Сабақтарда компьютерлік технологияларды қолданудың тиімді әдістері



Дата25.08.2017
өлшемі66,98 Kb.
#27218
түріСабақ
Р.Т. Курғанбекова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің п.ғ.м., аға оқытушы

Қ.Ш.Молдашева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің п.ғ.м., оқытушы

Ж.Серікбаева Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің

ПО-11-5 оқу тобының студенті
САБАҚТАРДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
ҚР білім беруді дамытудың 20011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;    жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамассыз   ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту: 12 жылдық оқыту моделіне көшу [1]. 

  Заман талабында ғасырмен бірге жүру, барлық адамзаттың қандай тіршіліктің аясында болсын талап бірдей-соның бірі –білім беру іс әрекеті.

Білім алушы қандай мектепте болсын –олар біздің болашақты анықтайтын –балаларымыз. Алдағы уақытта адамзаттың өркендеп бейбітшілікте, өзара түсіністікте өмір сүруі үшін біз оларға қалай әсер етеміз? - деген сұрақты әрбір педагог өзіне қою керек. Педагогтың гуманитарлы ролі осы болмақ.

Мультимедиялық оқулықтар, Интернет-кәсіби педагогтың білім алушымен қарым-қатынастағы білім беру формасының тағы бір ортасы мен құралы болып отыр.

Жаңа ақпараттанған заманда адамдардың қай салада болса да іс-әрекетінде ақпаратты қолдана білу маңызды құралдың бірі болса, ең маңыздысы мұғалімнің оқушыларды ақпаратқа бейімдеп, қажетті білімді тауып, қолдануға үйретуі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында «Біздің білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларымыз жалғаса береді. Бұл туралы алдағы жылы Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында нақты әңгіме қозғайтын боламыз. «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз»[2]. 

Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда еліміздің педагогтарының алдындағы оқу –тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағытындағы еңбектері зор болмақ.Осыған орай ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қарастырып көрейік.

Ақпараттанған дүниеде мұғалім ең негізгі және жалғыз білімнің көзі бола алмайды, сондықтан бұл оқу жұмыстарының формасын өз-өзінен өзгеріске әкеледі.

Дәстүрлі түсіндірмелі иллюстрациялы оқыту әдісі жеке, топтық және өзбетінше оқу формаларына ауысады. Бұл үшін білім алушыларды ізденушілік, жан-жақты әдістерге көшу іс-әрекеттеріне икемдеу керек.

Мультимедиялық презентация –сабақты ұйымдастырудағы ең тиімді әдістердің бірі, дәстүрлі жүйені артқа тастайтын мықты педагогикалық құрал.

Білім берудегі проблемалардың бірі білім алушылардың зейінін аудару, сабаққа кірістіру,яғни аудиториямен байланыста толық болуын қамтамассыз ету. Білім беру жүйесіндегі реформаның қажеттілігі негізінен 4 факторға байланысты[3]:


  • технологиядағы өзгерістер

  • жаппай индустриядағы реконструкция

  • мамандыққа қойылатын жаңа талаптардың пайда болуы

білім беруді репетиторлық қызмет

Міне осы себептерге байланысты мультимедиялық технологияның қарқынды дамуы оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа дидактикалық құрал жасауға мүмкіндіктер береді.

Білімді қалыптастыру мен үйренуде көрнекілік құрал ретінде қазіргі уақытта компьютерлік презентация қолдану жаппай көрініс алды. Мультимедиялық презентация жасауда Microsofi Offise комплектісінен Power Point қосымшасы қолданыс тапты. Берілген бағдарламамен қамтамассыздандыру тұтынушылардың арасында кеңінен таралып, белгілі дәрежеде еңбек етуде. Бұл комплектіні басқа қосымшалармен интеграциялау арқылы тез және сапалы түрде мультимедиялық презентация жасауға, текстіден басқа картина, кестелер, таблицалар, бейнекөрініс пен музыкалық сүйемелдеуге болады.

Компьютерлік технологияны кез келген пәнді оқытуда қолдануға болады. Бірақ ең маңыздысы сабақтың түрлі этаптарында дәстүрлі және инновациялық оқыту құралдарын тиімді үйлестіре білу керек. Ақпарат пен эффектілердің шамадан тыс артықтығы оқытылып отырған пәнге немқұрайды және ойын сауықтық қатынас туғызып, сабақта қолданудың тиімділігін төмендетуі мүмкін.

Әдебиеттер мен компьютерлік презентация қолдану тәжірибелерін талдау келесідей қорытынды жасауға, яғни оларды қолдану келесі мақсаттарға тиімді:


  1. Жаңа материалды баяндауға.

Білімді өзектендіруде өтілген теориялық материалдар бойынша қысқа жан -жақты қамтылған презентациялар қолдануға болады. Ал жаңа білімді қалыптастыру этапында компьютерлік презентацияларды иллюстрациялау мен көрсетілім құралы ретінде біруақытта қолдану.

2.Білімді бекітуге, практикалық білім мен ептілігін қалыптастыруға.

Бұл жерде компьютерлік презентацияны алынған білімді қайталау үшін тапсырмалар мен сұрақтарды дайынындап құрастыруда, сонан соң өтілген материалды қысқаша қамту мақсатында қолдану. Оқушыларға қойылатын сұрақ жеке немесе топтық болуы мүмкін. Сұрақтың материалдарын , текстілерін алдын ала теру, дайындауда компьютерлік технологияны қолдану уақыт тиімді пайдаланып, мен сұрақтарды қайта жасау мен редакциялауға мүмкіндік береді.

3. Білімді бағалау мен бақылау.

Білімді бағалау және бақылау күнделікті әрбір сабақта жүргізу тиімді. Әрбір сабқ тақырыбына қатысты теориялық білімдерін бақылау және бағалау үшін кіші -гірім тест сұрақтарын экран арқылы көрсету барлық аудиторяға бірдей беріледі. Оқушылардың жауабынан кейін дұрыс жауаптары көрсетіледі. Материалды бірнеше рет қайталау және экранда көрсетілу алынған білімді бекіту мүмкіндік береді.

Оқу материалын меңгерудің жалпы көрінісін алу үшін тақырыбы, мақсаты және талаптары компьютерлік презентация көмегімен дайындалған бақылау мен өзіндік жұмыс өткізіледі. Бұнда тапсырмаларды орындау мен безендірудің мысалдары келтіріліп, анықтама түріндегі ақпараттар оқушылардың барлық жұмыс уақында экранда сақталынынады.

Сонымен оқу сабақтарында компьютерлік презентацияларды қолданудың бірнеше негізгі формаларын анықтауға болады:

• Иллюстрациялар мен көрсетілімдерге арналған компьютерлік презентациялар

•Оқушылардың өзіндік жұмыстарына арналған компьютерлік презентациялар

•Білімді бақылауға арналған компьютерлік презентациялар

Өткізілген зерттеулерде компьютерлік презентацияларды қолданудың барлық формаларының тиімділігі қаралады. Өткізілген сабақтардағы зерттеулер нәтижесі компьютерлік презентацияларды қолдану оқу материалдарын оны сабақтың барлық түрлерінде тиімділігін көрсетті.

Мультимедиялық презентациялар аз уақыт ішінде аудиторияға ақпаратты жеткізіп, нысанды әртүрлі өлшемде көрсете алады және сабақтың барлық түрінде қолдануға мүмкіндік беретін ерекшелігімен айқындалады.

Мультимедиялық презентациялар- педагогтың ең жақын көмекшісі ретінде жаңа материалды слайд арқылы баяндауда көрсетсе, тек оған қосатын материалдарға ғана тоқталады.

Мультимедиялық презентацияларды лекциялық сабақтарда иллюстрациялық материалдар ретінде қолдану қазіргі уақытта педагогтар арасында жиі кездеседі. Әрине әртүрлі анимациялар арқылы түрлі түсті иллюстрацияланған материалдар арқылы өткізілген сабақ тартымдыболып, оқушылардың қабылдау, есте сақтау мүмкіндіктерін оңталандырады.

Лекциялық материалдарды презентация арқылы өткізу әрбір оқушының қабылдау мүкіндігін барынша тиімді етеді. Анимациялардың мүмкіндіктері оқушылардың назарын сабақтың маңызды этаптарына аудара отырып, мән беруге және логикалық құрылымдар мен схемаларды, таблицаларды түсіне алады.

Педагогикалық үрдіске копьютерлік оқыту технологиясын енгізу жаңа дидактикалық мақсаттарды шеше отырып, сапалы түрде бүтіндей білімді өзгеріске ұшыратады. Оқу пәндерін өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану білімді ақрараттандырудың бір бағыты болса, екінші жағынан педагогтың кәсіби мәдениетінің бір бөлігі болып саналатын ақпараттық мәдениетін, оның кәсіби біліктілік сапасын, кәсіби құзіреттілігін, өзбетінше жұмыс жасауға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиялық ресурстар білім беру саласының перспективті және ең тиімді құралы болып саналады. Олар дәстүрлі білім көдерімен салыстырғанда педагогқа көптеген көлемде ақпаратты көрсетілім түрінде бере алады. Презентация жүйесін интеграциялау, яғни текст, кесте, таблица, анимация,бейнекөрініс пен дыбыс арқылы жасау сабақтың сапасына, оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне үлкен роль атқарады. Педагог үшін бұл жердегі бір проблема ол- әрбір оқушының таным логикасына сәйкес келетін және қабылдау деңгейіне ақпараттың түрін дұрыс таңдау, тізбектілікпен оны орналастыру болады.
Аннотация
В статье говориться об эффективности использования компьютерных презентаций при изучении любых дисциплин и возможности интеграции мультимедийной презентации с другими приложениями комплекта, которая включает в себя не только текст, но и картинки, графики, таблицы, видео и звук.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен

2.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы; 11 қараша 2014 ж.



3.Колумбия университетінің профессоры Р.Абазовтың дәрістік материалдарынан
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет