Сабақтан тыс «Жалпы физикалық дайындық»



Дата25.08.2017
өлшемі69,67 Kb.
#26989
түріСабақ
Спорттық бағыттағы сабақтан тыс «Жалпы физикалық дайындық» секциясының
Бағдарламасы


Бағдарламаны жасаған: Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер
Қарағанды облысы Приозерск қаласының

«Достық» балалар – жасөспірімдер

шығармашылық орталығы» КМҚК

Приозерск -2016 ж.



Түсіндірме хат.
Осы бағдарлама жалпы білім берудің бастауыш буынындағы оқушылардың спорттық-сауықтыру бағыты бойынша іс-әрекетінің бір нұсқасы ретінде жасалған. Бағдарламаны жүзеге асыру бір оқу жылы мерзімінде жүзеге асуы көзделген.

Бағдарламаның мақсаты:


- балалардың саламатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ету және олардың физикалық және психикалық саулығын қолдау;

-балалардың қазіргі заманғы қоғамдағы адам, денсаулық, табиғат, еңбек т.б.құндылықтарды бағалай білуге баулу;

Бұл бағдарлама төмендегі міндеттерді жүзеге асырады:

-оқушыларды спорттық-сауықтыру шараларына қатысуға ынталандырады;

-спорттық-сауықтыру шараларына қатысу арқылы ұжымдық, қоғамдасу дағдылары қалыптасып, дамиды,

-оқушылар спорттық-сауықтыру әрекетінің түрлі элементтерін игереді, оларды іс жүзінде қолдана білуді үйренеді;

Сабақтан тыс спорттық бағыттағы спорттық-сауықтыру бағдарламасының негізгі идеясы оқушылардың сабақтан тыс уақыттағы дамуы мен тәрбиесіне және спорттық, тән саулығы құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған. Сондықтан сабақтан тыс іс-шаралар қолжетімді спорттық ойындарды қамтып отыр.

Бағдарлама модульді және ол 4 модульден тұрады: «Пионербол», «Баскетбол», « Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу », «Ұлттық спорттық ойындар », ( жалпы- 66 сағат). Сабақтар аптасына 2 сағат өткізіледі.


Тақырыптық жоспар.




Тараулардың атауы

Жалпы сағат саны

Аудиториялық сабақ саны

Аудиториядан тыс сабақтар саны

1.

Пионербол

22

1

21

1.1

Кіріспе сабақ

1

1




1.2

Допты ұстау техникасы

5




5

1.3

Допты беру техникасы

5




5

1.4

Әріптеспен өзара әрекет етудегі тактикалық әдістер

5




5

1.5

Тактикалық комбинациялар

6




6

2.

Баскетбол

22

1

21

2.1

Кіріспе сабақ

1

1




2.2

Орнында тұрып және жүгіріп жүріп, адымдап жүріп , допты алып жүру техникасы

5




5

2.3

Орнында тұрып ,кеуд еден доп беру техникасы

5




5

2.4

Орнында тұрып , бір қолмен доп беру техникасы

5




5

2.5

Қозғалыста жүріп, жұптасып доп беру техникасы

3




3

2.6

Шығыршыққа (кольцо) доп лақтыру

3




3

3.

Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу

6




6

3.1

Мектепішілік Денсаулық күні мерекесін ұйымдастыру және өткізу

3




3

3.2

«Спортсүйгіш отбасы » сайысын ұйымдастыру және өткізу

3




3

4.

Ұлттық спорттық ойындар

16

3

13

4.1

«Асық », «Ләңгі» ойындары

6

1

5

4.2

«Арқан тарту»

5

1

4

4.3

«Қашпа доп»

5

1

4


Мазмұны
1. Пионербол.

Ойын ережесі. Ойыншылардың денсаулығы мен гигиенасы. Допты ұстау техникасы мен ойынға қосу тәсілдерін үйрену. Жұптасып әрекет ету тәсілдерін пысықтау.


2.Баскетбол.

Ойын тарихы. Ойын ережесі. Орнында тұрып және жүгіріп жүріп, адымдап жүріп , допты алып жүру техникасын пысықтау. Жұптасып ойнау. Шығыршыққа (кольцо) доп лақтыру техникасы.


3. Мектепте спорттық жарыстар ұйымдастыру және өткізу

Шараларды дайындау және өткізуге дайындық ерекшеліктері.Төрешілік ету.


4. Ұлттық спорттық ойындар

4.1 «Асық », «Ләңгі» ойындары. Ойын ережесі. Өткізу.

4.. «Арқан тарту» . Ойын ережесі. Өткізу.

4.3 «Қашпа доп». Ойын тарихы. Ойын ережесі. Өткізу. Ойын тәсілдерін пысықтау. Екі жақты ойын.


Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже
Оқушылар өзара бір-бірімен және әр түрлі топтармен қарым-қатынас жасауды, ұжымдық іс-әрекет етуді игереді, өзіне өзгелер үшін жауапкершілік алуды үйреніп, олардың бойында тұлғалық ерекшеліктері қалыптасады.

Орынбасаров Б.О. -оқытушы-бапкер



Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Достық» балалар – жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КМҚК




Каталог: uploads -> doc -> 0517
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0517 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ц дыбысы мен әрпін таныту ц дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру
0517 -> Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Өтеген батыр»
0517 -> Сабақ жоспары: Сынып: 10 Күні
0517 -> Сабақтың тақырыбы Көлік түрлері Сабақтың мақсаты Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
0517 -> Сайыстың тақырыбы: «Информатика лидерлері». Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпанның 13-18 аралығында мектебімізде «Физика, информатика және математика»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет