Сабақтан тыс өткізілу үшін арналған. Сынып: 7 Өткізген: физика пәнінің мұғалімі Оразова. Ж 2015-2016 оқу жылы



Дата12.03.2018
өлшемі140,39 Kb.
#38502
түріСабақ
М. Горкий атындағы №16 орта мектеп

Ф И З И К А Л Ы Қ О Й Ы Н Ы


Сабақтан тыс өткізілу үшін арналған.
Сынып:7
Өткізген: физика пәнінің мұғалімі Оразова. Ж
2015-2016 оқу жылы

«Физиканың жас білгірлері»

физикалық ойынының бағдарламасы
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

1.ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);10ұпай

2.«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) Әр дұрыс жауап – 1 ұпай;

3.«Капитандар» сайысы (10 сұрақ беріледі әр бір дұрыс жауап 1 ұпай);

4.«КІМ ТАПҚЫР!»

(үй тапсырмасы бойынша әр топ үйден дайындаған сөзжұмбақ, ребустарын бір -біріне беріп алмастырады); 10 ұпай



5.«Адасқан әріптер» (қағаз қиындыларындағы ариптерден формула құрастыру) 10ұпай

6.«Ойланайық ойлайық » (есептер шығару); 10 ұпай

7.«Жұмбақтар шешу» (10 ұпай)

- Құрметті ұстаздар мен оқушылар!



«Физиканың жас білгірлері» атты физикалық ойынына қош келдіңіздер!
Уа жарандар, жарандар!

Бәрің бері қараңдар.

Бәріңе жар салайық,

Бүгінгі ойын төрінде.

Көңілді ойын жасайық,

Асықпайық, саспайық.

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!



Кеш сайыс түрінде өтетін болғандықтан алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық:

- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

«Күш»_тобы__ТАНЫСТЫРУ'>Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Деформация» тобы

  2. «Күш» тобы

  1. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)
1-топ: «Деформация» тобы
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.



Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.
2-топ: «Күш» тобы
Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.



Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

  1. топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай


«Деформация» тобы
1.Физика не туралы ғылым?(табиғат)

2. Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер не деп аталады? (табиғат құбылыстары)

3.Дене дегеніміз не?( Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе)

4.Физикалық шамалар дегеніміз не ?(Құбылыстарды сандық тұрғыдан сипаттау)

5.Аққыштық көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту заттың қандай күйіне тән қасиет?(Сұйық)

6.Орын ауыстыру дегеніміз не?(дененің бастапқы орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні айтамыз)

7.Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз не?(Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы бірдей жол жүрсе, ондай қозғалысты Бір қалыпты қозғалыс деп атаймыз )

8.Уақытты табу формуласы(t=S/)

9.Инерция дегеніміз не?(денеге басқа денелер әрекететпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы)

10.Күш дегеніміз не?(денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)


«Күш» тобы
1.Астрономия нені зерттейтін ғылым?(аспан денелерін)

2. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістерін ата? (Бақылау, эксперимент, теория)

3.Зат дегеніміз не?( дененің шығу тегін сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрі)

4.Физикалық шаманың мәні дегеніміз не ?(Оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады)

5.Тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды заттың қай күйіне тән қасиет?(Газ)

6.Материялық нүкте дегеніміз не?(қозғалыстың қарастырылып отқан жағдайындағы

7.Бір қалыпты емес қозғалыс дегеніміз не?(Дене кез келген тең уақыт аралықтарында ұзындығы әр түрлі жол жүрсе, ондай қозғалысты Бір қалыпты қозғалыс деп атаймыз )

8.Жүрілген жол неге тең формуласы(S = t *)

9.Дененің инертілігінің өлшемі не деп аталады?(масса)

10.Деформация дегеніміз не?(Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі)



III. «Капитандар» сайысы (10 сұрақ беріледі әр бір дұрыс жауап 1 ұпай);

«Деформация» тобы
1.Пластикалық деформация дегеніміз не?(күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің пішіні мен өлшемін өзгертетін болса мұндай деформация пластикалық деп аталады)

2. Күш дегеніміз не? (денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама)

3.Температура дегеніміз не?( Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама)

4.Марстың қазақша аты ?(Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз)

5.Төменгі планеталарды ата?(Меркурий Шолпан)

6.Инерция латынша қандай мағына береді?(қозғалыста емес әрекетсіздік)

7.Материя дегеніміз не?(Әлем кеңістігінде не бар соның бәрін материя )

8.Күштің өлшем бірлігі(Ньютон)

9.Аспан денелерін бақылайтын құрал?(телескоп)

10.Ең алғаш ғарышқа ұшқан ғарышкер?(Ю.Гагарин)



«Күш» тобы
1.Серпімді деформация дегеніміз не?( күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің пішіні мен өлшемін қайтадан орнына келетін болса мұндай деформация серпімді деп аталады)

2. Инерция дегеніміз не? (денеге басқа денелер әрекететпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы)

3.Диффузия дегеніміз не?(бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының араларындағы бос орындарға өтіп таралуы)

4.Меркурийдің қазақша аты ?(Болпан кіші Шолпан)

5.Алып планеталарды ата?(Юпитер Сатурн Уран Нептун)

6.Диффузия латынша қандай мағына береді?(жайылу таралу)

7.Гипотеза дегеніміз не?(Ғылыми деректермен негізделген жорамал )

8.Жылдамдықтың өлшем бірлігі (м/c)

9.Ең алғашқы қазақ ғарышкері?(Т Әубәкіров)

10.Жазғы күн тоқырауы?( 22 шілде)



IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(үй тапсырмасы бойынша әр топ үйден дайындаған сөзжұмбақ, ребустарын бір -біріне беріп алмастырады); 10 ұпай

V. «Адасқан әріптер» (қағаз қиындыларындағы ариптерден формула құрастыру)

Сергіту сәті: Біз Бумба- Юмба тайпасына келдік деп көз алдарына елестетіндер. Олардың дәстүрлері бойынша сәлем берейік. Олар дене мүшелерін бір-біріне тигізіп амандасады екен. Мен қазір шапалақпен сигнал беріп, қалай амандасу керек екенін айтып отырамын. Бастаймыз, мұрынды- мұрынға, құлақты құлаққа, тізені- тізеге, иықты- иыққа, басты-басқа, маңдайды-маңдайға, арқаны-арқаға, қолды-қолға. Бумба- Юмба тайпасының дәстүрі бойынша амандасу ұнады ма?

VII. «Ойланайық ойлайық » (есептер шығару); 10 ұпай

«Деформация» тобы

1.Жер күнді айнала 30км /с жылдамдықпен қозғалады?Бір сабақ өткенде, яғни 45мин ішінде Жер қандай жол жүреді?

«Күш» тобы
1.Автомашина 1500м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтау керек?

VIII. «Жұмбақтар шешу» (10 ұпай)

Сұрақтар:

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток,)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

3.Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз)

4.Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

5.Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

6. Жердің жүзін шарлайсың

Онсыз еш жерге бармайсың

Көлікпен де, жаяу да

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

7.Көп болса алыстайсың

мезетпен қашықтайсың

Асықсаң аз болады

Табасың мұны қайсысың?(Уақыт)

8. Бірдей көлемдегі масса, кейде

Аз да кейде көп

Делінеді бұл шама

Аталуын тапшы тек.(Тығыздық)

9. Жылдамдықты өзгертеді

Қозғалысты тездетеді

Қарсы шықса қозғалысқа

Тоқтарына көз жетеді.(Күш)

10. Күш көбейсе артады

Ауадан артқа тартады

Жүзі жұқа үшкір зат

Одан бірақ қорқады.(Қысым)

11. Көтерілсе жоғары

Ерітеді мұхит

Төмен түссе шамала

Сездірер суық ызғарын(Температура)

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.



БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Деформация

Күш

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);10ұпай







2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар) Әр дұрыс жауап – 1 ұпай;







3

«Капитандар» сайысы (10 сұрақ беріледі әр бір дұрыс жауап 1 ұпай);








4

«КІМ ТАПҚЫР!»

(үй тапсырмасы бойынша әр топ үйден дайындаған сөзжұмбақ, ребустарын бір -біріне беріп алмастырады); 10 ұпай








5

«Адасқан әріптер» (қағаз қиындыларындағы ариптерден формула құрастыру) 10ұпай








6

«Ойланайық ойлайық » (есептер шығару); 10 ұпай








7

«Жұмбақтар шешу» (10 ұпай)











Жалпы ұпайы







Сонымен бүгінгі сабағымызды қорытындылап жеңімпаз топты марапаттайық.

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге



Айтамыз біз мың рахмет! –






Н

Е

Д

Е

Ж

*

*

*




Е

Г

А

Н

Ы

Н

*

*

*

Д

Е

Қ

Е

А

М

Д

*

*

Ы

Б

С

Л

Й

Д

Д

А

Л

А

Д

А

Е

Г

Е

Л

Ы

Т

А

П

Е

Р

*

Е

Н

Ы

Ғ

Ц

И

Я

Д

Ә

*

П

К

Ж

Ы

Р

Е

Н

И

Р

Е

Т

Е

І

Н

Л

Ы

С

Ы

Е

Т

*

З

Г

С

Ы

Б

Ұ

Қ

К

Е

*

Д

Е

А

Қ

Т

А

У

Каталог: uploads -> doc -> 0617
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0617 -> Жылдардағы ашаршылық.Қазақстандағы жаппай ұжымдастырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптары. Мақсаты
0617 -> Мемлекеттік тіл – елдігіміздің іргетасы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет