрсетемін, содан кейін мұғалімдер бағалай критерийлері бойынша бағалайды.

Кері байланыс

Ұсыныс, тілектерін ашық хат түрінде жазып береді.


Қосымша №1. Коучинг туралы авторлық өлең

Коучинг

Коучинг ол қиялдардың тереңдігі,

Коучинг ол ақыл- ойдың беріктігі.

Жаһандану әлемінің жаңалығы,

Коучинг ол серіктіктің ерлігі.


Коучинг ол мінездің асылдығы,

Сезім мен ойдың шынайылығы ,

Коучинг деп топ жұмысын айтамыз,

Жүректердің дүрсілі мен айнасы.

Коучинг ол бағалау мен сұрақтан тұрады,

Шешендік пен өнер жолын құрады.

Шәкірттерге бағыт беріп оқытса,

Коучингте жұлдыз болып жанады.

Коучинг ол қиыннан жеңіл ойлану ,

Коучинг ол өздігінен қиналу,

Топ болып ынтымақпен жол табу,

Жағдаяттан шығып алып жыр жазу.




Қосымша №2

1сурет «Топтық жұмыс»






2 сурет. «Кері байланыс»
Каталог: download -> version
version -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Абылай хан
version -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
version -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
version -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
version -> Mұхтар Омарханұлы Әуезов
version -> ТҮркістан қаласы
version -> Абай Құнанбайұлы
version -> Міржақып Дұлатұлы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет