Сабақтар топтамасын 7 сынып оқушыларымен



Дата29.03.2020
өлшемі14,87 Kb.
#61017
түріСабақ
Байланысты:
Тиімді тәжірибе

Тиімді тәжірибе

Мен «Мектептeгі тәжірибе» кезеңінде тізбектелген сабақтар топтамасын 7 – сынып оқушыларымен «Тығыздық» тарауы бойынша өткізуді жоспарладым.

Бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен соң, мектептегі тәжірибе кезінде өзімнің орта мерзімді жоспарымды тағы бір қарап, жаңаша әдіс-тәсілдермен толықтыруға шешім қабылдап, орта мерзімді жоспарыма өзгерістер енгіздім. Аталған сабақтарыма жеті модульді кіріктіруді жөн көрдім. Себебі, бағдарламаның жеті модулінің идеяларын іске асыру арқылы сабағымды тиімді ықпалдастырамын деп ұйғардым. Көбіне оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатуға, өзінің пайымы мен уәжін ашық айтуға ықпал жасау мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін басшылыққа алдым.

Өзгерістерге тоқталсақ: 2-3- сабағымның топтастыру кезеңдерін «Дұрыс және дұрыс емес» әдісі арқылы денелердің пішіндеріне көңіл аударуды және «Төрт бұрыш» әдісі арқылы негізгі физикалық шамалар, өлшем бірліктер, өлшеу құралдары мен формулаларын еске түсіре отырып, жаңа сабақтың да тақырыбын анықтап , уақыт үнемдеуді жоспарладым.

Жаңа сабақты түсіндіру кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, оқушыларға керекті жерінде бейне түсіндірілім көрсетіп, есеп шығаруды жоспарлағанмын, соған қоса, виртуальды зертханаларды орындатуды да жоспарлап отырмын. Себебі, АКТ - сабағымның бір бөлшегі, физика сабағында виртуальды зертханалар қолдану практикалық , зертханалық жұмыстарды орындауда оқушының зейінін аудару мен визуалды көріністерді есте ұзақ сақтауына көмектеседі. Сонымен қатар, АКТ-ның тиімді мүмкіндіктерін пайдалану үшін 4- сабағыма оқушыларға «Kahoot» бағдарламасы бойынша тест тапсырмасын құрастырдым.

«Кері байланыс» - әр оқушының бүгінгі сабақта не түсініксіз болды, нені үйренгендігі және әрі қарай дамытатыны жайында пікірі. Тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды «Графиктік» , «Таңдау» , «Ашық микрофон» әдістері арқылы оқушылар өзара бір – бірімен кері байланыс жасайды.

Қысқа мерзімді жоспарымда оқушылар бірін-бірі бағалау, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау, дескрипторлар арқылы бағалау, әр тапсырма сайын кері байланыс жасап отыру бағалаулары қарастырылған.

Орта мерзімді жоспар бойынша өткізетін сабақтарым оқыту мен оқудың

сапасын арттырады деген сенімдемін.

Қысқа мерзімді жоспар жасау барысында, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін қандай жұмыс түрін пайдаланатынымды ойластырдым және 7 модульді кіріктіруге негіздедім. Аталған сынып бойынша есебіме «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірліктері» тақырыбындағы үшінші тізбектелген сабағымды алып отырмын. Мақсаты тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру. Менің сыныбым осы мақсатқа қол жеткізсе, оқушылар тығыздықтың физикалық мағынасын түсінеді, формуласын есеп шығаруда қолдана алады. Есеп шығару барысында тығыздықтың формуласына түрлендірулер жасап тиімді пайдалануы арқылы мақсатымды саралап алдым.

Сабағымның басында оқушыларды топтастыру үшін «Төрт бұрыш» әдісін жоспарладым. Оқушыларға топ атауларымен байланысты ұғымдар, формулалар мен терминдер жазылған стикерлер таратылады. Сыныптың 4 бұрышына «масса», «көлем», «тығыздық» , «аудан» терминдер жазылған қағаздарды жапсырып қоямын. Осы атауларға сәйкес мәліметтер сол параққа жапсырылады. Оқушылар тығыздық атауымен таныс емес болған соң, таба алмайды деп ойлаймын. Таныс емес мәліметтер «Тығыздық» парағына жапсырылады. Жаңа сабақтың тақырыбы анықталады.

Жаңа сабақты өз бетінше түсіндіру мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясын жоспарладым. Оқушылар арасында бір-бірімен диалог, сын тұрғысынан ойлау және бағалау модульдері бірігіп көрініс табады. Тапсырманы орындау кезінде оқулықтағы мәтінмен таныса отырып, кестені толтырады.

Сыныппен жұмыс кезеңінде электронды дереккөздерін пайдаланып есептер шығарамыз, бұл кезде оқушылардың көзбен көру дағдылары артады. Жұптық жұмыста «Сенімді серіктес» әдісі арқылы оқушылар жұптарымен есеп шығарып жауаптарын бірге іздейді.

Сабағымда сараланған тапсырмалар жоспарладым. Жеке жұмыста барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды. Нәтиже арқылы сараланады. Кері байланыс «Таңдау» әдісімен жүргізіледі.



Қысқа мерзімді жоспарымда оқушылар бірін-бірі бағалау, өзара бағалау, қалыптастырушы бағалау, дескрипторлар арқылы бағалау, әр тапсырма сайын кері байланыс жасап отыру бағалаулары қарастырылған.

Бұл оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, оқу үшін бағалауға, ынтасы мен қызығушылығын арттыруға бағытталған тапсырмалар болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет