Сабақтар: «Қазақстан-2030 стратегиясы»



бет4/4
Дата24.11.2016
өлшемі1,25 Mb.
#2472
түріСабақ
1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым Министрлігі

ШҚО әкімдігінің білім басқарамасы

КМҚК «ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІ»
«ТАРИХ, ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ

ӘДІСТЕР ТИІМДІЛІГІ»

Қалалық әдістемелік бірлестікте

оқылған баяндама

(19наурыз 2012 жыл)

Даярлаған:

Тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы

ОРАЗЫМБЕТОВА Р.Ж.


Әлеуметтік пәндер бірлестігінде

қаралып, ұсынылды.

Хаттама №

« » 2012 жыл

ПБ төрайымы:



Оразымбетова Р.Ж. «КЕЛІСІЛДІ»

Хаттама №

« » 2012 жыл

Колледж әдіскері:



Алжанова Қ.А.
«Мақұлданды»

Хаттама №

« » 2012 жыл

Қалалық әлеуметтік пәндер

бірлестігінің төрайымы:

Сулейменова Ж.М.
Семей-2012
МАЗМҰНЫ:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1.Тарихты, қоғамдық пәндерді оқытудағы жаңашылдық сипаты

2.2.Тірек конспектілері

2.3.Модульдік технологиясы

2.4.Жаңашыл мұғалімдер идеясын сабаққа қолдану


3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Тарих және мәдениеттану, саясаттану, құқық негіздері, филосософия ғылым және пән ретінде аса маңызды білім саласына жатады. Өйткені ол бүкіл адам баласының басынан өткізген жағдайын, тарихи тәжірибесін баяндайды. Тарихи білім әрбір адамға қажет.

Қазақстан Републикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1995 жылы маусым айында елімізде жаппай тарихи білім беруді жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Қаулыда тарихи оқуды мектептерде орта буын сыныптардан бастап неғұрлым кең көлемде енгізу қажеттілігі атап көрсетілді. Тарихты оқыту мен тарихи білімге терең назар аударудың бірқатар себептері бар. Тарихи білімді адам ғана өз өмір сүрген қоғамдағы орнын, атқаратын қызметін дұрыс анықтай алады. Әбу Насыр Әл—Фараби: «Тарихты білмей өткенді, қазіргі жағдайды, келешекті болжау қиын» -десе, А.Байтұрсынұлы «Адам өмірінің ұлы ісінің бірі- тарихты білу және құрметтеу» деп өте жоғары бағалаған.

-Тарих қоғамдық және жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғайтын негізгі құрал;

-Тарих меншіктің барлық түрлерін қорғайтын күш;

-Тарих мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.

«Инновация» мәселесі көптеген ғалымдардың еңбектерінде зерттелген. Атап айтсақ К.Энгеловский, И. Подконяк, З.Петросинский, Н.Нұрахметов, Ш.Таубаева, Қ.Құдайбергенова, т.б. Жекелей еңбектерімен қатар бүкіл дүниежүзінде елеулі орталықтар, лабораториялар жұмыс істеуде. Польшада «Педагогикалық зерттеулер» институты, Юнеско құрамында «Инновация» орталығы қызмет етуде.

«Инновация» ұғымын анықтау мақсатында біршама ғылыми-педагогикалық, саяси-техникалық әдебиеттер талдаудан өтіп, төмендегідей қорытынды жасалынды. «Инновация» ұғымы ғылым арсеналына 1940 жылдары енген. «Инновация» ұғымын ғалымдар 3 бағытта түсінеді екен. а) Жаңғырту, жаңалық енгізу, жаңа идея. б) Өзгеріс. в) Құрал, әдіс

Барлық авторлардың анықтамаларын талдауы төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді. «Инновация» дегеніміз - жаңа жағдайда жаңа болып табылатын, нақты мақсаттың нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыз ететін идеялар. Инновацияның түрлері, заңдылықтары, үлгілері, таратудағы негізгі элементтері болады. Олар:




1.Инновацияларды тарату секторына байланысты:


а) білім беру мазмұнындағы инновациялар

б) технологиядағы инновациялар

в) ұйымдастырудағы инновациялар

г) басқару жүйесіндегі инновациялар

д) білім беру құрылысындағы инновациялар


2.Инновациялардың пайда болу амалына байланысты:

а) жүйелі жоспарлы инновациялар

б) кездейсоқ стихиялы инновациялар



3.Инновациялардың көлемі мен тереңдігіне байланысты

а) жалпы, көлемді инновациялар

б) жекелеген, ұсақ



4.Инновациялардың пайда болу негізіне байланысты:


а) жалпы, көлемді инновациялар

б) жекелеген, ұсақ



Мұндай саралау нені береді? Ең алдымен, әрбір жаңалықты нақты идентификациялауға жағдай тұғызады. Бұдан пайда болған жаңалықтардың жүйелік сипаты олардың мүмкіндіктерін, кемшіліктерін салыстыруға, орнын бағалауға мүмкіндік береді.


Инновация үлгілері

1.Зерттеу-дамыту-тарату ( мәселесі зерттеліп, жан-жақты қарастырылғаннан кейін қандай да бір жаңалық ашылады)

2.Әлеуметтік байланыстар (әлеуметтік мәселелерді шешу барысындағы ашылатын жаңалықтар)

3.Мәселелерді шешу (үлкен мәселе қойылып, оны шешу барысында пайда болған жаңалықтар)


Инновацияны таратудағы негізгі элементтер

1. Жаңалықтың сипаты (ғылыми негізгі, мақсаты, құралы).

2. Мұғалімнің қызметі (мұғалім іс-әрекетінің жүйесі).

3. Шарттары (жаңалықтың жүзеге асу шарттары).



Инновациялық үрдістер білім беру жүйесінде методология-практикалық зерттеулерді жүргізуді, методологиялық бөлімнің ерекше саласы- педагогикалық инноватика қалыптастыруды қажет етеді. Педагогикалық инноватика- жаңалықтарды жасау, игеру және қолдану мәселелерін зерттейтін педагогиканың бір саласы ретінде ғылымға еніп отыр.

Еліміздің болашағы - жас ұрпақтың білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіріп, педагогикалық жаңалықтарды дер кезінеде қабылдап, өндеп, нәтижелі пайдалана білу- әрбір ұстаздың міндеті


2.1. Тарихты, қоғамдық пәндерді оқытудағы жаңашылдық сипаты

Тәуелсіздік алғаннан кейін жаппай Отандық тарих пен халықтың құқықтық –тарихи білім алуы мен тарихи саналылыққа тәрбиеленуі ғылыми зерттеуді қажет ететін тақырыпқа айналды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде, өзінің еңбектерінде құқықты оқып білу неліктен қажет екеніне үнемі назар аударып келеді. «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген сұрақтар төңірегінде ойлансын әр қазақстандық азаматтар туған елінің, туған халқының тарихы мен құқығын ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз болар бәлкім. Бұл-әрбір азаматтың тарих пен құқық қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабасы қалыптастырған және қалдырған дала заңдылықтарымен конституциялық құқықтарынтерең түсіне отырып, кең байтақ жерінің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген сөздерін барлық оқушыларға арналған үндеуі ретінде қабылдаған дұрыс.

Мақсаты:


  • колледж оқушыларына саналық және физикалық дамуын толық деңгейде дамытуға тәрбиелеу,

  • оқушы , яғни ел тарихын құрметтеу,

  • жас өспірімнің ол тұрып жатқан елінің ұлттық құндылықтарын, өркениетті сыйлауға тәрбиелеу,

  • еркін қоғамда саналы өмірге, төзімділіпен өзінің құқығын жан-жақты білуге үйрету,

  • өз Отанын сүюге, қорғай білуге бағыттау т.б.

  • жеке азаматтар үшін қаншалықты маңызды екендігін түсіндіру.


2.2. Тірек конспектілері

Менің әдістемелік баяндамамның негізгі тақырыбы «Тарих және қоғамдық пәндерді оқытуда инновациялық әдістерді пайдаланудың тиімділігі» деп аталады. Қазіргі заман талабына сай көптеген оқытудың жаңа технологияларын оқыту процесінде пайдалануға болады.

Алдымен жалпы жаңа технологиялар не үшін керек? Бұл сұраққа сауал іздейтін болсақ әрине оқушылардың алған білімдерін тиянақтау үшін барлық оқытудың мүмкіндіктерін қарастырған дұрыс. Сабақ барысында да сабақтан тыс уақытта да өз бетінше жұмыс істей алуына жағдай жасап, алған білімдерін білетін нәрселерін басқаларға жеткізіп сөйлеуіне оның дағдысын қалыптасырушы әрине пән мұғалімі. Оқытушы пән негізін меңгерту үшін оқытудың жаңа технологиясын іс тәжірибе жүзінде дұрыс іске асыра алуы қажет. Бұл жұмыста оқытудың бірнеше технологиясына тоқталмақпын. Қазақстан тарихы мен қоғамдық пәндерді колледждегі оқу топтарында оқытуда қолданатын инновациялық әдістерді қолданудың тиімділігі өте зор, пән тақырыбын терең меңгеру үшін.

«Инновация» яғни жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Яғни әдіс, процесс ретінде инновация әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мене тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуі дегенді танытады. Жаңашылдық өздігінен пайда болмайды, ол ғылыми ізденіспен біліктіліктің нәтижесінде пайда болады. Әсіресе пән мұғалімдарының ролі арта түсуі керек.



Тарихшы мұғалім ол-қоғам субьектісін қалыптастырушы, мәдениет және саясаткер, экономист және заңгер, қоғам танушы ретінде жан-жақты дайындықта болуы шарт, бүгінгі күні. Осы кезде жаңаша қабылдау, бағалау, іске асыру дағдылары қалыптасады.

Білім беруші, тарихшы «Тарих- әрбір ұлттың ең басты кітабы» дегенді есте сақтай отырып, екі мәселелеге назар аудару керек. Олар:



  1. озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, тарату,

  2. педагогикалық-психологиялық ғылымдар жетістігін практикада қолдану

Бұны жүзеге асыруда қазір мүмкіндіктер жетерлік. Тарих мұғалімі ғана емес барлық жас ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеушілердің жан ашыры болатын мұғалімдер жауапты. Сол үшін алдымен әрине оқылатын пәннің мақсаты мен міндеттерін анықтау керек. Тарихты оқытуда негізгі қарастыратын мәселелер...

Нені оқытамын? Не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? деген сұрақтар тарихшының назарынан тыс болмауы тиіс. Осы үшеуін шешсек сабақтың түпкі мақсаты – нәтижелі болатындығы анық. Әрине түрлі әдістер мен жолдары көп таңдауды дұрыс жасаған дұрыс. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі мен дәстүрлі емес формалары көп. Пайда болғандары 10-15 жылдай болса да әртүрлі дәстүр әдісті қолдану тиімді болды. Әрине ол үшін мұғалімнің тақырыпқа сай дидактикасы мол болса, оқушылардың тақырыпты меңгеруді табысты болмақ. Сондай әдістің бірі-тірек конспектілерін қолдану (Шаталов әдісі бойынша) Әрине дайындықсыз ештеңе болмайды. Тірек конспектісі әр түрлі түспен анық-ашық орындалуы тиіс. Мұғалім тақырыптың мазмұнын білуі тиіс.Кез-келген сабақ мұғалім еңбегінің шығармашылық жемісі. Тәуелсіз мемлекетіміздің білімді ұрпақтарын қалыптастыруда тарих пәнінің оқытылуына ерекше жауапкершілік керек. Әр сабақ көп ізденуді, шеберлікті қажет етеді. Пәнге деген қызығушылықты арттыруда негізгі мақсаттар айқын қойылуы қажет.

Тарих пәнін оқытуда пәнаралық, курсаралық, курсішілік ұстанымдарды да жүзеге асыру керек. Пән қоғамтану, экономикалық география, құқық, әдебиет пәндерімен байланысты, сондықтан да олардың арасындағы байланыстылықты аша түсу тиіс. Тарих өмірмен, қазіргі жағдайлармен де өте тығыз байланысты. Сондықтан тарих мұғалімі өзінің ұстаздық бейнесі үнемі жоғары болуы керек. Жағдайлар жасалуда, кемшіліктер де жоқ емес. Бірақ бірлесе отырып, шешкен істің нәтижелі болатындығын баршамыз білеміз. Келесі бір жақсы әдістемелік тәсілдердің бірі-тірек конспектілерін пайдалану болып табылады. Шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл оқытушылар тарихты оқытудағы өз әдістері мен жүйесін қалыптастырады. Сондықтан бұл жұмысқа кіріспестен бұрын өз күшің мен мүмкіндігіңді салмақтап, нақты оқу жүйесіндегі жұмыс тәжірибесімен танысып, алған орынды.

Тірек коспектілерін қалай пайдалануға болады? Жұмысты жаңа бастаған жас мұғалім ең алдымен мектеп оқулығының мазмұнын жете меңгеруі керек, оны бастан-аяқ толық оқып шығып, соңынан жеке тақырыптар бойынша талдап оқиды. Тақырыпты оқу барысында мұғалім мәтінге құрылымдық-функциялық талдау жасап, сонымен бірге оқулықтың қандай тақырыптарын бір сабаққа топтастыруға болатындығын анықтайды.

Осындай әдістерді қолданушылардың бірі-көрнекті әдіскер В.Ф.Шаталов тірек-сигналдарды қолданып, конспект-парақ дайындаудың мынадай жаднамасын ұсынады:

1.Оқулықтың тарауы немесе білімін мұқият оқып шығып, өзара байланысы мен өзара тәуелділігіне қарай мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу:

2.Мәтіндегі баяндау тәртібі мен негізгі ойды қысқаша мазмұндау

3.Қысқартылған жазбаны алдын-ала қағазға түсір;

4.Ол жазбаларды кескіндемелік, әріптік, рәміздік белгілерге айналдыру қажет;

5.Сигналдарды блоктарға біріктіру;

6.Блоктарды кескінмен (контур) бөлекте және олардың өзара байланысын кескіндемелік белгілермен белгілеу;

7.Маңызды бөліктерді бояу, түспен бөліп көрсету.

Тірек-сигналдар конспектісін жазғанда рәміздік-сөздік, суреттік, шартты-кескіндемелік белгілерді қолдану. Тірек-сигнал конспектілерімен жұмыс істеуде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі.



2.3.Модульдік технологиясы.

Жаңашыл педагогикалық технологиялардың бірі-- модульдік технология. Модульдік технологиямен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес оқушыларды оқытып қана қоймай, тұлға ретінде дамуына, танымдық қызметін қалыптасыруға, оқу үрдісін диалогтық қарым-қатынас негізінде құруға ұмтылу керек. Бұл әдіс оқу поцесінде мұғалімнің жұмысна кейбір өзгерістерді қосады.

Оқыту процесіндегі жаңашалдық яғни «инновация» өзгеріс деген сөз. Инновация құрал, әдіс, процесс ретінде әлдебір жаңалықты енгізу деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері түрлері, мақсаты мен мазмұнына мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу деген ұғымды білдіреді.

Соңғы жылдары тарих сабақтарында оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу, басқаның пікірін тыңдай білу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту жолында жұмыс жүргізілуі қажет. Оның мақсаты-оқушыларды белсенділікке, өз бетімен білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйрету.

Педагогикалық әдістемедегі оқыту кезеңдерінде қайталау тәсілін пайдалансақ, оқыту құрылымы ортақ, мазмұны әртүрлі жекеленген блоктардан тұратын модульдік сипат алады.

Модульдік технологиямен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негіге ала отырып. Қазіргі дидактика талабына сәйкес оқушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық қарым-қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің жұмысына кейбір өзгерістер туғызады. Оның жалпы нұсқасы мынадай:





2.4. Жаңашыл мұғалімдер идеясын сабаққа қолдану

Қоғамдық пәндерді оқытуда Құқық негіздері бойынша «Конституциялық құқық» тақырыбын алдым. Тарих және Құқық мемлекет пен бірге қоғамның обьективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Құқық деп -жалпы адамзатқа ортақ нормалар жиынтығын айтамыз. Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның обьективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасады. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болады.

Конституция-Қазақстан Республикасының Ата заңы. «Конституция» деген сөздің латын тілінен аударсмасы «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағыналарды береді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде қолданып келе жатқан 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданапы келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек: -қоғамдық қатынастардың негізін қалайды; -құқықтың негізгі бастауы болып табылады; -ең жоғарғы заңдық күші бар; -оның ерекше тәртіппен қабылдануы; -тұрақтылығы.

1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ КСР жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды. Құрылған күннен бастап құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің негізі қаланды. Оларға жататындар:

1.Қазақ ССР-нің мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларациясы.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заңы.

3.1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары. Аталған конституциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалады.

Қазіргі уақытта негізгі құқықытық құжат-Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда өткен республикалық референдумында қабылданған Конституциясы. Бұрынғы конституциялар социалистік мемлкекеттің негізгі заңдары деп саналса, жаңа Конституция демократиялық мемлекеттің Ата Заңы деп жарияланды. Бұл мақсат Конституцияның алғы сөінен-ақ байқалды: ««Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» делінген. Оның жоғары заңдық күші бар және еліміздегі барлық іс-қимыл мен қалыптасушы жүйелердің нормативті базасы болып табылады. Республиканың барлық аумағына қолданылады. Бейнелей айтсақ, бұл Конституция - мемлекетке қоғамның құқықтық сенімі және халықтың берген төлқұжаты деуге болады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республикалық құрылыстың негізін, мемлекеттік билік жүйесін және Қазақстан мемлекеті мен азаматының қатынасын белгілейді. Адам және оның өмірі мен құқықтары, бостандықтарын Конституция мемлекеттің ең қымбат қазынасы деп танып, мемлекеттің сол үшін қызмет етуі тиістігін атап көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлім мен 98 баптан тұрады. 1-бөлім: Жалпы ережелер (9 баптан)

1.Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, ең басты қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, түбегейлі принциптері: татулық пен саяси тұрақтылық, экономикалық даму, қазақстандық патриотизм т.б. деп көрсетілген.

2.Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Әкімшілік-аумақтық құрылысы, астанасының мәртебесі заңмен бекітіледі.

3. Мемлекеттік билік-халықта. Билік біртұтас.

4. Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар, Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдарын, нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

5. Меншік түлері бар: мемлекеттік және жеке, олар заңмен қорғалады.

6. Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.

7. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық принциптерін нормаларын құрметтейді.

8. Қоғамдық бірлестіктер заң алдында бірдей.

9. Мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар. Оларды пайдалану конституциялық заңмен белгіленеді. Міне осы айтылғандардың бәрі де Конституцияның басты ерекшеліктері болып табылады.

Ретті тәртіп болса, қоғам да жақсы дамиды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытындыға келді. Мысалы: Аристотель конституциялық құқықты саяси шындық, әділеттілік, -деді. Орта ғасыр ғалымдары - құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо – конституциялық құқықты қоғамдық билік - деп түсіндіреді. Пікірлердің бәрі дұрыс. Себебі бұл айтылғандардың барлығыда қоғамды реттеу, бір жүйеден басқарудың негізі болмақ. Конституциялық құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқын, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттардың іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Конституциялық құқық қоғамның экономикалық базисінің, саяси-әлеуметтік дамуының, мәдениет пен тәрбиенің негізін қалайтын қондырма. Ал қондырма дегеніміз –түрлі ойлардың жиынтығы, идеологиясы, көзқарастары.

Конституцияның ерекшелігі-мемлекеттің, қоғамның негізгі заңы. Конституция мемлекетті барлық өзгеше белгілермен қоса құрады. Қазақстан мемлекеті Конституция бойынша демократиялық, құқықтық, зайырлы, унитарлы мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша негізгі құқықтар мен бостандықтарын қарастырсақ олар азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық деп бөлінеді.

Адамның осы құқықтарына байланысты заңдар мен оның орындалу ережелері қоғамнан - қоғамға өткенде міндетті түрде өзгеріп отырады, бірақ кез-келген демократия конституциялық, құқықтық-әлеуметтік құрылымдарды қорғайтын кепілдік жасау мәніндетін жүктейді. Мұндайда құқықтық ілімді насихаттаудың жолы көп. Құқықытық ілім өзінен -өзі адамның қоғамдағы жақсы тәртібін, іс-әрекетін шын мәнісінде мойындауға кепілдік бере алмайды. Құқықытық мәдениетті қалыптастыруда әлеуметтік ортаның ықпалы зор. Ол заңды қолданғаннан гөрі құқық тәрбиесін жүргізуге үлкен әсер етеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық нормаларға (ережелерге) сәйкес келетіндігі заңды нәрсе.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күші бар нормативтік құжат болып табылады. . Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциперін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық құқық ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларында да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

Конституциялық құқық-ҚР- ның құқық салаларының бірі. Ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқықы жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Оның басты ерекшеліктері: қоғамдық қатынастар мен қоғам құрылымының негізін құрайды.

Конституциялық құқық саласын оқытқанда басты назар негізгі мақсаттар мен міндеттерге аударылуы керек . Конституциялық құқық тұтас алғанда құқықтық реттеу әдістері деп аталатын белгілі тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық құқықтық қатынастарды реттеу төмендегідей:

1). Міндеттеу әдісі

2). тыйым салу;

3). рұқсат ету;

4). тану әдісі

Осындай әдістердің барын айта келе мектеп оқушыларына күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, өздерінің араласуындағы жетістіктерімен жасаған кемшліктерімен байланыстыра түсіндіру тиімді болады. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдайды. Сондықтан Конституцияда халықтың оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген? Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептеледі. Осыған орай халық еңбекшілерден – жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллегенциясынан тұратындығы атап көрсетіледі. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқарасқа негізделеді.

Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз» деген сөздермен басталады. (10.3)

Қазақ халқы Конституцияны 1995 жылғы 30 тамыздағы референдумның қорытындысымен қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің қарауына бере алады. Алайда, мұндай жағдай да халық сырт қалмайды? Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.

Конституция бір жағынан -мемлекеттің , екінші жағынан- қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы Конституцияның маңызды ерекшелігі болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Конституция мемлекетті оның барлық атрибуттарымен құрады. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғары билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық: экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметін Конституцияға негіздеуі тиіс. Жекелеген заңдардың қайсыбірі жекелеген қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге және басқаларына қатынасы болуы мүмкін. Мақсаты мен әрекеті конситуциялық құрылысты күштеп өзгертуді, республиканың тұтастығын бұзуды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметін тыйым салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей Конституцияны басшылыққа алады.

Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей қолданылады. Сондықтан құқық қорғаушы органдар осы іспеттес құбылыстарға қарсы шара қолданғанда тікелей конституцияны басшылыққа алады. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды. Осыған байланысты методологиялық мәні бар маңызды бір мәселеге тоқатала кеткен жөн.



Қорытынды:

Сонымен тарих және құқық, қоғамдық пәндер саласы туралы колледж оқушыларына таныстыруда халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасады.

Тарихи білім мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың әдіс, тәсілдерін де жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатқа сай оқу құралдарының бөлімдерін, тақырыптарын жаңа мазмұнмен байыту заман талабы. Ал құқық саласы бойынша адам мен азаматтың құқығы, халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысты проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық саласы мемлекеттің кез-келген заңдылығының бастамасы. Себебі мемлекеттің, жеке адамның құқығы мен бостандығы осы Конституциялық заңның негізінде жасалып, жүзеге асырылады.

Тарихты оқыту отырып, әр жастағы сынып оқушыларына оқыта отырып, азаматтыққа, өз елін сүюге, қорғауға, ата-анасын құрметтеуге, айналасындағы адамдар өміріне құрметпен қарауға, тәртіпсіздік пен жағымсыз жайлардан аулақ болуға тәрбиелеу керек.


Пайдаланған әдебиеттер:

1. Т.Хазіретәлі. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі Алматы, 2004

2. Т.Т.Тұрлығұлов . Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі, Алматы, 2006

3. Годер Г.И. Ежелгі дүние тарихына арналған методикалық құрал, Алматы, 1980

4. Лернер. И.Я. Развитие мышления учащихся в процессе обучения истории М, 1982

5. Т.Т.Тұрлығұлов Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы, 1984



6. Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары.



Каталог: download
download -> БАҒдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
download -> Абылай хан
download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет