Сабақтар топтамасы № «Республикалық 45 minut kz газеті»



бет1/2
Дата19.11.2016
өлшемі0,79 Mb.
#2119
түріСабақ
  1   2
Әдістемелік құрал

Автор: Хабибуллина Асвет

Алматы-2014



Әдістемелік құрал

Алматы-2014

Сабақтар топтамасы № «Республикалық 45 minut.kz газеті»редакциясының баспа бөлімінде әзірленіп *****2014 жылы баспаға жарияланды



Баспа редакторы: Нағиев И.Б.

Хабибуллина А-Шалқар ауданы,Т.Шанов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ұсынылып отырған әдістемелік құралда қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялар негізінде 5-11 сыныптарға жасалынған сабақ үлгілері және оқушылардың ойлау қабілеттерін ұштау,танымдық қабілеттерін шыңдау мақсатында тапсырмалардың үлгілері берілген.

Жинаққа енгізілген сабақ және сыныптан тыс шаралар жоспарын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері көмекші материал ретінде қолдануларына болады.

Кіріспе


Әдістемелік құрал мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру нормаларын ғылыми – әдістемелік тұрғыда түсіндіре отырып, оны мектеп өміріне пайдаланудың жалпы бағдарын айқындауға жәрдемдеседі. Мұғалімнің шығармашылық іс – әрекетінің мәні ашылған. Әсіресе әлі тәжірибесі қалыптаса қоймаған жас мұғалімдер үшін пайдалы.

Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың қосалқы формалары білімдік әрі тәрбиелік қызмет атқарады. Мұнда сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың өзіндік ізденісі, белсенділік іс - әрекеті қалыптасады. Семинар – практикум сабақтар оқушының ұжымдық іс – әрекеттестікке баулыса, экскурсия сонымен бірге танымдық белсенділікті арттырады. Жоғары сыныптар үшін мектептегі лексия ғылыми - танымдық қызметі ерекше. Бұл әдістемелік құралда сабақтарда жаңа техниологияға ернкше мән берілген. Дәстүрден тыс сабақтардың үлгілерінің берілуі кез - келген мұғалімнің практикалық іс – әрекетіне үлкен көмегін тигізеді.


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Т.Шанов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Хабибуллина Асвет



Сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Тәрбиелік – жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу;
Дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.

Күтілетін нәтиже:

-тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады;

-ертегі кейіпкеріне мінездеме беріп, бейнесін талдай алады;

-оқушылар өз беттерінше ізденуге үйренеді;

-мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады;

-бір-біріне сұрақ қойып, жауабын табуға дағдыланады;

-оқушылардың шығармашылық қабілеттері байқалады

-сыни ойлауын қалыптасады



Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тест тапсырмалары, топтық таныстырылым, ойын элементтері, мәтінмен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, интернет материалдары, бағалау парақтары, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: тарих

І. Ұйымдастыру .

а) психологиялық тренинг, топқа бөлу

ә)кезекшімен сұхбаттасу

ІІ. Үй тапсырмасына қосымша ақпарат (видеоролик)

Сұрақтар:

1.С.Мұқанов қай жерде дүниеге келген?

2.Сәбит қандай қызметтер атқарды?

3. «Дәуір жыршысы» атанған қаламгер туындыларында заманның қандай мәселелері көтерілді?Қаламгердің туындыларын атаңдар

ІІІ. Жаңа сабақ. С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасына әдеби талдау

Композициялық талдау.

Ітоп – Оқиғаның басталуы.

Дамуы

Оқиғаның байланысы

Шиеленісуі

Шарықтау шегі

Шешімі

ІІ топ – «Сұлушаш» поэмасының тақырыбы мен идеясы

ІІІтоп – Поэма кейіпкерлеріне талдау жасау, мінездеме беру

Көркемдік ерекшеліктеріне талдау.

Ітоп – Теңеу

ІІтоп – Метафора

ІІІтоп – Риторикалық сұраулар, ассонанс

«Тапқыр топ». Әр топқа сұрақтар қойылады

І топқа

«Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926-1928)
2. Төртөбел деген не? (жылқы-лошадь-horse)
3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап. Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді? (отын жақты-дрова-wood)
4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң-раб, рабыня-slave)
5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы-одна лошадь-one horse)

6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні-младший брат-younger brother)

ІІтопқа

1. Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың-тысяча-thousand)
2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар – девяносто нар – ninety camel)
3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он-десять-ten)
4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз-некрасивый-ugly)
5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап. Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ, яки, мылтық»? (шаңғы-лыжи-skies)

6. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100-жылқы-100 лошадей-hundred horse

ІІІтопқа

1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл-два-три года-one-two-year)
2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу-лебедь-swan)
3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт-жених-boy friend)
4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой, қозы – овец, ягненок – sheep, lamb)
5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз-гусь-goose)

6. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап, сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян-заяц-hare)

«Сұлушаш» сөзіне ассосация. Топтық таныстырылым

«Сұлушаш» пэмасымен сарындас шығармаларды атаңдар

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қалқаман -Мамыр», «Еңлік - Кебек», «Қамар сұлу»

Ітоп – Алтай образын эпостық, лиро-эпостық жырлардағы басты кейіпкерлер Қозы, Төлеген, Қобыланды, Тарғын бейнелеріне балау

ІІтоп – Егер сен автор болсаң....

ІІІтоп – Сұлушаш бейнесін Баян, Жібек, Құртқа, Ақжүніс бейнелеріне балау

Қазақ қыздары туралы бейне ролик көрсетіледі.

Ойтолғау. «Менің елесімдегі Сұлушаш»

Бағалау қорытындысын шығару.

Үйге тапсырма. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құрып келу

Рефлексия. «Сиқырлы қалпақ»


«Тапқыр достар» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды тіл мәдениетін сақтай білуге, тіл тазалығы үшін күресуге, сөз өнеріне баулу. Ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар түрлі - түсті слайдтар

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар және оқушылар бүгінгі «» атты қазақ тілі және тарих апталығының аясында 5-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқыр достар» сайсына қош келдіңіздер! Әділ қазы мүшелерімен таныс болыңыздар!

Саыс кезеңдері

1. Кім жылдам?


2. Сөз тапқанға...
3. Ойлан тап
4. Сен білесің бе?
5. Мен тәуелсіз елдің ұрпағымын.
Сайысқа қатысушы топтар: «Тұлпарлар» тобы, «Қырандар» тобы
1 - кезең «Кім жылдам?» деп аталады. Әр топқа сұрақ қойылады.

1.Омоним дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөздер)

2.«Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегі түріне жатады? Қиял-ғажайып ертегі

3.Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?халық арасында ауызша туындағын, ауызша сақталған шығармалар

4.Фонетика нені зерттейді? Тіл дыбыстарын зерттейді

5.Ер Төстіктің тұлпарының аты? Шалқұйрық

6. «Түлкі, аю, қойшы» қандай ертегі? Хайуанаттар туралы ертегі

ІІ топқа


1.Синоним дегеніміз не? Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әртүрлі сөздер

2. Аяз би ертегісінің негізгі кейіпкері? Жаман

3. «Толағай» әдеби ертегісінің авторы кім? Ә.Тәжібаев

4. Ер Төстіктің әкесінің аты кім? Ерназар

5. Абайдың анасының аты? Ұлжан

6. Б.Соқпақбаевтың шығармасы?



ІІ - кезең «Сен білесің бе?» Мақал – мәтелдердің келесі сыңарларын жалғастырып айту

Ітопқа


  1. Кең болсаң — кем болмайсың

  2. Біреу тоңып секіреді — біреу тойып секіреді

  3. Бірлік болмай, тірлік болмайды

  4. Қалауын тапса, қар жанар

  5. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады

  6. Ерлік білекте емес …бірлікте

  7. Өтіріктің құйрығы …бір тұтам

  8. Анасын танымаған, Алласын танымас

  9. Отан үшін отқа түс, күймейсің

  10. Өнер алды — қызыл тіл


ІІ топқа
1.Ұрлық түбі қорлық

2.Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл

3.Жер байдың елі бай

4.Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең

5.Ана баулыған бала епті, әке баулыған бала есті

6.Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей

7.Жақсы сөз жарым ырыс

8.Батыр туса ел ырысы, жаңбыр жауса жер ырысы

9.Ер қанаты ат

10. Айдағаның бес ешкі, ысқырығы жер жарар
ІІІ-кезең «Ойлан, тап»

Екі топқа сөздер беріледі, сол сөздерден сөз құрастырып жазу

Ітоп ҚҰЛЫНШАҚ

ІІтоп ЖОМАРТТЫҚ



ІҮ кезең «Сөз тапқанға...» Екі топқа әріптер беріліп сұрақ қойылады. Сол сұрақтарға берілген әріп бойынша жауап береді.
1-топқа: К, С, Т
2-топқа: Б, Қ, Д

І-топқа


1. Қандай маман иесі болғың келеді?
2. Қай ақынның өлеңдерін сүйіп оқисыз?
3. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?
4. Мектеп үйіңізден қашық па?
5. Спортшылардын кімдерді білесің?

ІІ-топқа
1. Мектептегі қай мұғалімді үлгі тұтасыз?


2. Достарыңыз бар ма?
3.Айтыскер ақындарыды атаңыз?

4. Оқушы қандай болу керек?

5. Қай әншінің өлеңдерін тыңдайсың?

Ү –кезең. «Мен Тәуелсіз елдің ұрпағымын»

Әділ –қазылар алқасы  сайыс жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.

Сайысты қорытындылау.

                        «Кездесерде қуанамыз бәріміз,

                         Қоштасарда қиналады  жанымыз.

                         Кездесу мен қоштасудың арасын,

                        Жалғастырып жатсын дәйім сағыныш.» дей отырып бүгінгі «Тапқыр достар» атты сайысымызды аяқтаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болғай,бай қуатты болыңыздар. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып,жарқын болашақта, егеменді еліміздің  еңселі ұрпақтарына  сенім  артып  жүре берейік.  Ең бастысы әрдайым бірге, әрқашан алда болайық достар. Сау болыңыздар!!!    

Сабақ жоспары

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Көнерген сөздер.

Сабақтың мақсаты:


  1. Білімділік: оқушыларға көнерген сөздер туралы лингвистикалық білім беру, көнерген сөздерге тән белгілерді жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

  2. Тәрбиелік: оқушыларды сабақтың мазмұны арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

146 – жаттығу

Сөздік құрам туралы түсінік



ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

Өлеңдегі сөздік құрамға кіретін сөздердің астын сыз.

Қорамсаққа қол салмай,

Қозы жауырын оқ алмай,

Атқан оғы жоғалмай...

Ерлердің ісі бітер ме? (Махамбет)

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін, мағынасы көмескі сөздерді көнерген сөздер дейміз.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран, т.б.), бұрынғы жыл атаулары( барыс, жылқы, қоян, ұлу, т.б.) ай атаулары(наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек,т.б.) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

І деңгей

Басқа сөздермен ауысқан көнкерген сөздерді жаз. Үлгі: дуан – облыс

ІІ деңгей

Құрамында көнерген сөздері бар, мақал – мәтел мен тұрақты тіркестерді жаз.

Үлгі: ешкіні түлен түрткенде, шопанның таяғына сүйенер.

ІІІ деңгей

Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөзді жаз.

Үлгі: бадана - баданадай

VІІ .Жаңа сабақты бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс

147 -жаттығу І топ



Қазіргі кезде жаңадан қолданыла бастаған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.

148 –жаттығу ІІ топ

* Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек көшіріп жазыңдар.

149 – жаттығу ІІІ топ



  • Мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын анықтаңдар.

2. Үлестірме қағаздар бойынша жұмыс

3. Төмендегі үлгідей сөйлемдер құрастыру.

VІІІ. Сабақты бекіту:

  1. Бағалау

  2. Үй тапсырмасын беру.

    1. Көнерген сөздертуралы түсінік

    2. 150 – жаттығу

Сабақ жоспары

Пән аты: Әдебиет

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Мысал. А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға мысал өлеңдері туралы және ақынның өмірі туралы туралы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: « Ертегілер » кітабы

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1. «Өгіз бен бақа» өлеңін жатқа сұрау.

2.Жоспар құру, бөлімге бөліп ат қою.

ІІІ. Білім тексеру:

Сұрақ жауап

1.Мысал өлеңдер деген не?

2. Мысал өлеңдердің басқа өлеңдерден қандай айырмашылығы бар?

3.Қандай мысал өлеңдерді білесіңдер?

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1. Мысалдар туралы түсінік.

Мысалда аңдар, құстар хайуанаттар, өсімдіктер, іс–әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді кемшілікті тұспалдап, әжуа-күлкі етеді. Мысалдар өлеңмен де, қарасөзбен де жазылады. Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді. Мысалдар еңбексүйгіштік, әділдік, адалдық, қарапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап, уағыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күлкі ете отырып, одан сақтандырады.

Мысалдарда жануарлар мен жәндщіктер адам істейтін әрекеттерді жасайды. Бұлай көрсетуді аллегория дейді.

Қазақ әдебиетінде мысал жанры ұлы Абайдан басталады. Ахмет Байтұрсынұлы, Сәбит Дөнентаев секілді ақындар Абай дәстүрін ілгері оздырды. Бұлар орыстың ұлы мысалшысы И.А. Крыловтың туындыларына қазақтың шапанын жауып, қалпағын кигізді. Сондықтан Абай мен Ахмет мысалдарды аудармадан гөрі қазақтың өз топырағында жаратылған шығарма кейпінде көрінеді.


  1. Ахмет Байтұрсынұлы өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік.

VІ. Түсінік тексеру:

«Егіннің бастары» мысал өлеңін композициялық құрылымы бойынша талдау, мәнерлеп оқу, автордың түйінді сөздерін жаттап, өзіне сай қорытынды шығару.

«Өгіз бен бақа»- «Әлін білмеген әлек».

«Егіннің бастары» - «Тәкәппарлық – жаман қасиет».



VІІ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Оқулықпен жұмыс.

  • Мысалдың тұспалдап айту, астарлап білдіру арқылы адам мінездеріне меңзейтінін дәлелдеңдер.

  • Көрсеқызырлық, мақтаншақтық, әлі келмейтінін істеуге ұрыну жағымсыз мінездерді талқылау.

  • Әке мен баланың диалогын екі оқушы кезектесіп оқиды.

  • Мысалдың қорытындысын түсіндіріп айту.

VІІІ.Сабақты қорыту: бүгінгі сабақ тақырыбы туралы мақал-мәтел айту

1.Бағалау

2.Үй тапсырмасын беру.

1. А. Байтұрсынов өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұндау.



2. «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысал өлеңдерін салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы айту.

Сабақ жоспары

Сыныбы: 10
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақын Абай өмірі мен шығармашылығы туралы білетіндерін еске түсіре отырып, шығармаларына талдау жасайды, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алады.
1.Ақын шығармаларының тәрбиелік мәнін түсінеді, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық шолуларының маңызын түсінеді.
2. Оқушының дүниетанымы қалыптасады, шығармашылық қабілеттері шыңдалады, оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады.
3. Оқушылар өз беттерімен ой түйеді, ізденеді, ойын ашық айтады.
Сабақтың түрі: танымдық ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Топтастыру», «Еркін жазу», «Бір айналым сөйлесу» стратегиялары.
Көрнекілігі: Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған слайдтар жиынтығы
Сабақ құрылымы
I. Қызығушылығын ояту
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,
- деп ақынның өзі айтқандай «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмірін кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де ел мұңын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай туралы сабағымызды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмын.
Абайдың суретін көрген ол:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? – деп айтқан екен.
II. Мағынаны тану
Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. Қазақтың заңғар жазушысы М.Әуезов «Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп баға берген еді. Бүгінгі тақырып бойынша сынып оқушыларына алдын-ала Абай Құнанбайұлы туралы деректер жинау тапсырылған еді.
1. «Білімге бастап ел-жұртын»
Оқушылар слайд арқылы Абай Құнанбайұлының өмірімен, шығармашылығымен таныстырады)
2. Абай – ақын
*Абайдың өлеңдерін тақырыптарға бөле отырып, талдау жұмысын жүргізеді.
3. Абай – аудармашы
4. Абай – қарасөз шебері
5. Абай – сазгер.
III. Ой-толғаныс
Оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында «Толықтыру» сынамасы беріледі.
1. Абай Құнанбайұлы 1845жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
2. Абай бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары – Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навой, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқиды.
3. Абай 1885жылы алғаш білім туралы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңін жазды.
4. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана деп түсінген ақын «Түбінде баянды еңбек егін салған» өлеңін жазды.
5. Абайдың қырық бес қара сөзі бар, қырық алтыншы сөзі - өз алдына жеке тарихи шығарма.
6. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бой бұлғаң» т.б. әндері бар.
7. Әлихан Бөкейханов Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазды.
ІҮ. Сабақты қорытындылау

1. Абай қай жылы туған? ( 1845 жылы 10 тамыз.) 
2. Туған жерін ата. ( Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.) 
3. Абайдың шын аты кім еді? ( Ибрагим.) 
4. Абайдың әжесінің аты кім? ( Зере.) 
5. Абайдың арғы аталары кімдер? ( Өскенбай, Ырғызбай. ) 
6. Шешесінің аты кім болған. ( Ұлжан.) 
7. Құнанбай неше әйелді болған? ( 4 әйелді.) 
8. Абайдың. Дүниеге көзімді ашқан кім еді ? ( Михаэлис.) 
9. Абай неше жасқа дейін оқыған ( 13 жас.) 
10. Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған? ( Ахмет- Риза.) 
11. Абайдың руы қаңдай? ( Тобықты.)

Сабақты Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңімен аяқтау.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты –Адам.
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.
IV Үйге тапсырма беру :
« Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» ой толғау жазу.
V. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырдағы кейіпкерлер

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: жырдың мазмүны мен идеясын игерте отырып, "Алпамыс батыр" жырындағы Алпамыс бейнесін сыни түрғыда талдау арқылы жан-жакты ашу, меңгерту. Ол бейненің халықтың алып қуатының, қажымас қайратының, сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу.

ә) дамытушылық : топпен жүмыс негізінде Алпамыс бейнесіне тән қасиеттерді саралай талдата отырып, окушылардың сын түрғысынан ойлауын дамыту, олардың көркем сөйлеу мен көрксм жазу шығармашылығын арттыру.



б) тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, батырлыққа тән қасиеттерге баулу. Өз Отанын, туған елін сүйіп, қүрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: талдау Сабақта қолданылатын стратегиялар:

1) "Сын түрғысынан ойлау" бағдарламасы бойынша

а) Ой қозғау
ә)Топтау

б) Қарама-қарсы әлементтер

2) "Оқушылардың көркем сөйлеу мен жазу шығармашылығын дамыту" бағдарламасы бойынша

а) Ғылыми талдау

3) Тумалы бейне

б) Түйінді сөздер

в) Дыбыстар сөйлейді

Сабақтың жабдықталуы, көрнекілігі: "Алпамыс батыр" бейнесі салынған плакат, нақыл сөздер жазылған плакаттар, магнитофон, касета, сыбызғы, ақ қағаздар, маркерлер. Пәнаралық байланыс: тарих, әуез өнері, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

1. Үйымдастыру кезеңі.

а) Сәлемдесу.

ә) Кезекші мәлімдемесі.

б) Журнал бойынша түгелдеу.

2. Үй тапсырмасын сүрау.

а)"Алпамыс батыр" жырының жалпы мазмүны жайлы сүрау.



ә) Сүрақ қою арқылы оқушылардың білімін тексеру. 3) Жаңа сабақты түсіндіру.

Алпамыс батыр. Қазақ елі өз арманындағы ердің, батырдың образын бір Алпамысқа біріктіре сомдаған. Алпамыстың бар күш-қуаты Отанына арналады. Алпамыстың әке-шешесі оны сонша тілеп барып, аңсап көреді. Алпамыс ерекше күшті болып өседі. Оның бірінші ерлігі кемпір айтқан «Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек» деген сөзінен соң, қалың-дығын іздеп шыққанда көрінеді. Гүлбаршынды алмақ болып, Сарыбай ауылын қамап жатқан қалмақты шабады. Демек, Алпамыс—сүйгені үшін еш нәрседен шошымас, ғашықтық үшін басын тіккен жан. Гүлбаршынды алып еліне келсе, өз жүртын Тайшық хан шауып, мал-мүлкін алып кетіпті. Тайшық та Алпамыстың келерінде түс көріп, сезіп сасады. Бүдан Алпамыс атағы алыс кеткен батыр екені білінеді. «Батыр аңғал» дегендей жолда Тайшық жіберген мыстан кемпір сөзіне алданып арақ ішіп, қапыда жау қолына түседі. Осы кезде Алпамыстың айрықша қасиеттері көрінеді.

Зынданда жатқан Алпамысқа Қаракөзайымдай Тайшықтың қызы ғашық болады. Қойшы Кейқуаттың сырнай тартар өнері аркылы, Қаракөзайымның көмегімен, сырнай тартар өнері арқылы бостандыққа шығады.

Туған еліне келген Алпамыс қорлықта жүрген ата-анасын, қарындасын көріп егіледі. Осыдан оның адамдық қасиеті, нәзік жүрегі көрінеді.

Жары. Түлпары. Алпамысты шын сүйетін, атастырған ата салтын қадірлейтін жан— Гүлбаршын. Ол Қарамандай батыр келіп әкетем дегенде көнбейді. Үлтандай қүл алам дегенде бармайды. өйткені ол—адамдықтың символы. Бар өмірін жарына арнаған адал жолдас екенін танытады.

Шүбар жай ат емес, ол мыстанның арам екенін біліп мінгізбейді. Тайшық хан үанша қинаса да, Байшүбар ешкімді жанына жолатпайды. Байшүбар—Алпамыстай ерге лайық ат.

Қараман—Алпамыстың майданда жолықтырған, жауды ерлікпен жеңіп, достығын мойындаткан батыр. Қараман ерлікті ғана бағалайтын, Алпамыс үшін мүсылман дініне кірген, сол жолда баласы мен түлпарын қүрбандыққа шалып, достыққа адалдығын танытқан ер екенін көрсетеді.

Жырдағы Кейқуат қарапайым қойшы бола түра Алпамыстың ер екенін танып, көмектесіп кейін хан орнына хан болады.

Қаракөзайым—Алпамысқа ғашық болған, Тайшық ханның жаулықтан махаббатты биік қойған, сол жолда бәрін қүрбан еткен сүлу қыз.

Үлтан—бүған дейінгі жырларда кездеспеген ерекше бейне. Ол—бар зүлымдығын жауға емес, өз туғанына жүмсаған, асырап алған әкесі Байбөріге Алпамыс жоқта түйе бақтырып, Қүлтайды қойға жүмсап, Алпамыстың баласы Жәдігерді аяқ-қолын кісендеп қозы бақтырып, Аналықты күң етіп, Гүлбаршынды алмақшы болған жат бауыр жан. Ол—іштен шыққан жау.



Мыстан—жаман қасиетерді бойына лшнаған, ел жиіркенер бейне. «Қабағы тырысқан, көрінгенмен үрысқан, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір ширек бойы бар, адам таппас ойы бар»—деп жырлаушы оны жек көре, үнатпай суретейді.

Залым мыстан Алпамысты күшпен емес, аярлықпен тәтті сөйлеп, алдап қолға түсіреді. Бірақ бәрібір соңында ит өліммен өледі.

Қызығушылықты ояту:— "Ой қозғау" стратегиясы.

Ердің бағын ашпаса,

Ер мүратқа жетер ме?! Ерінің сағын сындырса,

Ел мүратка жетер ме?! - деп Әйтеке би айтқандай, елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық. бірлік сыйлаған батырлардың бірі - Алпамыс.

"Топтастыру" стратегиясы бойынша Алпамыс батырға сипаттама беру.



Батыр- Нәзік жүректі жан, Арлы Алпамыс, Өнерлі, Айлалы , Аңгал

II. Мағынаны таныту

Сынып 5 топқа бөлінеді. Әр топқа Алпамыс бейнесін талдату тапсырмалары беріледі.

1) "Ғылыми талдау" стратегиясы

I топ - Алпамыстың батырлығы



II топ - Арлы батыр

  1. топ - Аңғалдық - батырға тән қасиеттің бірі

  2. топ -Айлалы, өнерлі жан

V топ - Нәзік жүректі жан

Әр топ Алпамыска тән осы қасиеттерді пікірлесе отырып, ғылыми түрғыда талдап шығады.

  1. "Тумалы бейне" стратегиясы IV топтың окушылары Алпамыстың өнерлі екендігін "Тумалы бейне" стратегиясы арқылы "Күйдің қүдіреті" атты көрініспен дәлелдеп шығады.

  2. "Түйінді сөздер" стратегиясы

Ғылыми талдаудан кейін әр топ оқушыларынан өз таңдауларындағы ең түйінді сөздерді атауларын талап етемін. Мысалы:

I топ - батырлық



II топ - арлылық III топ - аңғалдық
IV топ - өнерпаздык V топ - мейірімділік

Алдымен бүл сөздерді "Топтастыру" әдісі бойынша сипаттап жазады. Кейіннен сипаттамадағы сөздерді байланыстыра отырып, (бір-екеуін қолданса да болады), сол сөздердің ой түжырымын жазады. Мысалы:

Ержүректілік, Отаншылдық, Батырлық, Намысшылдык, Ер адамға тән қасиет Мейірімділік, Батырлык - ержүректіліктен туған ер адамға тән қасиет.

4) "Қарама-қарсы әлементтер" стратегиясы

Тақтада "Алпамыс - досқа берік, жауға- мейірімсіз батыр" жазуына назар аударайық.


Жырдағы Алпамыс бейнесі ондағы кейіпксрлер істерінен өрбіп отырады. Сондықтан сол кейіпкерлерді «Қарама-қарсы әлементтер» стратегиясы аркылы бейнелейік.
Дос Жау

Гүлбаршын Мыстан кемпір

Қаракөзайым . Таймас

Кейқуат Тайшықхан

Қараман Үлтан

Байшүбар

Жақсылық Жамандық

Қайырымды Қайырымсыз

Шыншыл Алдампаз

III. Ой-толганыс "Дыбыстар сөйлейді" стратегиясы

А — айлалы

Л - лапылдаған П — патриот

А - арлы

М - махаббатқа берік Ы - ынталы

С— саналы

Міне, осы сөздерден-ақ Алпамыстың кандай батыр екендігі көрініп түр, бейнесі ашылып түр. Олай болса, батырлыкқа тән осы қасиеттер біздің, яғни Казақстан үрпақтарының бойынан табыла берсе екен деген тілек туады. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жылдан-жылға гүлденіп келеді. Осы бейбітшілік өмірді бізге әперген еліміздің алып батырлары емес пе? Кәне, сол батырларды атап жіберейікші.



ІҮ. Сабақтың қорытындысы:

Ақсүңкар үшар жем үшін, Тоқтай алмай барамын,

Туады ерлер ел үшін. Ағайын-туған ел үшін, - демекші, елімізді, жерімізді қорғаған батырлар әрқашан өз Отаны үшін кандай қиыншылық болса да жауға карсы түра алады. Біз де сол батырлар сиякты өз Отанымызды қорғайық, гүлдендірейік! Ү. Үйге тапсырма

"Туады ерлер ел үшін" тақырыбына ой-толғау жазу.

ҮІ. Оқушылар білімін бағалау.

Сабақ жоспары

Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Синонимдер

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың синонимдер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, қосымша тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ана тілді сүюге, отанды қорғауға тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, көркем әрі сауатты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, өзіндік ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, сызба, карточкалар

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2.Сабақ мақсатын түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Мағыналары бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

  1. Сөздің дыбысталуындаөзгешелік болуы керек;

  2. Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;

  3. Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы керек.

Бұған қосымша синонимдер мәтінде бірін – бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Мысалы: ас,тағам, дәм, ауқат дегендер бір ғана синонимдес сөздер. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, беретін ұғымы- адам баласының жейтін қоректік заты.

Қазақ тілі – синонимге өте бай тіл. Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында кездеседі. Мысалы:



  • зат есімдерден болған синонимдер: өң, түр, түс, келбет, пішін, ажар, көрік, әлпет, кескін, рең, дидар, шырай.

  • сын есімдерден болған синонимдер: салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды;

  • етістіктерден болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есенлесу;

  • үстеулерден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде.

VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру:

2. Үлестірме қағаздармен жұмыс.

№1

1.Сөйлемдегі синоним сөздерді тап.



Сенің топырағыңда қаншама дүр – дүр батыр, дүл-дүл ақын, майталман талант иелері туылмады дейсің.

№2

1.Синоним болатындай тіркестер құрап жаз.



Қырғи қабақ, Қас пен көздің арасында. Бетінен оты шықты. Тас жүрек.

2.Синоним болатын мақал – мәтелдерден мысалдар келтір.

№3

1.Төмендегі мәтінен синоним болатын сөздерді тап және сол сөздерге мәтін құра.



Адамның асқан сұлулығы – оның сезгіштігі, қарапайымдылығы, тілектестігі, ниеттестігі.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет